Материалдар / Тәрбие сағаты "Мың алғыс саған, Анашым!" 8 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәрбие сағаты "Мың алғыс саған, Анашым!" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты аналар мен қыздар мерекесіне арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Наурыз 2024
63
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
700 тг 525 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

19 жалпы орта білім беретін мектебі



















Тәрбие сағаты

Тақырыбы: “Мың алғыс саған, Анашым!

(8- Наурыз «Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне арналған сынып сағаты)











Орындаған: Жукашева Ж.А.

Сынып жетекшісі: Аманкелді Г.И.

Сынып: 8б



















Орал, 2024 жыл

Өткізілген күні: 06.03.2024 жыл

Тақырыбы: “Мың алғыс саған, Анашым!” (8- Наурыз «Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне арналған сынып сағаты)

Мақсаты: Оқушыларға ата - ана алдындағы парыз бен қарыздары туралы түсінік беру. Аналар мерекесі қарсаңында асыл аналарды құттықтау, оқушылардың бойына адамгершілік деген асыл қасиетті сіңіру. Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.

Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру, Интерактивтік тақта, даналық сөздер жазылған плакаттар.

Түрі: тәрбие сағаты.

Барысы:

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен қыздар Сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке!

Жүргізуші: Ана, Ана, Ана!... не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші. Сезім мен қасиетті, бар махаббатпен шапағатты тудырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен бұл өмірде? Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен таралған. Сондықтан да құрметті ұстаздар, оқушылар, соның ішінде қызғалдақ қыздар бүгінгі «Мың алғыс саған, Анашым!» атты тәрбие сағатымызды сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.

Видео “Ана туралы бейнеролик” қарау. Оқушылар видеоны тамашалайды, кейін өз ойларын ортаға салады.

  • Оқушылар видеоны қарадыңыздар, не түсіндік, өз ойларыңызды айта кетіңдер!

  • Бұл видеода Шыңғыс деген бала өз анасын “8 - наурыз” мерекесімен құттықтау үшін мектептен тыс уақытта аянбай еңбек етіп, яғни адамдардың аяқ киімін тазалап, теңіз жағалауындағы қоқыстарды жинап, ақша тауып, сол ақшаға анасына гүл алып, анасының жұмыс орнына барып, қалай құттықтағаны туралы көрсетіледі. Яғни Шыңғыс анасының осылай көңіл күйін көтеріп, қуантқысы келді. Себебі анасы баласын өсіру үшін ауыр жұмыс жасауда. Ана деген баласы үшін бәріне дайын болады ғой! Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Сондықтан да аналарымызды қадірлеп, сыйлап, құрметтейікші достар!

Жүргізуші: Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды емес пе? Ендеше қазір аналарымызға және қыздарға арнап, керемет өлең шумақтарын оқиық!

Өлең оқу. Оқушылар жатқа өлеңдер оқиды.



Даяна: “Әйел-Ана”

Өмірден өссе бөбек алар гүлін,

Шықса да, мейлі, шыңға олар бүгін.

Әлі де еркелейді баяғыдай,

Тәңірден тілеп Ана амандығын.


Жанына ұл-қызыңның үңілесің,

Бәйек боп, болса нала, жүгіресің.

Әр жанның жүрегінде Ана деген -

Жазылып қалған мәңгі ұлы есім!


Бексұлтан: “Ана”

Уайым жеп біз үшін алаңдады,

Болсын дейді өмірде саған бәрі.

Сенде болсын дейді ол бар жақсылық,

Қандай жақсы өмірде анаң бары.


Мейірімі оның ұқсайды таң нұрына,

Ерітетін әлдиі жанды мына.

Күлкісінде шаттық бар сәби көрсең,

Қуан, Адам, анасы барлығына.


Нұрайым: Ана туралы

Ана десем сезім білер тым ыстық

Жарасымды адамдарға туыстық

Бар адамға берсе ананың мейірін

Орнар еді бар әлемге тыныштық


Бейбарыс: “8 – наурыз мерекесі”

Мерейлі сәт мерекеге ұласып,

Сегізінші наурыз келді қыр асып.

Қыз- келіншек, нәзік жандар мейрамы-

Көктемімнің шапағатын тұр шашып.


Құттықтаймыз аналарды, қыздарды,

Мерекеден шуақты бір із қалды.

Болсын әркез көтеріңкі көңілдер,

Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!


Жүргізуші: Оқушыларды отырғызады.

  • Жақсы, рақмет, тамаша! Оқушылар өз орындарыңызға жайғасыңыздар! Ал, енді, оқушылар сіздерге қояр сұрағым бар. Жалпы 8 – наурыз мерекесі туралы қызықты ақпарат немесе тарихы туралы білесіздер ме? Білмесеңіздер, қазір интерактивті тақтаға қарап, презентацияны тамашалайық! Біз сіздерге бұл мереке туралы қызықты мәліметтер дайындап келдік. Ең алдымен, мерекенің тарихы туралы бейнеролик қарайық!


Презентация көрсету. Оқушылар презентацияны қарайды. Қызықты мәліметтермен танысады. Бейнеролик қарайды. 8 - наурыз мерекесі туралы 8 қызықты дерек.

1) Әйелдер мейрамы ежелгі Римде де аталып өтілетін. Ол күні бас бостандығы бар әйелдер жолдастарынан сыйлық алатын болған, ал күңдерге ол күні қожайын тарапынан демалыс берілетін болған.

2) 8 наурыз әлемнің барлық елдерінде Халықаралық әйелдер күні ретінде аталып өтпейді. Мысалы, Сирияда 8 наурыз күні "Төңкеріс күні" болса, Либерияда (Африканың батыс жағалауы) - "құрбан болғандарды еске алу күні".

3) Румынияда 8 наурыз екі мейрамның жүгін арқалаған. Бұл күн балалары анасы мен әжесіне сыйлық беретін "Аналардың күнімен" де сәйкес келеді. 

4) Португалия мен Румынияда 8 наурыздың түнінде әйелдер тек қана әйелдер қауымына арналған жиындар мен орындарда көңіл көтереді. Бұндай дәстүрлер әйел статусын қоғам алдында биіктете түсу үшін шығарылған.

5) 8 наурызға арналған гүлдерден мимоза мен нарцисс кең таралған, мейрамның бейресми символы мимоза гүлі. Дегенмен, көктемде бүр атқан барлық гүлдер осы мерекеде нәзік жандылардың басты қуанышына айналады. 

6) 1910 жыл - 8 наурыздың туған күні. Осы күннен бастап, осы бір мерейлі мерекенің ғұмыры талай армандар мен үміттің символындай болып әр жүректе өріліп келеді. 1910 жылы Копенгагенде өткен әйелдер форумында неміс коммунист әйел Клара Цеткин бүкіл әлемді 8-наурыз күнін "Халықаралық әйелдер күні" деп тағайындауға үгіттеді. Оның айтпағы, дәл осы күні барлық әйелдер көтеріліс жасап, сол арқылы қоғамды өз мәселелеріне назар аударуға шақыра алады. Алғашында бұл мереке "Халықаралық еңбекші әйелдердің құқықтарын қорғау күні" болып аталса, 1921 жылдан бастап КСРО-ның ресми мейрамдарының қатарына қосылды.

7) 8 наурызды ресми түрде әлемнің 30-ға жуық елі тойлайды. Біздің елімізде бұл мереке кең көлемде аталып өтіледі. Кеңес Одағы құрамындағы барлық елдер Одақ ыдыраған соң да бұл мерекені тойлауды жалғастыруда.

8) 8 наурыз көптеген тарихи оқиғаларды өзіне жүктейді. Осы күні әйелдер өзінің бостандығы үшін, теңдігі үшін ереуілге шыққан болатын.

Назарларыңызға рақмет!


Жүргізуші: Тамызып мақал тілінің

Білімді болсаң жарарсың.

Ұшқыр ой, талап, біліммен

Әлемді жаулап аларсың, — дей келе келесі кезек мақал-мәтел жарысында.

Мақалдарды жалғастырыңдар.


1) ________ қылығымен көркем. (қыз)

2) Баланың бас ұстазы — ________. (ата-ана)

3) Әкеден безген ұл болмас,

__________ болмас. (Анадан безген қыз)

4) Атаңның баласы болма, __________. (адамның баласы бол)

5) Қыз өссе елдің көркі, __________. (гүл өссе жердің көркі)

6) Әдепті бала — арлы бала

_____________. (Әдепсіз бала –сорлы бала)

7) Оқу білім бұлағы, _________. (білім өмір шырағы)

8) Өнерлінің қолы алтын, _______. (өлеңшінің сөзі алтын)

9) Досы көпті жау алмайды, _________. (ақылы көпті дау алмайды)

10) ________ бар үйдің жеңгесі сүйкімді. (Кызы)

11) Ағаш тамырымен мықты, __________. (Адам досымен мықты)

12) Білім-теңіз, _______. (мектеп кеме)


Ойын ойнау. Жіп ойыны. Ұлдар мен қыздарға арналған сұрақтар.

Ән орындау. Шәмші Қалдаяқов - Ана туралы жыр.

Жүргізуші: Адам ең алдымен Ана алдында қарыздар. Ана қарызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды.Ана баласының ер жетіп адал болуын қалайды.Анаға осыдан басқа артық тартутаралығының керегі жоқ. Мұсылман қауымы анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да парызынан құтылмайсың деген екен. Ендеше аналарымыз, гүлдей жайнаған болашақ аналар қыздарға арнап, ән орындайық!


Сыйлық табыстау. Ендігі кезекте, тәрбие сағатымыздың маңызды кезеңі десек те болады. 8 – наурыз біздің сыныптың аяулы да әдемі қыздарымыздың да ерекше мерекесі, сондықтан сіздерге арнап сыйлық табыстауға рұқсат!


Жүргізуші: Күннің нұры, шуағы барлығы ананың жүрегінен нәр алған сияқты. Қай қайсымыз болмасын, қайда жүрсек те жүрегіміз ананың аяулы алақанын аңсап тұрады. Сондықтан бәрімізде ананың алдында қарыздармыз, ананың махаббатына алдында бас иеміз. Осымен «Мың алғыс саған, Анашым!» атты тәрбие сағатымыз аяқталды!



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!