400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

Тәрбие сағаты: Отбасы тәрбиенің ең тамаша мектебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал колледж білім алушыларын тәрбиелеуде ата ана мен ұстаздардың бірлігі жайында
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Отбасы – тәрбиенің ең тамаша мектебі . Мақсаты: Ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу.

Эпиграф: «Отбасы – адамның жақсылық жасауға үйренетін ең бірінші әлеуметтік ортасы».В.А. Сухомлинский. Ұлы ұстаз А. С. Макаренко:«Тәрбие-баламен әңгімелесумен, сөйлесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді.Тәрбие тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі-өнеге көрсетуінде. Отбасындағы бала тәрбиесі халық өмірімен, қоғамның мақсат-міндеттерімен байланысты болуы керек» деген.

Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да, отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алмайды.«Бала – адамның бауыр еті» деген нақыл сөз бар.Сондықтан да ерте кезден бастап бала өмірінің жалғасы , көз қуанышы,шаңырақ иесі деп ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. «Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке қыран болуы керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқтаған. Жанған отын сөндірмей, түтінін түтетіп, артына ұрпақ қалдыруды көздеген. Ал тәрбиенің көзі-ата-бабамыздан қалған ақылда, дана сөздердерде. М. Әуезовтың «Ел болам десең, бесігіңді түзе» – деген сөзі отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе? Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше, бұлар жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері – баланың «әдепті бала» болып өсуі. Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік көрсетпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып, өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді. Тәрбие басы «әдептілік» деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған.

  • «Адамның жақсы болуы тегінде емес,тәрбиесінде,ақылында,өнер, білімінде. Адамға үш адамнан мінез жұғады: ата- анадан, ұстазынан, құрбысынан. Әсіресе, олардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады», деп осы үшеуінен баланың болашағы шешілетінін ескерткен Ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбаев.

Қазіргі заманның өмір талабына байланысты көптеген ата- аналар балаларын «қайтсем бағамын» деген мақсатпен бала тәрбиесіне көңілдерін аз бөлуде. Осыған байланысты отбасы тәрбиесі ақсап, қиын баланың шығуы мүмкін. Қазір ата – ананың сабаққа қатысып, баласының білімін, тәртібін қадағалау жоқтың қасы. Ата - ана баласының болашағын ойламайды деуден аулақпын, бірақ сол болашақ күнделікті сабақтан басталатынын ұмытып кетеді. Тамшы су сияқты күнбе – күнгі сабақ болашақты қалайтынын, содан білім құралып, үздік куәлік, аттестат, грант, диплом деген ұғымдар ұласатынын ата – аналар естен шығарып алады. Күнделікті сабақты қадағаламайды да, әбден мектеп бітірерде қарбаласқа, уайымға салынады. Баланы мектепке даярлау ата – ананың міндеті. Қазіргі ата – ана бірінші кезекте баланың тамағы тоқ болса, киімі ешкімнен кем болмаса деп қана ойлайды.Тіпті балаларының сабақпен емес, агентпен әуре болып отырғанын елегісі келмейді. Өз баласының өздігінен өмір сүруге, өзі тауып, өзі ізденуіне мүмкіндік бермейді, баланың айтқанын орындайды. Бар малын, жиған – тергенін, несие алып болса да сол баланың жолына салады. Керсінше, оқушылардың сабағын күнделікті қадағалайтын ата – аналардың балалары өте жақсы оқып, жыл сайын мақтау қағаз алады, грант иегері атанып, оқуға түседі.

Шығыс ғұламасы Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген. Сондықтан баланы өмірге бейімдеуде колледж, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Ата- ананың міндеті:

  • Баланың топ жетекшісімен тығыз байланыста болуын қадағалау;

  • Колледжішілік ата- аналар жиналысына қатысу;

  • Баланың сабағына қатысу;

  • Тәрбиемен ерекше жағдайда ғана емес, ұдайы айналасу;

  • Бала тәрбиесі тек ұстаздың ісі емес, ортақ іс екенін ұмытпау;

  • Өз балаңыздың колледжден тыс уақыттағы өміріне аса үлкен жауапкершілікпен қарау;

  • Баланың сапалы білім алуы үшін оған оқуға қажетті құрал жабдықтарын уақытылы әперу.

Еліміздің болашағы – ұрпақ тәрбиесінде. Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім беру мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігі мен білімділігін, іскерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады.Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, білім беру және жастар саясаты туралы заңдардың қабылдануы жастар тәрбиесі мәселесіне жаңаша ойлаумен қарауды талап етеді. Қазіргі кезде жастарға, олардың тәрбиесіне қай кездегіден болса да зор үміт артылып отыр. Себебі, республикадағы 18 миллион халықтың шамамен 6 миллионнан астамы 14 пен 30 жас арасындағы жастар екені мәлім.

Қоғамның, отбасының, бүкіл халықтың және мемлекеттің негізгі мақсаты - қазіргі заманның талаптарына сай балаларды және жастарды тәрбиелеу, оларды мамандық таңдауға, арнайы орта және жоғары оқу орындарына түсуге, халық шаруашылығының салаларында еңбек етуге даярлау. Дәстүрімізді сыйлайтын намысты ұл мен қыздың өсуіне тірек болатын тәрбие жұмысы ұлттық мінез, ұлттық қабілетіміздің ажарлануына жол ашады.

  • Тәрбиенің сәтсіздікке үшырауының басты себебі - тәрбиені жүргізіп отырған адамның көңіл-күйі мен материалдық, әлеуметтік жағдайының нашарлығы. Баланы өз еркімен жіберушілік, еркелік, бәрін кешірушілік. Баланың дегеніне көніп, жетегіне еру баланы өзімшілдікке тәрбиелейді; Отбасында бірыңғай талаптың болмауы, ересектер арасындағы алауыздықты пайдаланып, баланың екі жүзді және жағымсыз нерсеге бейім болып өсуіне ықпал етеді;

  • Ата-ананың өз баласының іс-әрекетіне немқұрайды қарап, жауапсыздық танытуы, баланың кездейсоқ, күмәнді адамдармен танысуына мүмкіншілік береді. Қорыта келгенде, әр баланың өзінің ерекшелігі бар,оны байқай білу де, оны орайына қарай дұрыс бағытқа сілтей білу де шеберлікті қажет етеді. Қандай қиын бала болса да оның ар- ожданына тимей, жеке ерекшелігін ескеріп, икемі бар жаққа қарай баули білу,оның алдында айқын мақсат қойдыра білу және оған жетуге көмектесу сияқты сан- салалы, тынымсыз жұмысы арқылы ғана мақсатқа жетуге болады. « Баланы бастан» демекші, әуел бастан- ақ балаға дұрыс ықпал, түзу бағдар беру, тәрбие жұмысын бір минутта ұмыт қалдырмау баршамыздың борышымыз. « Бала - басты байлығымыз ал, ең асылы- оның тәрбиесі» дегім келеді.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 мамыр
753
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі