«№ 3 арнайы мектеп -
интернаты» КММ
Тәрбие сағаты: «Менің
Отаным - Қазақстан»
Тәрбиеші: Байболова.
Ж
2020-2021 оқу
жылы
Тақырыбы: Менің Отаным –
Қазақстан!
Мақсаты: Еліміздің
рәміздерін қастерлеуге үйрету. Тәуелсіз, бейбіт ел туралы ұғымдарын
қалыптастыру. Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген
сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Оқушыларды достыққа, адамгершілікке,
саналылыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер.
Барысы:
Ұйымдастыру
бөлімі
Шаттық
шеңбері
Бала, бала,
балақан,
Қане қайсы
алақан.
Саусақтарың
әйбәт,
Былай,былай
ойнап.
Топ , топ, топ, топ
басайық,
Жалаудан күн
жасайық.
Жаса, жаса Алтын
күн,
Жаса, жаса жарқын
күн.
– Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Мен сіздерді
көргеніме қуаныштымын. Алдымен мынадай ойын ойнап жіберейік. Мен сөйлемдер
айтамын, дұрыс айтылса шапалақтаймыз, қате айтылса шапалақ
соқпаймыз.
1. Бүгін білім
күні. (шапалақ
соқпайды)
2. Сіздер бала-бақшаға
келдіңіздер. (шапалақ
соқпайды)
3. Сіздер сыныпқа
келдіңіздер. (шапалақ
соғады)
4. Сіздерді дәрігер қарсы
алды. (шапалақ
соқпайды)
5. Сіздер Ақсу қаласы №3
арнайы мектеп-интернатында
оқисыздар
6. Енді сіздер оқушы
атандыңыздар. (шапалақ
соғады)
Бүгінгі білім күніне арналған
тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Менің Отаным -
Қазақстан». Олай болса, бүгін біздер еліміз Қазақстан туралы
әңгімелейтін боламыз.
Отан деген
не?
II. Негізгі
бөлім
Суретпен
жұмыс. Тақтадағы суреттерді
көрсете отырып
әңгімелеу.
- Біз қай елде
тұрамыз?
- Қазақстан – қазақ елі,
ертеден ата-бабамыз қоныс еткен жер. Қазақ жері – ұлан байтақ
ел.
- Қазақстан Республикасының елбасы
кім?
- Балалар,1991 жылы 1
желтоқсан күні бүкілхалықтық президент сайлауы нәтижесінде алаш
жұртының абзал перзенті, халқы таңдаған қаһарман, елі таңдаған ер
тұлға – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолында жеңіс туы
желбіреді.
- Балалар, біздің
Отанымыздың астанасы қай
қала?
- Сіздер, Астанаға барып көрдіңіздер
ме?
- Астана қандай
қала?
- Көркі көз тартатын, сәулетті де сәнді, айшықты
да айбарлы Астана – барша Қазақстандықтардың сүйікті
қаласы.
Астана қаласына көрік беріп тұрған бұл айшықты
ғимараттар.
– Ендеше, қазір сол ғимараттардың бірін
көрейік.
- Бұл ғимарат қалай
аталады?
- Бәйтерек.
- Дұрыс. «Астана-Бәйтерек» монументі 2002 жылы
салынған. Бәйтерек Астана төрінде көк тіреп тұр. Биіктігі 97
метр.
–Қазақ елін, қазақ екенімізді танытатын
қандай рәміздеріміз бар?
–Дұрыс айтасыздар. Әрбір Республиканың өз
ерекшелігін білдіретін әнұраны , елтаңбасы, туы
болады.


«Қызықты
ұйқастар»
1. Өрмекші құрды
тұзақ
Менің ұлтым...
/қазақ/
2. Менің досым
салмақты
Бұрынғы
астанамыз.../Алматы/
3. Биіктеуде жас
қала,
Бас қаламыз
/Астана/
Сын тұрғысынан сұрақтарға жауап беру (иә,
жоқ)
1. Қазақстан жері кең
байтақ.
2. Астанасы –
Алматы
3. Ұлты -
қазақ
4. Ту, Елтаңба, Әнұран еліміздің
рәміздері
5. Мемлекеттік тіл – орыс
тілі
6. Біз Қазақстанда
тұрамыз
7. Н.Ә.Назарбаев
президент
8. Бәйтерек Өскеменде
орналасқан.
9. Мемлекеттік тіл ағылшын
тілі
10. Менің Отаным –
Қазақстан
11. Қазақстанда тек қазақтар
тұрады.
III.
Қорытыңдылау.