жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
тәрбие сағаты "Менің Отаным - Қазақстан"
Тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан!
Мақсаты: Отан туралы білімдерін назарға
ала отырып, Отанымыз – Қазақстан Республикасы туралы не
білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін
бекіту.
Міндеттері:
1) Білімділік: Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы
түсініктерін кеңейту.
2) Дамытушылық: Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге,
туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру.
3) Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз
елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Түрі: сайыс
Әдісі: топтық жұмыс, сұрақ - жауап,
пікірталас
Көрнекіліктері:
суреттер,
слайд.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Бәріміз бірге:
Бір, екі , үш,
Бойға жинап күш!
Отан қорғау жолында,
Сен де алға түс!
-
Ендеше балалар мына бейнетаспаға назар аударыңдар тыңдап көрелік?
Бейнетаспа көрсетіледі.
-Бейнетаспадағы өлең не
туралы?
- Кәне, балалар, Отан деген не?
- Адамның туып өскен жері, туған - туысқандары, біз тұратын
атамекен.
- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
- Біздің - Отанымыз Қазақстан.
- Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымыз «Менің Отаным - Қазақстан» деп
аталады.
Сабақтың мақсатын айту.
ІІ. Негізгі бөлім.
Балалар біз 3 топқа
бөлінсек
1 – топ Қазақстан
Қазақстан дегенді қалай
түсінесіңдер?
2 - топ: Тәуелсіздік
Тәуелсіздік дегенді
ше?
3 - топ: ЭКСПО -2017
Неге біз ЭКСПОны таңдадық?
Сайысымызды бастамас бұрын әділ – қазы алқаларын таңдап алайықшы.
-Қожанова Салтанат Айтқожаевна аудандық білім бөлімінің бас маманы
-
Сайыстың кезеңдерімен таныстыру.
І кезең. «Өнерлі өрендер». (Әр топ өлеңдерді жатқа айтады).
ІІ кезең. «Зерделі сұрақ – дәлелді жауап». (Әр топқа сұрақтар қойылады).
ІІІ кезең. «Мақал-сөздің мәйегі» (Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдер айту).
І кезең. «Өнерлі өрендер» деп аталады. -Балалар, Қазақстан туралы өлеңдер оқып, елімізді, жерімізді мадақтау бүгін біздің еншімізде. Ендеше, өнерімізді ортаға салайық.
ІІ
кезең. «Зерделі сұрақ – дәлелді
жауап». Әр топқа сұрақтар қойылады.
Топ басшылары келіп сұрақтарды алып оқып, жауап беруге
болады.
Дұрыс жауап берген топ
өзінің қоржынына ұпай
жинайды.
20 – ҚР тәуелсіздігін
қай жылы алды? 1991 ж. 16 желтоқсанда
20 – Еліміздің бас қаласы қай қала? Астана қаласы
20 – Қазақстанның тұңғыш президенті кім? Н.Ә.Назарбаев
30 – ҚР туының авторы? Шәкен Ниязбеков
30 – ҚР елтаңбасының авторлары ? Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман
Уәлиханов.
30 – Гимннің авторлары? Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан
Назарбаев.
50 – Еліміздің көрікті жерлері ? Көкшетау, Астана,
50 – Еліміздің рәміздеріне нелер жатады? Ту, Елтаңба,
Гимн.
-
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалсын.
ІІІ кезең. «Мақал-сөздің мәйегі»
- Отан, туған жер туралы
қандай мақал - мәтелдер білеміз?
1. Отан от басынан басталады.
2. Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
3. Отансыз – адам, ормансыз – бұлбұл.
4. Отан оттан да ыстық.
5. Отан үшін отқа түс күймейсің,
Арың үшін алыссаң өлмейсің.
Әр топтың ұпайын санап, қорытындысын шығару. Сөз кезегін әділ
- қазы алқаларына беремін.
Тілек.
(Оқушыларға смаиликтер
таратылады. Өз тілектерін жазу керек. Болғаннан кейін смаиликтерін
қазақстан картасына ілу
керек.)
Отан- ана, отан- асыл тірегім
Өзің деп қана соғар менің жүрегім.
Даңқың шығып көтерілші биікке,
Осы менің жалғыз ғана тілегім.
- Балалар! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы екен. Отансыз
адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп
еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді, тәртіпті
болуымыз. Біз еліміздің жеңістерімен мақтануымыз
керек.
Ән «Көк тудың желбірегені »
қабыл алыңыздар
Отан, Туған жер туралы нақыл сөздер:
Бауыржан Момышұлының нақыл сөздерінен:
v Жаныңнан күдер үзе соғыспасаң, жауды күйрете алмайсың.
v Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті.
v Сабырлылық алдында дұшпан сасады, сабырсыздан береке қашады.
v Ел үшін аянба – ерлігіңе сын, жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын
v Отан үшін отқа түс күймейсің.
«Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен үркер күшім жоқ,-деп ер қайратыңа мін дағы, өрге бас»
М.Әуезов
Ата жұрты бұқара
Өз қолыңда болмаса,
Қанша жақсы болса да,
Қайратты туған ер ғаріп
Асан Қайғы
Тауды биік демеңдер,
Талаптансаң шығарсың.
Жауды мықты демеңдер,
Ерлік қылсаң жығарсың.
Н.Байғанин
«Тыныш кезде бұзаудай момын бол, ұрыс кезінде аш қасқырдай шап!»
Рашид-әд-дин
«Алып – жауда көрінер,
Байсалды –дауда көрінер» М.Қашқари
«Ердің аты айқаста шығады.» Ю.Баласағұни
«Ердің ұлы – соғыста»
(Көне ұйғыр жазуы ескерткіші)
«Батырлардың мықтысы қарушы болады, Жігіттердің сұлуы бауыршы болады»
Құтып.
«Қару-жарақ сайланса – ат табылар, қаруын ұмытса - қапасқа түсер»
М.Қашқари
Жауды төмен санасаң – басқа шығар:
Жай қалдырсаң елемей аз жауыңды –
Жаулар елді, шағып бір күн тауыңды.
М.Қашқари
«Бытырай қашса жау оңбас»
Ю.Баласағұни
«Шоқпары бар жауға темір қалқан сайла»
Ю.Баласағұни.
«Бүгін атар оғың болса, ертең жауың оқ ата алмайтындай қыл.»
С.Сарайи.
«Жау көргенде алып ер арыстан болар»
Ю.Баласағұни.
«Қару-жарақ табылса, қарманып мінер табылар.»
А.Йүгінеки.
Сауыт күші –қылышпен қылшылдатып ұрғанда,
Аттың күші – жігітті алып шығып тұрғанда.
Қорқыт.
Жаумен жағаласа түсу оңай, ажырасу қиын.
Рашид-әд-дин.
«Осал көріп көп дұшпанның дүрмегін,
Бос үмітпен қапы қалып жүрмегін.»
Ю.Баласағұни.
«Жау ақылын тыңдауға болады, алуға болмайды.»
С.Сарайи.
«Қашқан жауды көп қума.»
Ю.Баласағұни.
«Отан үшін күрес –
Ерге тиген үлес»
Мақал
«Отаншылдық – ең ізгі сезім.»
Л.Н.Толстой
«Ең зор ізгі ерліктерді Отанға деген сүйіспешілік туғызған»
Ж.Ж.Руссо
«Өз Отанын жан тәнімен сүю – адамшылықтың асқар шыңы.»
В.Г.Белинский
«Адам жүрексіз өмір сүре алмайтыны сияқты, отансыз да өмір сүре алмайды.»
К.Г.Паустовский
Шындық, ақиқат туралы
Тәңірінің бір аты-шындық.
Құран - не ол? Құран зат есім мен етістік. Мұхаммед те сол. Ұлт та солай болса дауа.
Дін, иман туралы
Зады, бірегей тұлғаларға, бірегей кітаптарға сын есім жүрмейді. Мұхтар Омарханович Әуезов алдымен - Мұхтар Әуезов, сонсоң барып әлем әдебиетінің классигі.
Ақын-жазушы туралы
Қанша атжанды болғанда да екі ат мінген адам алаламай тұрмайды. Бірімен еңбек етсе, бірімен жұмыс қылады. Совхозға - еңбек, әуіліне - жұмыс.
Еңбек туралы
Кем талант - кемтар талант.
Талант, дарын туралы
От пен түтін, адам мен қылмыс - жатырлас.
Адам өмірі туралы
«Сен кетіп барады деп жылайсың - мен қайтып келе ме деп жылаймын». Мен тақылеттестер қалың халықтың құлағын аспандап естілер анықтауыштармен сарсы қылған СССР-дің өтіп-кеткеніне, кетіп кеткеніне сене алмайды.
Қоғам, мемлекет, заман туралы
Қит етсе болды америкалап шыға келетін аура етек алды. Бұл өзі мегежіннің інгенмен бой салыстырғанындай.
Қоғам, мемлекет, заман туралы
Әр сөздің өз ұяты бар.
Ар-намыс, ұят туралы
Жақсы кітап -ұяттың антологиясы.
Кітап туралы
Келер қазақтың да ішетін уы мен балы - Абай.
Ақын-жазушы туралы
Өтірікті кешіруге болады - тек ақтауға емес.
Өсек-өтірік туралы
Дін құрыса - тіл сақтайды, тіл құрыса - үн сақтайды, бәрі құрыса - діл сақтайды (иаһуди-еврейлер, мысалы).
Дін, иман туралы
Таранбаған әйелде - бір мекиеннің, таранған әйелде - екі мекиеннің миы бар.
Әйел, ана туралы
Экономикалық қауіпсіздіктің мәселесі, ең алдымен, - ұлттық қауіпсіздіктің мәселесі.
Қоғам, мемлекет, заман туралы
Тәрбиенің еркіндігі - еркіндікпен тәрбиелеу.
Тәрбие туралы
Ұлтжандылықты ауаның деңгейіне көтерген үш халық болса, екеуі " Француздар мен поляктар, екі халық болса - тағы сол екеуі. Ұлтшылдықпен тыныстау олар үшін табиғи нәрсе. Парижде қайтқан Шопеннің жүрегін Варшавадағы шіркеуге мирас қылғаны ұмыт қалмайды. Ал, Американың жалауына шырылдауы қалай?
Ұлтжандылық туралы
Келіншектің сұлу кезі - ұйқыдағы кезі. Айтып та болмас әлгінің, айтпай да болмас әлгінің тұсындағы кезі емес. Әсіресе сол кезі емес.
Әйел, ана туралы
Кем талант - мүмкіндігінше, шын талант - қалағанынша жазады.
Талант, дарын туралы
Қазақтың радиомаразмы: «махаббаттың сүйісненшілігіне бөленіп...»
Махаббат туралы
Отау көтеріп оңаша тұрып алмай достастықтың құшағына қойып кету - саяси логикаға қиналып сиысады.
Достық туралы
Ең терең идеялар - қиын идеялар. Өнердің түбіне сорпа бетіндегі майдай қалқыған түсінікті идея жетеді. Жазушының бір міндеті - идеяны ашу емес, оны мұзартқа көміп, мұнармен бүркеу. «Шайнап берген ас болмас». Оқушы шыңғырғандай болып қиналса несі ерсі? Алсын қамау терін!
Идея туралы
Қазаққа жетпей жүргенді басқаның аузына тосу, Ресейдің әскеріне құрақтай төселу - бұл қай Атымтай жомарттық? Қай көрегендік? Солдаттың ойыны бітті ме - кетсін келген жеріне.
Отан, туған жер туралы
Абайда ашу шақырар орам көп. Кейіс шақырар бір орамы: «...қазақ та адам баласы ғой».
Ақын-жазушы туралы
Мұқағали:
Екеумізге жүз жүрмейді. Бізге 99 не 101 жүреді.
-Неге? . .
-Біліп тұрып сұрау - Қадырдың еншісі.
Ақын-жазушы туралы
Текстің дәмін алудың төте жолы - талмай оқу.
Ғылым-білім, өнер туралы
Ақынды прозамен тексеріп алса - теріс емес.
Ақын-жазушы туралы
Қазақтай психофизикалық типтің азасын «Жігердей» кемерлейтін күй, «Қаракесектей» шыңғыртар ән жоқ.
Күй, жыр туралы
Стилі жоқтың жазғанын оқу - арпа талқанды құрғақ асағандай. Стильсіз жазушы, стилін таба алмаған жазушы - іріге еліктеп көлеңке калькаға барады да, сорпаның сорпасының сорпасы болады.
Стиль туралы
Кісілігін жоғалтпаса - жауыңның қайсыбір иттігін кешіруге де бодады.
Адамгершілік туралы
Библияның күй басы: алдымен туған сөз еді - сол сөз «құдай» болатын.
Дін, иман туралы
Ұяла алмаған - тірі өлік.
Ар-
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген