Мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.Қазақ елінің тарихында болған қилы оқиғалармен таныстыру
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.
Жүргізуші:Армысыздар, ардақты ұстаздар, оқушылар, қадірменді ата-аналар мен мектеп қызметкерлері! Сіздерді ғасырлар бойы халқымыздың асыл мұраты-азаматтығымызды әперген айтулы мерекеміз тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Мектепішілік "Мәңгілік елдің тарихы" атты шарамызды ашу үшін сөз кезегі мектеп директоры Ләззат Қайыржанқызына беріледі.
(сөз сөйленеді)
Жүргізуші: Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екендігімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына 31 жыл толса, ал тәуелсіз ел болғанымызға 26 жыл толып отыр.
Сахна сыртынан
«Құс ұшса қанаты, тұлпар шапса тұяғы талатын» осынау кең байтақ жер – Қазақ жері. Шығыстан шыққан күн батысына қарай кең даламды қимай- қимай бататын. Сондай әсем жер әскерлердің соғысы, қуғындардың қонысы, жұт пен қаттың мекені, қорқыныштың секемі болғалы қашан. Енді, Алашыма ақ намысын үкілейтін, мықтылырдан үркімейтін күн туады. Себебі, дүниеге сән құрып, жерді бағыттастыратын, Мәңгілік елді қалыптастыратын шекесі торсықтай ұл келді.
Сахнаға қолында нәрестесі бар ана шығады. Баласын аялап, билеп жүреді. Сәлден кейін ересек бала шығады. Ана сахнадан кетеді.
Бала: Түнектеп жапқан түнді емес, тілекпен атқан күнді көрем. Елімнің еңіреп жүргендерін емес, бұғаудан босап күлгендерін көрем. Өркендеп өсіп толғанын, мәңгілік ел болғанын көрем!
3 би шығады
-Небір қиын кезеңдерді бастан кештік. Елдің ертеңі, келешегі қалай болар екен. Шығысыңнан қара қытай, оның алдында жоңғар келеді, ентелеп. Ал қазақ жері ру-руға бөлініп, бір бірікпеді-ау бастары!
-Иә, солтүстіктен аюдай ақырып ақ патшаның орыстары, небір сылтаумен қазақ жеріне еніп жатыр! Ол - ол ма, оңтүстіктен Қоқан хандығы мал-мүлікті тонап, әйел, баласын құлдыққа алып жатыр!
-Мүмкін емес, қазақ жерінде, батырлардың сарқылып, ел басқарар ханның қалмауы! Мүмкін емес, ел бірлігі болмауы! Сол баяғы алауыздық, бірін – бірі көре алмаушылық, сен тимесең, мен тиме! Сенің атың тұра тұрсын, менің атым, жүре тұрсын! Жоқ!!! Енді бұған жол бермеу керек!
-Дұрыс айтасыз! Тәуелсіз ел болу үшін, барлық қазаққа жұмыла еңбек ету керек! Төрт құбыламызды түгендеп, еліміз үшін, жеріміз үшін қанымызды да, маңдай терімізді де төгеміз!
- Бейбіт елде сән болар, бөлінген елде дау болар! Даудың түбі жау болар, жаудың түбі дау болар! Шаңдатып жүріп айқассақ, айта жүрер күн болар, қазағым!
-Атадан жақсы ұл туса, елінің ұлы болғаны, Атадан жаман ұл туса, халқының соры болғаны!
-Сонда қазақта жақсы ұл жоқ дегенің бе! Жоқ, олай емес! Тәуелсіздік түспейді ғой аспаннан! Рас, талай батыр құтқарам деп өз елін, қара жерді жастанған!
-Иә, тәуелсіздік бізге оңай тимейді! Асау аттай өз тізгінін бермейді! Қазағымның алтын басын иілтіп, талай дұшпан төрімізге төрледі. Қазақтың кең байтақ далаға бытырай қашқаны, өз елінің болашағы, қамы үшін!
-Бір тудың астына бірігіп, бір ханның қол астында болып! Сол туды құлатпай, жаулап күресіп! Ен даланы қорғау үшін, азаттық үшін жауға қарсы шығайық!
Сахнаға тағы бір батыр шығады (Абылай хан)
-Оу, халқым! Ел болмас елдің төбесінде күн тұрақтамас, төрінде тәж тұрақтамас деген. Бірлік, намыс, ерлік ұранымыз болсын! Менің арманым үш жүздің басын қосу!
Музыка ойнайды. Сахнаға үш жүздің өкілдері үш найзаны алып шығып, бастарын байлайды.
-Атыраптағы елдермен татулық, бітімгерлік орнату керек! Сендер жан – жаққа бытырап, шашылып кетпей, бірің жең, бірің жаға, бірің аға, бірің іні болып, өзара бірлікке, бірлік арқылы елдікке, елдік арқылы өзгелермен теңдікке жетейік ағайын.
Сахнадан барлығы кетеді.
Сахнаға бала шығады.
Бала:
-Уа ағайын, тарыдай шашылған халқым бірікті, Халқымның тағдыры жаңғырып, аспанында ашық күн туды! Найзасына үкі тағатын, Намысын қамшылайтын кез жетті!
Ортаға бала шығады.Жан-жағынан қара бұлт болып киінген адамдар қаптайды.
Бала:
-Елімнің аспанын тағы да қара бұлт торлады.Әйтеуір халқым оңбады.Жанарсың қайта сөнерсің, Басыңа түскенді көнерсің.Мың өліп мың тірілген елім ай!
Ортаға солдаттар шығады
Түзел тік тұр.
-Жігіттер қараңдаршы,қандай тыныштық
-Иә, құдды бір бейбіт өмір сияқты.
-Демалайықшы.
Смуглянка молдаванка өлеңі айтып би биленеді, бір мезетте оқ атылады.
-Жігіттер бізге қарай танкалар жақындап келеді?
-Мен 20 танка санадым
-Қашпаңдар бауырлар 20 танка деген не ол?
-Берілмейміз жігіттер
-Өлетін шағымыз келді ау, шегінерге жол жоқ, артымызда Москва! Алға!
Бала:
Бұл соғыс білімге құмар зейінімді алды
Сұм соғыс бүтіннің таза киімін алды
Бұл соғыс әкемдей ардақты адамды алды
Бұл соғыс балалық шақтағы арманымды алды
Сахна сыртынан:
Халқым өз тірлігімен біраз күй кешті.Елім есін енді жиды дегенде, билік басына Колбин де келіп жетті. Намысты елдің ұрпақтары оған жай қарамады. Өрттей қаулаған жастар ұлттық намысты таптатпады.
Сахнаға тергеуші, Қ.Рысқұлбеков шығады.
Тергеуші: Рысқұлбековты тергеуге алып келіңдер!
Күзетшілер: Рысқұлбеков тұр! Жауапқа жүр. Қолы байлаулы. Тұрып алдына түседі.
Тергеуші: Рысқұлбеков Савицкийді өлтірген сенсің, мойында!
Қайрат: Бұл дегенің қып қызыл қиянат қой. Мен тышқан да өлтіріп көрген жоқпын.
Тергеуші: Мойында! Мойындасаң жазаң жеңілдейді.
Қайрат: Мен ешкімді де өлтіргем жоқ.
Тергеуші: Савицкийді өлтірдім демей ақ қой, оқиғаға қатыстым десең де болады.
Қайрат:Жасамаған нәрсені неге мойындаймын. Бұл маған жабылып отырған жала.
Тергеуші: Жарайда өзінен көрсін.
Сот хатшысы: /Сот келеді/ Орындарыңыздан тұрыңыздар.
Тергуші: Айыпкер Рысқұлбеков, ақтық сөзіңді айт.
Қайрат:
Елбең- елбең жүгірген,
Ебелек отқа семірген.
Арғымақ мінген жаратып,
Ақ сауыт киген темірден.
Алатаудай бабалар,
Аруағыңмен жетей гөр!
Қаймана қазақ жері үшін,
Қарусыз шықтық алаңға,
Алыстан әскер алдырып,
Қырып салды -ау табанда.
Артта қалған ата- анам,
Арулап қоддан көмсейші -ай!
Тұтқынға түстім жаутаңдай
Жоламай ешкім қасыма.
«Ақтық сөзің не?» деген.
Бүгін қойды сот сұрақ.
Айтайын оны халқыма,
Жоқ пейіл менде жасымақ.
Қорлай беріп қайтадан,
Титыққа орыс жетпесін,
Туған жердің намысы,
Бөтен қолда кетпесін.
Арақтан ұрпақ азбасын,
Ел көркейтер азамат,
Қызғаныштан тозбасын.
Абай туған жерінде,
Бомбасын атом жармасын,
Құлптасты қиратып,
Өлігіңді қазбасын.
Өз ұлтының басшысын,
Орнынан сүйреп алмасын.
Сот: /орнынан тұрып оқиды/ Айыпкер Қайрат Рысқұлбеков қылмыскер деп танылып, Қазақ Кеңестік Кодексінің 60-бабы бойынша 3жыл бас бостандығынан айырылсын; 173-бабының, 1-тармағы бойынша жазалаудың ең ауыр түрі өлім жазасына, ату жазасына кесілсін.
Тергеуші: Ал, декабрист, соңғы ақтық сөзіңді айт.
Қайрат:
Ақтық сөзді енді мен,
Сотқа да бір айтайын.
Күнәдән таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең алыңдар!
«Қайрат» деген атым бар,
«Қазақ» деген затым бар,
«Еркек тоқты құрбандық»,
Атам десең атыңдыр!
Анасы: Құрметті қаракөз қарындастар, Анашым мен жылы
жүзді жеңгелер!!!
Анашым менің сізді көктемнің
алғашқы күлімдеген халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Асыл
анашым, мына хат сіздердің қолдарыңа жетер, жетпесіне кім біледі.
Дегенде жетсе, сендерді жақсы көретінімді айтқым келеді. Сенің ақ
сүтіңді ақтай алмай кететініме өкінемін. Әттең, сенші маған жаман
ешнәрсе істегенім жоқ, кісі өлтірді деп жатқандары жала, менің
айыбым ұлтымыздың намысын таптатқым келмегені. Алаңға шыққан әр бір
қызды қарындасымдай көрдім, оларды мұзға отырғызып, шаштарынан
сүйреп, үстеріне су шашқанда, ағатайлар көмектесіңдер деп құлын
дауыстары шыққанда ет жүрегім езілді. Уақыт өтер, бәрі өзгерер,
әлі, еліміз Егемендікке қол жеткізсе, бейбіт заман орнайтынына
сенемін.
Хош бол, анашым!
Хош бол, қарындастар!
Хош бол,
халқым!
Сахна сыртынан:
Құлазыған сенің құла түздерің,
Не білмеген, не көрмеген, ізгі елім.
Жазылмаған тарихымның жолдарын
Ауызекі аңызынан іздедім.
Бабалардың ізін көрем аңсаған
Бас имеген қалды ма екен жан саған
ашаршылық, соғыс, зұлмат жылдарын
өткізгенсің небір сұмдық самсаған
бабаларым рахмет рахмет сендерге
жан бітірдің жасыл жайлау көлдерге
Көз жетпейтін ұлан байтақ жер бердің
Кең дүниеге төл ұрпағың енгенде
бабаларым рахмет сендерге
армандарды жақындатып тым алыс
біздің жаққа жеткен екен жыл ағыс
егемендік ел бақыты ертеңі
О халайық құтты болсын қуаныш
Бала:
Елім менің аңсаған
Тас боғаудан босаған
Қол жетті міне аңсаған күнге
Жасай бер жаса қазағым менің!
Ән:Самға
Орындайтын: 8 сынып оқушысы Баймұратов Досым
Би:Қазақ биі 3 сынып оқушылары
Жүргізуші: Қазақстан Тәуелсіздігін ең бірінші мойындап, таныған Құрама Штаттар болды. Бұл елдің дүние-жүзіндегі салмағы мен қуаты белгілі ғой. Екінші болып тағы бір белді ел – көршіміз Қытай мойындады. Одан кейін Ұлыбритания, сосын бөтендігі жоқ ағайын ел Моңғолия мойындады. Одан кейінгі кезек Франция, Жапония, Корея және Иранға тиді. Мұсылман елдерінің ішінен бірінші болып біздің Тәуелсіздігімізді Иран мойындады….
Бірақ біздің елде елшілігін бірінші ашқан түріктер болды. Бұрынғы Кеңес Одағы елдерінен бірінші болып Литва, сосын Украина, Грузия мойындады. Ал империялық саясатқа еті үйренген Ресей тек жарты жылдан соң ғана, 1992 жылдың тамыз айында барып, біздің тәуелсіздігімізді мойындады.
"Біз кімбіз?"
Қ-Біз тәуелсіз елдің жастарымыз
А-Біз ел қорғаушымыз
З-Біз өз Отанымыздың патриотымыз
А-Біз заңдарды қорғайтын ұландармыз
Қ-Біз болашаққа сеніммен қарайтын
С-Біз өз жолын анықтай алатын азаматпыз
Т-Біз бақытты,ғаламтор желісіне қол жеткізген
А-Біз білімге,адамгершілікке құштар
Н-Біз салауатты өмір салтын сақтайтын жастармыз.
Ән:Көк тудың желбірегені
Орындайтын:6 сынып оқушылары
Жүргізуші:Мәңгілік ел -шежіресі даламның,
Мәңгілік ел- тілеуі анамның.
Мәңгілік ел мәңгілікке аманат,
Мәңгілік ел нұрлы жолы бабамның.
Егемендігіміз еңселі болғай!Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!
Осы сценарий негізінде Атырау қаласы Жалпы білім беретін М.Отаралиев атындағы орта мектепте 16 желтоқсан егемендігіміздің 26 жыл толуы мерекесі қарсаңында шара өткізілді.

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты "Мәңгілік елдің тарихы"

шағым қалдыра аласыз