жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты «Елін сүйген Елбасы»
Тақырыбы: « Елін сүйген Елбасы»
Мақсаты:
1. Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев туралы мағлұмат беру;
2. Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі – өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру.
3. Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Күні: 28. 11. 18 ж
Ресурстар: суреттер, слайд, интербелсенді тақта, Н. Ә. Назарбаевтың кітаптары.
Формасы : таным сағаты
Өту барысы:
1.Психологиялық дайындық
Сыныптың ынтымақтастық атмосферасын орнату
Сергіту сәті: «Көңілді күн»
2. Ой қозғау/ интербелсенді тақтадан көрсетіледі/
Сен жаңа белеске қадам бастың - мектепке келдің, оқушы болдың! Бұл сен үшін үлкен мереке. Ал мерекеде үлкен сыйлық беріледі. Бұл кітап - менің саған сыйлығым. Мектепте сені қызықты жаңалықтар мен ғажайып оқиғалар күтіп тұр. Қазақстан – біздің Отанымыз. Өз Отаныңның тарихымен мәдениетін, ана тіліңді білу керек. Бұған алғашқы ұстазың мен оқулықтарың осы кітабың көмектеседі. Қазақстанның болашағы жарқын, елімізде татулық, береке болады. Бұған достарың мен бірге сенде өз үлесіңді қосасың. Білім әлеміне саяхатың сәтті болсын!
Кімнің сөзі?
- Нұрсұлтан Назарбаев
- Ол кім?
- Сіздерге арналған бұл сөздер иірімі қандай кітапта берілген?
- «Менің Отаным Қазақстан»
Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналады
Алаулаған алабынан нұр тамып,
Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.
Көк байрағың желбірейді төріңде,
Гимнің тұр көгіңде шырқалып. (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады)
Бүгін 1 желтоқсан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш Президент болып сайланған күніне арналған « Елін сүйген Елбасы» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Мұғалім: Осы тәуелсіз еркіндікте өмір сүруге біз қалай жеттік, кімдер арқылы жеттік, иә тарих бетіне үңілсек, ол өте ұзақ жылдар бойы ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша аянбай күресіп, елім, жерім, ұрпағым деп балаларым тыныш өмір сүрсін деп бізге тәуелсіз мемлекетті сыйлады. Осындай көп ұлтты мемлекетті басқару оңай емес. Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Елбасымыз
Н. Ә. Назарбаевқа бұйырған екен.
- Н. Ә. Назарбаев кім?
1-оқушы: Ол - еліміздің басшысы, халқымыздың жанашыры, өте білімді, терең ойлы тұлға.
2-оқушы: Н. Ә. Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Атасының есімі - Назарбай, әкесінің есімі - Әбіш, Нұрсұлтан деген есімді әжесі Мырзабала беріпті.
Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
Жасынан зерек, алғыр азамат болған. Алланың 99 аты бар екен. Соның бірі-Нұр, тағы бірі- Сұлтан. Нұрсұлтан 5 жасқа толғанда Жамбыл атаның ақ батасын алған екен. Ол Қаскелең қаласындағы Абай орта мектебін бітірген. Мектепте озат, үлгілі оқушы болыпты. Еңбек жолын Теміртау қаласында темір балқытушы болып бастаған. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын, 1976 жылы партия мектебін бітірген. 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Отанымыздың тұңғыш Президенті болып сайланды. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 2010 жылы 15 маусымнан бастап заңды түрде «Елбасы» мәртебесіне ие болды. Ол осы жетістігіне өзінің табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында жетті.
1995
жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық
референдум нәтижесінде Қазақстан
Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың
өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды.
1999 жылдың 10 қаңтарында өткен баламалы
сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,
78 процент дауыс алып, Қазақстан
Республикасы Президентi болып қайта
сайланды.
2005 жылдың 4 желтоқсанында
сайлаушылардың 91, 5 процент дауысын
алып, Қазақстан Республикасының
Президенті болып қайта сайланды.
Біз шын мәнінде Президент Назарбаевты
біздің бәрімізге, ұлтына, сеніміне және
саяси көзқарасына қарамастан қолайлы
да еркін өмір сүруімізге барлық мүмкіндік
жасап келе жатқаны үшін мақтан етеміз.
3. Н. Ә. Назарбаевтың ата – аналары туралы мәлімет.
Анасы – Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қасық ауылындағы молданың отбасында дүниеге келген. Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырып салмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән – жырларға, салт – ғұрыптарға құштарлығын оятты. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.
Әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді. Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.
4.
Президент туралы өлеңдер
Ауыр
күнді артымызға тастауы –
Қиын
сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім,
дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз
Нұрағаңның бастауы
Туды
ұстап тура жолға түсіріп,
Жас
Отанның өмірін де түсініп,
«Елім,
жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір
керемет жасады-ау кісілік!
Елбасымыз
саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші,
ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым,
елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз
біздердің піріміз де, әніміз – дей келе
келесі кезекті Елбасына арналған өлең
жолдарына береміз.
Айнара:
Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп
Елдің даңқы бар жаранға естіліп,
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар ,ақ пейілді көпшілік
Манарбек:
Бар әлемге шын танылдық міне, біз
Елін сүйген Елбасы деп білеміз
Тең аталып Қазақстан Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз
Нұрайлым:
Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Аңсар:
Азаттық пен елге қонды тосқан бақ
Қазақ елін мойындауда дос таңдап
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап
5. «Елбасының ерекше тұлғалық болмысы» атты бейнеүзікке назар аударайық. Бұл бейнероликте айтылған әннің мағынасы мен онда болып жатқан оқиғаларға мән берейік. (Бейнероликті көргеннен кейін, мағынасын ашу)
6. Елбасы кітаптарынан шағын көрме. Балалар оң жағымызға назар аударайық, не көріп тұрмыз. Бұл жерде Елбасымыздың авторлық кітаптарынан шағын көрме ұйымдастырдық.
- Елбасының қандай кітаптарын білесіңдер?
- Бұл кітаптарды оқыдындарма?
7. «Балалық шағымның аспаны» бейнеүзік. Бейнероликті қарай отырып, оқиға желісін талқылау, оқушылар өз ойларын айтады
8. Үй тапсырмасы.
Жақсы оқушылар, мен сіздерге үй тапсырмасы ретінде Елбасымыздың жүріп өткен өмір жолына деректер, ақпараттар іздеуге бердім. Ендеше сол ақпараттар туралы кім қандай ақпарат алып келді?
(оқушылар өздері жинаған деректерін айтады)
9.
«Мен Президент болсам....» ойларын айту.
10. «Сұрақтары бар қорап» әдісі.
1. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата?
2. Н.Ә. Назарбаев қашан республикамыздың президенті болып сайланды?
3. Алғашқы қазақ ғарышкері кім және ол ғарышқа қашан самғады?
4. Төл теңгеміз дүниеге қашан келді?
5. Қазақстан Республикасының Ата Заң қашан қабылданды?
6. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?
7. Қазақстанның бұрынғы және қазіргі астаналарын атаңдар?
8. Қазақстан қандай мемлекет?
9. Қазақстанда қай тіл мемлекеттік тіл?
10.Ұлтымыз
11. «Елбасыға тілек...» тілек жазу
Тәуелсіз мемлекетті Нұрсұлтандай атамыздың басқарып отырғанына біз қуаныштымыз. Қазақстанның болашағы - білімді жастармен, - дейді Елбасымыз. Сондықтан да балалар біздің алдымызда тек қана бір ғана талап, міндет ол білім алу. Білімді болсақ қана біз өз жолымыздан ешқашан адаспаймыз, тура жүріп, түзу өмір сүреміз деп білемін.
12. Қорытынды бөлім.
Жүргізуші:
Сіз - әке барша қазақ бәрімізге,
Жас сәби үлкен - кіші кәрімізге.
Сіз –басшы, халқың - қосшы бола бергей,
Жарасып келе жатыр әніміз де, сәніміз де,- дей келе «Елін сүйген Елбасы» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
1-оқушы
Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
2 оқушы
Бар әлемге шын танылдық міне, біз
Елін сүйген Елбасы деп білеміз
Тең аталып Қазақстан Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз
3 оқушы
Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп
Елдің даңқы бар жаранға естіліп,
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар ,ақ пейілді көпшілік
4 оқушы
Азаттық пен елге қонды тосқан бақ
Қазақ елін мойындауда дос таңдап
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап
7
- оқушы: Ол ерте есейді, орта мектепті
бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса
ірі Қарағанды металлургия комбинатының
көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста
біраз еңбек еткеннен кейін бір топ
қазақстандықтармен Украинаның
Днепродзержинск қаласына барып металлург
– жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл
шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі
жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер
дәрежесіне көтерілді.
8 - оқушы:
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері
жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық
және республикалық көлемде басшы
органдарда жауапты қызметтер атқарды.
Металлургиялық комбинатында партком
хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды
облыстық және республикалық партия
ұйымдарында экономикалық салаға жауап
беретін хатшы болды.
9 - оқушы: Ол
Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста
болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны
басталады.
10 - оқушы: 1991 жылы 1 -
желтоқсанда республика жұртшылығы
тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты
Республикамыздың Президенті етіп
сайланды.
11 - оқушы: Елбасы үлкен
саясаткер болуымен қатар жан - жақты
дамыған тұлға, барлық қазақ азаматтары
сияқты жылқыны жақсы көреді. Сондай -
ақ өнерге де көп көңіл бөлетін адам. Ол
кісінің «Елім менің» және «Үшқоңыр»
әндері бар. Бұл әндердің сөзі Н. Әбішұлыныкі
екенін біз мақтанышпен айтамыз.
«Үшқоңыр»
әнін тыңдау.
12 - оқушы: Н. Назарбаев
- бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын
терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті
жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам.
Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият
есептейді: ол үшін саясатшы болу - бойға
біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса
ауыр жұмыс және өмір дағдысы.
13 -
оқушы: Астана - ҚР - ның саяси, әкімшілік
және мәдени орталығы. Елбасы - Н.
Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы
мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан
Республиканың басшы орындары Президент
кеңесі, ҚР - ның Үкіметі және Парламент
көшіп келді. Еліміздің басқару жұмыстары
осы жерден жүзеге асырылады.
15
- оқушы: 1998 жылы 10 - маусымда жаңа астананың
ресми тұсау кесері болды. Қала Есіл
өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның
солтүстік бөлігінде орналасқан.
Көтереді
шаңырақ Астанам асқақ,
Жаңарып қалам,
жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық
жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық
ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды
сені бар әлем бүгін.
16 - оқушы: 2006
жылы 7 - қаңтарда әнұран қабылданды.
Егемен
елім әнұраны жанарды,
“Менің
Қазақстаным” жер жүзіне таралды.
Балалық
шағы 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының
баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш
пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында
көптен күткен ұл өмірге келді. Оған
әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды. Сәбиге
ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға
айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс
түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты.
Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі
Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді:
«Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді
алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».
Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала
да немересінің азамат болып қалыптасуына
ерекше еңбек сіңірді. Нұрсұлтанның
анасы Әлжан Мырзабаланың балалары мен
келіндеріне ақыл-кеңес беріп, халықтың
байырғы дәстүрлері мен жоралғылары
туралы әңгімелейтінін, немересі
Нұрсұлтанның тәрбиесіне аса белсеніп
кіріскенін еске алады. Мырзабаланың
ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі –
Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде,
Назарбай бидің шаңырағында өмірге
келді. Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі
адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана
емес, орыс және балқар тілдерінде де
еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс
әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен
адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес
бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы
қайтыс болды. Назарбаевтың анасы Әлжан
1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы
Қасық аулындағы молданың отбасында
дүниеге келді. Абай атындағы Қаскелең
қазақ орта мектебінің 1958- ші жылғы
түлектерінің аттестациялық тізімі
Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге
келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл
арасында ән салу мен суырыпсалмалық
өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ
еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді
құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның
ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға,
салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты.
Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.
Отбасында Сұлтан деп аталған ұланның
балалық шағы соғыстың сұрапыл жылдарына
және соғыстан кейінгі ауыр кезеңге
тұспа-тұс келді. Бұл соғыстағы жеңіске
миллиондаған адамды құрбан еткен алып
мемлекеттің айрықша күш жұмылдырғанының
арқасында қол жетті. Жарымжан күйге
түскен ел үйінді арасынан шығып, енді
ғана еңсесін көтерді. Жеңістен кейін
бірнеше жыл өткен соң КСРО «қырғи-қабақ
соғыс» деп аталған, барлық ауыртпалығы
қарапайым халықтың иығына түскен
жаңа мазасыз додаға қосылды. Бұл ел әлі
аш-жалаңаштықтан арыла қоймаған ауыр
кезең еді. Бірақ бала Нұрсұлтанның жас
зердесінде сол кезеңнің қыспаққа салған
қиыншылықтары ғана емес, анасының аялы
алақаны мен әкесінің мейірлі жүзі де
сақталып қалды. Тату отбасы, бауырлар,
әке-шешесі айтқан әндер... Алатаудың
әсем ақбас шыңдары, баланы еліктіретін
ойындар... Оның қатарластарының бәрінің
балалық шағы осылай өтті. Нұрсұлтан өз
әкесінің ешқашан қол қусырып қарап
отырмағанын көріп, оған үнемі көмектесуге
ұмтылды. Үйде де, бақшада да, алма бағында
да әкесінің жанында болып, картоп пен
алма өсіруге жәрдемдесті. Нұрсұлтан
мал жайғарумен айналысты, әкесімен
бірге тауға барып, шөп шапты. Бірде
Әбіш үйге арнайы жер аударылған балқарлар
отбасын ертіп келді. Назарбаевтар отбасы
оларды шаңырағына паналатты, жұмысқа
тұруына көмектесті. Ал Әбіш Назарбаев
балқарлармен тез тіл табысып, олардың
тілін үйреніп алды. Назарбаевтар отбасы
Көп ұлт мекендеген Шамалған тұрғындарының
бәрі де сөйтті. Ешкім ұлтқа бөлінген
жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев кейінірек
кітаптарының бірінде сен қазақсың ба,
украинсың ба, чешен әлде неміссің бе,
балалардың арасында оны ешкім де есіне
алмайтыны туралы жазды: «Егер қазақ
үйіне месхеттік түріктің баспанасы
жапсарлас салынып, ал келесі үйлерде
Богдан, Рихард, Олег тұрып жатса, қайтіп
бөлінеді...». Ұлдар жағы тек тұрған
көшелеріне қалай топтасатын. Көше-көшеге
бөлініп, төбелескен кездері де болды.
Бірақ достық пен өзара көмек өмір салтына
айналған еді. Бастан кешкен барлық
қиындықтарға қарамастан, ұлдар мен
қыздарды білімнің сиқырлы әлемі, мәнді
де мағыналы, шаттыққа толы жарқын болашақ
тартты да тұрды. Жасөспірім шағы
Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес,
мектептегі ең үздік оқушының бірі болды,
сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол
өзінің аса құштарлығын білетін
ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың
бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті.
Жас кезінде Іле Алатауының баурайында
жазғы демалыс күндерінде әкесіне
көмектесіп жүргенде тұңғиық жұлдызды
аспан астында жанған алау маңына түнеген
романтикалық сәттері де болды. Әке-шешесі
осы өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген
бабалардың берік түп-тамырынан сыр
шертетін салиқалы әңгімелер айтып,
жан-дүниені тербейтін әндер шырқайтын.
Кез келген қазақ білмеуі ұят саналатын
жеті ата туралы айтылатын. Ұрпақтан
ұрпаққа жалғасып, қазақтың өткені мен
болашағын жалғап келе жатқан халықтың
осы бір ауыр, бірақ үйлесімді тіршілігінің
мәңгі және аса мәнді екенін сезінетін.
Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың
наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын
әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын.
Кейінірек Нұрсұлтан Назарбаев өзінің
кітаптарының бірінде былай деп жазды:
«Кейінгі кезде өзінің «пролетарлық»
тегімен көкірек қағу басқа бір нәрсенің
салқынымен алмасты: қайткенде де өз
тегінен «ақсүйектік» қасиет іздеп табу
етек алды. Ондай біздің тұқымда болған
емес. Мен – қойшылардың ұлымын, немересімін
және шөбересімін. Демек, ешқандай
ақсүйектер әулетінен емеспін. Менің
ата-бабаларымның бәрі де Алатау баурайында
өмір сүрген». "Біз чемпионбыз"
Кейінірек оның әулетінде әйгілі адамдар
болғаны анықталғанына қарамастан,
Нұрсұлтан Назарбаев әрқашан өзін халық
арасынан шыққан, халыққа жан-тәнімен
жақын адам деп есептейді және қазір де
солай ойлайды. Халқының қаны бір
перзенті ретінде ол бұл сезімнен ешқашан
арылған емес, қайта жыл өткен сайын
еселей түсті. Ол сонымен қатар өзін
нағыз қазақ, бабалар мәдениеті мен
салттарының мұрагері, жаңа формацияның,
әркімнің алдынан бұрын болмаған мүмкіндік
ашатын ғылыми-техникалық прогрестің
ілгері басқан жаңа дәуірінің адамы
ретінде сезінді. Халықтың дәстүрлі
танымы мен жаңа индустриялық дүниетаным
оның жан-дүниесінде үйлесе тоғысты.
Қаскелеңдегі Нұрсұлтан бітірген орта
мектептің оқу ісінің меңгерушісі
Сейітхан Исаев жас ұланның білімге
құштарлығын және ақылдылығы мен
алғырлығын бірден байқайды. «Ол ең
үлгілі оқушы болды. Сабақты ұйып тыңдайды,
оқу бағдарламасынан тыс сұрақтар да
қояды. Мұғалімнің әр сөзіне мән береді.
Кітаптан бас көтермейтін, үнемі оқып
отыратын». Нұрсұлтанның балалық және
жастық шағы ұзаққа созылған жоқ. Мектепті
бітіріп, 18-ге таяған Нұрсұлтан өз
қатарластарының арасында терең білімімен,
ой-өрісінің кеңдігімен ерекше көзге
түсті. Тынымсыз еңбек, спортпен жүйелі
айналысу оны тығыншықтай етіп, шыңдап
шығарды. Ол құрбы-құрдастарына қарағанда
әлдеқайда ересек сияқты көрінетін.
Бірақ оны ерекшелеген басты нәрсе –
пікір айтудағы және әрекет етудегі
дербестік пен жетекшілікке тұрақты
ұмтылыс еді. Ол құрбы-құрдастарымен
алғаш танысқан сәттен бастап, тіл табысып
кете беретін. Өз ортасының ұйтқысы және
қоғамдық ұйымдастырушысы болды.
Әзіл-қалжыңға бейім болды, әнді жақсы
айтатын, елдің көңілінен шығып, өз
ортасын тез үйіріп әкете білді. «Мәңгі
естелікке». Мектептегі соңғы қоңырауға
арналған салтанатты жиын Сол кезде оның
тағы бір қыры ашылып, прагматизмге қадам
басты. Теміртаудағы металлургия
комбинатының құрылысына комсомолдарды
жинап жатқанын білген соң, Нұрсұлтан
металлург болуға бел буды. Нұрсұлтан
ертерек еңсесін тіктеп, өз ахуалын
жақсартып, ата-анасына, туған-туыстарына
материалдық тұрғыдан көмектескісі
келді. Өйткені, ол отбасындағы үлкен ұл
еді. Жас Назарбаев ауқымды құрылыста
жаңа үлкен өмір басталатынын, алдан
жеке мүмкіндіктер мол ашылатынын қапысыз
сезінді. Ол өз өміріне, өз тағдырына өзі
иелік етуге бел байлап, түбегейлі шешімге
бекінді. «Болаттай берік бол!». Спорт
секциясында Теміртауға келген соң, ол
болашақ металлург ретінде Украинаға,
Днепродзержинск қаласындағы Днепр
металлургия комбинаты жанындағы
кәсіптік-техникалық училищеге оқуға
жіберілді. Нұрсұлтан шыныққан шымыр
жастардан іріктелген домнашылар тобына
қосылды. Жас Назарбаев бұлшық еті мен
мінезінің мықтылығын спортта, балуандардың
боз кілемінде дәлелдей білді. Осындай
жекпе-жектердің бірінде ол өзінің
әріптесі, жергілікті украин жігіті
Николай Литошконың жауырынын жерге
тигізді. «Миколаның» әдепкідегі
таң қалуы кейіннен құрметке ауысып,
қазақ Назарбаев пен украин Литошко
арасындағы мызғымас достыққа ұласты.
Нұрсұлтан Литошко отбасының жиі барып
тұратын қадірлі қонағына айналды.
Днепродзержинскідегі бір жарым жылдық
оқу мерзімі тез өте шықты. Бауырлар.
Нұрсұлтан Назарбаев және Николай Литошко
1959 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Кәсіподақтардың
бүкілодақтық орталық кеңесі (ВЦСПС)
ұйымдастырған жарыста жеңімпаз атанды.
Сөйтіп, ол училище бітіргенде металлургтің
қиын да күрделі мамандығын игеріп қана
қоймай, Украинаның спорт шебері атанды.
Табандылығы мен қайсарлығы өзі таңдаған
мамандық бойынша барлық пәнді үздік
игеруге жол ашты. Сондай-ақ, жас Назарбаев
оқу бітіретін кездегі біліктілік
емтихандарынан үздік баға алып, «домна
пешінің сегізінші разрядты екінші
горновойы» куәлігін иеленді. Жастық
шағы Теміртауға оралғаннан кейін
Нұрсұлтан Назарбаев өмірбаянының
«жалынды» кезеңі басталды. 1960 жылы 3
шілдеде сол кезде Қазақстан мен Орталық
Азиядағы алғашқы және бірден бір домна
пеші іске қосылды. Бұл Қазақстан
Магниткасы – Қарағанды металлургия
зауытының өмірге келген күні болып
саналады. Қазақстанның алғашқы шойынын
қорытуға тәжірибелі шеберлермен бірге
жас металлург Назарбаев та қатысты.
Ол «Қарметте» басқа да тектес мамандықтарды
игеріп, құю машинасының шойыншысы, домна
пешінің горновойы, домна цехының
дипетчері, газшысы болып жұмыс істеді.
Жұмыс өте ауыр еді, кейбіреулер алапат
ыстық пен қиындықта шыдамай, есінен
танып, мұрындарынан қан саулап жататын.
Көптеген жастар осыған төзе алмай, кетіп
қалды. Бірақ Назарбаев олардың қатарынан
емес еді. Ол бәріне шыдауға ант берді
және шыдай біліп, жұмысты дөңгелентіп
әкетті. Онымен бірге қиындықтарға төтеп
берген жолдастары Төлеген Юсупов пен
Болат Кәрімов те жоғары білікті
металлургтерге айналды. Демалыс
минуттарында. Сол жақтан екінші –
Нұрсұлтан Назарбаев. 1960 жыл Жиырма
жастағы Нұрсұлтан өзінің қомақты
жалақысының жартысын жас балаларының
мұқтаждығына жұмсасын деп, әкесіне
жолдап отырды. Алдыңғы қатарлы жұмысшы
қазақ, комсомол мүшесі ретінде Назарбаев
БЛКЖО съездері мен жастар фестивальдеріне
жиі жіберіліп тұрды. Ол танымал бола
бастады, өндіріс үздігі Назарбаевтың
суреті орталық баспасөзде де басылды.
Жас
металлург жұмыстастары арасында үлкен
құрмет пен беделге ие болды. Сондықтан
ол партияға өткеннен кейін цех парторгы
болып сайланды. «Берілген тапсырмаға
— комсомолдық жастық жігермен» Осы
жылдарда оның өмірінде тағы бір маңызды
оқиға болды. Нұрсұлтан Әбішұлы кейіннен
былай деп жазды: «Ал сол жылдардың өмір
бойы есте қалатын ең бір елеулі оқиғасы
– болашақ келіншегім Сарамен алғашқы
кездесуім. Ал бұл кездесу... бір апаттан
кейін домна пешінің жанында болған еді.
Әдетте апат болып, металл жерге төгіліп
жатқанда түгел ауысым бар қалдықты
жинап, теміржол қозғалысын қалпына
келтіргенше ешкім ешқайда кетпейді.
Бұл бір бұлжымас тәртіп еді. Күні бойы
боласың ба, тәулік бойы боласың ба, өзің
бүлдіргенді өзің ретке келтіруің тиіс.
Осындай қолайсыз бір сәт еді – тәулік
бойы дерлік табанымыздан тік тұрған
кезіміз, тұла бойымыз қазанның түп
күйесіндей қап-қара, тек көзіміз жылтырап,
аппақ тісіміз ақсияды. Сол күні қосалқы
электр станциясында кезекші болып,
біздің пешіміздің түбінде не болып
жатқанын көруге келген қызға кез бола
кеттім. Көп ұзамай тойымыз болды. Өзім
екпінділер мен белсенділер қатарында
жүргендіктен коллективіміз оны
комсомол-жастар үйлену тойы етіп өткізіп
берді». Бақытты жас отбасы тез жетіліп,
өсіп-өніп келе жатты, шаңырақтарында
үш қыз – Дариға, Динара және Әлия дүниеге
келді. Жас жұбайлардың өздері де кәсіби
тұрғыдан өсе берді. Зауыттың жолдамасы
бойынша Назарбаев өз цехындағы бірнеше
жігітпен бірге Қарағанды политехникалық
институтына түсті. Ол онда Теміртауда
тұратын талапкерлерден жасақталған
ЛП-62-2 (қара және түсті металл құйма
өндірісі) тобына бөлінді. Ол жылдары
техникалық жоғары оқу орындарында оқуды
өндірістегі еңбекпен үйлестірудің
сынақ-тәжірибесі өткізілетін. Бұл
болашақ мамандықтың практикалық жағын
игеруге септігін тигізді, алайда жұмыс
істеу және сонымен бір мезгілде институтта
оқу өте қиын болды. Осылайша, бұлар
бірінші курсты бітіріп шықты, ал келесі
екі курс өндірістен ажыраған таза
студенттік кезең болды. Нағыз студенттік
өмірдің барлық қажетті атрибуттары –
сынақтар, сессиялар, зертханалық жұмыстар
еді. Бұл Нұрсұлтан Назарбаев үшін
тыңғылықты білім алуды одан әрі
жалғастырған жылдар болды. Республика
мүддесін қорғауда Н.Ә.Назарбаев Қарағанды
политехникалық институтында 3 жыл оқып,
одан соң Теміртауда Қарағанды металлургия
зауыты жанынан қайта құрылған зауыт-втузға
ауыстырылды, оны инженер-металлург
дипломымен бітіріп шықты. Оның ізінше
зайыбы Сара Алпысқызы Назарбаева да
1967 жылы «Қармет» жанындағы зауыт-втузды
бітіріп, экономист дипломын алды.
Нұрсұлтан Назарбаевтың алдынан жаңа
мүмкіндіктер ашылды. Оның әрдайым
бірінші болуға деген ұмтылысы, өзгелерді
қызықтыруға және соңына ерте білуге
қабілеттілігі байқалып, бағаланды. Ол
1969 жылдан бастап туған қаласындай болып
кеткен Теміртауда өзіне ұсынылған
партиялық, комсомолдық жұмысқа ауысуға
келісім береді. Басында ол бұл ұсынысқа
онша ықылас танытқан жоқ – жалақының
едәуір бөлігінен айрылуы мен «жалынды
жылдарының» жалғаспай қалатыны қынжылтты.
Бірақ қатаң партиялық тәртіп осыған
міндеттеді. Оған қоса металлург достары
да мұның басшылық жұмысқа барғанын
құптады. Біраз уақыт өткен соң ол бұл
маңызды іске қызу араласып кетті. Қалың
көптің ортасында солардың мүддесі және
арман-тілектерін сезіне отырып тіршілік
ету, оларды басқару мен ұйымдастыру
Назарбаевтың қанында бар қасиет болып
шықты. Бірге жұмыс істеген жандардың
көбі кейіннен оның адамды және оған
қатысты оқиғаны есте сақтайтын керемет
қабілеті, үнемі бәрін ұғуға, түпкі мәніне
жетуге, сұхбаттасушысын мұқият тыңдауға
және түсінуге тырысатыны туралы айтып
жүрді. Нұрсұлтан Назарбаевтың өзінің
еске алуынша, онда астамсу сезімі
болмаған, басқарушылық лауазымдарға
деген айтарлықтай құлшынысты да
сезінбепті. Алайда, жасөспірім кезінен
«орташа» күйінде қалуды қаламайтын
өзіндік биік намысқойлығы, әрқашан
бірінші болуға ұмтылу дағдысы қалыптасқан.
Жетекші әрі ұйымдастырушы ретінде ол
біртіндеп цех басшысынан министрлерге
дейінгі сан алуан адамдармен қарым-қатынас
жасау тәжірибесін жинақтады. Кемел
кезеңдер Өміріндегі бетбұрысты сәт
оның 1972 жылы өзіне етене жақын Қарағанды
металлургия комбинатында партия
комитетінің хатшысы лауазымына
тағайындалуы болды. Ол 30 мың адам жұмыс
істейтін Қазақстан ауқымындағы аса ірі
кәсіпорында комбинат директорынан
кейінгі екінші тұлғаға айналды. Бұл зор
жауапкершілік жүктеген еді, оның
ауыртпалығын көп ұзамай-ақ толық сезінді.
Тек партиялық жұмыстармен ғана емес,
өндіріспен, өнім шығару жоспарымен,
жөндеу және құрылыс мәселелерімен,
кәсіпорынды жабдықтаумен, көптеген
адамның тұрмыстық, баспаналық, мәдени
және отбасылық істерімен де айналысуға
тура келді. Ол комбинаттағы кемшіліктерді
жасырмады, қайта олармен күресті.
Нәтижесінде комбинаттағы істер оңға
баса бастады, Теміртаудың өзінің де
құрылысы дамып, абаттана, жақсара түсті.
Нұрсұлтан Назарбаев адамдардың игілігі
үшін жұмыс істеді, сондықтан әрдайым
өзін олардың қолдайтынына сенімді
болды. Металлургтермен бірге ол қайнаған
ыстықта жүрді, шахтерлермен бірге
штольняларға түсті. Сондықтан Назарбаев
үлкен лауазым иелерінің кабинеттеріне
қаймықпай кіріп, әділдікке жету үшін
«қара қылды қақ жарғандай» етіп шындықты
ғана айтты. Ол жалаң сынаушы ғана болған
жоқ, үнемі сол жерде түйткілдерді бірден
шешудің қисынды жолдарын ұсынды, берік
дәлел мен дәйекке ғана сүйенді. Сондықтан
оның пікірі мұқият тыңдалды, жиі қолдау
тапты. келісті Басшы ретінде Н.Назарбаевтың
беделі жоғары болу себебі, ең алдымен,
оның жұмысшылар қатарынан, ең төменгі
буыннан көтерілгендігінен, барлық
мәселелерді түп-төркінінен танып
білетіндігінен еді. Тұңғыш Президенттің
ант беру сәті Сонымен бірге, оның бойында
көрегендік, барлық мүмкіндікке және
жаңа атаулыға деген зор ынта-ықылас
сезіліп тұрды. Мұндай тәжірибелі және
жігерлі мамандарға деген сұраныс елде
зор болатын. Сондықтан да 1977 жылдың
өзінде ол Қарағанды облыстық партия
комитетінің хатшысы, одан соң екінші
хатшысы болды. Нұрсұлтан Назарбаев 1979
жылы Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитетінің хатшысы болды. 1984 жылы 44
жасында Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің
Төрағасы болып тағайындалды. Ол КСРО-дағы
одақтық республикалардағы ең жас премьер
еді. Бірақ өзге әріптестерімен
салыстырғанда жас екендігіне
қарамастан, ол сол кездің өзінде кемеліне
келген мемлекет және қоғам қайраткері
болып қалыптасты. Өзінің жаңа
қызметінің биігінен ол туған республикасының
дамуында жіберілген қателік-қиғаштықтардың
ауқымы мен олар тудыратын қасіретті
толық сезіне алды. Ол Қазақстанның
одақтық экономика үшін алып шикізат
қорына айналып кеткенін көрді. Тұтыну
тауарларының 60 пайызы Қазақстанға өзге
республикалардан әкелінетінін,
қазақстандықтардың ең басты мұқтаждықтары
бұрынғыша шикізаттық дамудың ыңғайына
қарай өтелетінін аңғарды. Ол өзімен
бірге өзгелердің де ой-санасы ашылып,
бүкіл ел ояна бастағанын байқады. Әйгілі
1986 жылдың желтоқсаны Қазақстан үшін
«жылымық» кезең болғандай еді, бірақ
республиканы Г.Колбин басқарған аз
ғана жылда одақтық орталық өктемдік
көрсетіп, қайта құрсаулап тастады. Бірақ
уақыт ағынын тоқтату мүмкін емес еді.
Өзгерістер пісіп-жетілді. Оқиғалар
барған сайын жеделдей түсті. КСРО-да
1989 жылғы көктемде алғашқы рет мемлекеттік
биліктің ең жоғары органының баламалы
негіздегі сайлауы болып өтті. Мәскеуде
1989 жылғы маусымда реформалардың
қажеттігі, идеология мен экономиканың
түйткілді мәселелері қызу талқыланған
КСРО халық депутаттарының бірінші съезі
болды. Халық депутаттарының съезі біте
салысымен, Геннадий Колбин Мәскеуге
жұмысқа ауыстырылды. Қазақ КСР
Компартиясының Орталық Комитеті 1989
жылғы 22 маусымда бірінші хатшы
лауазымына Нұрсұлтан Назарбаевты
сайлады. Оған пленумға қатысқан 158
адамның 154-і жақтап дауыс берді.
Сол 1989 жылғы шілдеде Қарағандыда
экономикалық қана емес, саяси мақсат
көздеп, Семей полигонын жабу туралы
талап қойған шахтерлер ереуілі басталды.
Назарбаев ереуілшілердің талаптарын
қолдады – ол адамдардың орталық
ведомстволар монополиясына деген
наразылығын жақсы түсінді. Дәл солар
сияқты ол өзі де Қазақстанның экономикалық
дербестігін, зардабы зор сынақтардың
тоқтатылуын қалайтын. Демократиялық
үдерістер КСРО республикаларында жаппай
еңбекшілер бірлестіктерінің құрылуына
алып келді. Қазақстандағы ең алғашқы
және мейлінше қатары қалың қозғалыстың
бірі 1989 жылы құрылған, түпкі мақсаты
Семей полигонын және Қазақстан аумағындағы
өзге де сынақ орындарын жабуды көздеген
«Невада – Семей» экологиялық қозғалысы
еді. Бұл қозғалыс та Нұрсұлтан Назарбаевтың
қуатты қолдауына ие болды. Барша
қазақстандықтардан жаппай қолдау тапқан
оның күш-жігері керемет табысқа жеткізді
– халыққа қасірет әкелген Семей полигоны
біржола жабылды. Қазақ КСР Жоғарғы
Кеңесі 1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР
Президенті лауазымын белгіледі. Нұрсұлтан
Назарбаев республиканың Жоғарғы
Кеңесі сессиясында Қазақстан тарихындағы
тұңғыш президент болып сайланды.
1991 жылғы 1 желтоқсанда республика
президентінің алғашқы бүкілхалықтық
сайлауы өтіп, оның барысында Назарбаев
сайлаушыларының толық қолдауына ие
болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы
10 желтоқсанда Қазақ КСР атауын Қазақстан
Республикасы деп өзгерту туралы заң
қабылдады және Қазақстан Президентін
ұлықтау рәсімін өткізді. 1991 жылғы 16
желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі
республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін
жария етті. Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз
Қазақстан Республикасының Президенті
қызметіне кірісті. Тәуелсіз Қазақстанның
жаңа дәуірі басталды. Ардақты ұлын
ұлықтаған ұлағатты ұлтымыз айнымас
басшысының еңбегін жоғары бағалады.
Қазақстан Республикасының қайта
қабылданғанКонституциялық заңы негізінде
2010 жылы 15 маусымда Қазақстан Республикасының
Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Елбасы
(Ұлт Көшбасшысы) мәртебесі берілді.
Отбасы Зайыбы, Сара Алпысқызы
Назарбаева, 1992 жылғы ақпаннан –
Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық
қорының негізін салушы және президенті.
Бүгінде «Бөбек» – республиканың тек
Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге,
шет елдерде де мойындалған ең белсенді
қайырымдылық қоры. Қор жүздеген және
мыңдаған қайырымдылық шараларын өткізіп,
жетім балалар мен мүгедектерге көмек,
аналарға қолдау көрсетіп келеді.
С.Назарбаева – 1994 жылғы шілдеден
бастап «SOS – Қазақстанның балалар
қалашықтары» қорының президенті.
1999 жылғы наурыздан бастап «Демография»
қайырымдылық қоры қамқоршылар кеңесінің
төрайымы. Қайырымдылық және қамқорлық
саласындағы ерен еңбегі үшін Сара
Назарбаева халықаралық ұйымдардың
көптеген марапаттарына ие болды. Олардың
арасында Бүкіләлемдік денсаулық сақтау
ұйымының Ихсан Дограмачи атындағы
Халықаралық жүлдесі, Unity халықаралық
жүлдесі, «Құрманжан Датқа» жүлдесі
сияқты елеулі марапаттар бар. Ол Шыңғыс
Айтматов атындағы «Өзін-өзі тану
философиясына қосқан ұлы үлесі үшін»
алтын медальінің иегері. Сара Алпысқызы
Софи Лореннің қолынан Ресей Қызыл Крест
қоғамы тағайындаған және өскелең ұрпақты
қолдауға бағытталған көпжылдық қызметі
үшін берілетін «Алтын жүрек» халықаралық
жүлдесін алды. Ол 2010 жылы өз өмірін
SOS Kinderdorf балалар қалашығының балаларына
арнаған әйелдерге берілетін SOS Kinderdorf
International Халықаралық қорының марапаты
– «Алтын жүзікке» ие болды. Назарбаева
Дариға Нұрсұлтанқызы (1963 ж.т.),
үлкен қызы. Екі ұлы және қызы бар.
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік
университетін тәмамдаған. Саяси ғылымдар
докторы. Қазақ, орыс, ағылшын, итальян
және неміс тілдерін меңгерген. Қазақстан
Республикасы Тұңғыш Президентінің
Қоғамдық Қорының директоры. ҚР Парламенті
Мәжілісінің 5-шақырылымдағы депутаты.
Әлеуметтік-мәдени даму комитетін
басқарады. Құлыбаева Динара
Нұрсұлтанқызы (1967 ж.т.), ортаншы қызы.
Ұлы мен қызы бар. 1989 жылы А.В.Луначарский
атындағы Мәскеу мемлекеттік театр өнері
институтын бітірді. Қазақ, орыс, ағылшын
және итальян тілдерін меңгерген. 1998
жылы Қазақстандық менеджмент, экономика
және болжау институтында іскерлік
әкімшіліктендіру магистрі дәрежесін
алды. 2007 жылы докторлық диссертация
қорғады. 2004 жылдан бері Қазақстан-Британ
техникалық университеті директорлар
кеңесінің төрайымы. Нұрсұлтан Назарбаевтың
Білім беру қорын басқарады. Назарбаева
Әлия Нұрсұлтанқызы (1980 ж.т.), кіші
қызы. Қазақстандағы және шетелдердегі
мектептер мен университеттерде оқыды.
ҚазМЗУ-ді бітірген. Қазақ, орыс, ағылшын
және неміс тілдерін меңгерген. Екі қыз
тәрбиелеп отыр. «Европа плюс» радиосында
директордың көмекшісі, «ТұранӘлемБанкте»
заң департаментінің стажері,
Нұрсұлтан Назарбаевтың хатшысы болып
жұмыс істеді. «Элитстрой» құрылыс
компаниясының басшысы. Нұрсұлтан
Назарбаевтың жеті немересі және екі
шөбересі бар.
Тақырыбы: «Діни экстремизм-әлемге төнген қауіп»
Мақсаты: а)
Оқушыларға экстремизм,терроризм туралы
терең түсінік беру, оның түрлері,
себептері мен зардаптарын ұғындыру;
ә)
Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік,
құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра
отырып, оларды террорлық, лаңкестік
және діни экстремистік бағытта арандатуға
жол бермеу;
б) Жасөспірімдерге
бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік
пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық
жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы
екенін ұғындыру.
Өтілу
түрі: ойталқы,
пікірталас.
Көрнекілігі: бейнефильм,
слайдтар,суреттер, Қазақстан
Республикасында діни экстремизм мен
терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі
2013 - 2017 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы,дін саласындағы негізгі
мәселелер бойынша материалдар жиынтығы.
Тәрбие сағатының жүргізілу барысы.
Видеоролик №1
Сұрақ Дін дегеніміз не? Сіз қандай діндерді білесіз?
Экстремизм дегенімізді қалай түсінеміз?
Экстремизм
деген латын сөзі «ең соңғы, ақырғы,
төтенше», «шеттеу», яғни орталықтан
ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен
ғана іс - әрекет жасаушы деген ұғымды
білдіреді. Экстремизмнің пайда болуы
надандыққа, көрсоқырлыққа бейімделген
көзқарастардан туындайды, яғни олардың
ойы «тек қана менің пікірім дұрыс,
өзгенікі бұрыс дегенге саяды». Бұл оның
ең алғашқы кезеңдері болып саналады.
Сондай ақ тағы бір көрінісі - өзгелерді
көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі
келмеу. Олар өздерін өте таза, кіршіксіз
санап, басқаны адасушыларға жатқызады.
Тура жол көрсеткендерді мойындамайды.
Міне осы себептерден, түрлі төңкерістер
мен қантөгістерден орын алуы
ықтимал.
Экстремизм мүшелері көздеген
мақсаттарына жету үшін ешнәрседен
қаймықпайды. Тіпті өздерін құрбан етуге
әзір. Осылайша күш, қару қолдану және
заңдар сенім - нанымдарды аяққа таптап,
дін атын бүркемелеп, діттегендеріне
жетуге тырысады. Өзі үшін бөгде пікірде
саналатындарды түрлі амал - айлалармен
арандатуды ойластырады. Экстремизм
діндегі жеңілдеткен үкімдерді ауырлатып
көрсетіп, халыққа түймедейді түйедей
етіп көрсетіп бағады. Мұсылмандық адал,
таза тіршілікті лайлауға барынша тырысып
баққан, бөгде, бөтен пасық пиғылды
адамдардың өңмеңдеп арамызды арамдап
жатқан жасырын емес. Сол ағымдардың
алдауына, азғыруына көніп, солардың
қарамағына ілінген, қарагөз бауырларымызды
ойлағанда, өзегіме өрт түскендей өкінішті
сезесің. Қаншама қандас бауырларымыз
діни сауатсыздықтың, рухани дүниенің
таяздығы салдарынан осы теріс ағымдардың
қол - шоқпары бола, солардың жыртысын
жыртып, сойылын соғып жүр.Әрине,
экстремизмнің түрлерінің бәрі –
терроризм, расизм, этноцид, геноцид –
бәрі де күш қолдануға сүйенген.
Экстремизмнің бүгінгі таңда кең тараған
түрі – терроризм. Terror – латын сөзі –
қазақшаға аударғанда қорқыныш, үрей
деген мағынаны білдіреді.«Терроризм»
– араб тілінде «ирхаб» сөзімен аталады,
мағынасы – «қорқыту». Тероризм мен діни
экстремизм адамзат баласына қауіп пен
қатер төндіретін ұйымдар. Олар өз
мүдделерін жүзеге асыру үшін небір
озбыр әрекеттерге барады. Билік пен
байлыққа қол жеткізу үшін ештеңеден
тайсалмайды. Билікті орнынан кетіріп,
дінді сылтау етіп, адамдар өміріне қауіп
ұялатады. Қоғам арасында алауыздықты
тудырып, тыныштықты бұзады.
Видеоролик «Сириядағы жағдай»
Қандай адамдар қауіп-қатерге ұшырайды және осындай ұйымдық топтардың құрығына түсіп қала алады?
-
Дін туралы аз білімді, материалдық
күйзеліске ұшырағандар,рухани құлдырауға
жол берген адамдар т.с.с
Қандай діни
атты жамылған ұйымдарға тыйым салынған
және оларға енуге болмайды?
-«Салафиттер» немесе
салафилер ұйымы 7 шелпек пісіруге, бейіт
басына баруға, ата - баба басында құран
бағыштауға қарсы. Атырау қаласында кең
тараған. «Салафи» сөзі Құранның бірнеше
жерінде кездеседі. Негізінен «алдыңғы
өткендер», «бұрынғылар» деген мағынаны
береді. Ал қазіргі заманның салафилерінің
іс - әрекеттері Құран аяттарын өз
беттерінше өзгертіп алған.
«Такфиршілер» ұйымы.
Олар өздерін таза мұсылмандар санап,
өзгелерді кәпірге есептейді екен.
Египетте бастау алған бұл ағым өзге
мұсылмандармен араласпайды, мешітке
бармайды. Мұсылмандар арасында жік
салушы. Мемлекеттің саяси бағытын
қабылдамайды. Олар дін ақиқатын білуге
талпынбайды. Ағым мұсылмандар арасында
іріткі салып, олардың бірлік - ынтымағын
бұзуға тырысады. Дау - жанжал туғызу
арқылы мемлекеттің саяси - экономикалық
бағдарламасының нығаюына кері ықпал
жасайды.
«Таза
ислам» деп
аталатын діни ағым өкілдерінің ниеттері
- ұстанымдылық пен Алладан қорқушылық
қағидаларын аяқ асты етіп, Исламға жат
жоспарларын жүзеге асыру. Олар адам
ұрлаумен, қарақшылықпен айналысады.
Осындай 7 адамнан тұратын топ 2008 жылдың
желтоқсан айында ұсталған екен.
«Таблиғ
жамағаты». Нақты
тұжырым жасасақ, бұл «дін уағыздаушы
топ» деген ұғымды білдіреді. Олардың
екінші бір аты - «дағуатшылар»,
қазақшалағанда үгіт, насихат жүргізу,
шақыру. Олар Ислам дінін өздері құрған
ереже бойынша насихаттайды. Өздерін
саясаттан бөлек ұстайды. Сақал қойып,
ұзын көйлек киеді. Туған күнге, ұйымның
іс - әрекетіне тыйым салған.
«Нұршылар
жамағаты» Түркияда
пайда болған. Ұйымның мақсаты – мемлекет
әкімшілігіне қарсы шығатын діни фанат
адамдарды тәрбиелеу. Бұл ағым елімізге
1992 жылдан бері келе бастаған. Өздері
басып шығарған уағыз парақшаларын
тарату арқылы қатарларын толықтыруға
тырысады.
«Қадиян»
тобы Үндістанда
пайда болған. Адасқан ағымдардың бірі.
Мұсылмандарды діннен аластату мақсатында
пайда болған. Отанды қорғауды қажет деп
есептемейді. Зиянды, жағымсыз әдеттермен
мұсылмандар арасында жан - жақты
идеологиялық күресті күшейтіп, төңкеріс
арқылы қол жеткізуді
көздейді.
Хизбутшылар мемлекеттік
шекараны мойындамайды. Олардың мақсаты:
1)
бейбіт жатқан мемлекеттерде азамат
соғысын ұйымдастыру;
2) мемлекеттің
экономикасын құлдырату;
3) ұлтаралық,
дінаралық бүліктер туғызу;
4)
мемлекеттерге қару - жарақ есірткі
заттарын тасымалдап апару. Ағым мүшелері
біздің елімізде де кездеседі. Олар Ислам
атын жамылып өз мақсаттарын, жаман
істерін жүргізушілер. Олардан аулақ
болайық.
«Уаһһабилер»Сауд
Арабиясында дүниеге келген.
Мұхаммед
ибн Абдуллуаһһаб деген адам астыртын
жіберілген ағылшын тыңшыларымен
байланысып, солардың ақыл - кеңесімен
«Уаһһабия» деген ағымның негізін салған.
Олар мәдениетті, өнерді мойындамайды.
Уаһһабия ағымының белгілері:
1)
мемлекет заңдарына бағынбайды; 2)
пайғамбарымыздың кейбір хадистерін
мойындайды; 3) әулиелерге зиярат жасауға
болмайды деп есептейді; 4) садақа беруге
мүлдем қарсы, мешітке кіріп намаз
оқымайды; 5) мемлекеттің тәуелсіздігін
нұқсан келтіреді. Өкінішке қарай, біздің
мемлекетімізде де осы қауіпті ағым
жолын ұстанушылар кездеседі. Олар ата
- аналарын сыйламайды. Туыстарымен
қатынаспайды. Бұл ағымда Ислам өркениеттің
күш алып кетуінен қорыққан еуропалықтардың
әрекеті бар.
Секталар: «Иегова
күәгерлері», кришнаиттер, саентологтар,
мунистер, баптистер. Олар дін жолын
табыстың көзіне айналдырған. Күллі
әлемді евангелиендіру саясатымен
Америкадан әлемнің түкпір - түкпіріне
мыңдаған миссионерлер жөнелтуде.
Секта
- орталық шіркеу немесе мешіттен
бөлектенген діни топ, қауым, бас пайдасы,
жеке мүддесі үшін халықтан қол үзген
топ.
Пікірталас. «Террорлық әрекеттердің белең алуы неліктен?»
Оқушылар
өз ойларын айтады:
- Діни секталардың
таралуы;
- Ашық дипломатиялық
саясатымызды пайдаланып, заңсыз
секталардың енуі;
- 18 - 30 жас аралығындағы
ешқандай діни, саяси, қоғамдық пікірі
қалыптаспаған, имандылық, патриоттық
сезімдері жетілмеген жастар барады.
-
Террористік іс - әрекетке тек ер адамдар
емес, әйел адамдар да барады. Қазіргі
кезде жанкешті - мерген әйел адамдардың
көбеюі байқалады.
Қорытынды:Видеоролик №3
Қазіргі күні бір Қазақстан емес, Евразия кеңістігін мекендеген мұсылман халықтарының басына түскен басты нәубет – діни экстремизм десек жаңылыспаймыз.
Жер-жаһанды жаулаған экстремизм, терроризм. Бұл кесел жаңа ғасырда белең ала бастаса да әлемнің біраз мемлекетін қан қақсатып үлгерді.Сол себепті де елбасымыз осы діни алауыздықтың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын құрды.
Елбасымыздың айтқандай, татулық пен келісім «біздің көп ұлтты үйде – бұл Қазақстанның басты игілігі». «Біздің негізгі мақсатымыз – халықтың бірлігін сақтау».
Ұлы
жеңіс - жасасын! (тәрбие сағаты)
Тақырыбы:
«Ұлы жеңіс жасасын!»
Мақсаты:
Оқушыларды адамгершілікке, отанын
сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деге
сүйіспеншілігін арттыру. Оларға
патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы
Отан соғысымен, қазақстандықтардың
ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін
дамыту. Оқушыларды үлкен адамдарды
сыйлай білуге, оларды қадірлеуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
үнтаспа, Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар,
гүлдер, шарлар.
Түрі:
кездесу
Өтілу
барысы: Бөлме ішін безендіру. Музыка
ойнап тұрады.
Тарих
кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де
ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи
оқиғалар болады. Соның бәрі әлемді дүр
сілкіндірген екінші дүниежүзілік
соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің
қасиетің батыр ағаларымыз бен апаларымыздың
ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес.
Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы
маусымның 22 - де болған еді. Бірақ сол
кездегі Кеңес елінің бірлігі мен
достығының арқасында 1945 жылы 9 - мамырда
бұға Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан
бері 77 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы
Жеңістің 73 жылдығы.
Үнтаспадан
тыңдау: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 1941
жылы 22 - маусымда таң шапағы жаңа ғана
арайланып келе жатқан кезде елімізге
қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз
қиын - қыстау кезеңге душар болды.
Фашистік Германия елімізге опасыздықпен
басып кірді.
Жүргізуші:
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап -
ақ Кеңес халқы жан тәнімен Отанын
қорғады. Әрбір село, әрбір қала үшін
кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс
басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай
шайқасты.
Оқушы:
Соғыс жалмап аға - іні бауырды,
Зар
жылатты тыныш жатқан ауылды.
Жалғызынан
айырыпты ананы,
Әкесінен
айырыпты баланы.
Жүргізуші:
Осы соғыста Кеңес одағының басқа
республикаларымен бірге біздің Қазақстан
Республикасы да жан аямай шайқасты.
Даңқты қарулы күштердің және еңбек
армиясының құрамында 1 млн 870 мың
қазақстандықтар болған.
Ат
ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су
кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге
қолдарына қару алып, Отанын қорғауға
біздің батыр апаларымыз Шығыс жұлдыздары
Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова
ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты.
-
Иә, кеудесін оққа төсеген қазақтың
қарапайым қызы Мәншүк қас дұшпанынан
елін қорғаған еді. Ол анасын, туған жерін
қатты сағынғанда, қолы қалт босағанда
анасына жазған сағыныш хаттары бір
толастаған емес.
Мәншүктің
хатын оқу. (оқушы)
«Әлия
- Мәншүк» (тақпақ).
-
Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана
жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды.
Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін
күте берді, күте берді.
Солдаттар
жаралы майданнан оралады.
Ажал
боп төнген жауына,
Дауылды
көктің қыраны.
Оралды
Алатауына,
Ерліктің
өжет бір әні.
Таңғалтқан
батырлықтарымен,
Тарланбоз
батыр ағаларымыз.
Радио
сөйлейді. 1945 жыл.
(Барлығы
улап - шулайды, құшақтасады).
Дүние
жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан
ұғымың терең сезіне түсті. Қаһарман
ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық,
басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, ерлік,
халықтар достығы нығая түсті.
(Ескерткіш.
Ана гүл қояды. Екі қыз бала).
Ұлы
Отан соғысына қатысқан: Бауыржан
Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия
Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат
Бигелдинов т. б. өз жерлестеріміз:
Тулақбаев Арон ата, Аяпбергенов Қамеш
ата.....
Ол
кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы
бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен
қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың
рухына бас иіп, еске алайық. 1 минут еске
алу.
8
сынып оқушыларының орындауында
ән.
Нұрсауле
мен Гүлдана би.
«Ел
қорғауға әзірміз» ән. 5 - сынып
ЕШКІМ
ДЕ, ЕШ НӘРСЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ.
ОТАН
ҮШІН ЕРЛІКПЕН ҚАЗА ТАПҚАНДАР!
Әкеге
қарап ұл өсер
“ӘКЕ,
мұның бәрін қайдан білесің?” Ұлыңыздың
осындай сұрақ қойып, сізге таңғалған
кездері болған ба? Сондай сәттерде әке
болғаныңызды мақтан тұтқан шығарсыз.
Ал ұлыңыз айтқаныңызға құлақ асып, соның
пайдасын көрген кездері, қуаныштан
төбеңіз көкке жеткен болар Алайда ұлыңыз
есейгеннен кейін де, сізді өнеге тұта
ма? Әлде оның сізге деген құрметі
азайғандай көріне ме? Ер жетіп келе
жатқан ұлыңызға қалай жақын болып қала
аласыз? Алдымен, әкелер кезігетін кейбір
қиындықтарды қарастырайық.
УАҚЫТТЫҢ
ЖЕТІСПЕУІ. Көп елде отбасындағы табыстың
басым бөлігін отағалары табады. Бұл
үшін олар жиі ертеден қара кешке дейін
жұмыс істейді. Кейбір елдерде әкелер
балаларымен тым аз уақыт өткізеді.
МЫНА
ЖАЙЛЫ ОЙЛАНЫП КӨРІҢІЗ: Ұлыңызбен бірге
қанша уақыт өткізіп жүрсіз? Келесі бір
- екі аптада күніне оған қанша уақыт
бөлетініңізді неге байқап көрмеске?
Нәтижесі сізді бейжай қалдырмас.
Ұл
бала әкесіне еліктегіш келеді. Сондықтан
оған кішкентай кезінен бастап үлгі -
өнеге көрсеткен жақсы. Мұны қалай істеген
дұрыс? Балаға көңіл бөлу үшін уақытты
қайдан табуға болады?
Ұлыңызды
күнделікті үй шаруаларына мүмкіндігінше
көбірек қатыстырыңыз. Мысалы, ауланы
сыпырып жатсаңыз, оған кішігірім
сыпыртқы, ал жер қазып жатсаңыз, күрекше
беріп қойыңыз. Үлгі тұтарлық көсемі —
әкесіне көмектескені ұлыңызды зор
қуанышқа бөлейтіні сөзсіз!
Әрине,
шаруаңызды бітіруге әдеттегіден көбірек
уақыт кететін шығар, бірақ есесіне
ұлыңызды еңбекқор болуға үйретесіз әрі
онымен қарым - қатынасыңыз нығаяды.
Балаңызды еңбекке баулумен қатар, бірге
ойнауға да уақыт тапқаныңыз жақсы. Мұның
пайдасы көңіл көтерумен ғана шектелмейді.
Зерттеулер көрсеткендей, әкелер кішкентай
балаларымен ойнайтын болса, бұл олардың
тапқыр, пысық әрі батыл болып өсуіне
көмектеседі.
Бірге
ойнау бұдан да маңызды нәрселерге
септігін тигізеді. “Бала мен әкенің
еркін сөйлесуіне ойынның қосар үлесі
көп”Иә, мұндай сәттерде әке баласына
сөзімен де, ісімен де жылулық танытып,
оны да өз сезімдерін білдіруге үйрете
алады. Ұлыңызға жақындай түсудің тағы
бір мүмкіндігі — ұйықтар алдындағы
уақытты пайдалану. Балаңызға әңгіме
оқып беріп тұрыңыз, сондай - ақ оның сол
күнгі қуанышы мен уайымына ортақтас
болыңыз. Осылай еткеніңіз өсіп келе
жатқан ұлыңыздың әрі қарай да сізге
еркін жақындауына көмектеседі.
Әкелері
сөйлескісі келгенде, кейбір жасөспірімдер
бұдан тартынатындай көрінуі мүмкін.
Сіздің ұлыңыз да сұрақтарыңыздан
жалтарғандай көрінсе, бұл оның сізбен
мүлдем әңгімелескісі келмейді дегенді
білдірмейді. Балаңызға бейімделіп
сөйлейтін болсаңыз, оның сізбен
әңгімелесуге деген ықыласы артуы
мүмкін.
“Әке,
қара, қарашы!” Жаңа істі меңгерген
кішкентай ұлыңыздың қуаныштан осылай
айғайлаған кезі болған ба? Ол қазір
жасөспірім болса, әлі де сіздің қолпаштап
отырғаныңызды қалай ма? Бәлкім, солай
етуден қалған шығар. Алайда байсалды
адам болып өсуі үшін сіздің қолдауыңыз
оған аса қажет. Әрине, сіз ұлыңызға тәлім
- тәрбие беріп, жөнге салып отыруға
жауаптысыз. Кейбір ер кісілерге балаларына
жылулық танытып, демеу көрсету оңай
емес. Бәлкім, кезінде олардың ата -
аналары мақтаудың орнына, қателіктеріне
нұсқау берген шығар. Сіздің де жағдайыңыз
осындай болса, ұлыңыздың өзіне деген
сенімділігін арттыру үшін біраз күш
салуыңыз қажет болар. Бұл үшін не істеу
керек? Кейде мен шаруаны ұлыма тапсырамын
да, қажет болса көмектесетінімді айтамын.
Көп жағдайда ол шаруаны өзі - ақ тындырады,
әрі бұл оған қанағат әкеліп, өзіне деген
сенімділігін арттырады. Тірлікті
ойдағыдай атқарған кездері мен оны
мақтаймын. Істегені ұлымның көңілінен
шықпаса да, күш салғаны үшін риза екенімді
айтамын”.
Ұлыңыздың
өзіне деген сенімділігін арттырудың
тағы бір жолы — үлкенірек мақсаттарға
қол жеткізуге көмектесу. Алайда ұлыңыз
қойылған мақсаттарға сіз қалағандай
тез жетпесе ше? Ал оның мақсаттары
негізінен жаман болмағанмен, сіздің
көңіліңізден шықпаса ше? Мұндай жағдайда
өз көзқарасыңызды өзгертуіңіз қажет
болар. Мен ұлымды қолжетерлік мақсаттар
қоюға талпындырамын. Алайда бұл
мақсаттардың менің емес, онікі болғанын
қалаймын. Сондай - ақ ұлымның оларға өз
қарқынымен жүріп отырып, қол жеткізуі
керектігін жиі есіме салып отырамын”.
Ұлыңыздың пікіріне ден қойып, жетістіктері
үшін мақтап, кемшіліктерімен күресуге
талпындырғаныңыз қойған мақсаттарына
қол жеткізуге көмектесері сөзсіз.
Ұлыңызбен
қарым - қатынасыңызда түсініспеушіліктер
туындап тұратын шығар. Бірақ түбінде
оның сізге жақын болып қалғысы келері
шүбәсіз. Расында да, өзіне қолдау
көрсететін адамға кім жақын болғысы
келмейді?!
Мынау
жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде
мектеп партасында отырған баланың жан
- жақты тәрбие алуына ең бірінші ықпал
ететін ұстаз болса, оның сүйеушісі –
ата - ана. Сондықтан ата - ана өз баласының
білім алуына барынша жағдай жасауы
тиіс. Бала тәуліктің ¼ бөлігінде, яғни,
6 сағат мектепте болса, 18 сағат өз
отбасында тәрбие алады.
Ашық тәрбие сағаты
Мектеп № 139 мг Мерзiм 24. 11.2015 ж .
Мұғалiм: Мадиева Г. сынып: 9«Б» Оқушылар саны: 18
Тақырып: «Мамандық
таңдаудың
жеті қадамы»
Мақсаты: «Мамандық»
құндылығы туралы түсініктерді кеңейту.
Мамандық таңдау, оның нәтижесіндегі
еңбек қуанышы туралы ұғым
беру.
Міндеттері: Мамандық
таңдаудың негізгі шарттарын таныту.
-
Мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға,
еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы
қасиетін тануға жетелеу.
- Еңбекқорлыққа,
еңбекті қадірлей білуге, табысты болуға
тәрбиелеу.
Сабақ
типі: Жаңа форматты
Көрнекілігі: интербелсенді тақта,бейнебаян
1.Қызығушылығын ояту
5 -мин
Диалог құру
Ой қозғау
Жалпы ес білгелі кез келген адам өз - өзіне
«Мен кіммін?»,
«Осы өмірдегі менің орным қандай?»,
«Қалай өмір сүремін?» деп ойлануы керек.
Профессия – латын сөзінен шыққан, “professio”, - анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.
Мамандық
– қарапайым өмір сүру көзі болып
табылатын және қандай да бір дайындықты,
жауапкершілікті талап ететін еңбек
қызметінің маңызды бөлігі.
Оқушылар
сендерге сұрақ қояйын.
--- Қандай мамандық иелерін білесіңдер?
Бейнебаян
«Мың түрлі мамандық»
Топта ынтымақтастық атмосферасын сақтай отырып,берілген тапсырманы бірлесе шешеді
2.Мағынаны тану
2- мин
Жағдаятты талдау
Ассоцияция
Мамандық таңдауға кім және қандай жағдайлар әсер етеді?
ата — ананың ақылы
достарыңның ақылы
мұғалімнің ақылы
қазіргі кездегі сол мамандықтың беделі
дарының, мүмкіндігің, қабілетің
жақын аймақтағы оқу орнының болуы
жалақысының көп болуы
Ассоцяция Өздеріне қажет деген сөздерді теріп жазады
Оқушылардың комментариясы
3мин
«Мамандықтар классификациясы»
Орыс академигі, тәжірибелі әдіскер – психолог Климовтың зерттеуінше мамандықтың бірнеше классификациясы бар. Олардың неғұрлым белгілілері еңбек пәніне негізделеді. Еңбек пәні бойынша жіктелетін мамандықтар 5 топқа бөлінеді:
адам – техника,
адам – адам,
адам – белгі жүйесі,
адам – табиғат,
адам – көркем образ.
Адам – техника: бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын ұшқыштар, матростар, электромонтерлер, слесарь жатады.
Адам – адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам табылады, ал қызмет сипаттамасы – басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады.
Адам – белгі жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой — өрісі өте кең болу керек. Бұл бухгалтерлер, оқымыстылар, ЭЕМ операторлары, зертханалар мен ғылыми орталық жұмысшылары.
Адам – табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері мен құбылыстарымен жұмыс істейді. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог.
Адам – көркем образ: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер
Жаңа ақпаратты түсініп,өздеріне ой түйіндейді
Осы мамандықтардың сәйкесін табады
1.
7 мин
СТО, Диалог
Диалог
Сонымен мамандық дегеніміз не?
Жұмбақ жан- бізге кейіпкеріміз хат жолдапты .Мен мектеп өмірінде бастауыш сыныптардың өзінде- ақ өнер адамдарына еліктеп, солардай болсам ғой деген арманмен өмір сүрдім. Өсе келе өнерге деген қызығушылығым артпаса кеміген жоқ. Сол себепті домбыра, ән-би өнерлеріне қатысып, көптеген елеулі жетістікке жеттім. Өнер десе ішкен асымды жерге қойып , өнер адамдарын пір тұттым. « Өнерліге өріс кең»,- дегендей ең бірінші ұстанған бағытым өнер әлеміне қанат қағу, өрлеп ұшу , алтын ұя мектебімді бітіріп, қазақ киносына үлес қоссам , сол арқылы қазақ халқының бай- салт- дәстүрін, мінез- құлқын өнерін, білімін бүкіл әлемге паш етсем деген арманым желге ұшты. Он бірінші сыныптың соңғы айларында ата- анам менің аялаған арманыма су септі. Сені біз заң мамандығына оқуға түсіруге келісіп келдік , сен болашақ заңгер болып биіктерге отырасың , айлық жалақың да көп болады, ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда болады , деп- менің пікіріммен санаспай оқуға түсірді. Ата- ана сөзін аттап кете алмай , оқуға еш қиындықсыз түстім.
Бүгінгі таңда заң факультетінің бірінші курс студентімін. Студенттік күндердің алғашқы сәтінен бастап көптеген қиындыққа кезігіп, ұстаздар тарапынан қатаң ескерту алып жүрмін. Бұл мамандыққа деген қызығушылық мүлде жоқ, ата- анамның әлі үйреніп, кетесің деген алдамшы сөзі құлағымнан кетер емес. Мен бұл заңгер мамандығын бітіріп шыққанның өзінде менен жақсы, білгір маман иесі шықпас. Менің қолымнан қаншама жазықсыз жандардың тағдыры қиылмасына кім кепіл. Олай дейтінім, сессия, емтиханның барлығын әкем шешіп қойғандай.
Осы уақыт ішінде өнерге деген қызығушылығым артпаса кеміген жоқ, қалады өнер адамдарымен кездесу жиі өтіп тұрады екен, бұны көре тұра жаңадан өмір бастап , өнерге бет бұрғым келеді . Әлі де кеш емес – ау деп ойлаймын. Мен өзім қалаған мамандықтың соңына түсе алмай тұңғиыққа батып бара жатқандаймын. Мені қойшы , мені ойлантатын басты мәселе Қазақстанның түкпір- түкпірінде менің тағдырым сияқты өзге балалардың өмірі ойлантады. Менің жіберген қателігімді ешкім, еш жерде қайталамаса екен, олай болған жағдайда еліміздің болашағына балта шабылар.Менің осы хатымды оқып ақыл- кеңес беріңіздер !
Сұрақ- жауап :
топқа сұрақ :Әлі де өткен іске өкінбей өзім қалаған мамандық иесі бола аламын ба?
топқа сұрақ : Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?
Мақалды аяқта:
«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»
«Биікке шықсаң көзің ашылады,
Жақсымен сөйлессең көңілің ашылады»
Күтілетін нәтиже:
Кәсіп, Сүйікті іс, Шығармашылық, Қызығушылық, Еңбек көзі
Мамандық таңдаудың адам өмірінде маңызы зор,шынайы таңдаған адам бақытты болады.
5мин
Топтық жұмыс
Өзің келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып, ойыңды дәлелде
Мамандық бір — ақ рет біржола таңдалады
Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты
Отбасы және достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады
Қартайғанда да мамандық таңдауға болады
Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек
Мамандық таңдау – күн көріс қамы
Өз ойларын айтып,білген түйгендерін ортаға салады
7 мин
СТО
«Өмірмен байланыс» бөлімі.
Өздеріңнің туған Алматы қаласында қандай мамандар қажет деп ойлайсыңдар?Қала экономикасын көтеру үшін, қалаға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар?
зерттеушілік әңгімесін жүргізеді
5мин
СТО
Диалог
Топтық жұмыс
Мен
қазір...
Қай
пәнді сүйіп оқисың?
Қандай маман иесі
болғың келеді?
Мен
3-жылдан кейін...
Қандай
оқу орнын таңдайсыз?
Қандай
мамандықты?
(Сен оқуға түскеннен
кейін оқудың қиындығына төзе аласың
ба?)
Зерттеушілік әңгімесін жүргізе отырып бір шешімге келеді
Ой толғау
10мин
Тренинг
«Қол мидың жалғасы».
Алақан
бойынша мамандық саласын анықтау.
Саусақтарымызды кеңірек ашып, ақ параққа
алақандарымызды түсірейік. Бас бармақпен
шынашақтың орта О нүктесімен белгілеп,
әрбір саусаққа түзу сызық жүргіземіз.
Осы жүргізілген сызба бөліктерін
сызғышпен олшеп шығарыңыз.
Жауап.
1
Егер алақан сызығыңызда бас бармақ пен
О нүктесі арасында сызба бөлігі ұзын
болса, сіз басқарушысыз.
2. О нүктесі
мен сұқ саусақ нүктесінің арасындағы
сызық басқармаларынан ұзын болса, сіздің
қорғаушы әскери қабілетіңіз мол.
3.
Ортаң қол сызығы ұзынырақ болса, сіз
дін адамы, саясаткер болуға бейімсіз.
4.
Аты жоқ саусақ сызығы үлкенірек болса,
сіз өнерге бейіміңіз мол, суретші,
музыкант, архитектор, дизайнер болуға
қабілеттісіз.
5. Шынашақ сызығы
үлкенірек болса, сіз - дәрігерлік,
шипагерлікке бейімсіз.
Қағазға алаұандарының суретін салып, сызып өздеріне тиесілі мінездемені тыңдайды,қорытынды шығарады
Рефлексия
«Саған
не тілесем екен, менің қымбатты досым?»
жаттығуы
Өз
ойларындағы бақыт құсын жасап, тілектерін
келесі топқа сыйлау.
Пікірлесу,
талдау: Осы күннен
не алдыңыз?
Өзіңіз үшін қандай
қорытынды жасадың, ойландыратын жағдай
болды ма?
Білген түйгендерін айтады және бір-біріне деген қарым-қатынасын нығайтады
Адам, өмірінде екі - ақ нәрсесі дұрыс болса болғаны өзін бақыттымын деп санайды екен. Біріншісі - мамандық, екіншісі - адал жар.
Егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңа тілектестігімді білдіремін
Ашық
тәрбие сағаты
Тақырыбы:
Қазақтың
салт – дәстүрі мен әдет - ғұрпы
Мақсаты:
1.Қазақ
халқының салт дәстүрі мен әдет-ғұрпын
оқушылардың бойына сіңіру, ұлттық
мақтаныш сезімдерін ояту;
2.Ұлтымыздың
дәстүрлерінен үлгі алу;
3.Оқушылырдың
өз отбасына, халқына, ұлтына, Отанына
деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сөздік қорларын дамытып, әртістік
қабілеттерін арттыру.
Көрнекілігі:
ТСО, салт дәстүрге, тақырыпқа сай нақыл
сөздер,суреттер, «Ата мұраң – асыл
қазынаң», «Салт-дәстүрін ел бұзбас, Уәде
сертін ер бұзбас», «Халтын сүйген –
салтын да сүйеді».
Өту
барысы:Қайырлы күн қадірменді қонақтар,
оқушылар! Балалар өздерің көріп
отырғандай, біздің бүгінгі тәрбие
сағатымыз ерекше, өйткені бізге көптеген
қонақтар келіп отыр. «Сәлем -сөздің
анасы, сөз - сарасы» - Қазақ халқының
ұғымы бойынша сәлем беру- тәрбиелік пен
адамгершілік белгісі. «Әдепті елдің
баласы, Алыстан сәлем береді» дегендей
сәлем беру қалыптасқан ұлттық
дәстүріміз.
Күннің
көзі ашылып,
Көкке
шуақ шашылып,
Құтты
қонақ келіпті.
Төріме
міне еніпті !
Амандасу
үлкенге,
Тәрбиенің
басы ғой!
Ал,
қанекей бәріміз,
«Сәлем»
дейік үлкенге.
Сәлеметсіздерме
апайлар!
Жиналыппыз
сәтті күні бәрімізде,
Үлкен,
кіші, жасымызда, кәрімізде.
Төрлетіңіз
қадірменді қонақтар,
Гүл-гүл
жайнап мына біздің төрімізге!
Ой-шақыру:
Балалар, атадан балаға мұра болып қалатын
үйді не деп атайды?
Қарашаңырақ
(дәстүр, ұғым) атадан балаға мұра болып
қалған үй «киелі үй» деп саналады. Оны
ел, ағайын-туыстары « қарашаңырақ» деп
құрмет тұтады. Міне, алтын орда, білім
мекені біздің қасиетті қарашаңырағымызда
ұлттық салт-дәстүрге байланысты өтетін
«Салтым – асыл қазынам » атты тәрбие
сағатына қош келдіңіздер!
Қай
заман болсын, адамзат алдында тұратын
басты міндет - адал, білімді, еңбек сүйгіш
ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр
халық салт-дәстүріне орай іске асырады.
Яғни, әр халық ғасырлар бойы сыннан
өтіп, сұрыпталған озық салт-дәстүрлерін
жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланып
келген.
Бала
тәрбиесі тек мектеп қабырғасында ғана
берілмейтіні анық. Біздің тәрбиеміз
ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның
қасиетті сөздерінен бастау алады. Біздің
халқымыздың тәрбие тәсілдері мен
тәжірибелері өте көп.
Салт-дәстүр,
әдет-ғұрып атадан балаға қалып отыратын
мол мұра. Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрі
бар. Салт-дәстүрдің пайда болып, қалыптасу
тарихына көз жіберсек, олар халықтың
әл-ауқат, тұрмыс-тіршілік болмысынан
туып қалыптасатынын көреміз.Халқымыздың
әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын білу, оны
қастерлеу – әрқайсысымыздың
борышымыз!
Қазағымның
салт - дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді
ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт
- дәстүрді ардақтайық ағайын
Қазақ
атты үлкен, кіші балдырған.
Оқушылар
тақпақтарын айтады.
Ән:
«Қазақтың дәстүрлері».
Тәрбиеші:
Өте тамаша! Қане балалар, сендер бізде
қандай салт-дәстүрлер бар екенін
білгілерің келеме? Ендеше мен сендерге
қысқаша мәлімет берейін.(Слайд)
Тәрбиеші:Отау
көтеру дәстүріне: Қыз көші, Бет ашар,
Шаңырақ көтеру....
Тәрбие
дәстүрі: Бесікке салу, тыштырма, тілашар,
қырқынан шығару, шілдехана.
Отбасы,
тұрмыс дәстүрі: Дастарханға бата, бәйге,
отпен аластау
Еңбек
дәстүрі: егіншілік, аңшылық...
Ислам
тағылымы: Құрбан шалу
Қаза
ғұрыптары: Дұға оқу
Міне
бүгін, салт-дәстүрлерінің ішіндегі бала
тәрбиесіне байланысты Тәрбие дәстүріне
тоқталсақ.
Күні
бүгінге дейін тәрбиелік мәнін жоймаған
халқымыздың кейбір тәрбиесін, тыйым
мен ырым сөздерін алып қарасақ, көтерген
мәселесі бала жанына, зердесіне ізгілік,
инабаттылық дәнін себу. «Бала – біздің
болашағымыз» дейді еліміз. Ұлтымызда
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің»
деген дана мақал бар. Сондықтанда отбасы
тәрбиесіне, бала тәрбиесіне ерекше мән
берген.
Салт
– әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне,
тұрмыс – тіршілігіне, ұлттық құрылым
ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы
жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар
тұғырының негізі. Қазақтың бірнеше
салттарын атап өтсек.
Көрініс:
Қырқынан шығару.
(Ырым-тыйымдар).
Әйгерім:
Отқа су құйма, түкірме. Себебі кезінде
ата-аналарымыз отқа табынған. От өмір,
тіршілік көзі саналған.
Мал
сүйегін отқа жақпа, ақты төкпе
3-бала:
Қазақ түнде мал, адам санамайды, себебі
басың кемиді деп есептеген.
4-бала:
Пышақтың жүзін жалама, пышақты кезенбе.
Себебі пышақ ұзарып кетеді.
5-бала:
Үйге қарай, үйді айналып жүгірме.
6-бала:
Күлді, тұзды баспа, шашпа, аяғың
ауырады.
7-бала:
Жағыңды, беліңді таянба, тізеңді
құшақтама. Тек қаралы адамдар ғана
осылай отырады.
8-бала:
Бас киіміңді лақтырма, теппе, басың
ауырады.
9-бала:
Нанды шашпа, баспа, нан - өмір нәрі.
10-бала:
Туысыңа ит, пышақ сыйлама, себебі араз
болып қалуың мүмкін.
11-бала:
Өсек, өтірік айтып, жағымпаз, мақтаншақ
болма.
12-бала:
Үш күн айтта кір жууға, тырнақ, шаш алуға
болмайды.
Әже:
Көрдіңбе қонақ бала, қонаққа келген
өрендердің өнерлі екенін. Айналайындар,
қазақтың асыл мұраларын жақсы біледі
екенсіңдер.
Шашу,
шашу шашайық,
Ақ
сандықты ашайық.
Бұл
мереке, бұл тойда,
Би
билеп, ән салайық!
Би:
«Қара жорға».
Әже:
Ата дәстүр абырой көтергенде,
О,
бұл сөздер сүйектен өтер демде!
Тоқталамыз
енді біз, ал халайық,
Қанатты
сөз, мақал мен мәтелдерге. Бүгінгі
тойымыз қызықты өту үшін келесі танымды
ойынға берейік. Мына қоржында асықтар
салынған. Ол асықтардың бетінде сан
жазылған. Қоржыннан кез келген бір
асықты аласыңдар. Шыққан сол санға
байланысты отбасына, тәрбиеге байланысты
мақал-мәтел айтасыңдар.
Әже:Өте
білімді, өнерлі, алғыр балалар
екенсіңдер!
Баталы
құл арымас,
Батасыз
құл жарымас,
Батаменен
ел көгереді,
Жауынмен
жер көгереді, - дегендей, бата берілсін.
«Алтын алма, бата ал» деген, бата беру
жақсы дәстүр. Бата - сөз өнерінің бір
түрі.
Бата:Елбасымыз
аман болсын,
Бақыт
орнаған заман болсын.
Аспанымыз
ашық болсын,
Ел
іргесі берік болсын,
Ғылым-білім
серік болсын!
Алла
тілегімізді қабыл етсін. Аумин!
Қорытынды:
Әдет - ғұрып, салт - дәстүрі
қазақтың,
Жарасымды,
ұнасымды, ғажап шың.
Ұмыт
болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап,
жаңартудан қашпайық.
Құрметті
ұстаздар! Сіздер бүгін «Салтым - асыл
қазынам» атты тамашаладыңыздар. Қазақ
халқының әрбір тұжырымды ойы, мақал -
мәтелі, тыйым сөздері - тәрбиенің мол
мұрасы екендігін, оның күнделікті өмірде
қажеттілігін көрдік. Халқымыздың әдет
– ғұрып пен дәстүрін, тарихын біліп,
оны қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің
нәрлі қайнарына айналдыру, әрқайсымыздың
азаматтық борышымыз деуге болады.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні
бар» демекші, салтын сүйген әрбір жас
ұрпак болашақта халқын сүйетін, еліне
адал қызмет ететін, тілінің, салт-
дәстүрінің жанашыры болатындығына
сенімдімін.Еліміздің жарқын болашағы
сіздердің колдарыңызда, құрметті
окушылар!
Ән:
«Атамекен.».

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген