жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты "Ойлы болсаң, озып көр!"
Дайындаған: Ерикбаева А.Н.
Тақырыбы: «Ойлы болсаң, озып көр!»
Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін тексере отырып, ақыл-ой өрісін жан-жақты дамыту. Оқушылардың ана тілін сүюге, бабалардан қалған ұлағатты ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі-өнеге алуға баулу. Оқушылардың әрбір пән бойынша алған білімдерін тиянақтау, шапшаңдыққа жинақтылыққа тәрбиелеу, ақыл – ойын дамыту.
Мұғалімнің
сөзі
- Балалар, бүгін біздің
сынып оқушыларының арасында «Ойлы болсаң, озып көр» атты зияткерлік
білім сайысы өткізіліп отыр. Осы сайысқа 2 «г» сынып оқушылары
ішінен екі топ құрылып, өзара білімдерімен сынға түспек. Ендеше
сайысқа түспес бұрын екі топ таңдап алуымыз қажет.Сондықтан
«Зымыран сұрақтарға» жауап беруіміз керек.(Қол көтеріп жауап беру
керекпіз)
-
Қазақстан астанасы қай қала? (Астана)
-
Сиырдың төлі (бұзау)
-
Жуан дауыстыларды ата (а,ы,о,ұ)
-
Аптада неше күн? (7)
-
Өлең жазатын адам (ақын)
-
Аптаның екінші күні? (сейсенбі)
-
Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрышты қалай атаймыз? ( шаршы)
8.Қазақстан рәміздерін ата. (Ту, Елтаңба, Әнұран)
9.Дауыссыз дыбыс неше бөлінеді? (3)
10.Ән айтатын адам? ( әнші)
11.Оқушының сабақ кестесі, үй жұмысы және білімін бағалайтын оқу құралы (күнделік)
12.Бір сағатта неше минут бар? (60 мин)
13.Барлық бұрыштары тік болатын төртбұрыш (тіктөртбұрыш)
(10 оқушы шығады. Шыққан
оқушылар енді екі топқа бөлінеді.Фигуралар арқылы)
Ортаға бүгінгі зияткерлік ойынымыздың сайыскерлері
«Тапқырлар» және «Алғырлар»
топтарын шақырайық
Әділ - қазы мүшелерін сайлау
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,
- дей отыра әділ - қазы мүшелерімен таныстырып өтейін.
2. «Ойлы болсаң, озып көр» зияткерлік ойынының өткізілу жоспарымен
таныстырып өтейін:
1.Тездет, бірақ қателеспе!
2.Бинго
3. Полиглот сайсы
4.Сөз ойла, тез ойла
1 айналым «Тездет, бірақ қателеспе»
Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Бір сөзбен «ия» немесе «жоқ» деп жауап
береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Екі топтың да жауабы тыңдалады. Содан
кейін тақтадан дұрыс жауабы шығады.
«Алғырлар» тобы.
-
Дауыссыз дыбыстар 3-ке бөлінеді. (ия,қатаң, ұяң, үнді)
-
Өмір сүру үшін адамға ең қажетті нәрселер: үй, киім, көлік, теледидар. (жоқ, Тамақ, ауа, су, жарық, жылу)
-
Бір тәулікте 24 сағат бар (ия)
-
Судың 4 күйі бар. (жоқ, 3 күйі бар: қатты, сұйық, бу)
-
120 минутта 3 сағат бар. (жоқ, 2 сағат)
-
Бақа,саламандра, құрбақа мен құйрықты бақа қосмекенділерге жатады? (ия)
-
Дыбысталуы бірдей, білдіретін мағыналары әр басқа сөздерді синоним дейміз.(жоқ,омоним)
-
Аптаның үшінші күні сәрсенбі (ия)
-
5 ондықтан тұратын сан 55 (жоқ 50)
-
Ә,ө,і,ү,е – жуан дауысты дыбыстар ( жоқ жіңішке дауысты дыбыстар)
«Тапқырлар» тобы.
-
Ұзындық өлшем бірліктері мм, см, дм, м, км. (ия)
-
Сыныптастар –олар бір сыныпта бірге оқитын немесе бұрын бірге оқыган оқушылар (ия)
-
Бір аптада 8 күн бар (жоқ 7 күн)
-
Тасбақа, кесіртке, жылан бауырымен жорғалаушыларға жатады? (ия)
-
Жолбарыс жыртқыш жануар емес (жоқ жытрқыш)
-
Ауаның түсі исі болмайды (Ия)
-
Мағыналары қарама- қарсы сөздерді омоним сөздер дейміз (жоқ атноним)
-
Қаңқа – адам денесін ұстап тұратын сүйектердің жиынтығы. (ия)
-
Қазақтың ұлы ақыны Абай (ия)
-
Су көлігі кеме (ия)
2 айналым: «Бинго» Бұл айналымда көрермендермен жұмыс болады.Көрермендерге сұрақтар қойылады.Сұрақтардың жауаптары бингоның билетінде кездеседі.
-
-
-
-
10 ұпайдың сандары
2
78
24
20 ұпайдың сандары
42
60
8
30 ұпайдың сандары
9
30
4
-
-
-
Сыныптың ортасына табло орналастырылады..
1.Табиғат нешеге бөлінеді? (2 өлі, тірі)
2.1 сағатта неше минут бар ? (60 минут)
3.Қазақ алфавитінде неше әріп бар? (42)
4.Аналар мерекесі қашан тойланады? (8 наурыз)
5.Бірінші қосылғыш -43, екінші қосылғыш-35. Қосындының мәні нешеге тең? (78)
6.50-ден 20 ны азайт. (30)
7.1 тәулікте неше сағат бар? (24)
8.Жеңіс күні қай уақытта тойланады? (9 мамыр)
9.2-ні 2-ге көбейткенде неше болады? (4)
3 айналым: Полиглот сайысы
Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің?
Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.
Сондықтан да келеді біле бергім,
Білімдіні сүйерін білем елдің, - деп Асқар Тоқмағамбетов ағамыз айтып кеткендей, қазір тек білімді, тәрбиелі, озық ойлы адам ғана өмірден өз орнын ойып тұрып алады. Олай болса, біз бүгінгі жастарымызға тек оқудан, ізденуден, тер төгуден жалықпаңыздар дегім келеді.
«Алғырлар» тобына
-
Қанаты бар ұшпайды, су астында қыстайды. (Балық – рыба – fish)
-
Адамға ең қымбат жан (Ана – мать – mother)
-
Сөзі дана үні жоқ, Сөйлемейді тілі жоқ. (Кітап – книга – book)
-
Түссе күннің шуағы
Көзді еріксіз жұмады.
Жылы жерді сүйеді,
Беті-қолын жуады. (Мысық- кошка- Саt)
5.Тау басы тұнық,
Қаптаған шыбық,
Қойсаң да қырқып,
Өсе бередi, қайтадан шығып. (Шаш - волосы- hair)
«Тапқырлар» тобына
1. Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді (ұстаз, учитель, teacher)
2.Ұшымен қазық
Тор көзді жазық.
Үстінен өттім,
Асыл сөз жазып. (дәптер, тетрадъ,notebook)
3.Түсі бар ақты, көкті, қызыл ала,
Пайдасы адамзатқа тиген жаңа.
Қойыпты ортасына қазық қағып,
Сүйкімді көреді екен бала-шаға. (Алма- яблоки-apple)
4.Аспанда бір айна бар
Әлемді көріп айналар. (Күн – солнце- sun )
5. Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы (мектеп, школа, shcool)
4 айналым: Сөз ойла, тез ойла (Атамекен, болашақ)
«Алғырлар» тобына Атамекен – ата,мекен, екен, ене, там,кенет, ана,ен, кет, тана, аман, кене, кеме,мата.
«Тапқырлар» тобына Болашақ- бол, шақ,қаш,алаш,қал,ол,қола,Балқаш,ақ,ал,шабақ,қол,лақ, бақ, шоқ,бақа, қала,шал,шала.
Қорытынды:
Ойын толқын жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар.
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып - дей отырып бүгінгі сайысымыз аяқталды.Жеңген топтарды марапаттау.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген