жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты Еркіндіктің бір белгісі - Елтаңба
М. Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектептің химия пәнінің мұғалімі Ибрайымова Салтанат Указовна
Тәрбие сағатының тақырыбы: Еркіндіктің бір белгісі – ЕЛТАҢБА.
Мақсаты: Елтаңба тарихына сілтеме жасай отырып, жаңа ұрпақтың отаншылдық санасын тереңдете түсуге, өз еліне деген мақтанышқа тәрбиелеу.
Мемлекеттің нышандарын оқып – үйрену.
Өз халқының қалап алған тарихи даму бағытын өз иланымына айналды.
Бабалардың салт – дәстүрін қадірлеу.
Кейінгі ұрпаққа еліне деген сүйіспеншілікті арттыруды үйрету.
Әдісі: Іскерлік ойын
Көрнекілігі: Елтаңба бейнесі, рәміздер бүктемесі, үлестірмелі тапсырмалық карталар, газет ( шағын шығармашылық өлең шумақтары ), кітаптар ( Елтаңба туралы ), магнитофон ( күй ).
Барысы: ( алғашқы үш бөлімде ақырын ғана күй орындалып тұрады )
I. Кіріспе.
Мұғалім: Балалар! Біз бүгін аса маңызды тарихи кезеңді бастан кешіріп отырмыз. Жиырмасыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдары қазақ елінің шежіресінен ойып тұрып орын алатынына күмән жоқ.
Тәуелсіз мемлекет, егеменді ел болудың қыруар қиындығы, ерекше жауапкершілігімен қатар, бірқатар шарттары, басты – басты белгілері бар екені мәлім. Солардың арасында елдің елдігін танытып тұратын айрықша мәнділері – Елтаңба, Ту және Әнұран. Өз еліне ғана тән мұндай белгілері жоқ мемлекет дербес, тәуелсіз бола алмайды. Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатындағы негізгі тақырып сол нышандардың бірі – “Елтаңба”.
“Елтаңба сөзі” – немісше Erbe - “наследство” , полякша herb – “эмблема” деген сөздерден шыққан және мұрагерлік ерекше белгі иесінің тарихи салт – дәстүрін анықтайтын символикалық мағынаны береді екен. Елтаңбаның мөрге бедерлеп түсірілген бейнесі мемлекет, үкімет атынан қабылданған немесе басқа да ресми құжатқа басылады.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы ерекше оқиға болған, 1992 жылғы маусымның 4 – де Қазақстан Республикасының тәуелсіз елдің нышандарының бірі - мемлекеттік Елтаңбаны бекіткенің өздерің білесіңдер. Ол халқымыздың рухани ядросы – мәдениетіміз бен өнеріміздің мол тәжірибесінің негізінде жасалған.
Ұлттық рухты осыншама кемел жеткізген Елтаңба әлемде сирек кездеседі десек те артық болмас. Қазақ өмірінің ұлы белгісі – шаңырақтан тараған таң шапағындай уықтар аясындағы ай мүйізді алтын қанатты арғымақтар халқымыздың болашаққа ұмтылған асқақ арманының бейнесіндей болып көрінгендігі, қос арғымақтың ортақ шаңырақты қанатымен қорғап тұрғанын сендер осы уақытқа дейін, сонау бастауыш сыныптан бастап анықтап, оқып үйрендіңдер. Ендеше, қазір, Елтаңбамыздың белгісіне, құрылысына, мән – мағынасына, түр – түсіне және оның мәртебелілігіне қатысты алған білімдерімізге сүйене отырып, білімімізді одан әрі дамыту барысында іскерлік ойын өткіземіз. Ол үшін сендер, Елтаңбадан сол елдің тарихы, дәстүрі, рухы толық танылатындықтан, “Шаңырақ”, “Пырақ” және “Жұлдыз” топтарына бөлінесіңдер де, мына берілген бұйымдарды пайдаланып, шығармашылық қабілеттеріңді байқата отырып, қалаған үлгілеріңде мына төмендегі тапсырмалардың мазмұнын ашып, оны қорғайсыңдар.
( әр топқа түрлі – түсті қағаздар, құрал – сайман салынған қалташалар және ақ формат таратылып беріледі де, уақыттары белгіленеді ).
Қорғау тақырыптары:
“Шаңырақ” тобына – шаңырақ және мүйіз бейнелерін суреттеу,
“Пырақ” тобына – пырақ және бидай бейнелерін суреттеу,
“Жұлдыз” тобына – жұлдыз, ашық аспан және “Қазақстан” бейнелерін суреттеу.
II. Негізгі бөлім, топ ойлары ( үлгі )
“Шаңырақ” тобының қорғаушысы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының негізі – шаңырақ. Елдің көнеден келе жатқан тарихы, ата салт – дәстүрі, рухы толығымен Елтаңбадан танылатындықтан, оның дәл ортасында сол шаңырақ бейнеленген.
Шаңырақ – елтаңба жүрегі. Ол әлемнің бүтіндігін, отбасын бейнелейді.
Шаңырақтың шайқалмауы мемлекеттегі тыныштықтың, тұтастықтың және бірлік – берекенің белгісін білдіреді.
Шаңырақ – мемлекеттің алғашқы негізі символы – отбасы.
Шаңырақ – Күн сақинасы. Елтаңбаның өн бойын күннің сәулелері болып шаңырақтың уықтары алып жатыр. Одан біздер мәңгілік жарық дүниені көреміз. “Шаңырағың биік, керегең кең, босағаң берік болсын” деген сөз бекер айтылмаса керек.
Шаңырақты, яғни біздің бейбітшіл Отанымызды қорғау үшін, шаңырақтың берік болуы мақсатында жеті буыннан тұратын мүйіз таңдалған. Ол елді, шаңырақты, жалпы егемендік пен бостандықты қорғайтын күш – қару ретінде берілсе, бір жағынан, қазақтың “Жеті атасын білмеген – жетімдіктің белгісі” дегенді аңғартады да, жалпы қазақтың мүйізді қастерлегендігін көрсетеді т.б. ( оқушылар өз ойларын, суреттерін формат бетіне бейнелеп, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетеді де, тапсырмаларын қорғайды ).
“Пырақ тобы”: Елтаңбаның екі жағында қос қанатты, ай мүйізді пырақтың бейнесі бейнеленген. Жылқы малы, жүйрік ат қазақта ерекше бағаланған.
Елтаңбадағы самғап бара жатқан тұлпар Қазақстан Республикасының өркениетке көтеріліп бара жатқанын айқын бейнелейді.
Пырақ – мал шаруашылығының басым болғанын бейнелейтін жинақтық образ.
Пырақ – Күн, Қозғалыс, тұрақтылық, талпыныс белгісі. Қанатты пырақ өзіне Уақыт және Кеңістік дегенді де қосып алады. Ол – мәңгіліктің белгісі және шектеусіз өсуді, рухани байлықты, көпұлттылықты бейнелейді. Пырақтың қанаты бидай масақтарымен көмкерілген. Ол да – молшылықтың, тоқшылықтың, байлықтың, кеңшіліктің, баршылықтың айғағы т.б. ( әртүрлі үлгіде тапсырмаға түсініктеме береді ).
“Жұлдыз” тобы: Елтаңбаның дәл маңдайында бес бұрышты жұлдыз белгіленген. Қазақтың сан ғасырлық тарихында жұлдыздың маңызы ерекше болған, оны ел қастерлейді де . Әрбір адамның аспанда өз жұлдызы бар. Ондай жұлдыз мемлекетте деп болуы тиіс деген ұғым елтаңбада бес жұлдыз арқылы беріліп отыр . “Жұлдызың жарық болсын” деген де бар емес пе?
Елтаңбадағы барлық бейне көгілдір ашық көк аспан астында бейнеленген. Ол ежелгі ата – бабаларымыз сыйынған көк тәңірдің белгісі. Тіпті осы күнге дейін қазақ халқында “ Тәңірі жарылқасын” , “ Аспаның ашық , жолың ақ болсын ” деген бата – тілек бар.
Ал Елтаңбаның төменгі бөлігінде “ Қазақстан ” сөзі жазылған .Бұл – “Қазақстан” елі – мың өліп , мың тірілген ел, міне , қара , осындай! Дегенді меңзеп тұр т.б.(Оқушылар ойы суретте бейнеленеді немесе т.б.).
III. Сұрақ – жауап (барлық топқа ортақ сұрақтар қойылады, ал оқушылар қолдарындағы белгі таяқшаларын көтеріп, алғашқы қол көтерген оқушының жауабы тыңдалынып, толықтырылады).
Сұрақтар: 1. Елтаңба бейнесінің түрі – түсі қандай? (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының реңдік бейнесі екі түсті- алтын және көгілдір)
2.Елтаңба не үшін қажет ? (Айбынымызды асырып , рухымызды аспандатып , еліміздің елдігін көрсету үшін)
3.Елтаңба қашан қабылданды және оның авторлары кім? ( он екінші сайланған ҚР Жоғарғы Кеңесінің үш сессиясында 1992 жылғы 4 маусымда қабылданған.Авторлары- сәулетшілер: Ж.М.Мәлібеков пен Ш.Ы.Уәлихан )
4.Елтаңба бейнесі міндетті түрде ғана қандай жерлерден орын алады ?
Оқушылардың жауаптары:
а) ҚР президентінің резиденциясында , ҚР жоғарғы кеңесінің ,ҚР министрлер кабинетінің , ҚР ғылым акамедиясының үйлерінде , ҚР конституациялық сотының және басқада соттарының , т.б;
б) ҚР президентінің кабинетінде , сессияларында , мәжілістер өткізілетін залдарда;
в) ҚР заңдарында , мөрлері мен құжаттарының беттерінде;
г) ҚР президентінің , жоғарғы кеңесінің , төралқасының және министрлер кабинетінің ресми басылымдарында;
д) ҚР ұлттық мемлекеттік банкісі билеттерінде , металл теңгелерде , заем облигацияларында , ақщалай – заттар лотерея билеттерінде;
е) ҚР азаматтының төл құжатында , азаматтарға берілген дипломатиялық және өзге де шетелдік төлқұжаттарда ;
ж) ҚР мемлекеттік шекарасында орнатылатын шекаралық бағаналарда орналастырылған ;
5.Елтаңба бейнесін қолдануға қандай жағдайларда тиым салынады?
(ҚР мемлекеттік елтаңба белгісін мемлекеттік емес мекемелердің бланктерінде , мөрлерінде және оның қызметкерлерінің басқа да істерінде қолдануға тиым салынады. ҚР мемлекеттік елтаңбасы қорлаған кінәлі адамдар ҚР заңдарына сәйкес жауапты болады)
IV . Ой толғау ( шығарма , өлең шумақтарын , көрініс , мақал-мәтелдер түрінде)
V. Қорытынды: ( бірнеше оқушы сөз алады) 1 – оқушы : Елтаңбада өте – мөте келісті көркемдік шешімін тапқан ұлы идея - еркіндік идеясы біздің есімізге қазақтың: “ Отан үшін күрес- ерге тиген үлес” деген қанатты сөзін әрқашан еске салып тұрады.2 – оқушы: Біз тәуелсіздікке аңсап , зарығып жеттік . Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз,қастерлеуіміз керек. Елдігіміздің сыналатын бір түсі - осы .Әрбір азамат Қазақстанның Туын , Елтаңбасын , Әнұранын тұмардай қасиетті тұтуы қажет.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген