жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты. "Өнер-білім бәрі де оқуменен табылған"
“Өнер — білім бәрі де оқуменен табылған”
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету және қызығушылықтарын арттыра отырып, тапқырлыққа, ұтқырлыққа баулу.
Көрнекілік: құпия сандық, өлең жолдары, кеспе әріптер, презентация.
І. Ұйымдастыру.
Сынып 4 топқа бөлінген. Топ ережесі:
-көтеріңкі көңіл күйде болу;
- бірлесіп жұмыс жасау;
-ойланып , сұрақтарға нақты жауап беру;
-уақытты
үнемдеу.
Армысың шапағатты күн-ана
Армысың қайырымды аспан-ана
Армысың мейірімді
жер-ана
Армысың қонақтар, достарым
Құт дарыт, бар
әлемді жарылқа !
Бүгінгі тәрбие сағатымыз
“Өнер
— білім бәрі де оқуменен табылған” деп
аталады. “Өнер – таусылмас азық, жұтамас
байлық” – деген халық даналығы.
Өнер
- адамының дүниетанымына, сеніміне,
адамгершілігіне, алдына қойған мақсатының
айқындала түсуіне әсер етеді.
Ата-бабаларымыз өз ұрпағының өнердің
әр саласынан толық мағлұматы болуына
аса көңіл бөлсе керек. Осыған орай
мақал – мәтелдер “Жігітке жетпіс өнер
де аз”, “Өнер таусылмас азық, жұтылмас
байлық” – деп өнерді құдіретті күш,
адамның жан серігі, ертенгі күнгі жейтін
тамағы ішетін сусыны, рухани байлығы
деп бағалаған.
- Бүгінгі “Өнер
— білім бәрі де оқуменен табылған”
атты
ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Ой
қозғау Ширату
сауалдарымен бастайық:
1. Өнерлі
дегеніміз кімдер?
2. Өнердің түрлері
бар ма?
3. Ауылымызда өнер адамдары
барма?
- Өте жақсы! Жарайсыңдар! Тамаша!
Енді, саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық.
-Біздің ауданымызда мәдениет сарайы
бар ма?
- Сахна – киелі орын. Солай
емес пе? Ал, сахнаға білім мен өнер
ұштасқанда ғана көтеріле аламыз.
Оқушыларымызға сөз кезегі жолданады.
1
– оқушы:
Ән
мен күйді төгілтіп
Інжу - маржан
шашайық!
Қонақтарды тамсандырып.
Өнерден
шашу шашайық.
2 – оқушы:
Талай
– талай баспалдақты аттармыз,
Ата –
ананың үмітін де ақтармыз.
Ұстаздардан
алған өнер, білімді,
Жадымызда өмір
– бақи сақтаймыз.
3
– оқушы:
Бұл
өмірдің лаулаған жалындары,
Бойында
өнер оты жалындады.
Үлкен өнерпаз
боп болашақта.
Боламыз еліміздің
дарындары.
4
– оқушы:
Бәйгеге
түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
«Жалғасын
тап» ойыны
яғни мақалдың жалғасын тауып айтады.
1. Өнерлі... /өрге жүзер/
2. Өнер
алды... /қызыл тіл/
3. Өнерлінің... /өрісі
кең/
4. Шебердің қолы ортақ... /шешеннің
сөзі ортақ/
5. Өнер... /киелі/
6. Жігітке
жеті... /өнер де аз/
І
-айналым «Құпия сандық» Жұмбақ шешу
Бұл
айналымда құпия сандықты ашып жұмбақ
жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 3
тілде (қазақша, орысша, ағылшынша)
айтуларың керек. Әр топқа кезекпен
жасырылады.
1-топ: Қолы менен қаламы жоқ, бірақ сурет салады көп. (аяз - мороз)
Қоймасын қыс ақтарып, жерді жапты ақ мамық. (қар - снег)
Бірін-бірі қоштаған, бір үйден көрдім, қырық екі дос-жаран. (әріп - буква)
2-топ: Жұқа тақтай бөлшегі, ұзындықтың өлшемі. (сызғыш - линейка)
Қалқиып екі құлағы, елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)
Жолбарыстан аумайды, тышқандарды аулайды. (мысық - кошка)
3-топ: Жеп көріп ем өзім мен, жас шығарды көзімнен. (пияз - лук)
Бұлаңдаған құйрығы, бір алдарлық қулығы. (түлкі - лиса)
Әттең, даусым, тілім жоқ, құшағымда білім көп. (кітап - книга)
4-топ: Суға батпайды, отқа жанбайды, айнымайды шыныдан, қорғады тек жылыдан. (мұз-лед)
Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады. (күн-солнце)
Тігіп алып көк шатыр, астында қызыл дәу жатыр (қарбыз-арбуз)
“Туғанда дүние есіген ашады өлең” – деп ұлы Абай атамыз айтқандай ән – жырсыз өтетін тәрбие шарасы болмайды. Бір әндетіп алайық.
Ән «Біз балдырған баламыз»
ІІ айналым Топтық жұмыс «Ойлан. Бірік. Бөліс.»
Бұл кезеңде сендерге кеспе әріптер беріледі. Бұл әріптерден сөздер құрап, әңгімелеп айтуларың керек. Керекті сөздер: (өнер, әнші, мектеп, тақта).
Сергіту сәті «Аяқпенен топ-топ»
ІІІ айналым «Білгенге маржан» Бұл айналымда 4 пән беріледі. Оқушылар сол пәндердің біреуін таңдап сұрақтарға жауап береді.
Математика пәні 1. Мен бір сан ойладым, оған 25-ды қосқанда 80 шықты. Мен қандай сан ойладым? 2. 1 дм - де неше см бар? (10) 3. 1 жылда неше ай бар? (12) 4. Екі шеті тұйықталған түзу сызық ? (кесінді)
Жаратылыстану пәні
1. Қай құс өз атын қайталай береді? (көкек)
2. Құлағы үлкен жануар (піл)
3. Киелі құс (Аққу)
4. Шөлге шыдамды жануар (түйе)
Сауат ашу пәні
1. Дыбыстар нешеге бөлінеді? (2)
2. Дауысты дыбыстарды ата? (а ә е е и о ө ұ ү ы і э ю я у)
3. Бірде дауысты бірде дауыссыз дыбысты ата (у)
4. Білім сөзін буынға бөл. (Бі-лім)
Дүниетану пәні
1. Адамдар қалада көппе әлде ауылда көппе? (қала)
2. Жыл мезгілдерін ата. (қыс, көктем, жаз, күз)
3. Көктемде адамдар қар күрей ме? (жоқ)
4.Сақ ханшайымы кім? (Томирис)
Келесі кезекті тағы бір әнге берейік. Ән: «Әнші балапан»
Тәрбие
сағатын қорытындылау:
-
Біздің тәрбие сағатымыз ол сендердің
бүгінгі күнге дейін алған білімдеріңді
саралау болып табылады.
Тәртіпті,
білімді болайық!
Өнермен бал – бұл
жанайық!
Келесі тәрбие сағатымызға
дейін аман – сау болайық! - деп, бүгінгі
өткен тәрбие сағатына кері байланыс
берелік. (Бас бармақ көрсету арқылы
алу)
Егер сабақ ұнаса, саусағыңды тырсылдат. Егер сабақ ұнаса, аяғыңды тарсылдат. Егер сабақ ұнаса, шапалақты аяма, Егер сабақ ұнаса, айтайықшы тамаша!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген