Сабақтың тақырыбы: Мақал
–сөздің мәйегі
Сабақтың
мақсаты: қазақтың шешендік өнер
түрлерімен
таныстыру,оның тәрбиелік
мәні
маңызы туралы оқушыларға
түсіндіру.
Дамытушылық мақсаты:
Оқушылардың
шапшаңдыққа,
ептіліккке,шешендік
өнерге,тілін
дамытуға тәрбиелеу.
Тәрбиелік мақсаты:
Оқушыларды қазақтық салт-дәстүрі-
мен таныстыру,ұлтын
сүюге,
оны қастерлей білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:
Шешендік өнер, туралы
жазылған
плакаттар,салт-дәстүр ,белгілі
қазақтың шешендері туралы жазылған
плакаттар.
Сабақтың барысы:
Қазақ халқы ертеден жүйелі сөзге мін берген
халық.
Небір дау-жанжалдарда бір сөзге тоқтам жасай
білген.Қазақ арасынан өзінің шешендік өнерімен ерекшеленіп,елге
сыйлы болған шешендер баршылық. Атап айтсақ Жиренше
шешен,
Тайкелтір шешен .
Тайкелтір Айдаболұлы арқа қазақтың арасынан
шыққан атақты шешен би.Бір күні келеден тайлағыжоғалып,соны іздеп
жүріп кездейсоқ Төле бидің үйіне тап болады.
Үйде бір топ қонақ бар көрінеді.Жөн сұраса келе
Төле би жас баланы сынағысы келгендей:
-Әкең саған болмашы ат қойғаны қалай?-деп сауал
тастайды.
-Тақсыр,әкем мен жақсы болсам ,ата-анаға атақ
абырой ат келтірсін
Деп қойған болар.
Баланың тайсалмай жауап бергенін ұнатқан би
тесіле қарап:
-Балам құдай айдап,ойда жоқ
жерде біздің үйге кез болдың .Осында қонып ,әкеңнің сыбағасын жеп
кет.Әкең досым еді –дейді
Тайкелтір ертеңінде ұйқыдан тұрса ,ауылдың
сыртына топырлап жиылған кісілерді көріп,оның мәнісін
сұрайды.
Сонда Төле би:
-Ей Тайкелтір шырағым!
Бейбіт елде сән болар,
Сән болған жерде ән болар
Бүлінген елде дау
болар,
Даудың түбі жау болар
Шаңдатып ел жауласса,
Оның арты қан болар.
Үйсін,Дулат деген екіру ел едік.Үйсіннің бір
жігіті Дулаттың қызымен шатасыпты.
Екі елдің адамдары жиналған соң Төле би билікті
балаға беріпті.
Сонда екі жақтан отырған талапкер
билер:
-Е бала билік айта аласың ба?Бұл-қиын
дау,-дегенде Тайкелтір жұлып алғандай:
-Ағалардың жасы үлкен,
Жастардың басы үлкен,
Жас-дененің-қабы
Бас-мидың қабы,
Ми-адамныңқаны
Би төрені бере білер
Даушылар сөзге көне
білер
Даушылар сөзін көпке
берсе
Көпшілік Төле атама
берсе,
Менің аузыма құдай
салса,
Тура сөзге кім
күлер?
Төле атам рұқсат
берсе,
Бір алла қабыл
көрсе
Бұл дауды мен бітіріп
берейін-
Халық та ,билер дебаланың аузына қарайды.Сонда
Тайкелтір
Қыз бен жігітті шақырып алып,жігіттің қолына
қылыш,қыздың қолына қылыштың қынабын береді.Сүт қайнатым
уақыттағайындайды.
Жігітке:
-Осы сүт қайнатым уақыт ішінде қылышты қыздың
қолындағы қынапқы сал,егер салмасаң таспен атып өлтіремін
–дейді.
Қызға:
Сен мына жігіттің қолындағы қынапқа салғызба,егер
салғызсаң дарға асамын-дейді.
Кесімді уақыт өткенде қыз қылышты қынапқа
салғызбайды.
Осы кезде қыз жағы жігіттің мойнына арқан салып
тарта беруге ыңғайланғанда Тайкелтір жұртты тоқтатып:
-Өз шешімін
айтыпты.
Төле би Тайкелтірдің бұл әділ жауабына риза
болып,оған ат мінгізіп,еліне қайтарса керек.