Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты. Отбасы- алтын діңгек.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға “Отбасы құндылықтары” ұғымы туралы түсінік беру. Әке, шеше, ата, тегі туралы ұғымдарын кеңейту.Оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастыру, жүйелі сөйлеуге үйрету, қызығушылығын арттыру, шығармашылық әрекетін дамыту. Сыйластыққа,мейірімділікке, татулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу. Отбасы құндылықтарын насихаттау. Ата -анасын,бауырларын, туыс туғандарын силауға, құрметтеуге, мейірімділікке тәрбиелеу,татулықты нығайту.
Материалдың қысқаша нұсқасы











Shape1

(Тәрбие сағаты)


























Сабақтың тақырыбы:   Отбасы – алтын діңгек.

Мақсаты:

Оқушыларға     “Отбасы құндылықтары” ұғымы туралы түсінік беру.   Әке, шеше, ата, тегі туралы ұғымдарын кеңейту.Оқушылардың ойлау дағдысын   қалыптастыру, жүйелі сөйлеуге үйрету, қызығушылығын   арттыру,     шығармашылық әрекетін дамыту.

Сыйластыққа,мейірімділікке,   татулыққа,   қамқорлыққа 

тәрбиелеу. Отбасы құндылықтарын насихаттау.


Әдіс – тәсілдері:

Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау, тірек-сызба, топтастыру стратегиясы, танымдық ойындар.


Қажетті құралдар :

отбасы мүшелерінің суреттері, интерактивті тақта, қима суреттер(бұлт, күн, ай, жұлдыздар, ағаш)


Көрнекіліктер:   қанатты сөздер, мақал-мәтелдер:

Атадан – нақыл.

Ұшқанда соны іледі.

Ата-ананың парызын,

Өтеу - сенің қарызың

Жақсы ата – орман ,

Жақсы бала қорған.


 Кіріспе әңгіме:   

           

- Қайырлы күн, оқушылар! Бүгін біз үшін өте ерекше, әрі әсерлі тақырыпта тәрбие сағаты болады.


ІІ.Тұсаукесер


Жұмбақ шешу: Маған да, саған да,
 Жақын туыс бес адам.
 Үш әріптен тұратын.
 Оңға оқы, солға оқы
 Өзгермейді еш одан.
 Бәрі-де өз жұртың
  Айтады, қане кім атын? (шешуі: ата,ана,апа,аға,іні)


Жұмбақтың шешуі болған сөздер төңірегінде әңгімелесу:

Бұлар кімдер? Ата,ана,аға іні,апа бір үйде тіршілік ете ме? Бірге өмір сүрсе басқаша не дейміз?

-Отбасы.


Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымыз отбасы туралы болмақ.



Балалар жайланып отырып, көздерін жұмып, өздеріне ең жақын, сүйікті отбасы мүшелерін, өз үйлерін көз алдарына елестетеді. Өз отбасылары туралы ең қымбат, ғажап сөздерді айтып, өз ойларымен бөліседі.




-      «Отбасы» туралы қандай тақпақтарың естеріңе түсті. Ана, әке туралы тақпақтар айтқызу.

1 оқушы.

Мен гүлдерді жұлмаймын,

Торғайларды қумаймын.

Айтқан сөзді тыңдаймын

Анашымды сыйлаймын.


2 оқушы.


Папамызға еркелеп,

Мамамызды тыңдаймыз.

Әжем айтар ертек көп,

Атамызға сыйлаймыз


3 оқушы.


Өсіп келе жатырмын,

Өз әжеме еліктеп.

Әжем мені жасымнан,

Тастамайды қасынан.


Топтық жұмыс.

Балалармен отбасындағы күнделікті жиналатын орын туралы сұраймын.

-Балалар,отбасы мүшелері түгел жиналатын уақыт қай кезде және ол қайда?

-Дастархан басында.

1 топ.

Отбасы мүшелерін дастархан басына жайғастырыңдар. Және не үшін олай отырғызғандарыңды дәлелдейсіңдер.








2 топ.

Мына суреттегі бейнелердің қайсысын өз отбасы мүшелеріне теңер едіңдер? Ойын: «Неге теңеймін». Балаларға күннің, айдың, бұлттың, жұлдыздың, гүлдің суреттері таратылып беріледі. Оқушыларға «анаңды кімге теңейсің» деп сұрағанда қолдарындағы суреттің біреуін көтереді. Сол сияқты атасын, әкесін, ағасын т.б. айтылады.




3-топ: “ Құндылық құнын ұғындыр. Сөйлемдерді толықтыр және ұғындыр.




Сергіту сәті:


«Отбасы шежіресі» туралы жұмбақ шешу. Алдарында әкесінің, атасының, анасының т.б. фоталары жатады.

  1. Айтары мол ғұлама,

Көп жасасын бұл адам,

Әкесі ол әкеңнің

Білер оны сұраған.

Ол кім?   Барлығы – атам.    

Аталарының суретін ағаштың тамырларына іледі.

 

  1. Атаңның баласы,

Кей кезде таласып.

Қаласың әжеге

Білгенің асады кәдеге.

Ол кім?   Барлығы - әкем.   (әкесінің суретін іледі)


  1. Бала бала, бала деп,

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған.

Қолын қатты тигізбей,

Кірлі көйлек кигізбей.

Иісін жұпар аңқытқан.

Бұл кім?     Барлығы – ана.   (анасының суретін іледі)

-Олай болса аналарың сендерді қалай еркелетеді? (балапаным, аппағым, ботам, күнім, қозым т.б.

Отбасы – ол үлкен қуаныш, шаттық, мейірімділік, қамқорлық, сүйіспеншіліктің ортасы. Халықта «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген сөз бар. Бала отбасында жақсы тәрбиеленсе, өскенде әдепті, ақылды азамат болып шығады. Отбасы мүшелеріне қашанда көмектесу, қамқор болу, үлкендердің айтқандарын тыңдау, ұқыпты болу әр баланың қолынан келеді.


   Балалар сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.

-          Отбасы, қуаныш, шаттық, мейірімділік, қамқорлық, сүйіспеншілік.


Рефлексия кезеңі: Балалар өз отбасына деген тілектерін білдіреді. Ол мынадай сөздермен басталады.


«Мен шын жүрегіммен тілеймін...»




Қорытындылау: Отбасы - ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы     Тамаша, балалар! Адамға өмірде ең қымбаты – отбасы. Отбасына ата, әже, әке, ана, аға, апа, іні-қарындастарымыз және өзіміз жатамыз.    


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
2616
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12