Тәрбие сағаты: "Менің Қазақстаным"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты: "Менің Қазақстаным"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Менің Қазақстаным». Мақсаты: Білімділік: Мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, оны жатқа білуге үйрету. Дамытушылық: Оқушылардың белсенділігін, өз ойын ашық айта білуін, ой-өрістерін дамыту. Түзетушілік: Дыбыстардың айтылу мәдениетін қалыптастыру, сөздегі дыбыстарды түзету. Тәрбиелік: Отанын, елін, жерін сүюге, оны қорғай білуге, саналы болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Менің Қазақстаным».

Мақсаты:

Білімділік: Мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, оны жатқа білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың белсенділігін, өз ойын ашық айта білуін, ой-өрістерін дамыту.

Түзетушілік: Дыбыстардың айтылу мәдениетін қалыптастыру, сөздегі дыбыстарды түзету.

Тәрбиелік: Отанын, елін, жерін сүюге, оны қорғай білуге, саналы болуға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Суреттер, сұрақтар жазылған қима қағаздар, Қазақстан картасы, сөзжұмбақ.


Меңгерілетін сөздер: Рәміздер, Әнұран, Ту, Елтаңба, қасиетті өлке.


Барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі.


Тәрбиеші:

  • Балалар, амандасамыз.

  • Балалар, бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбын бірге оқимыз: «Менің Қазақстаным».


Тәрбиеші:

  • Қазақстан 1991 жылы Тәуелсіз ел атанып, аяғынан тәй-тәй басқан Республикамыз бен оның халқы үшін ерекше жыл болды.

1991 жылы 1-ші желтоқсанда қазақ елі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың президенті етіп сайлады.

1991 жылы қазақ елінің жалауы желбіреді, Әнұраны, Елтаңбамыз қабылданды. Қазақстан жер көлемі бойынша, дүниежүзінде 9-шы орын алады. Қазақстан табиғаты көркем, қазба байлықтарға бай өлке.

Қасиетті өлкеде 17 миллион халық бар, оның ішінде 130-дан аса түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.

1993 жылы Ұлттық валютамыз төл теңгеміз дүниеге келді.

Қазақстан Республикасында 14 облыс, 90-ға жуық қаласы бар. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі.

1998 жылы Еліміздің ел ордасы Астана қаласы болып жарияланды.


Тәрбиеші:

  • Балалар, Қазақстан Репсубликасының рәміздері жайлы қандай тақпақтар білесіңдер?

1-оқушы:

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды.


2-оқушы:

Туымызға жас туған,

Бір қарамай өтпейді.

Сол көк тудың астында,

Көгереміз көктейміз.


3-оқушы:

Елтаңбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі.

Елтаңбасы елімнің,

Елдің тыныш тірлігі.


4-оқушы:

Ақжайық, Алтай арасы,

Қазақтың шалқар даласы.

Еліме менің қарашы!


5-оқушы:

Жерінің дәні маржандай,

Қырманы асқар таулардай.

Жеріме менің қарашы!


6-оқушы:

Тамаша аспан менен жері қандай,

Зеңгір тау-дария менен көлі қандай!

Орман, тоғай, гүлденген бақшалары,

Пайдаланған бұлармен елі қандай!


7-оқушы:

Көз тіккен төрткүл дүние алты алашы,

Бұл бүгін қазағымның бас қаласы.

Елордам халқым үшін ерен бөлек –

Тәуелсіз еліміздің Астанасы.


8-оқушы:

Мен жас ұланмын,

Мемлекеттің қорғанымын ертеңгі.

Нұрға, гүлге толтырамын

Өзім туған өлкемді.


Тәрбиеші:

  • Жарайсыңдар, балалар! Сендер Қазақстан Республикасы жайлы тамаша тақпақтар біледі екенсіңдер.

  • Енді, Қазақстан Республикасы жайлы сұрақтарға жауап беріңдер.


1-сұрақ:

  • Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін қашан алды?

(Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін 1991 жылы алды.)

2-сұрақ:

  • Қазақстан Республикасының Президенті кім?

(ҚР-ның Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.)

3-сұрақ:

  • Қазақ халқы өз президентін қашан сайлады?

(Қазақ халқы өз президентін 1991 жылы 1-ші желтоқсанда сайлады.)

4-сұрақ:

  • Мемлекеттік тіл қай тіл?

(Мемлекеттік тіл – қазақ тілі.)

5-сұрақ:

  • Мемлекеттік рәміздерді атаңдар.

(Елтаңба, Ту, Әнұран.)

6-сұрақ:

  • Әнұранның авторлары кім?

(Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, Шәмші Қалдаяқов.)

7-сұрақ:

  • Қазақстан Республикасында қанша облыс бар?

(Қазақстан Республикасында 14 облыс бар.)



Тәрбиеші:

  • Қане, облыстарды бірге атаймыз.

  • Облыстарды картадан көрсетеміз.



Тәрбиеші:

  • Жарайсыңдар, балалар!

  • Енді, ойын ойнаймыз. Шартын бірге оқимыз.


Ойынның шарты: Әріптердің орнын ауыстыру арқылы, жасырылған қала аттарын табыңдар.

МАТЫАЛ, АНАТСА, ОЛРА, ЕКТНМЫШ, НЕСӨМЕК, ҚАУТА.


Суреттермен жұмыс.


Тәрбиеші:

  • Балалар, енді өздерің салған суреттерің жайлы әңгімелеп беріңдер.

(Балалар өздері салған суреттер жайлы әңгімелеп береді.)


Сөзжұмбақ.


Тәрбиеші:

  • Ал, қане балалар, білімдеріңді сынап, «Қазақстан» сөзжұмбағын шешейік.


Сөзжұмбақ сұрақтары:

  1. Көмір шығаратын қала.

  2. Еліміздің Елордасы.

  3. Қазақстандағы көл.

  4. 5 · 4 =

  5. Тұңғыш қазақ ғарышкері.

  6. Уақыт өлшемі.

  7. Алтын астық облысы.

  8. Жұқа төсеніш.

  9. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың анасының аты.







1

Қ

 

 

 

 

 

 

 

 






2

А

 

 

 

 

 









3

З

 

 

 

 

 




4

 

 

 

 

 

А












5

 

 

Қ

 

 

 











6

С

 

 

 

 







7

 

 

 

Т

 

 

 

 










8

А

 

 

 

 






9

 

 

 

 

Н









Тәрбиеші:

  • Ұлық Ерсұлтанның орындауында «Жаса Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар.

Қорытынды:


Тәрбиеші:

  • Балалар, бүгінгі «Менің Қазақстаным» атты ашық тәрбие сағатымыз осымен аяқталды. Өз елін, жерін сүйетін ұлтжанды, мәдениетті, парасатты азамат болып өсулеріңе шын жүректен тілектеспін.

  • Бүгін сендер жақсы сөйлеп, жақсы жауап бердіңдер.

  • Қонақтармен қоштасамыз.

  • Сау болыңыздар.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.02.2021
3495
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі