Тақырыбы:Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ.
Мақсаты: Мақал-мәтел,жұмбақтар айту арқылы оқушыларды көркем,ұтымды сөйлеуге,қиыннан қиыстыра білуге үйрету.Ата-бабаларымыздың өсиетін қадір тұтуға,мақал-мәтел,жұмбақ,шешендік өнер арқылы өз елінің тарихи шежіресін білуге,әдет-ғұрып,салт-дәстүрін сыйлауға баулу.
Құрметті ұстаздар,оқушылар!Сіздер «1001 мақал,101 жұмбақ» атты танымдық ойынға жиналып отырсыздар.Мақал-мәтел,жұмбақ,шешендік өнер ата-бабамыздан қалған өшпес мұра.Көлемі жағынан шағын болғанымен,мазмұны терең,құны артып,қымбат қазынаға айналып келеді.Мақал-мәтел,шешендік сөздердің тәрбиелік мәні зор,рухани байлық.
Бүгінгі сайысқа қатысушылар 4 сынып оқушылары.
Әділқазы алқаларын сайлау.
Сайыс алты айналымнан тұрады:
1 айналым. «Таныстыру»
2 айналым. «Мақал-мәтелді жалғастыр»
3 айналым. «Жұмбақ шешу»
4 айналым. «Кім жаңылыспайды?»
5 айналым. «Топ басшылары» сайысы
6 айналым. «Тіл өнері»
Ендеше, сайысымызды бастаймыз. 1-ші айналым таныстыру.Әр топ өз тобының атын,ұранын таныстырады.
2-ші айналым.Бұл айналымда мақалдың жалғасын табу керек.
-
Шебердің қолы ортақ, ( шешеннің сөзі ортақ)
-
Атаңның баласы болма, ( адамның баласы бол.)
-
Жері байдың , (елі бай)
-
Бас кеспек болса да, (тіл кеспек жоқ)
-
Болат қайнауда шынығады, (батыр майданда шынығады)
-
Әдептілік белгісі, ( иіліп сәлем бергені)
-
Туған елдей ел болмас, ( туған жердей жер болмас)
-
Қыз өссе, елдің көркі, ( гүл өссе,жердің көркі)
3-ші айналым. «Жұмбақ шешу»
Әр топ үйден дайындап келген жұмбақтарын жасырады.Әр топта бес жұмбақтан.
4-ші айналым. «кім жаңылмайды?» Екі топқа жаңылтпаштар беріледі.Жаңылтпашты жатқа айту керек.Қатысушылар жаңылтпашты жаттағанша Көрермендермен жұмбақ шешеміз.
-
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. ( пияз )
-
Су болып сайға ағады. ( қар )
-
Тіріден өлі туады,
Өліден тірі туады. ( жұмыртқа )
-
Тал басында түндіксіз отау. ( ұя )
-
Отыз екі батыр,
Екіге бөлініп жатыр. ( тіс )
-
Іші жұмсақ,сырты қатты,
Еті қызыл,сүті тәтті. ( қарбыз)
-
Айдалада ақ отау,
Аузы,мұрны жоқ отау. ( жұмыртқа )
5-ші айналым.Топ басшылары шығып,мақал-мәтел айтып жарысады.Тақырып:
1. Отан, туған жер туралы.2 Оқу,білім туралы.
6-шы айналым. «Тіл өнері» Бұл айналымда екі топқа мақал-мәтелдер беріледі.Мақалдың мағынасын толық түсіндіріп айту керек.
-
Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады.
-
Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей.
-
Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен.
-
Бірлік болмай,тірлік болмас.
-
Кітап – алтын қазына.
-
Өнерлі өрге жүзеді,Өнерсіз шөлге жүзеді.
Қорытынды. Әділқазы алқаларына сөз.
«Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ»
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ
Тақырыбы:Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ.
Мақсаты: Мақал-мәтел,жұмбақтар айту арқылы оқушыларды көркем,ұтымды сөйлеуге,қиыннан қиыстыра білуге үйрету.Ата-бабаларымыздың өсиетін қадір тұтуға,мақал-мәтел,жұмбақ,шешендік өнер арқылы өз елінің тарихи шежіресін білуге,әдет-ғұрып,салт-дәстүрін сыйлауға баулу.
Құрметті ұстаздар,оқушылар!Сіздер «1001 мақал,101 жұмбақ» атты танымдық ойынға жиналып отырсыздар.Мақал-мәтел,жұмбақ,шешендік өнер ата-бабамыздан қалған өшпес мұра.Көлемі жағынан шағын болғанымен,мазмұны терең,құны артып,қымбат қазынаға айналып келеді.Мақал-мәтел,шешендік сөздердің тәрбиелік мәні зор,рухани байлық.
Бүгінгі сайысқа қатысушылар 4 сынып оқушылары.
Әділқазы алқаларын сайлау.
Сайыс алты айналымнан тұрады:
1 айналым. «Таныстыру»
2 айналым. «Мақал-мәтелді жалғастыр»
3 айналым. «Жұмбақ шешу»
4 айналым. «Кім жаңылыспайды?»
5 айналым. «Топ басшылары» сайысы
6 айналым. «Тіл өнері»
Ендеше, сайысымызды бастаймыз. 1-ші айналым таныстыру.Әр топ өз тобының атын,ұранын таныстырады.
2-ші айналым.Бұл айналымда мақалдың жалғасын табу керек.
-
Шебердің қолы ортақ, ( шешеннің сөзі ортақ)
-
Атаңның баласы болма, ( адамның баласы бол.)
-
Жері байдың , (елі бай)
-
Бас кеспек болса да, (тіл кеспек жоқ)
-
Болат қайнауда шынығады, (батыр майданда шынығады)
-
Әдептілік белгісі, ( иіліп сәлем бергені)
-
Туған елдей ел болмас, ( туған жердей жер болмас)
-
Қыз өссе, елдің көркі, ( гүл өссе,жердің көркі)
3-ші айналым. «Жұмбақ шешу»
Әр топ үйден дайындап келген жұмбақтарын жасырады.Әр топта бес жұмбақтан.
4-ші айналым. «кім жаңылмайды?» Екі топқа жаңылтпаштар беріледі.Жаңылтпашты жатқа айту керек.Қатысушылар жаңылтпашты жаттағанша Көрермендермен жұмбақ шешеміз.
-
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. ( пияз )
-
Су болып сайға ағады. ( қар )
-
Тіріден өлі туады,
Өліден тірі туады. ( жұмыртқа )
-
Тал басында түндіксіз отау. ( ұя )
-
Отыз екі батыр,
Екіге бөлініп жатыр. ( тіс )
-
Іші жұмсақ,сырты қатты,
Еті қызыл,сүті тәтті. ( қарбыз)
-
Айдалада ақ отау,
Аузы,мұрны жоқ отау. ( жұмыртқа )
5-ші айналым.Топ басшылары шығып,мақал-мәтел айтып жарысады.Тақырып:
1. Отан, туған жер туралы.2 Оқу,білім туралы.
6-шы айналым. «Тіл өнері» Бұл айналымда екі топқа мақал-мәтелдер беріледі.Мақалдың мағынасын толық түсіндіріп айту керек.
-
Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады.
-
Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей.
-
Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен.
-
Бірлік болмай,тірлік болмас.
-
Кітап – алтын қазына.
-
Өнерлі өрге жүзеді,Өнерсіз шөлге жүзеді.
Қорытынды. Әділқазы алқаларына сөз.
«Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ»
шағым қалдыра аласыз


