Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Елін бастаған Елбасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Қазақстан Республикасының елбасысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз туралы мағлұмат беру. Президент күні туралы ұғым қалыптастыру. Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін арттыру.Орта топқа арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Елін бастаған Елбасы» тұңғыш президент күніне арналған патриоттық тәрбие сағаты



Мақсаты: Қазақстан Республикасының елбасысы Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев атамыз туралы мағлұмат беру. Президент күні туралы ұғым қалыптастыру. Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін арттыру.

Көрнекіліктер: Суреттер, шар, елтаңба, ту, қазақстан картасы, бәйтерек суреттері

Шаттық шеңбері

-Балалар, сендер таңертең ұйқыдан оянғанда терезеден нені көресіңдер?

-Күнді, күннің жарқыраған нұрын көреміз.

-Күннің нұрын көргенде сендер қалай қуанасыңдар?

-Алақай!-деп қолымызды шапалақтап қуанамыз.

Далаға шыққанда жоғарыдан не көреміз?, төменнен не көреміз?

Жоғарыдан аспан, күнді, бұлтты. Төменнен жерді, шөптерді, гүлдерді, суды көреміз.

Ендеше біз де аспанға, жерге, күнге және өзімізге сәлем берейік.

Сәлем саған Алтын күн!

Сәлем саған Жер Ана!

Сәлем саған достарым!

Сендерді көрсем қуанам.

Шаттық шеңбері

Ал балалар тұрайық,

Керегені құрайық.

Ұық болып иіліп,

Киіз үйді құрайық.

Қ.Р-ның әнұраны орындалсын (хор)

Балалар, біздің жеріміз, орман, тау, өзен-көл, өмір сүретін ортамыз бәрімізге ортақ.

- Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?

- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев- ел президенті.



-Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз

-Қазақстан Республикасында.

- Біздің кішкентай отанымыз қалай аталады?

- Үлкенбөкен

-Елордасы қай қала?

- Астана

- Астана қандай қала?

- Астана – жаңа қала

- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қандай адам?

- Білімді, ақылды, ол ел үшін еңбек етеді.

Президент өмірбаяны мен таныстыру.

Балалар тақпақтары:

Даяна                                                                  Айдар

Астана арман қала                                       Күн болып қарайды.

Бағы бір жанған қала                                  Шуақ боп тарайды

Тұрады ол жап-жас болып,                        Әлемге нұр шашқан

Мен үлкен болғанда да                               Астанам арайлы

Нармина                                                                      Ерболат

Әнұраным, жанұраным                              Елімнің атын айтсам Қазақстан

Айтар әнім, сөйлер сөзім.                          Жерімнің атын айтсам Қазақстан

Туған жерім сағынарым

Республикам, әнұраным

Жадыра                                                                Назерке

Айнымайды аспаннан,                               Елбасы болу мәртебе

Біздің тудың бояуы                                    Арқаңыз сіздің Нұр аға.

Оны халық қашан да                                 Тілейді сізге Нұр аға

Биікке іліп қояды.                                      Амандық-саулық бар бала

Айнұр                                                                  Аруна

Елтаңбасы елімнің                                      Отан-сенің ата-анаң,

Неткен әйбат әдемі                                     Отан-досың,бауырың,

Тұнығындай көңілдің                                 Отан –өлке, Астанаң

Ортада әсем әлемі                                       Отан  туған ауылың

Қазір балалар Елбасымыз қай қалада?     (Астанада)

Бұл қала біздің Елордамыз.

Ал, Астанада не бар?- иә, Бәйтерек Ақорда т.б Елбасымыз Нұрсұлтан атамыз тәуелсіздік, еркіндік үшін күресіп Отанымыздың болашағы балаларды қорғауға, білімді азамат етіп өсіруге күш салып, қаншама еңбек етті.

Халқым айтқан жер көтерер, ел даңқын.

Елім айтқан ел көтерер, жер даңқын

Президентім, Елбасы аман болғай,

Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым.

Ағайындар аталы сөз ұқсандар, ар – ажданың имандылық ұстамы бар. Қазағымның маңдайындағы жұлдызы, Нұрсылтанның сары жолын ұстандар.

Балалар, біздің патриоттық сабағымызды мен осындай сөзбен аяқтағым келеді.


Елімде бейбіт, тыныш заман болсын,

Тілеймін, әр адамға, бақыт қонсын,

Елімнің ел ағасы, елбасышы

Нұрсұлтан Назарбаев аман болсын!



Күтілетін нәтиже:

Білу тиіс: Президенттің халық үшін, ел үшінеңбек ететінін білуі тиіс

Істей білу керек: Сұрақтарға жауап беруді. Ойларын толық жеткізуді.

Болу керек: Патриоттық сезім болу керек.









«Үлкенбөкен мектеп балабақша кешені» КММ





















Патриоттық тәрбие сағатты.

Тақырыбы: «Елін бастаған Елбасы» тұңғыш президент
















Тәрбиешілер: Сулейменова Г.М

Ракишева А.К.


2018 жыл

«Елін бастаған Елбасы» тұңғыш президент күніне арналған патриоттық тәрбие сағатының өзіндік талдауы

Тәрбиеші: Ракишева А.К

Күні:28.11.2018ж

Топ: «Қарлығаш» орта тобы

Тақырыбы: «Елін бастаған Елбасы»

Мақсаты: Қазақстан Республикасының елбасысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз туралы мағлұмат беру. Президент күні туралы ұғым қалыптастыру. Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін арттыру.

Көрнекіліктер: Суреттер, шар, елтаңба, ту, қазақстан картасы, бәйтерек суреттері

Тұнғыш президент күніне арналған тәрбие сағаты сұрақтармен басталды. Балалар таң атқанда қалай қуаныштарын білдіретінін айтты. Кейін Алтын күн мен жер Анаға , достарына салем берді. Кезекке шаттық шеңбері де келіп қалды. Балалар қуана ортаға шығып , киіз уйді құрап , бір сергіп алды.

Балалар жүректеріне қолын қойып , әнұран орындады. Кейін орындарына жайғасып , сұрақтарға жауап берді. Балаларға «Біздің тұнғыш президентіміз кім?» , «Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?» , «Біздің кішкентай отанымыз қалай аталады?» , «Елордасы қай қала?» , «Астана қандай қала?» , «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қандай адам?» атты сұрақтар қойылды. Балалар барлығына да дұрыс жауап берді. Біздің президентіміз ақылды , білімді деген ойларымен бөлісті. Астанамызды ең әдемі , жаңа қала деп айтты.

Балалар біздің тұнғыш президентіміздің өмір баянымен танысты. Барлығы зер салып тындап отырды. Кейін балалар осы мейрамға арнап жаттаған тақпақтарын ортаға шығып айтты. Тақпақтардың бірі біздің әдемі сұлу қаламыз Астанаға арналды, бірі елбасымызға, бірі елімізге, жерімізге арналған болды. Барлығы тақпақтарын тайсалмай айтып шықты.Тәрбие сағатының соңғы бөлімі қанатты сөзбен аяқталды.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
10.01.2019
843
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12