Материалдар / Тәрбие сағаты Жер-ана

Тәрбие сағаты Жер-ана

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



Тәрбие сағаты

Мектеп: Ордабасы ауданы М.Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Айшагуль Бекимбетова

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Жер-ана


Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

«Жер»ұғымының құндылық ретінде мәнін ашу.


Барлық оқушылар:

жердің адам өміріндегі маңыздылығын түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі:

жерге қамқорлық жасау қарым-қатынасын дамытады.

Кейбір оқушылар:

жерді қадірлеуге тәрбиеленеді.

Тілдік мақсат

Оқушылар: Жер туралы мақал-мәтелдер ,ұлағатты сөздер айта алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер: Туған жер,бесік,жер-жомарт,топырақ.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

-Жермен сырласа білесің бе

-Неліктен адамдар жерді Анаға теңейді.

-Жермен жүріп келе жатқанда қандай сезімде боласың.

-Жерден қасиетті,жерден киелі дүние жоқ ,-дегенді қалай түсінесің.


Жазылым бойынша ұсыныстар:

Мақал-мәтелдер,жұмбақтар,ұлағатты сөздер,сөзжұмбақтар.

Алдыңғы тақырып

Табиғатқа қамқорлық тақырыбына эссе жазу.

Жоспар

Жспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

(10 минут)


3 мин


7 мин

Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеп керекті құрал-жабдықтарын реттеу.

Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Шаттық шеңбері

Тілек

Шөліркемей гүл тұрсын,

Жерім жайнап құлпырсын.

Нұрын сыйлап біздерге ,

Көкте мәңгі күн тұрсын!-деген өлең жолдарын оқушылармен бірге қайталаймыз.

Ортақ бізге туыстық,

Нұр сыйлаған күн ыстық,

Ыстық бізге кең өлке,

Ыстық бізге тыныштық.-деген өлең жолдарын балалармен бірге қайталаймыз.


Плакат,скотч,маркер,түрлі-түсті қағаздар.

Ортасы

(30 минут)

10 мин





10 мин







10 мин






Сабақ тақырыбымен таныстырамын.

Әңгімелесу. Үнтаспамен жұмыс.Балалар барлығы қосылып,С.Қалиевтын өлеңін оқиды.

Бұлбұл қалай сайрамас,

Жайнап тұрса жер-аспан.

Ел-жұрт қалай жайнамас,

Ынтымағы жарасқан.

Диалог. Сұрақ-жауап жүргізіледі.

Әңгімелесуде айтылған ойларды жалғастыру үшін мәтінмен жұмысқа көшемін.

Мәтінмен жұмыс.

Жер-ана ұғымының мәнін түсіндіру мақсатында «Көктем иісі» әңгімесін оқуды ұйымдастырамын.

Жаңа ақпарат

Адамның өмірі жермен тығыз байланысты.Жер бар жерде ел бар.Ел-ер азаматтың өмір сүрер ортасы.Жер-адамның жарық дүниеге көзін ашқаннан тербеткен бесігі.

Сахналау.

Оқушылар«Жер-анатұншықса» мәтінін оқып шығып,сахналап көрсетеді.

Дәйексөзі.

Оқушыларды сабақтың дәйексөзімен таныстырамын.

Тақтаға жазулы тұрған «Баптағанға –жер жомарт»деген халық даналығының мәнін айтып беремін.

Шығармашылық жұмыс.

Оқушылардың жерге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында шығармашылық жұмыс ұйымдастырамын.

Тапсырманы орындау жолдарын түсіндіріп беремін.

Тапсырма.

Айтылған ойларды бекіту үшін тапсырма орындалады.Тапсырма бойынша оқушылар суретті пайдаланып,төмендегі тақырыптар бойынша өз ойларын білдіреді.

1.«Жердің қасиеті»

2.»Жерге қамқорлық»

Дәптермен жұмыс.

Тапсырма.Дәптерде берілген аяқталмаған ойды оқушылар өз ойларымен жалғастырып жазуы тиіс.

Жер –бәріміздің анамыз.Онысыз тірішілік жоқ.Өйткені...

-Жер-бәріміздің асыраушымыз.Өйткені...

-Жер-анамыз дейтін себебіміз...Өйткені...


Плакат, маркер, түрлі-түсті қыйма қағаздар.








Оқулық,

А4 қағазы,

маркер.



Аяқталуы

5 минут



Сабақты қорытындылаймын.

Жүректен жүрекке.Сендерге «күннің сәулелерінтаратып»беремін. Сендер сол сәулеге жер-анаға деген тілектеріңді жазасыңдар.

А4 қағазы,


Стикерлер



Күнделік

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері.

АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс

Түрткі сұрақтар арқылы өмірмен байланыстыруды салыстыру арқылы, кері байланыс арқылы, теорияны практика жүзінде қолдануды жоспарлаймын. Өз ойларымен жерге қандай қамқорлық жасай алатындығы туралы әнгіме жазуын ұсынамын.

Смайликтер арқылы арқылы .

Дүниетану,өсімдіктану.


Қол, көз жаттығуларды орындау.



Рефлексия. Сабақ /оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Оқу мақсаттары шынайы, нақты қойылған. Оқушылар жер-ана адам үшін өте қажет екендігін біледі,жер туралы көптеген түсінікке ие болды.Қолданған әдіс тәсілдерім тиімді болып, пайдаланған кезімде оқушылардың қызығушылығы артқанын, сын тұрғысынан ойлана алғанды.Сұрақтарға жауап беру арқылы зерттеушілік әңгіме жүргізілді, жоспарыма түзетулер енгізілген жоқ, бірақ уақыттан көбірек ұтылдым.

Қорытынды бағамдау.

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1 Сабақ кезінде үлгермеуші оқушының үні тыңдалып, пікірі құнды болды

2 Жеке жұмыс кезінде оқушылардың көпшілігі тапсырманы өз уақытында орындады.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) сәтсіз жерім

1 Сабақ барысында уақыттың аздығы, себебі үлгермеуші оқушылар тапсырманы толық орындай алмады.


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не екенін білдім?

Оқушыларды еркін өз пікірін айтуға жаттықтыру.Өз бетінше ізденуге үйрету.











04 Қаңтар 2019
1284
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі