Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Тәрбие сағаты Жарасып тұр дәстүрім

Материал туралы қысқаша түсінік
9-11 сыныптарға арналған мерекелік іс-шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі







Тәрбие сағаты



Тақырыбы:

«Жарасып тұр дәстүрім»







Олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің тәрбиешісі Тасанова Светлана Кажгалиевна









Орал 2021


Тақырыбы: «Жарасып тұр дәстүрім»

Мақсаты: Оқушыларымызды қазағымыздың салт-дәстүрлерінің бірі- көрісу айтының ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, сыйластыққа баулу. Өз ұлтының салт-дәстүрлерін ұстанып,қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайдтар, бейнероликтер, дастархан, шарлар

Өту барысы:

Түрі: Мерекелік сазды әдеби-музыкалық кеш.

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, қымбатты тәрбиешілер,оқушылар!

Бүгінгі 14 наурыз көрісу мейрамына қош келдіңіздер!

Балалар, наурыз айының 14- жұлдызында қасиетті көрісу айты мерекесі бар. Бұл күн өте қасиетті күн. Алысты жақындатып,өкпе-ренішті тарататын күн. Адамдар бұл күні арасындағы бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, араздықты ұмытып, бір-біріне амандық саулық тілейді. Көрісу айтын 14- наурыз күні тек Қазақстанның батыс аймақтарында ғана ,яғни біздерде тойлайды. 14- наурызды жыл басы деп санаймыз ал Қазақстанның қалған елдімекендерінде Ұлыстың ұлы күні 22- наурызда күн мен түн теңелгенін , яғни жаңа жылды тойлайды.

14- наурыз Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын-ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсағын пісіріп, дастарханға тәтті-пәттісін қойып үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір-біріне «Бір жасыңмен» дейді.Ол « Бір жасқа есеюіңмен ! » Осы жылға аман-есен жетуіңмен !»дегенді білдіреді.Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі..Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады.Міндетті түрде әр адам үш үйдің есігін ашу керек. яғни түске дейін үш үйге кіріп, көрісіп үлгеруі керек. Бұл жоралғы жыл бойы балаларымыз тоқ жүрсін,дастарханымыз аралас болсын, қарым-қатынасымызға сызат түспесін деген ниеттен туған.

14- наурыз күні басталатын Көрісу мейрамы жыл бойы жалғасын табады.Көрісуде ауылда болмай, ауылға енді келген адамды көрген кезде, амандық-саулықтан кейін «Бір жасыңмен !» деп қол алысуымыз керек. Шаттық пен қуанышқа , ақ бата мен молшылыққа толы бұл мерекеде мәре-сәре болған жұрт осы қарқынмен Жаңа Жылы -22 наурыз мерекесін қарсы алады. Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күнгі Көрісу айт мерекеміз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып Жаңа жылымыз келді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!

Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

1- оқушы: Наурыз келді жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл боп кетті дүние жаңғырып.

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым,

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!

2-оқушы: Тойла бүгін, тауларым мен боз далам,

Тойла бүгін, қарттарым мен боз балам.

Қайта оралған намысымдай Науырызым,

Қарсы алады сені бүгін кең далам!

3- оқушы: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.

Жарығыңмен, шуағыңмен Күн –Ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем.

Жыр сыйлайық, нұр сыйлайық тірлікке,

Қастерледік қадіріңді білдік те

Құтты болсын Ұлыс күн жұмылдырған

Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке.



4- оқушы: Амал күні қазағым көріседі,

Көрісу , бұл көненің жемісі еді.

Жасың құтты болсын деп жамырасып,

Ақ ниетпен адал бол деліседі.

Көріседі көңілдер жібісін деп,

Көріседі тасысын ырысың деп.

Көріседі көк мұзда жібісін деп,

Көріседі оң болсын ырысың деп.

Бір жастарың құтты болсын!

Жыл жасыңыз құтты болсын!

5-оқушы: Ақ тілек бейбітшілік заман болсын

Елім,жұртым қадірлі аман болсын!

Туғандай бір анадан жамағаттар,

Достыққа берік,мықты, адал болсын!

Көрісу айт құтты болсын!

Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!

Тәрбиеші: Алқа-жұртым,той-думан

Ортамызды ашайық.

Ән мен күйді төгіп біз

Інжу-маржан шашайық!

Ән «Мерекем» Орындайтын Епболова Жансая 9 а сынып оқушысы

Тәрбиеші: Қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық ойындарына көшсек.Ұлт ойындары ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз, соның бір түрі –асық ойыннан тұрады. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті,өжеттікті,тапқырлықты, батылдықты,шапшаңдықты қажет етеді. Олай болса, ортаға батылдарды шақырамыз. «Асық» ойыны, Арқан тарту» ойыны «,Орамал тастау,» Сақина салу»

Балалар сахнада ұлттық ойындар көрсетеді.

Тәрбиеші: Ұрпақтарға мың алғыс. Өнерлерің үстем болсын.

«Қазақ биі» Орындайтын Мендияр Гүлдар 9 а сынып оқушысы



Ендігі кезекті сұрақ-жауапқа береміз,бағымызды сынап көрейік.

1. Қазақтың қандай салт-дәстүрлерін білесіңдер?

2. Қазақтың қандай ұлттық мейрамдарын білесіңдер ?

3. Өрнекті тақыр кілемді ата.

4. Қазақ қыздарының бұрымына тағатын әшекей?

5.Наурыз көже қанша дәмнен тұрады?

6. Үрлеп ойнайтын аспап?

7. Киіз үй сүйектерін ата.

8. Наурыз көже қалай жасалады ?

9. Қазақтың аяқ киімдерін ата.

10. Бастаңғы дегеніміз не?

Ән «Қазағым» Орындайтын Алгазиева Гүлсезім 11ә сынып оқушысы

Кешіміздің соңында «Батаменен ер көгерер, Жаңбырменен жер көгерер» дейді дана халқымыз. Ендеше үлкендерден бата сұраймыз.

Ақтілек бейбітшілік заман болсын!

Елім,жұртым қадірлі аман болсын!

Туғандай бір анадан жамағаттар,

Достыққа берік, мықты адал болсын!

Көрісу айт құтты болсын!

Ақ мол болсын!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.06.2021
581
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12