ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
№17 орта мектеп

Тақырыбы: «Иманды ұл, инабатты қыз – елдің көркі»
Сабақтың тақырыбы: Иманды ұл, инабатты қыз – елдің көркі.
Сабақтың мақсаты:
-
Сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру әдістерін пайдалана отырып тәрбие, достық, мейірімділік, әдептілік туралы түсінік қалыптастыру;
-
Оқушылардың ой - өрісін кеңейту, өздігінен іздену қабілеттерін ұштау, тәрбие жөніндегі білімдерін тереңдету;
-
Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілдікке, сыпайылыққа, әдептілікке тәрбиелеу. Логикалық ойлауын проблемалық ситуациялар беру арқылы ұштау.
Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, әңгімелесу, түсіндіру, салыстыру.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: киіз үй макеті, нақыл сөздер жазылған плакаттар, ұпай тақташалары, үлестірмелі карточкалар.
Пайдалаңған әдебиеттер:
-
Әдеп және жантану. – А., Атамұра, 1996.
-
Қазақтың мақал-мәтелдері.
-
Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл.
Пәнаралық байланыс: шешендік өнер, әдебиет.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
-
Сабақ әнұранды айтумен басталады;
-
Оқушылардың зейіні сабаққа аударылады;
ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Оқушылар, біздің бүгінгі сабағымыз, негізінен, ойын түрінде өтпек. Ең алдымен, сіздер ұлдар және қыздар болып екі топқа бөлінесіздер. Топтың аты мен ұранын айтып танысасыздар.Сіздерді бағалаушы әділқазылар алқасы да тағайындалады. Ойын шарты бойынша сіздер бірнеше кедергілерден өтесіздер:
а) сұрақ – жауап
ә) «құпия хат»
б) проблемалық ситуация
в) «менің өнерім»
г) айтыс
ғ) көрініс
Жеңген топ мына киіз үйдің иесі болады. Бұл киіз үй жай үй емес, мейірімділік, қайырымдылық, инабаттылық, имандылық, тәрбиелік, білімділік, өнерлілік ордасы. Тек осы қасиеттерді бойларына жиған топ қана осы үйдің иесі бола алады. Сәттілік тілеймін!
а) Сұрақ – жауап
Қазір сіздерге сұрақтар қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
-
Әдептілік дегеніміз не?
-
Мейірімділік дегеніміз не?
-
Тәрбие дегенімз не?
-
Достық дегеніміз не?
-
Имандылық дегеніміз не?
-
Сыйластық дегеніміз не?
-
Тәрбие туралы қандай мақал-мәтелдер, нақыл сөздер білесіздер?
-
Үш байлықты атаңыз / бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – он саулық, үшінші байлық – ақ жаулық/.
-
Үш жұртты атаңыз /Өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты/.
-
Жеті қазынаны атаңыз /Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, кәллім шәріп/.
-
Жеті атаны атаңыз /ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене/.
ә) «Құпия хаттар»
Ендігі кезекте сіздерге хаттар таратылады. Хатты оқып, өз құрбыларыңа ақыл – кеңес беріңіздер. Егер кеңестеріңіз көкейге қонымды болса, жауаптарыңызға «5» деген ұпай беріледі.
-
Құрметті достар!
Менің бір досым бар. Алайда оның жағымсыз жақтары көп. Мен оны бетіне басып айтуға ұяламын. Мен не істейін?
-
Құрметті достар!
Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші, көзбе-көз өтірік айтып жүре береді. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып, бірге ойнайын ба?
-
Құрметті достар!
Менің бір танысым бар. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде әрдайым мақтанып жүреді. Оның бұл қылығы маған ұнамайды. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба?
-
Құрметті достар!
Партада менімен бірге бір бала отырады. Өзі сабағын жазбайды. Мұғалім сұрақ қойса, қысылады. Менен көшіріп алады. Мен бермесем, «сараңсың» деп ренжиді. Мен не істеуім керек?
б) Проблемалық ситуация
Қазір сіздерге проблемалық ситуациялар таратамын. Сол ситуациядан сіздер қалай шығатындарыңызды баяндап беріңіздер. Дұрыс жауапқа «5» деген ұпай беріледі.
1. Мен аялдамада автобусты күтіп тұрдым. Біраздан соң автобус та келді. Іші адамға лық толы екен. Маған жасы 25-28 аралығындағы жігіт орын берді. Мен оған рахметімді айттым. Артынан мен оның қалтасынан ақша түсіп қалғанын аңғардым...
2. Балалар құмда ойнап отыр еді. Жандарынан ауру, жүні түскен кәрі мысық өтіп бара жатты.
- Өй, қандай жаман мысық, - деді бірі.
- Бір нәрсе лақтырғым келіп тұр, - деді екіншісі.
Балалар мысыққа тас лақтыра бастады. Балалардың бұл іс-әрекетін қалай бағалауға болады.
3. Әкесі Бақытқа әдемі күшік сыйлады. Ол бөлмелерде еркін шапқылап жүрді. Үстелдің аяғымен ойнап отырған күшікке қарап Бақыт: «Қандай тәрбиесіз күшік?» деді. Оның тәрбиесімен өзі айналысуды ойлады. Ол одан өзінің бұйрығын орындауды талап етті, орындамаса таяқпен ұрып-соқты.Уақыт өте келе кішкентай күшік ашулы үлкен итке айналды. Бақыт итке қарап ештеңе түсінбеді. Неге ол ашулы боп өсті?
4. Асан мен Арман – жан достар. Олар бір үйде тұрғандықтан мектепке бірге барады. Аулада да бірге ойнайды. Асан жақсы, ал Арман орташа оқиды. Асан досына жаны ашып, үй тапсырмасын үнемі көшіруге береді. Нағыз достық осы ма?
5. Асхат аулада қыдырып жүрді. Көп қабатты үйлердің балконында кірілгіште жаюлы тұрған ойыншық құлап түсті. Асхат ойыншықты көтеріп алып, жоғары қарады: ешкім жоқ екен. Ол осындай ойыншығым болса екен деп армандаушы еді. Асхат ойыншыққа қарап ойланып қалды...
6. Мен аялдамада тұрғанда 5-6 сыныптың балалары 2-4 сыныптың балаларына тиісіп, ақша алып келуін бұйырды. Сонымен қатар егер олар алып келмесе, жағдайлары жаман болатынын айтып қорқытты. Мен не істеймін?
7. Мақпал мектепке келе жатты. Алдынан аяғы жаралы кішкентай күшік шыға келді. Мақпал тоқтап еді, күшік те тоқтады. Мақпал күшіктің басынан сипады, күшік оған жалынышты көзбен қарады...
в) «Менің өнерім»
Ал енді «өнерлі өрге жүзер» демекші, әр топ өздерінің өнерлерін көрсетулері керек. Талабымен таң қалдырған топқа «5» деген ұпай беріледі.
г) Айтыс
Ата-бабаларымыздың ежелгі дәстүрі бойынша ендігі кезекті айтысқа берейік. Айтыстың тақырыбы: Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені.
ІІІ. Ал енді сөзді әділқазылар алқасына берейік,
Олардың да төрелігін көрейік.
ІV. Қорытынды.
Оқушылар, үйде болсын, түзде болсын тәртіпті болыңыздар. Бойларыңызға ең жақсы қасиеттерді ғана жиып, күнделікті өмірде пайдаға асырыңыздар.
Адал болыңдар, Аман болыңдар, ең бастысы – Адам болыңдар. Себебі ең қиын мамандық – Адам болу. Осыны есте сақтаңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты "иманды ұл, инабатты қыз"

шағым қалдыра аласыз