400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты Менің Қазақстаным мектепалды даярлық

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған , Отан туралы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Менің Қазақстаным - менің болашағым»

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және Туы туралы білімдерін дамыту.

Балалардың сезімталдық, қиялшылдық; естігенін, көргенін қайта жаңғыртып, есте сақтау, есіне түсіріп толқу, жақсылық істеуге талпыну сияқты қабілеттерін дамыту.

Өз республикасын танып –білуге, жақсы көруге, Отанына деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы (балалардың суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдер), Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.

Қанатты сөз:

1. Туған жер – алтын бесік.

2. Отансыз адам, ормансыз бұл-бұл.

Сабақтың барысы: Сабақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталады.(Балалар орындарынан тұрып әнұранды айтады.)

-Біздің республикамыз Қазақстан деп аталады. Біздің еліміз – тәуелсіз мемлекет. Яғни, біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан өз мемлекеттік әнұраны, елтаңбасы және өзінің мемлекеттік туы бар. Біздің ұлттық тіліміз –қазақ тілі. Республикамыздың президенті – Н.Ә.Назарбаев.

- Балалар, мынау біздің еліміз- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы– көгілдір түсті тік бұрышты кездеме. Тудың ортасында күннің 32 шұғыласы, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген. Сабына бекітілген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек – алтын түсті.

Балалармен сұрақ –жауап арқылы түсінгендерін пысықтау.

- Балалар, тудан ненің бейнесін көріп тұрсыңдар?

- Күн, құс пен оюдың бейнесін көріп тұрмыз.

- Иә, өте жақсы, дұрыс айтасыңдар.

- Ал, енді, балалар, мемлекеттік туымыздың түсі қандай екен?

- Мемлекеттік туымыздың түсі: көк, көгілдір .

- Неге ұқсайды?

- Аспанға ұқсайды.

- Біздің мемлекеттік туымыз аспан түстес көк екен.

«Қазақстан жалауы»деген өлең жолдары тыңдалады.

Аспан түстес көгілдір,

Тік бұрышты матаның.

Ортасында төгіп нұр,

Күн жаяды шапағын.

Астында оның қалықтаған,

Қыран құстың бейнесі.

Азат елдің шалқыған,

Көңілі де білерсің.

Есте белгі ұрандар,

Сары алтындай сақталған.

Күн шұғыла қыранда,

Алтын түске қапталған.

Сол жағында матаның,

Сары түсті жолақ бар.

Мұратындай атамның,

Әсем өрнек ол ұлттық!

- Мынау біздің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы.ҚР мемлекеттік Елтаңбасының негізі – шаңырақ. Ол – Елтаңбаның жүрегі. Тұлпар -желдей ескен жүйрік аты, жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Қанатты тұлпар – қазақ поэзиясында кең тараған бейне. Бес бұрышты жұлдыз әрбір адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы сияқты.

СЕРГІТУ СӘТІ: Бір шаңырақ астында,

Тату-тәтті тұрамыз.

Бірге ішеміз асты да,

Бірге сайран құрамыз.

Достықты үлгі санаған,

Бір үйде біз тұрамыз.

Қалған ата-бабадан.,

Бірлік асыл мұрамыз!

Ойын:

«Туған жерді гүлдендір»

(Балалар алдын ала суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдерді алып, әуен ырғағымен жүріп Қазақстан картасына апарып гүлдерін орналастырады.)

-Балалар, Туған жерді гүлдендірер ұл-қызы міне, сендерсіздер.

Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңда. Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ететін сендер. Ол үшін терең әрі жан – жақты білімді болу – міндеттерің.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.05.2019
710
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі