жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты "Менің тұңғыш президентім"
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» ҚМҚК
ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
«Менің тұңғыш президентім»
Семей 2019ж.
Тәрбие сағатының мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру, еңбектерімен таныстыра отырып қызығушылықтарын ояту.
Тәрбие сағатының міндеттері:
Бала жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Білімділік: Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлау, ана тілін және мемлекеттік тілді қастерлеуге бағыттау
Дамытушылық: Нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру
Тәрбиелік: Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу
Тәрбие түрі\бағыты: Рухани-адамгершілік, ұлттық
Көрнектілігі: Елбасы портреті, елбасының қанатты сөздері
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, постер қорғау
Көрнекілік: портрет
Жабдықтар: А4 қағаздары , қайшы , скотч, плакат, ту
Тәрбие сағатының құрылымы:
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
«Бумба-Юмба» тренингі 3 минут
Техникалық қауіпсіздік ережесі 5 минут
«Сиқырлы сандар» ойыны 3 минут
«Ой қозғау» 2 минут
«Миға шабуыл» 3 минут
Сен білесің бе ? 3 минут
Шығармашылық тапсырма (постер) 5 минут
Қойылым 5 минут
«Кім көп біледі» 4 минут
Рефлексия 3 минут
Қорытынды 2 минут
Тәрбие сағатының барысы:
Алғы сөз
-Сәлеметсіңдер ме балалар!
Балалар сәлемдескеннен кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындайды.
- Оқушылар, біздер қандай әнді орындадық?
Оқушылар: ҚР Мемлекеттік Әнұранын.
- Жақсы, балалар, Әнұранды білу – әрбір азаматтың міндеті,жарайсыңдар!
Шаттық шеңбер:
Армысын
досым,
Кел
маған қосыл.
Алақанға
салып алақан,
Шеңберге
бірге тұрайық.
Жер
шарындай айналып,
Әлемге
жарық сыйлайық.
Қолымызды
көтеріп,
Күннің
нұрын алайық.
Ортамызда
күн нұры,
Құшаққа
оны алайық.
«Бумба-Юмба» тренингі
Біз барлығымыз Бумба-Юмба тайпасына ұсталып қалдық деп елестетейік. Олардың қағидасы: «Тайпаға қабылданғыларың келсе – қасыңдағы адаммен бас түйістіріп, шынтақ түйістіріп, соңынан арқа сүйкеп амандасу керек.»
2. Қауіпсіздік ережелері
Оқушылар мектепке сабақ басталмастан 15-20 минут бұрын келіп, киім ілгішке сырт киімдері мен аяқ киімдерін тапсырып, сыныпқа кіреді және оқу құралдарын дайындайды. Мектепке жарылғыш заттар, суық қару және өрт шығу қаупі бар заттарды әкелуге; спиртті ішімдіктерді, улы заттарды және наркотикалық – токсикоманиялық заттарды алып кіруге болмайды.
Мұғалімнің рұқсатынсыз сабақ уақытында мектептен шығып кетуге тыйым салынады. Егер сабақ қалдырған күндері болса оқушы дәрігерден ауырғандығы жөнінде анықтама немесе ата-анасынан (не оларды алмастыратын тұлғалардан) түсініктеме әкелуі тиіс. Себепсіз сабақ қалдыруға ешқандай рұқсат жоқ.
Сабақ уақытында тамақ жеуге, су не сусын ішуге, сағыз шайнауға, мобильді телефонмен сөйлесуге және сабақ өткізуге кедергі келтіретін түрлі ағымдағы музыканы тыңдауға тыйым салынады.
Егер оқушы сабаққа кедергі келтіретін жоғарыда айтылған заттарды тауып алған жағдайда мұғалім оларды тартып алуға және ата-ананың қолына табыс етуге құқылы.
Оқушылар үлкенді құрметтейді, кішіге ізет көрсетеді. Сонымен қатар оқушылар үлкендерге, жоғары сынып оқушылары – төменгі сынып оқушыларына, ұлдар – қыздарға жол береді.
Мектептен тыс жерлерде, мәдени орындарда оқушылар өздерін талапқа сай ұстап, мектеп атына кір келтірмеуі тиіс. Мектеп және басқаның мүлкіне өз мүлкіндей қарауға және сақтауға міндетті.
Оқушылар, біз бүгін сабағымызда қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптарымен, соның ішінде домбыра аспабымен танысатын боламыз.
3. «Сиқырлы сандар » ойыны
1. Отанды сүю — от басынан басталады.
2. Отан оттан да ыстық.
3. Ел іші — алтын бесік.
4.
Туған
жердің қадірін
Шетте
жүрсең білерсің.
5. Әркімнің өз жері — жұмақ.
6.
Туған
жердей жер болмас,
Туған
елдей ел болмас.
- Балала тақтада мақалды жалғастыру арқылы кімнің портретін құрастырдық.
4. «Ой қозғау»
- Н.Ә.Назарбаев кім?
5. «Миға шабуыл» (блиц-сауал)
1. Қазақстан халқының мемлекеттік тілі?
/қазақ тілі/
2.Қазақстан Республикасының рәміздері:
/елтаңба, ту, әнұран/
Қазақстан халқының ұлттық валютасы:
/ теңге/
Қазақстанның бас қаласы:
/Астана/
Әнұран қалай айтылады?
/қолды жүрек тұсына қойып тұрып айтылады/
Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан?
/Есіл/
7 .Мерекелерде, спорттық жарыстарда рәміздің қай түрі жоғары көтеріледі?
/ту/
8. Әнұранның авторлары:
/ Шәмші Қалдаяқов,Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев/
9. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?
/Т. Әубәкіров/
Сен білесің бе ?
Отбасы және балалық шағы
Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды. Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын». Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.
Әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді. Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.
Анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.
Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті. Жас кезінде Іле Алатауының баурайында жазғы демалыс күндерінде әкесіне көмектесіп жүргенде тұңғиық жұлдызды аспан астында жанған алау маңына түнеген романтикалық сәттері де болды. Әке-шешесі осы өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген бабалардың берік түп-тамырынан сыр шертетін салиқалы әңгімелер айтып, жан-дүниені тербейтін әндер шырқайтын. Кез келген қазақ білмеуі ұят саналатын жеті ата туралы айтылатын. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қазақтың өткені мен болашағын жалғап келе жатқан халықтың осы бір ауыр, бірақ үйлесімді тіршілігінің мәңгі және аса мәнді екенін сезінетін.Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын.
7. Шығармашылық тапсырма (постер)
Нұрсұлтан Назарбаев кім?
Нұрсұлтан Назарбаевтың бойынан табылатын жақсы қасиеттер?
8. Қойылым
Әр қатардан бір оқушыдан шығып, қойылым қояды.
1-оқушы президент
2- оқушы ту ұстаушы
3- оқушы жүргізуші
Ал, қалған оқушылар- халық. Президент бүкіл халыққа ант береді.
9. «Кім көп біледі?» ойыны
1. Қ. Р - ның президентті кім?(Н. Ә. Назарбаев)
2. Н. Ә. Назарбаев қайда туған?(Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы)
3. Н. Ә. Назарбаев қашан туған?(6 шілде, 1940 жылы туған)
4. Біздің елбасы қалай оқыды?(4 пен 5 - ке)
5. Н. Ә. Назарбаев қандай мамандық таңдады?(Металлургия)
6. Н. Ә. Назарбаев - тың бойында қандай қабілет бар?(адал, ашық, ақжарқын, мақсатқа жете білетін адам)
7. Н. Ә. Назарбаев қашан президент болып сайланды?(1 желтоқсан 1991 жылы.)
8. Қ. Р - ның Мемлекеттік рәмізі қай жылы бекітілді?(4 маусым 1992ж.)
9. Қ. Р - ның астанасы қай қала?(Нұр-Сұлтан)
10. Нұр-Сұлтанның бұрынғы аттары қандай?(Целиноград,Ақмола, Ақмола.)
11. Қандай мемлекеттік мерекелерді білесіңдер?(1 мамыр, 4 маусым, 30 тамыз, 1 желтоқсан алғашқы президент күні, 16 маусым.)
12. Неліктен 1 желтоқсан мереке күні болды?(өткені бұл күн президент сайлау күні болды.)
14. Қандай мемлекеттік рәміздерді білесіңдер?(әнұран, ту, елтаңба.)
15. Мемлекеттік туда не белгіленген?(күннің көзі, қыран, ою)
16. Қ. Р - ның туының түсі нені білдіреді?
17. Мемлекеттік рәміздердің авторларын білесіңдер ме?(әнұран: Н. Ә. Назарбаев, Қалдаяқов, Нажмиденов, елтаңба: Уалиханов, Малибеков.)
18. Әлемде Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орында?(9 орында)
9. Рефлексия
Болашаққа
саяхат «Егер де мен………»
Президент
болсам….
Тренинг: «Ақ тілектер»
-Менің еліме деген тілегім қандай болмақ?
-Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына қосылсын!
-Балалар бақытты болсын!
-Еліміз тыныш болсын!
-Экономикасы дамыған ел болсын!
-Балалар білімді болсын, мәдениетті болсын!
10. Қорытынды
Аса
мәртебелі құрмет атақтардың бәрі
Елбасының мемлекет басқарудағы
іскерлігіне, әлемде бейбітшілік пен
ынтымақтастықты жақсартудағы зор
еңбегіне, үлкен саясаткерлігіне
көрсетілген құрмет.
Тұратұғын
болашақтың үні кеп
Т
артылар күй айтылатын жыры көп
Ерекше
бір еркіндейік, бауырлар
Басшымыздың
бүгін туған күні
Әнге
толсын барлық қала ауыл бар
Қағылсын
бір барабандар, дабылдар
Елбасының
туған күнін ардақтау
Бәріміздің
борышымыз, бауырлар
Қазақстан
– кешегі әз әуен,
Қазақстан
– бүгінгі ғажап үн.
Қазақстан
құшқан кеудесін ғасырлар,
Қазақстан
– қастерлі қазағым
Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаевтың
«Біз
көшпенділердің ұрпағымыз. Ержүрек
халықтың жалғасымыз. Мен жастарға
сенемін. Әрқашан тұрақтылықты қорғап,
бірлікті
сақтаңдар»
деген сөзімен тәрбие сабағымызды
аяқтаймыз. Әрқашан елін сүйер, жерін
қорғар азамат болып өсулеріңе тілектеспін.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген