Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Нашақорлыққа жол жоқ!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұрпақты зиянкестік нәрселерден сақтану мақсатында, нашақорлыққа жол жоқ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Нашақорлық, маскүнемдік, темекі шегудің әлеуметтік мәселелері».

Құндылығы: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: Шынайылық, адамгершілік, кешірімділік.


Мақсаты: Нашақорлық, маскүнемдік, темекі шегудің адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларды шынайылыққа үйрету.

  2. Дамытушылық: Оқушылардағы адамгершілік қасиетін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды кешірімділікке тәрбиелеу.

Ресурстар:


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т ережесі
Тәртіп
Талап
Тазалық
Тыныштық
Татулық

Оқушылар ережені есімізге түсіріп, тобымыздың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.
«Жүректен жүрекке» бір-бірімізге жылы сөздер айту арқылы көңіл күйлерімізді жақсартып алу.

«Өмірімізді ұзарту да қысқарту да өз қолымызда»


Өмірге адам бір ақ рет келеді,
Жастық шағың өміріңнің кемелі.
Күте білсең саулығыңды өрелі,
Табиғаттың бергеннен көп берері. – деген өлең жолдарымен тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Тәрбие сағатымыздың тақырыбы қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі «Нашақорлық, маскүнемдік, темекі шегудің әлеуметтік мәселелері».


Сабақтың дәйексөзі

Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен

Мақал-мәтел жинағынан

Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?


Мұғалім сыйы
«Нашақорлық» туралы бейнеролик .



Сұрақтар:

  1. Бейнероликтен не ұқтыңыз?

  2. Бейнероликтегі іс-әрекеттер қандай болды?

  3. Кейіпкердің баласына берген тәрбиесі қандай болмақ?


Ой-толғау
Есірткі туралы не білеміз?
Нашақорлық-адамзатқа берілген ең ауыр жаза.
Нашақорлық-өзін-өзі өлтірудің ең баяу тәсілі, өз бойында өмірді, ерікті, ақылды, қабілетті саналы, ерікті түрде бұзу. Нашақорлық - бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет.
Алғаш болып «есірткі» деген анықтаманы сезгiштiктi жоғалтуға алып келетін заттарды сипаттау үшін грек емшісі Гиппократ қолданған. Есірткі, анаша – ғасыр тажалы. Онымен қазір бүкіл әлем болып күресуде. Бірақ ол - оңай алдырар жау емес екен. Есірткі - бір басын кессең, екінші басы шыға келетін жеті басты жалмауыз сияқты.
Темекі — білдіртпей алатын ажал.
Темекі түтінінде 5 мыңға жуық химиялық заттар бар.
Темекінің денсаулыққа зиян екендігіне күмән жоқ: ол шылымдардың өз денсаулығына да, оны қоршаған адамдарға да зиян. Темекі шегетіндер бұл зиянды әдеттен тез арада арылуы керек.

Мақалды жалғастыр
1. Ауырып ем іздегенше,
..........................................
2. Ішпеген, шылым шекпеген,
Жасайды ................................
3. Қайғы қартайтады.
Қуаныш ..............................
4. Адам арақты ішеді,
Арақ ..................................
5. Жасында темекісін будақтатқан,
Күркілдеп қартайғанда ......................
6. Арақ-ішіп ішіне көшеді,
Ақыл .................................................

Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.
Пікірсайыс


1 –Жақтаушы
2 –Даттаушы
Арақ, темекі өнімдерінің пайдасы мен зияны(адам және қоғамға).

Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ болыңыз. Денсаулығыңыз мықты болсын, спортпен айналысыңыз. Сіз ел үшін керексіз. Өйткені сіз – тәуелсіз еліміздің болашағысыздар!


5. Топпен ән айту.
Спорт
Айгерім Қалаубаева
Спорт Спорт Спорт
Спорт Спорт Спорт
Спорт Спорт Спорт
Спорт Спорт Спорт

Елім барда ерлік бар мақтанатын

Ерлік барда намыс бар сақталатын

Намыс барда жеңіс бар жетелейтін

Жеңіс барда елім бар еркелейтін

Биікке бұлтым самғайды

Елімнің жас арманы

Намысын елдің қорғайтын

Бейбіт күн батырлары

 

[Қайырмасы]

Спорт Спорт Спорт

Ерліктің аланы

Спорт Спорт Спорт

Ер жүрек жалауы

Спорт Спорт Спорт

Жеңістің алауы


Халқым барда салтым бар сақтап келген

Салтым барда елім бар жақтап келген

Елім үшін ерім бар қорған болған

Ерлер барда адаспас арман жолдан

Биікке бұлтым самғайды

Елімнің жас арманы

Намысын елдің қорғайтын

Бейбіт күн батырлары

 

[Қайырмасы]

 

Туынды көтерген ерлікті аңсадым

Жеңіске жеткізген батырлар

Елдікті ерлікті көрсеткен батырлар

Ерінбей ел үшін тер төккен батырлар


6.Сабақтың қорытынды сәті.
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың түйінін С.А.Назарбаеваның мына бір сөзімен аяқтағым келіп отыр. «Дені сау ұрпақ- әр отбасының қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты азамат халықтың болашағы, Отанымыздың сенімді тірегі болмақ». Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.10.2020
14938
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі