Материалдар / Тәрбие сағаты "Оқушылардың мектептегі тәртіп ережелері" 5 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты "Оқушылардың мектептегі тәртіп ережелері" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
5 және 6 сынып оқушылардың мектепте өзін-өзі ұстау ережелерімен қағидалары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Наурыз 2020
8401
22 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқушылардың мектептегі тәртіп ережелері



Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек,
тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»
Әбу Насыр әл-Фараби


Мектепте оқу - тәрбие үрдісінде жағымды жағдай жасау, мектеп маңы мен мектеп өмірінде оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау, адами құндылықтарды сыйлауға, қоғамда өздерін таныта білуге дағдыландыратын мектеп оқушыларының тәртіп



Е Р Е Ж Е Л Е Р І

Жалпы ереже

Мектепте оқушылар өзара және үлкендер арасында рухани - адамгершілік нормаларын сақтайды. Адал әрі өзінің және өзгенің ар-ождан қағидаларын биік ұстайды.

Оқушылар:

·        Оқушы мектепке мектеп үлгісімен (формасымен) ;

·        Үлкендерге құрметпен қарауға;

·        Көмек керек кезінде кішілерге, мүгедек-кемтарларға көмек көрсетуге;

·         Мектеп мүлкін өз мүлкіндей сақтап, күтуге, басқа да адамдар мен қоғамдық меншіктерді көздің қарашығындай сақтауға;

·         Мұғалімдердің және басқа да мектеп қызметкерлерінің айтқанын бұлжытпай орындауға;

·         Ынталы оқуға, шығармашылықпен жұмыс істеуге және білімді табандылықпен меңгеруге;

·         Сабақтан қалмауға, сабаққа және басқа да іс-шараларға кешікпей, уақтылы келуге;

·         Мектеп ережелерімен талаптарын (мектеп әкімшілігінің , мұғалімдердің, сынып жетекшілері мен оқушылар ұйымының) орындауға;

·         Мектептің қоғамдық және мәдени өміріне белсене қатысуға;

·         Өзінің мәдени деңгейін әрқашан көтеріп отыруға, өз бойында жақсы эстетикалық талғам мен әдептерді қалыптастыруға;

·         Жаман әдеттерден: темекі шегу, жаман сөз айту, қыдыру, салақтық т.б. аулақ болуға,  оны болдырмауға;

·         Жеке бас гигиенасын сақтауға, денесін шынықтыруға, мектепте және басқа да қоғамдық орындарда тәртіп пен тазалықты сақтауға;

·         Ұжымда достық қарым-қатынас орнатуға, бірін-бірі құрметтеуге, бір-бірінің абыройы мен намысын қорғауға;

·         Табиғатқа (өсімдік, жан-жануар т.б.) нұқсан келтірмей, қамқор болуға



Мектепке сабақ басталғанға дейін

Оқушылар мектеп үлгісінде таза, ұқыпты киініп келеді. Мектепке кіргеннен соң сырт киімдерін шешіп, шаштарын, киімдерін ретке келтіріп, сынып бөлмесіне барады. Сабаққа керек оқу-құралдарын парта үстіне шығарып, дайын отырады.


Сабақ үстінде

Сынып бөлмесіне мұғалім кіргенде оқушылар орнынан тұрады. Сәлемдескеннен кейін мұғалімнің рұқсатымен  орындарына отырады. Сонымен қатар сабақ үстінде сынып бөлмесіне кірген адамға оқушылар орнынан тұрып сәлемдеседі. Мұғалім немесе басқа да жасы үлкен адам сынып бөлмесінен шыққанда да оқушылар орнынан тұрады.Сабақ үстінде сабақтың тәртіп ережелерін сол сабақтың пән мұғалімі белгілейді.Сабақ үстінде шулауға , басқа  оқушыларды  алаңдатуға, әңгіме  айтуға, сабаққа қатысы жоқ басқа іс-әрекеттермен шұғылдануға, ойын ойнауға болмайды.Егер оқушы бір нәрсе айтқысы келсе, жауап бергісі келсе, сұрақ қойғысы келсе қол көтереді. Тек мұғалімнің рұқсатынан кейін ғана орындай  алады. Мұғалім басқа тәртіп орнатуы мүмкін.Қоңырау-мұғалімге сабақтың біткендігін хабарлайтын құрал. Қоңырау сабақ уақытын дәл есептейді.Егер оқушы денсаулығына байланысты  сабақтан қалса, сынып жетекшісіне дәрігерлік анықтама немесе өте қиын жағдайда ата-анадан мәлімдеме қағаз әкеледі. Сабақтан дәлелсіз қалуға, сабаққа кешіге болмайды.


Үзілісте  және сабақ аяқталғаннан кейін

Үзілісте оқушылар

  • өздерінің отыратын, жұмыс істейтін орындарын ретке келтіруге:

  • сынып бөлмесінен шығуға;

  • кезекші мұғалім мен кезекші оқушылардың және мектеп қызметкерлерінің талаптарын орындауға міндетті.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!