Сабақтың тақырыбы: Еңбек – өмір мәні
Әдісі:/сұрақ –
жауап, бейнебаян/
Көрнекілігі: дәйексөз.
Күтілетін нәтиже: Ұлттық
сана сезімі оянған, бойына парасатты, мәдениетті, мейірімді,
еңбекққор қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу болып
табылады.
Барысы:
І.Ұйымдастыру
ІІ.Кіріспе бөлім.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіре
отырып,ерінбей еңбек етуге,еңбектің адамның табиғи қажеті екендігін
ұғындыру.
Еңбексүйгіштікке,еңбек адамын
құрметтеуге,сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: а)
Ұйымдастыру кезеңі.
-оқушылармен
сәлемдесу.
- оқушыларды түгендеу.
1.
Қайырлы күн, оқушылар!
Бүгінгі күндеріңізге сәттілік!
Бүгін «Еңбек – өмір мәні»
атты тақырыпта тәрбие сағаты өткізіледі.
Ассосация
құру.

Ендеше, шыбын сияқты босқа
ұшып жүрмей, ара сияқты еңбек етіп, пайдалы болып, жемісін
көрейік.
Бүгінгі сабақта адамның өміріндегі
еңбектің рөлі, адам еңбек ету үшін бойында қандай қасиеттер болу
керек, «еңбекқорлық», «еңбексүйгіштік» және еңбектің нәтижесіне
қалай жетеміз және осы өмірде еңбекқорлық қасиеті, еңбексүйгіштік
қасиеті арман-мақсаттарымызға, алдыға қойған тілектеріміздің
орындалуына қалай ықпал етеді, сол туралы мәселелерді
қарастырамыз.
Енді баршамызға аян барлық адам
бақытты, жақсы өмір сүргісі келеді. Қалай ойлайсыздар адамдар
жақсы, бақытты өмірге қалай қол жеткізеді?
Итальяндық ғалым, суретші Леонардо
да Винчидің «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді» деген
екен. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш
береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл
болуға үйретеді, ширатады,
шынықтырады.
2. Бүгінгі сабағымыздың дәйексөзі:
«Адал сол – таза еңбекпен күнін көріп, жаны үшін адамшылық ар
сатпайды» деген Шәкәрім Құдайбердиевтің
ойы.
Осы дәйексөзді қалай
түсінесіздер?
Бұл – адал еңбек ету, адал өмір
сүру деген мағынаны береді.
3. Енді осы дәйексөзімізді тереңірек
түсіну үшін Қазақстанның 50 алдыңғы қатарлы бизнесмендерінің
қатарына кіретін меценант, халықтың жанашыры, қазақ миллионері
Бауыржан Оспанов туралы бейнебаянды тамашалаңыздар.
4. Бейнебаянды қарап болсақ,
талқылайық.
-
Б.Оспановтың бойынан қандай
қасиеттерді аңғардыңыздар?
-
Басты кейіпкер Б.Оспановты жетістікке
жетелеген қандай құндылықтары мен қасиеттері деп
ойлайсыздар?
-
Өзіңіз миллионер болсаңыз,
қаражатыңызды кімге, неге жұмсар едіңіз?
Неліктен?
Осы бейнебаянды және сұхбатын интернеттен толық
нұсқасын оқып, қарауға болады.
5. Үй
тапсырмасы.
«Адал еңбек иесі» тақырыбында зерттеу жұмысын
жүргізіңіздер. Өздеріңіз білетін еңбек адамдарымен сұхбаттасып,
олар (ата-аналарыңыз, туысқандарыңыз, ұстаздарыңыз, таныстарыңыз,
достарыңыз, белгілі адамдар және т.б.) туралы слайд
әзірлеңіздер.
Қорытынды.
Бүгінгі сабағымызда адал еңбек ету
адамды қандай игіліктерге жеткізетінін өздеріңізбен бірге жауап
іздедік деп ойлаймын.
Өмірдің мәні қалаған ісіңді істеу
емес, сол істеген ісіңді зор махаббатпен, адалдықпен атқару екенін
ұғынғандаймыз.
Сабағымыздың соңында Жүсіп
Баласағұнидің «Түгел алғың келсе өмірдің ырысын, таза болсын сөзің,
ойың, әр ісің» деген сөзімен аяқтағым
келеді.
.