Материалдар / Тәрбие сағаты «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» 5 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге және студенттерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Сәуір 2023
495
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

А.Байтұрсынов атындағы №10 жалпы орта білім беретін мектебі



Сыныбы: 5"Ә"

Уақыты: 17.01.23

Студенттің аты-жөні: Сағыныш Бақытжанқызы

Шараның тақырыбы: Дұрыс тамақтану -денсаулық кепілі

Шараның мақсат-міндеттері:

Oқушыларды дұрыс тамақтану әдебімен таныстыру, пайдалы және пайдасыз тамақтар туралы түсінік беру;

Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

Денсаулықты күтуге, дұрыс тамақтана білуге тәрбиелеу;

Күтілетін нәтижелер:Оқушылар алдағы уақытта денсаулығына зиянды тамақтарды пайдаланбай,салауатты өмір салтын ұстанады.

Шараның түрі:Ақпараттық-танымдық сағат,сұрақ-жауап

Шараның әдіс – тәсілдері қолданылатын педагогикалық технологиялар: Интерактивті тақта, слайд, оқулық

Қолданылатын құралдар мен көрнекі құралдар: Түрлі түсті парақтар,ақ бет,фломастер, смайликтер.

Шараның барысы:

Ұйымдастыру бөлімі

Сәлемдесу.

Оқушыларды сабаққа ынталандыру(оқушылар шеңбер құрап,бір-біріне жылы лебіздерін арнайды)

-Балалар бүгінгі сабағымызда дұрыс тамақтануды,денсаулықты сақтау мақсатында ақпараттармен танысатын боласыздар және соған байланысты тапсырмалар орындаймыз.



Кіріспе бөлімі

Кіріспе сұрақтар:

-Денсаулық дегеніміз не?

-Дұрыс тамақтану дегенді қалай түсінеміз?

-Денсаулық біздің өмірімізге не үшін қажет?



Негізгі бөлім

-Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты-дұрыс тамақтану.Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн.Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болған дұрыс.Тиімді дұрыс тамақтану денсаулыұты сақтауға ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық-денсаулық деп санаған.Дені сау ,еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін дұрыс тамақтана білу қажет.Ол үшін күнделікті ішетін асымыз құнарлы дәруменге бай болуы керек.

-Ендеше ,балалар, тамақтанудың ең негізгі шарттарымен таныс болайық,слайдты тамашалаңыздар.

''Тамақтану бағдаршамы'' ойыны:Оқушыларға қай тағам пайдалы,пайдасы аз тағамдар деген сұрақтар қойылады.Пайдалы тағам туралы айтылса ,бағдаршамның жасыл түсін, келіспесе – қызыл түсін көрсетеді. (Кола, балық ,картоп қытырлақтары, пияз, фри,жүзім, айран, орамжапырақ ,кофе).

-Иә, балалар, шынымен де фаст-фуд тағамдары адам ағзасына өте зиян.Адам организміне өте зиянды фаст-фуд тағамдары туралы айтқанда сосиска шұжықтар және неше түрлі еттен жасалатын қарапайым халық көп тұтынатын тамақтар келеді.Мұндай тамақтардың құрамында майлар көптеп кездеседі.

-Фаст-фуд тағамдарының зияны.Мамандардың айтуы бойынша-фаст-фуд әдеттенуді туғызады көбінесе балалар мен жасөспірімдерде.Олардың денсаулықтарына зиян келтіретін гамбургелер чипсілер және пицца тағамдары болды.Артық салмақ гастрит және әлсіздік -осылар зиянды тамақтардың пайдалану нәтижесі болып табылады.

-''Ашық микрофон''айдары:''Көкөніс– денсаулық қоймасы'' дегенді қалай түсінесің?



Қорытынды бөлім

-Ас-адамның арқауы

Аспен күш артады

Тағам іш жағымды

Тазартар жаныңды,-деп сынып сағатын аяқтаймыз.













Орал 2023



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!