Тәрбие сағатының
тақырыбы: Мен өз елімнің
патриотымын.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Отанды сүюге, туған
жеріне, еліне деген
сүйіспеншілігін арттыруға,
халқымыздың салт-дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға, болашақта
Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адам керек екенін
түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін,
тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды бейбітшілікті
сақтауға және нығайтуға, өз Отанын сүюге, Отанымыздың саясатын
қолдауға, ерлікке, адал, батыл болуға
тәрбиелеу.
Түзетушілік: Дыбыстарды қадағалау,
түзету.
Көрнекілігі: қима қағаздар,
суреттер.
Меңгерілетін
сөздер: Қазақстан Республикасы,
Тәуелсіздік, Рәміздер: Ту, Елтаңба, Әнұран, Конституция, Ата заң,
бала құқығы.
Барысы:
Ұйымдастыру.
Тренинг «Жылы
лебіздер».
Шеңберге тұрып, балалар
бір-біріне жылы лебіздерін айтады.
Тәрбиеші:
-
«Ой да ортақ, пікір де
ортақ» дегендей бүгінгі «Мен өз
елімнің патриотымын » атты
тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
-
Біздің алға қойған
мақсатымыз, өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңге
сеніммен қарайтын азамат болып өсу.
-
Отанға деген сүйіспеншілік,
ұлтына деген ыстық сезімді Алашорда қайраткерлері А.Байтұрсынов,
М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, Т.Рысқұлов, Ә.Бөкейханов,
М.Шоқай еңбектерінен де кездестіреміз.
А.Байтұрсынов:
- Қазағым
елім!
Қайқайып
белің,
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қамауда жаның
Аш көзіңді оянып...-
десе,
М.Дулатов:
«Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты» -
дейді.
А.Құнанбаевтың еңбектерін
зерделеп қарайтын болсақ, жастарды ерлік рухта, патриотизмге
баулып, намысын, ар-ожданын, адамгершілік қасиеттерін тудыратын жыр
жолдарын кездестіреміз. Оның «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп»
деген сөзі, барша жұртшылықты жауласу, күш көрсету дегенді
білместен, тек тату-тәтті өмір сүруге
шақырады.
Тәрбиеші:
Оқушылар:
-
Патриот – Отанын, халқын,
жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш-жігерін,
қабілетін аямайтын адам. Олар - өз Отанының жалынды патриоты,
өнеркәсіп, ауыл шаруашылығының озаттары. Өз Отанын, халқын шексіз
сүюшілік – барша күш-жігерін Отан мүддесіне арнаған адамға тән
терең сезім.
-
Б.Момышұлы: «Патриотизм – Отанға деген
сүйіспеншілік. Жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік
қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын, өзіңнің мемлекетке тәуелді
екеніңді сезіну, қысқасын айтқанда патриотизм дегеніміз мемлекет
деген ұғымды оны жеке адамның барлық жағынан өткені мен бүгінгі
күнімен және болашағымен қарым-қатынасын біріктіреді, - деп терең,
жан-жақты анықтама берген.
-
Қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру
үшін әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі
жеткіліксіз, сонымен қатар олар бір-бірін танып біліп,құрметтеуі
тиіс.
-
Патриот – адамдардың өз
Отанына деген сүйіспеншілігі мен адалдығын көрсететін сезім. Ол
адамның өз Отанын күшті де айбынды етіп көрсетуге және гүлдендіруге
ұмтылумен сипатталады, қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын
қорғауға дайын болуын білдіреді.
Патриоттық сезімі - өз халқының әлеуметтік,
мәдени жеңістер үшін мақтану, оның жауынгерлік және еңбек
дәстүрлеріне ұқыптылықпен қарау.
-
Патриот сондай-ақ туған
жерге, ата-бабасы жатқан жерге құштарлық сияқты терең перзенттік
махаббатты да білдіреді.
Қорытындылау.