жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты «Жыр ғұмыр» Ф.Оңғарсынова Танымдық кеш 7 сынып
Тәрбие сағаты «Жыр ғұмыр» Ф.Оңғарсынова Танымдық кеш 7 сынып
Қожамбердиева.Жанар.Каденовна
М.Хамраев атындағы орта мектебі ККМ Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
Алматы облысы Ұйғыр ауданы
Әдеби кештің тақырыбы: «Жыр ғұмыр» Ф.Оңғарсынова
Максаты: Атыраудын ақын қызы Фариза Оңғарсынованың окушылардын акынның өмірі мен шыгармашылығы оқушылардың поэзияга деген кызығушылыктарын арттыру, акыннын ipілігі мен парасаттылығын айкындай тусу.
Көрнекілігі:сурет,кітап көрмесі, видиоролик
Құрметті ұстаздар! Оқушылар
Бүгін сіздер Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты ақын Фариза.Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған «Жыр ғұмыр» атты 7 сынып оқушыларының дайындаған әдеби танымдық кешімізге келіп отырсыздар.Жыр әлемімен сусындап қайтуларыңызға шын жүректен тілктеспіз. Құрметті қонақтар! Жүректерді жан жылуымен epiтіn, поэзия әлемінің биік шындарын өз еркіне бағындырып, қиялға қанат сермеген Атыраудың ару ақыны Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталары мен «Құрмет белгісі, «Парасат» ордендерінің иeгepi, Мәдени агарту iciнe еңбегі сіңген қызметкер, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты болған халық жазушысы Фариза Оңғарсынова . Фариза Оңғарсынова 1939 жылы Атырау облысы Новобогат ауылында 25 желтоқсанда дуниеге келген. Фариза Оңғарсынова өзінің қауырсын қаламымен ақ жүрегін өлеңмен, кісілік келбетін әлдеқашан түгендеген ақынның бipi. Қазақ поэзиясында өзіндік тұлға болып қалыптасқан ақын өлеңдерінің негізгі тақырыбы: махаббат, замана, уақыт тынысы, туған жер, туған ел туралы болды.
Оқушы: Фариза Оңғарсынова – халық жазушысы. 1961 жылы Гурьев ( Атырау) педагогикалық институтының филология факультетін бітіріп, 1966 жылдан бастап мұғалім болып, содан кейін ауылдық мектепте директор болып, 1970 жылдан бастап «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінің, «Пионер» (қазіргі «Ақжелкен») журналының бас редақторларының қызметтерін атқарды. Фариза өлеңдері 1958 жылдан басыла бастаған. Оған алғашқы назар аударған адамның бірі қазақтың ұлы ақыны, жастардың қамқоры Әбділда Тәжібаев еді. Ол Фаризаның алғашқы жырларынан-ақ оның бойындағы талантын танып, оны әкесіндей қолдады және ылғи да қадағалап, қуанып отырды
Әркімнің туған жері, туған өлкесі бар. Туған жерге , туған елге деген махаббат әр адамның жүрегінен орын алады. Оған ақындар өлең жазса, сазгерлер ән арнаған. Сол сияқты Фариза да өзінің туған жерге деген ыстық ықыласын өз өлеңдері арқылы бере білді.
«Ауыл десе , жайлайды жанымды үміт,
Сонда ғана атардай таңым күліп.
Жасыл шардың бетінде жалғыз ноқат
Мені мәңгі тартатын сағындырып…»деп туған ауылына деген махаббатын білдіреді.
Өзімді
таныстыру
Түркістан
- Ата жұртым, дала - жаным.
Даламды
жұпыны деп қарамағын:
Пасауи,
дәдем Қорқыт, Арыстанбаб -
киелі
жатыр мұнда бабаларым -
әрқайсы
алтын діңгек дараларым.
Қансырап
Далам талай қылыштардан,
сонда
да сүрінбеген Шығыс - тарлан.
Дұшпанын
ыққан малдай түріп айдап,
ұлдары
Ер Түріктің ұрыс салған,
бар
әлем тілсіз қалды ығысқаннан.
Ақ
Баян сұлу Жібек - ерен гүлім,
жүргендей
сіңлілерін жебеп бүгін,
үйреткен
өмірімен, өлімімен
жігітті
қалай сүю керектігін.
Ана
жұрт - Анадолым құндыз бағы,
қол
жетпес еңлік гүлдей шын - құздағы.
Ер
Түрік - шуақты аспан, Сіз бенен біз
-
аспанның
жерде жанған жұлдыздары,
Күн
болар қатар жанса жұлдыз бәрі.
Қуансам,
Күншығыстай нұрлы жүзім,
қуамын
арғымақпен жыр қызығын.
Мекенім
- Тұран дала, әз Түркістан,
түріктің
батыр көңіл бір қызымын!
Оқушы: Фариза өлеңдері оқырмандардың жан азығына айналған қымбат дүние. Ол — мұғалім үшін тәрбие құралы. Көркемсөз майданында ақынға, жазушыға тән ерлік, батылдық, адалдық, ұлтжандылық, намысқойлық сияқты адамгершілік — азаматтық қасиеттердің асқар биігінен көрінген ақын. Фариза жырлары кейінгі ұрпақты ар-намысқа, ерлікке, нәзіктікке, ананы, әкені, туған жер, адамзатты сүюге бастап апаратын ақ жол іспетті.
Әкеме
Әкем
біреу, анам да біреу менің,
Мен жығылсам
сүйенер тіреулерім.
Олар барда мереке,
көрген емен
Қабақтарын шытқанын,
түнергенін.
Менің досым әкесін жек
көреді,
«Бізбен ісі жоқ оның» деп
сөгеді,
Жамандайды сыртынан,
тістенеді,
Бір-біріне бітпейді
өкпелері.
Дос тапса да адамдар,
тапса-дағы,
Әке жалғыз, табылмас
ақшаға да,
Жамандасаң әкеңді, саған
әкеп,
Жақсы әкесін бере ме басқа
бала.
Әке – білек, саусағы –
балалары,
Қан тамырмен жалғасқан
аралары,
Ана - тамыр бойымен бәріне
де,
Тіршіліктің жылуы таралады.
Оқушы: Фаризаның атақты «Өлең» атты өлеңінен ақынның әлденеден мұңайған кезінде, біреудің «пысықтығынан» жүрегі мұздаған кезде, кешегі досының бүгін жерігенін көргенде , Фаризаның досы, сенері, мұңдасы, сырласы, атар оғы, берер дәрі-дауасы поэзиясы болғанын көреміз. Бұл мына өлең-жолдарында анық көрініс тапқан:
Өлең
Дала күндерімнің,
Нала түндерімнің,
Серігі болғаның үшін,
Сенімі болғаның үшін,
Мен сені аялаймын.
Көңілді жайлы күнімді,
Азапты, қайғы- мұңымды,
Өзіңмен бөліскенің үшін,
Қапам мен жеңістерім үшін,
Менің мынау қиындау тағдырым болып
О баста көріскенің үшін.
Өлең, мен сені аялап өтем!»
Оқушы: Ақынның тұңғыш кітабы ол «Сандуғаш» атты өлеңдер жинағы. Кейіннен «Маңғыстау маржандары», «Мазасыз шақ», «Асау толқын» «Дауа» т.б өлең кітаптарымен қатар күрескер ақын Махамбет Өтемісұлы туралы «Алмас қылыш», қазақтың өнерлі қыздары Майра, Сара жайлы «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудің бұлбұлымын» «Қарғыс» сондай-ақ «Дала тағдыры», «Ақбөбек жырлары», «Мүшәйра» т. б. поэмалары жарияланды.
Өлең — өмір, өлең — сезім десек, сырлы лирикаға тән ерекшелік өмір құбылысын жүрек толқынысы мен шынайы тербеліс арқылы жеткізу болып табылады. Ендігі кезекті Фариза ақынның оқырман жүрегінен орын алған жырларына кезек береміз
Достар
Ақ,
қарамыз, сарымыз
Тату доспыз
бәріміз
Достық жайлы ән салып,
Шырқатайық
кәне біз
Жүзімізге қараңыз
Бал-бұл
жанған баламыз
Бізге қымбат күн
шуақ
Бізге қымбат анамыз
Күннің
нұрын сүйеміз
Қырдың гүлін сүйеміз
Бізді
ойнатып тәтелер
Күлдіргенін
сүйеміз
Балдырғанбыз арай жүз
Бал-бұл
жанып қараймыз
Ойыншықтар біздерде
Көп
болғанын қалаймыз
Таласпаймыз біз
бірақ
Отырамаймыз тұнжырап
Қуысамыз
көгалда
Жүгіреміз құлдырап
Ән
саламыз күнде біз
Шаттық толы
іргеміз
Біз мәңгіге достармыз
Біз
мәңгіге біргеміз
Туған жер
О,
туған жер, кең пейіл, құшағың кең,
Саған
көңіл бұлқынар күш-ағынмен.
Сағынышымды
қанат қып саған қарай
Балапандай
талпынып ұшамын мен.
Алақаны
анамның – топырағың
Сендік
махаббатымның оты жалын.
Сені
қалай сүюдің керектігін
Мен
ешқандай кітаптан оқымадым.
Сенде,
тас та қастерлі, аспан да алау,
Сенде
жанды тербетер дастан бар-ау.
Менің
мынау өмірге құштарлығым
Сені
жақсы көруден басталған-ау.
Кешірме
сен
Жат
қылықпен жаныңды жараласам,
Бар
сырымды бүкпесіз саған ашам.
Мен
ел кезіп кетермін отансыздай,
Үмітіңді
ақтауға жарамасам.
Құпия ғой, құпия адам деген!
Құпия
ғой, құпия адам деген!
Құпия
ғой, құпия адам деген!
Таныс емес
жайттар жоқ маған деп ем,
болғандай
ем бәрін де көріп, біліп,
әлі күнге
мен қалай аман келем?
Адамдардың
болмысын білгендей ем,
сал тартпайды
салқындық сіңбей денең.
Жастықтағы
арынды тұрмыс жуып
оңдырады матадай
күнгей жеген.
Бәрін көріп, білген соң
бұ ғаламда
бұрынғыдай сүйремес ұран
алға.
Бәрі өткінші жайлаудың
ғұмырындай,
сынаған да өткінші, ұнаған
да.
Самарқаусың: Күн сөнсе, "не"
деместей;
ойыңдағың болмаса,
ерегеспей,
жақсы көрмей, жек көрмей,
күйіп-жанбай
жүре алмайтын баяғы сен
еместей.
Сен еместей жан біткен адал
дейтін,
бірге жүріп, бір күліп, тамақ
жейтін,
бәстесетін нан ұстап: "Адамда
сәт
болмайды, - деп, - жоғалтар адам
кейпін".
Енді күй жоқ лапылдар,
'сөніп бір күн.
Бірақ кенет өзіңді
жолықтырдым:
келбетіңнен менде осы
жақын күнде
бір өзгеріс боларын көріп
тұрмын!
Оқушы: Тыңдаушының сезімін баурап, аққу арманның үніндей, сағыныштың сазындай естілетін махаббат жайлы әсем де әсерлі өлеңдер, сезім айдынындағы ғашықтардың назды сырына айналды. Фариза Оңғарсынова әйел тақырыбын шығармаларына негіз еткен ақындардың бірі. Оның «Дыбыстар әлемі» дастаны қазақтың композитор қызы Ғазиза Жұбановаға, күйші Дина Нүрпейісоваға, «Бибігүл — ән» жыры Бибігүл Төлегеноваға, «Назқоңыр» Роза Бағлановаға, «Жыр анасы» Мариям Хакімжановаға, «Тыңдаңдар, тірі адамдар!» топтама өлеңдері Әлия мен Мәншүкке арналған. Оңғарсынованың көптеген шығармалары шетел тілдеріне аударылған.
Фариза апамыздың өлеңдері әр тыңдаушының жүрегіне терең ой салып шабыттандырады. Қаншама жанды қара өлеңмен жұбатып, халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген сондай қайталанбас тұлға, поэзия падишасы ақын Фариза Оңғарсынова адалдық, намысқойлық, жаны да , ары да таза ерлерге лайық биіктерде ғана көрінген ақын, қашанда сол биігінен көріне берсін дейміз.
Фариза Оңғарсынова туралы бейнеролик
1-жүргізіші
Ақынның тұтас бір әлемге айналуы кез келген таланттың, тіпті кейде тегеурінді таланттың да маңдайына біте бермейтін құбылыс. Ақын жыры айдын көл, шалқар теңіз емес, тылсым мұхит. Өнер халықтікі. Халық өзі тудырып, дараларын да,даналарын да өзі иеленеді. Қазақтың ақын қызы – Фариза Оңғарсынова сондай жан.
2-жүргізуші: Жыр менің жалғыз тарланым. Аялап өтер ардағым, Талықсып атар таңдарым. Айымдай жалқы арман үй, Қарқылдай берсін қарға мың. Бұрқатсын боран шаңдарын, Тарттырсын дүлей зардабын. Жанымды жырмен жалғадым, Өзімді саған арнадым.
1-жүргізіші
Жыр жазу деген азап,от
Азаппен өткен таң аз ба,
Жарқ етіп кейде жыр-үміт,
Беттегім келмей қағазға,
Ас үйге кетем жүгіріп.
Ф.Оңғарсынова апмызға ойлы жыр жазу оңайға түспейтінін айтады.
2-жүргізуші
Бес қаруым бойдагы - батыл жырым,
Батылдықпен аралас жатыр мұңым,
Биліктіге жұғысар ебім де жоқ
Немесе алыс 6epic жақындыгым,- деген сездері поэзияның әлеуметтік сипатын аңғартады.
Ақын
Ақынның нәзік жүрегі
малдан тоңар гүл еді.
Халқының махаббатымен
ақсұңқар құстай түледі,
ел ғана — тұғыр, тірегі.
Әділет үшін жан салып,
алдында тұрсын қанша алып —
шындыққа жетпей тынбайды,
қияметтерге қарсы ағып,
баурайды сонда бал шабыт.
Сұлулық пенен пәктіктен
рақат күткен, бақ күткен,
шығып кеткенше ақтық дем,
арпалысып өтер қасқайып
күңкілмен, бұқпа сақтықпен.
Аялап туған ел, жерін,
өнерін, тілін, ерлерін
қастерлер елдің туындай.
Аяла халқым, суынбай
Бұқардың мұрагерлерін!
Өзім
Жақсыларда
бір Ана –
ол – Ел деген ғұлама.
Перзентінің
бірі – бас,
бірі – еліне бұғана.
«Өзі
болған жігіттің
түп атасын
сұрама»,
сындырам деп сынама.
Көргенді
елдің ұлдары
бірі – бауыр, бірі –
аға,
таласпайды мұраға.
«Елім»
деген ерлерді
жықпа жардан
жыраға!
Алмастырма байқаусыз
мейріміңді
күнәға!
1-жүргізуші
Қанша ойласам,оқысам да,көп мейлі,
Арман,арман көкейімнен кетпейді.
Кейде тіпті сөз таба алмай қиналам
Тілім,ойым неге менің жетпейді?!
Анама,Қасиет көп адамда табынардай,Ақбөкен жырлары,Қараңғы түндердің шапағаты өлеңдері оқылады.
2-жүргізуші
Жыр жазу деген азап,от.
Әйел боп туған болмысқа,
Жанымда титтей маза жоқ,
Жолың да тайғақ, қол қысқа.
«Сырласу немесе ақын әйелдің»анасымен диалогі» үзінді оқылады.
Ақын тағдырын,әйел сезімін,жалпы адам баласының ішкі әлемінің құпиясын көңіл-күй құбылысын,табиғи болмысын терең лиризммен ашатын психологиялық поэма.
Поэманың лейтмотиві-жалғыздық.Анадан нешеу болып тусадағы пенденің ерте ме,кеш пе әйтеуір бір жалғыздықты бастан кешірері,сезінері хақ.Ал өнер адамының,жалғыздығы мүлде бөлек.Жалғыздықтың да неше түрі бар.Тыныштықты аңсаған жалғыздық,құлазыған жалғыздық,өмірдегі жалғыздық өнердегі жалғыздық,рухани жалғыздық.Жалғыздықтың шығармашылық адамдар үшін пайдасы да болатын кездері болады.Қалай десек те,Фаризаның анасы айтпақшы
Әркім өзін құдай деп сезінгенмен.
Бірбірінсіз түк те емес адамдардың-дегендей енді ақынның анасымен диологына кезек берейік.
Ананың сөзі:
Жалғыз арқлап тағдыр жүгін,
Кең әлемде өзіңсіз қалдым бүгін.
Қыздың сөзі:
Таң келеді бүгін де жаным анам,
Жалғыздықты жолдас қып тағым маған.
Өмір кешем қалғандай жұртта жалғыз,
Жырыммен тілдесемін.
Ананың сөзі:
Артықтау туған алаштан
Данышпан болсаң жарығым.
Жалғыздық бірақ жарығым
Құдайға ғана жарасқан.
Жұмыла кетсе жанарым.
Сөнгенде солып Ана-күн,
Қалады-ау жалғыз жерде деп,
Сені ойлап жүрмін қарағым.
Қыздың сөзі:
Жүрмін ана
Көп жаннан сағым сынып,
Қиналамын кетердей жаным шығым.
Мен ешкімге зұлымдық жасамадым,
Қайта,қолымды ұсындым барынша ұғып.
Ананың сөзі:
Жалғыздықтың күні де қараң ,жаным
Досы жоқтың қайғы-мұң қамар жанын
Әкім өзін құдайдай сезінгенмен.
Бір-бірінсіз түк те емес адамдардың
Жалғыздықтан сақта деп жас бұладым.
Жабықанда жаныңда бола көр деп,
Құлынымды халқыма тапсырмамын.
Тайғанақты жолдардың тылсымында,
Жалғызымды тағдырға тапсырмаын.
Жаным елтіп аялар жас құрағын,
Жалғыздықтың жадаулау жақ шырағын
Түнет басқан түнге емес,мен өзіңді.
Шуақ шашқан тағдырға тапсырмамын.
Қыздың сөзі:
Шулы өмірге менде еріп кетер едім,
Тағдыр мені өнермен некеледің.
Дауыл шуақ алмасқан жер бетінде.
Өлеңімді сәбидей жетеледім.
Құндақтадым,соларды қорғаладым,аттандырдым.
Сайладым жол-жарағын
Жалғыз жатып жаныма медеу етіп.
Басқаларға бақыт боп орнады әнім.
2-жүргізуші
Өлең,жырың Тәңірдің бұлағы ма,
Жалындады жүрегім шырағыңа.
Өлең өріп жыр қуып жүргенімде,
Сен айналдың киелі тұғырыма.
Жырларына сыйлапты Тәңір бақты,
Бас қоссам-ақ жүрегім дебеи қақты.
Қайғы қылыш жүзіндей өткірін-ай,
Үмітімнің лапылдап шамын жақты.
Ақынға арналған жыр кеші таудай бұлақтың көзін ашты деген ойдамыз.
1-жүргізуші
Кешіміздің соңында ақын апамыздың сөзіне кампозиторлар өлең жазған ендеше Фариза Оңғарсынованың сөзіне жазылған «Жақсы көру» , «Сағыныш» әні орындалады.
2-жүргізуші
Ф.Оңғарсынова – өмірге сергек қарайтын, жамандық атаулыны, оның ішінде адамдардың бойындағы сатқындықтың, екіжүзділік, жігерсіздік сияқты босаңдықты жан-жүрегімен жек көретін ақын.
Жандар қанша күлкісі де шектеулі,
Біледі олар тасадан көсектеуді.
Жан ашырлық, түгілі, ондайлардың
Кіммен сәлемдесуі – есептеулі.
Ақын бұрын-соңды өткен ой иелері мен сөз шеберлерінің немесе әлемнің әр түкпірінде өтіп жатқан уақиғалар мен болмыстарға өзінше баға беріп, жыр жолдарына айналдырады.
Фариза ақын «Айша бибі», «Баба әже», «Омар Хайяммен әңгіме», «Шекспир шындығы» өлеңдеріндегі адамдарға деген ізгілік, мейірім сөзімі, достық махаббат жайлары бүгінгі ұрпақтардың түсінігіне қажет тұрғыдан жырланады.Апамыздың кітаптарын оқыңыздар ,тереңіне бойлап,түсініп,апамыздың ақындығын,адамгкршілігін,жүріп өткен жолдарын біле аласыздар.
Ел жұртына тыныштық пен береке тілеп ұлтымыздың мерейін көтеретін өзіндей ізбасарлары көбейе берсін деген тілекпен «Жыр ғұмыр» атты Ф.Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған кешімізді аяқтаймыз.
Өмірің
таңдай болса арайлаған,
қатыгез
қараулыққа жолай ма адам?
Біреуді
жақсы көрген қандай жақсы -
нұрланып
кетеді екен бар айналаң!
Қайырмасы:
-
-
Жақсы
көру, жақсы көру,
не
деген керемет ең!
Өмірді
сезінуге,
қуанып
қөз ілуге
адамға
жақсы көру керек екен.
Дидарың
аумайды екен жарық күннен,
ғашық
боп қалғанымды жаңа ұқтым мен.
Келбетің
көз алдымда, ойымда сен,
өзіңді
жақсы көріп қалыппын мен.
Қайырмасы.
Ешкімге
содан бері алаңдамай,
жүрегім
жанарыңа қамалғаны-ай!
Ғажайып
күй кештірген сезім -сәуле
өзімді
жетелейді саған қарай.
Қайырмасы.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген