400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты: "Менің елім - Қазақстан"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: Менің елім – Қазақстан. Мақсаты: 1. Тақырып бойынша балаларға туған елі, жері, егеменді, тәуелсіз Қазақстан туралы түсінік беру. Алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы жүйелеу. 2. Сұрақтарға дұрыс жауап беруді меңгерту, сөздік қорларын молайту, дыбыстардың дұрыс оқылуын қадағалау, үнемі түзетіп отыру. Сана-сезім, ой-өрісін арттыру. 3. Болашаққа үлесін қоса білетін, білімді, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеуге баулу. Отанын, елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Менің елім – Қазақстан.


Мақсаты: 1. Тақырып бойынша балаларға туған елі, жері, егеменді, тәуелсіз

Қазақстан туралы түсінік беру. Алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы жүйелеу.

2. Сұрақтарға дұрыс жауап беруді меңгерту, сөздік қорларын молайту, дыбыстардың дұрыс оқылуын қадағалау, үнемі түзетіп отыру. Сана-сезім, ой-өрісін арттыру.

3. Болашаққа үлесін қоса білетін, білімді, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеуге баулу. Отанын, елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.


Көрнекілігі: суреттер, плакаттар, сөзқұрақтар.


Меңгерілетін сөздер: Туған елім, туған жерім, ірі қалалар, өзен-көлі, сұлу, пайдалы қазбалары мол, рәміздері, Қазақстан, Отан, қала аттары, т.б.


Барысы:

Сәлемдесу.


1-оқушы: - Қайырлы күн, құрметті қонақтар!

2-оқушы: - Аяулы да, ардақты ұстаздар!

3-оқушы: - Білімді ұрпақ!

4-оқушы: - Бүгін біз 9«А» сынып оқушылары сіздерге «Менің елім –

Қазақстан» атты ашық тәрбие сағатымызды ұсынамыз.

5-оқушы: - Ендеше «Менің елім - Қазақстан» атты ашық тәрбие

сағатымызға қош келдіңіздер!


Тәрбиеші: - Ал, енді балалар, меңгерілетін сөздерді және жаңа сөздерді

бірге оқимыз.


Оқушы: - «Отан» деген сөзді күн сайын айтып жүрміз. Отан – адамның

туып-өскен жері, туған – туыстарымен, жақындарымен бірге

тұратын адамдардың атамекені.


Оқушы: - Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан

Республикасы.


Оқушы: - Біздің өлкеміздің табиғаты таңқаларлықтай бай өлке болып

табылады.


Оқушы: - Бірнеше кен байлықтарымыз да бар, атап айтсақ: темір, мұнай,

фосфор, марганец, хромит, алтын, тұз, т.б.


Оқушы: - Қазақстан солтүстігінде – Ресеймен

Оқушы: - Оңтүстік шығыста – Қытаймен

Оқушы: - Оңтүстікте – Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан

Оқушы: - Батыста – Каспий арқылы Әзірбайжанмен шектеседі.


Тәрбиеші: Қазақстан, менің асыл аймағым,

Қуантады күнге құшақ жайғаның.

Өзің едің көз тоймайтын алтын бақ,

Құлпыра бер, құлпыра бер жарқылдап – дей келе, еліміздің өсіп-

өркендеуі, қол жеткізіп отырған табыстары өркениетті елдер қатарынан көрініп отыр. Осы сөзімізге дәлел болу үшін Қазақстан Республикасына шолу жасайық.

(Слайд, бейнефильм көрсетіледі.)


Тәрбиеші: - Қазақстан унитарлы мемлекет болып саналады. Ол 34 әкімшілік

территориялық облысқа қазбаларға бай қалалары көп.


Оқушы: - Алматы – жері жайсаң облыс.

Оқушы: - Ақтөбенің ақ тарысы мол ырыс.

Оқушы: - Атырау – мол Қазақстан мұнайы.

Оқушы: - Жамбыл, Тараз – жайлау, шырайлы қазыналы.

Оқушы: - Жезқазған – кен, бұзылмаған қаймағы.

Оқушы: - Көкшетаудың көп – көгілдір аймағы.

Оқушы: - Қарағанды – қара алтынның қоймасы.

Оқушы: - Қостанай – құт, қызыл бидай қамбасы.

Оқушы: - Қызылорда – күрішті, сыр сағасы.

Оқушы: - Орал – көне Ақжайықтың жағасы.

Оқушы: - Өскемен – өр шығыста Алтай аясы.

Оқушы: - Павлодар – қара Ертістің саясы.

Оқушы: - Қызылжар – солтүстігім, орманды.

Оқушы: - Семей – аңыз, Шығыстаудай қорғанды.

Оқушы: - Талдықорған – жер жаннаты көп бағы.

Оқушы: - Нұр-Сұлтан – Арқада ыстық алқабы.

Оқушы: - Шымкент – ыстық Оңтүстігім мақталы.


Оқушы: - Міне, табиғат – ананың бізге берген кереметтерімен қалайша

мақтанбаймыз.


Тәрбиеші: - Балалар, әрбір өркениетті мемлекеттің өзінің әсем де, сұлу астанасы бар. Еліміздің бас қаласы Нұр-Сұлтанды көріп тамашалайық. (Слайд көрсету.)


Ән: «Астана». Орындайтын: 9 «А» сынып оқушылары.


Тәрбиеші: - Енді балалар, сұрақтармен жұмыс жасаймыз.

(Плакатта төменгі сұрақтар)

  1. Қазақстан Республикасының Президенті кім?

  2. Мемлекеттік тіл қай тіл?

  3. Еліміздің астанасы қай қала?

  4. Рәміздерімізді айтып беріңдер.

  5. Отан туралы қандай тақпақ білесіңдер?

  6. Қандай мақал-мәтел білесіңдер?

  7. Біз қандай елміз?

  8. Сен қандай республикада тұрасың?

  9. Тәуелсіздігімізді қай жылы алдық?

  10. Біз қай қалада тұрамыз?


Тәрбиеші: - Сабақты «Қазақстан қандай мемлекет?» атты сызбамен

қорытындыласақ.


Қазақстан – тәуелсіз мемлекет.


ДShape2 Shape1 емократиялы Зайырлы


Қазақстан қандай мемлекет?



Құқықты Көпұлтты

Shape6 Shape5


Әлеуметті Біртұтас



Хор: «Атамекен» әні.


Тәрбиеші: - Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылау.

- Біз не білдік? Нені үйрендік?

(Сұрақтарға оқушылар жауап береді.)


Тәрбиеші: - Балалар, еліміздің рәміздерін, туған еліміздің табиғатын еліміз

Қазақстанды құрметтейік.


- Сау болыңыздар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
03.12.2021
4755
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі