Материалдар / Тәрбие сағаты Қарттар күні
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты Қарттар күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Қарттар күніне орай өткізілетін тәрбие сағатының сценарийі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2024
90
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады











Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария











































Сценарий:

1 - Жүргізуші :

Қайырлы күн қадірлі қонақтарымыз және мұғалімдер мен студенттер! Бүгінгі қарттар күніне арнайы ұйымдастырылып отырған «Көп жасаған қария-ақылы теңіз дария» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! (қол шапалақ)


2 - Жүргізуші :

Қайырлы күн құрметті қонақтар мен мұғалімдер, студенттер! Бүгінгі тәрбие сағатына алтын уақыттарыңызды бөліп, сыйлап келгендеріңіз үшін алғысымыз шексіз! Бүгінгі тәрбие сағатының мақсаты: жас-жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге халқының салт-дәстүрінен нәр алуға инабаттылық пен сыйластық, жауапкершілік қасиеттерін дамыту. Қоғамдық өмірдің нормаларын үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді үйрету.

1 - Жүргізуші :

Сонымен қатар қазіргі кезде біздің мемлекетте қарттарға үлкен мән беріп көңіл аударып жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда.

2 - Жүргізуші :

Қазақстанның өсіп-өркендеуіне еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы, ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Саналы ғұмырларын отан деп тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің еңбегі ерекше олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. (қол шапалақ)

1 - Жүргізуші :

Қарттар біздің асыл қазынамыз. Олай болса осында отырған аталарымыз бен ажелеріміздің, аналарымыздың мейрамы құтты болсын. Келесі кезекте, біздің …., қарттарымызға арналған ізгі сөздеріне кезек берейік...


1 …. – Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген, тәрбиесімен сусындатқан, бар жақсылығын төккен ата-аженің, әке-ананың алдында адамның парыз міндеті өлшеусіз. Қазақ ғұрпындағы ата-әженің, әке-ананың алған ерекше биік орны мен қадір қасиеті әрдайым жоғары.

2 …. – Қазақта халқымыз әрдайым төріңнен қарт кетпесін деп тілеген. Жасы үлкендерге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу біздің ата дәстүріміз

3 …. – Кімде кімнің үйінде қартайып отырған әке шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты қонағы болса, ол үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса, қартайған ата анасы оның отбасының құты болып табылады.

4 …. - Қарт кісіні құт береке деп танысақ - ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде бақытты. Халқымызда «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деген ұлағатты сөз бар. Үлкендерімізге құрметіміз шексіз.

5 .... - Сонау ата-бабаларымыздың өзі қазыналы қарттарын сыйлап, құрметтеп өткен. Қарты бар үйдің қазынасы бар дегендей, қазыналы қарттарымыз біздердің тілекшіміз. Баласы жарысқа түссе үйде отырып тақымын қысып, тілеулес болып отыратын осы қарттарымыз. Ата-әжелері бар әрбір үйдің қазынасы бар.

1 - Жүргізуші:

Қарттарымызға арнаған игі сөздеріңіз үшін рақмет .... (қол шапалақ)

Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні мен мәні бар.

Ұлықпан  Хакім мың жасаған дейді,ешкім мың жасамайды, тек өсіп-өнген ,  тәрбиелі ұрпағымен мың жасайды. Иә, ұрпақ өсіп, жетіліп айналасына үйіріп отырған көреген қарияда не арман бар?

2 - Жүргізуші:

Қазақтың басқа халықтардан айырмашылығы - «Ұрпағым» деп шырпыр болатыны. Ол үшін көзсіз көбелектей отқа түсетіні. Бұл-біздің ең ұлы ұлттық қасиеттеріміздің бірі. Ал ұрпақтың ата-ана алдындағы борышын өтеу үшін жасап жатқан ынта жігері мемлекеттік деңгейде қолдау тауып, зейнеткерлерге жағдай жасауда. Президенттіміздің жыл сайынғы халыққа жолдауында арнайы қаралып, оларға қамқорлық ел экономикасының өсімімен қатар өсіп келеді.

Енді келесі кезекте ..... сіздерге арнаған өлең жолдарын қабыл,алыңыздар

1 ...



1 - Жүргізуші:

Көп-көп рақмет .... (қол шапалақ)

Ары карай жалғастырамыз, келесі .... қарттар күніне орай, қарттарымыздың көңіліне жылу, жүзіне күлкі силау мақсатында арнайы түсірілген видеороликті тамашалауды сұраймыз. Экранға зер салайық….


Видеоролик көрсетіледі….


2 - Жүргізуші:

Қай жерде де ата-анаға қызмет көрсетуге тиістілігіңді ұмыту, әсте жарамайды кімде кімнің үйінде қартайып отырған әке-шешесі, ата-әжесі секілді қымбатты қонағы болса егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап,қамқорлық жасаса қартайған ата анасы оның отбасының құты болып табылады. .Қарт кісіні құт-береке деп танысақ ол ұрпақ көрегендігі,ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде бақытты дей отырып, сөз кезегін студенттердің ата-әжесіне бере кетсек. Сіздердің тілектеріңізді, баталарыңызды алсақ…

Келген қонақтар сөйлейді…


1 - Жүргізуші:

Тәрбие сағатын аяқтау үшін сөз кезегін топ жетекшіміз …. беріледі.

Топ жетекші сөйлейді. Тәрбие сағатын аяқтайды.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!