400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

тәрбие сағаты ,Қазақтың салт-дәстүрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге,тәрбие сағатына
Материалдың қысқаша нұсқасы



М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университеті











Тәрбие сағаты

тақырыбы: Қазақ халқының салт-дәстүрлері










Орындаған: Г.Қ.Өтешова (СПС-у-23 тобы)

















2019 жыл

Тәрбие сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының салт-дәстүрлері
Тәрбие сабақтың мақсаты: студенттерге қазақ халқының салт - дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету.
Тәрбие сабақтың көрнекілігі: Слайд, плакат. 
Тәрбие сабақтың барысы: 
Сәлеметсіздерме құрметті студенттер!!!. 
Қазақ халқының салт-дәстүрлері - атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер. (Ең алдымен ортаға шығып студентерді 3 топқа бөлу түстер арқылы )
Кіріспе: Қай заман болсын адамзат алдында тұратын басты міндет – адал, білімді, еңбексүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық салт - дәстүріне орай іске асырады. Яғни әр халық ғасырлар бойы сыннан өтіп, сұрыпталған озық салт - дәстүрлерін жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланып келген. Әр ұлттың, халықтың, діні мен сеніміне, тұрмыс тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізгі салт ретінде қалыптасқан. Дәстүр - халықтың атадан балаға көшіп, жалғасып және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени - тұрмыстық, кәсіптік, салт - сана, әдет - ғұрып, мінез - құлық, тәлім - тәрбие және рухани іс - әрекеттер көрінісі.Әрбір елдің өзіндік салт-дәстүрлері бар бір-бірінен ерекшеленетін,сіздер қазақтың қандай салт-дәстүрін білесіздер?мәні неде сол дәстүрлердің?

Тапсырма: «Сәйкестендіру». үш топқа салт-дәтүрлер атауы мен түсініктері беріледі,соларды сәйкестендіріп дұрысын тауып орнылыстыру,оқу.

  1. Шілдехана - Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той.

  2. Бесікке салу - Жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы.

  3. Қырқынан шығару - Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады. Ол сәбидің жан - жүйесінің қалыптасып, дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.

  4. Тұсаукесер - сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалынатын ғұрып.4. Ат қою - қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер беделді кісілерге қойғызып батасын алған.

  5. . Айдар. Бабаларымыздың төбе шашын ұзартып өсіріп, моншақ араластырып өсіріп қояды. Бұл ғұрып ер балаға жасалады.

  6. Базарлық - алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына әкелген сыйлығы.

  7. Байғазы - балалардың, жастардың жаңа киімі, заты үшін берілетін ақшалай, заттай сый.

  8. Тілашар - баласы 7 жасқа толған соң, балаға жаңа киім кигізіп, оқу - жабдықтарын дайындап шағын той өткізеді. Мұны Тілашар той деп атайды

  9. Асату - ет желініп болған соң, төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жас жігіттерге асатады.

  10. Сүйінші - Қуанышты хабар жеткізуші адам. Сүйінші! Сүйінші! - деп келеді. Мұндайда қуанған үй иесі Қалағаныңды ал!- дейді немесе оған риза болатындай сыйлық береді.

  11. Шашу - қуаныш айғағы ретінде жасалатын салтанатты дәстүр.

  12. Ерулік. Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрыннан тұратындар ерулік береді, яғни қонаққа шақырады.

  13. Енші. Балалар ер жетіп, жеке үй болғанда ата - анасы дүние - мүлік, мал беріп, отау тігіп жеке шығарады.

  14. Аманат. Бір адамның екінші біреуге беріп жіберген заттары аманат деп аталады. Аманатқа қиянат жасауға болмайды.

  15. Сыбаға. Құрметті қонаққа немесе өздерінің жақын - жуығына сақтаған кәделі ет мүшелері.


Қасиетті қазақ халқының салт-дәстүрлері өте көп. Соның ішінде қазіргі жастар біле бермейтіндеріне қысқаша тоқталсақ. Ұлдың төбе шашын ұзарта өсіріп, моншақ араластыра өріп қою. Оның аты – айдар. Бұл ғұрып негізінен, тіл – көзден сақтау үшін ер балаларға жасалады. Кенесарының інісі Наурызбай батырдың ұзын айдары болғаны тарихтан белгілі. Ақсарбас атау. Адамдар қауіп-қатерге ұшырағанында «Аллаһ Тағала мені осы қиындықтан құтқара гөр! Ақсарбас!» деп құдайы атайтын болған. Мұндай жағдайда «Ақсарбас!» деп үш рет айқайлаған. Сосын қауіп-қатерден аман қалғанында әлгі адам ауыл айма ғын шақырып құдайы берген. Ақсарбасқа шалынатын малдар: бозқасқа (қой), көкқасқа (жылқы), қызыл-қасқа (сиыр). Адам ақсар-бас атағанда қай малын айтса, соны құдайыға союға тиіс.

Ат тергеу. Ол – адамды сыйлауға арналған ізеттілік әдет-ғұрып. Ұлттық болмыс бойынша әйелдер атасына, қайнағасына, қайнысына, қайын-сіңілісіне атын атамау үшін қосымша ат қояды. Мұны ат тергеу деп атайды. Мұндайда қойылатын аттардың кейбірі мынандай: «Мырза қайнаға», «бай атам», «би аға», «тентегім», «еркежан», «шебер шешей», «ақ әже», «сырғалым», «шашбаулым». Жеңгелері қайныларына әзілдеп, бойлары тапал болса «сұңғақтым», жайбасар болса «жүйрігім» деп те ат қояды. Ер адамдар да өзінен үлкендерді Мәке, Сәке деп құрметтейді.

Асар жасау. Үй салу, қой қырқу, тай таңбалау, киіз басу, егін ору, шөп шабу тәрізді қауырт жұмыстарды көптің күш-қайратымен, көмегімен тез атқару үшін ру басының, үй иесінің ауылдастарын, туған-туыстарын шақырып, бірлесе қимылдауын асар жасау деп атайды. Оның екінші атауы – үме, серне. Үй иесі жәрдемдесуге келгендерге тамақ дайындап, сый-құрметін көрсетеді. Асарға келгендер атқарған жұмысына, көмегіне ақы алмайды..

Ат тұлдау. Ер адам қайтыс болғанында мініп жүрген атының жал-құйрығын күзеп, оны бос жібереді де, өлген адамның жылында сол атты әкеліп сояды. Бұл дәстүрді ат тұлдау деп атайды. Аунату. Қазақтар үйіне келіп қонақ болған, қонып кеткен адамдардың отырған, жатқан жеріне «баламыз осы атасына тартсын, бойына осы атасының қасиеттері қонсын» деп балаларын ауна тып алатын болған. Елге, ағайынға сыйлы азамат кіндік қаны тамған туған жері не келгенінде халық, туған-туыстары, дос жарандары оны сол жердің топырағына аунатып алған. Шыңғыс Айтматов үйіне Мұхтар Әуезов келгенінде, ол отырған орындыққа ұлын аунатып алған көрінеді.

Ауыз тию. Алыс сапарға аттанарда сол адам ауылындағы немесе әулетіндегі үлкен үйге кіріп дәм татып, жолға шыққан. Сонда ол «Осы қара шаңырақтың киесі қолдайды» деп сенген. Отбасы тамақтанып отырғанда дастарқан үстіне келген адам ондағы дәмнен ауыз тиюге тиіс. Әсіресе, таңғы астан ауыз тимеуге болмайды. Ас тан ауыз тию – үй иелерінің қонаққа, қонақтың дастарқандағы асқа деген ыстық ықыласының бір белгісі болып саналады.

Бәсіре атау. Ежелгі әдет-ғұрыптардың бірі. Ата-анасы баласына арнап жас төлге ен салады да оны «бәсіре» деп атайды. Бәсіре аталған төл өскен соң сол баланың қажетіне, тойына жаратылады. Оны ен салып, малды таңбалаумен шатастырмау қажет.

Босаға майлау. Жастар шаңырақ құрғанында немесе біреу жаңа үй алғанында жақын туған-туыстары келіп жаңа үйдің босағасына май жағу салтын жасайды. Ол осы үй берекелі, майдай жұғымды, көптің үйі болсын деген ниеттен туған. Босағасын майлаған адамға шаңырақ иелері кәде береді.

Ерулік беру. Ауылға басқа жақтан бір үй көшіп келсе, бауырларының бірі туған-туыстарына жапсарлас келіп қонса, көрші-көлемі немесе жақындары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіреді, табақ тартып, қонақасы береді. Бұл салтты ерулік деп атайды. Осылайша қазақтар танысын, танымасын бір-бірін бөтенсімей, өз ортасына тарта білген.

Көгентүп беру. Малды адамдар жақын туған-туыстарының кішкентай баласына бұзауларының, құлындарының, қозыларының, лақтарының, боталарының бірін атайды. Бұл көгентүп беру. Атаған көгентүбін кейін бермей кету – өнегесіздік, дүние-қоңыздық.

Қазан шегелеу. Жақын туыс, әзіл-қалжыңы жарасқан адамдардың үйіне екі-үш адам бірге барып: «Осы үйдің қазанын шегелей келдік» дейді. Бұл олардың түстеніп, ет жеуге келгендігі. Үй иесі оған әзілмен жауап қайтарып: «Жақсы болды, қазан шегелейтін адам таба алмай отыр едік» деп қонақжайлық танытады, әйелі ет асып қонақасы береді.

Қалау айту. Біреудің жақсы малына, мүлкіне көңілі кеткен адам сол үйдің иесіне немесе әйеліне, баласына соған лайықты бағалы бір тарту әкеліп, әлгі дүниені, жануарды «менің қалауым осы» деп сұрайды. Кейде үй иесі мұндай сыйлы, жөн-жоралғысымен келген қонаққа өзі сөз салып: «Бұл үйден қалаған бір заттың бар ма? Қалауыңызды айтыңыз» деп сұрап, қалаған затын сыйлайды.

Күйеуаяқ (ғұрып). Жігіт қалыңдығын алғаннан кейін әдеп бойынша енесін қошаметпен өз үйіне апарып салады. Ата енесі күйеу баласына ірі мал атайды. Мұны «күйеуаяқ» дейді.

Түйемұрындық (ғұрып). Ұзатылып жатқан келіншек көшінің жолында отырған ауылдың адамдары (жастары, әйелдері) керуен атының ноқтасынан, не түйесінің бұйдасынан ұстап тұрып сұрайтын кәдесі. Қыз анасы оларға кәдесін жасайды, кәде алған риза болып, бақыт тілеп батасын беріп, жол болсын айтады.

Тапсырма: «Жасырын сөз»әдісі,студенттер тақырып бойынша сөз жасырады. Оны сипаттайды, сол сипаттама арқылы басқа оқушылар жасырынған сөзді табады. Сипаттауда айтатын сөздерге шектеу қою арқылы немесе қимыл арқылы көрсетуді ұсынуға болады. Мысалы жасырылған сөзді 3 сөз арқылы сипатта деген сияқты.

Қорытынды: «Тұжырымдамалық карта» әдісі.Бүгінгі өтіліп жатқан тақырып бойынша тұжырымдамалық карта жасау (постер) тапсырылады. Карта тақырыпты ашатындай болуы керек. Картаға сурет, кесте, ойдың түйінді идеясы, график т.б. салуға не дайын материалды жапсыруға болады. Тұжырымдамалық карта бергенде оқушыға оның қалай бағаланатыны жайлы критерийлер беріледі не айтылады.

Кері байланыс.

Рефлексия парағы. Бүгінгі сабақ бойынша

Не ұнады + Не ұнамады – Не қызық болды ? Ұсыныс

Не ұнады

Ұнамады

Қызық

болды

Ұсыныс






















Рефлексия парағы. Бүгінгі сабақ бойынша

Не ұнады + Не ұнамады – Не қызық болды ? Ұсыныс

Не ұнады

Ұнамады

Қызық

болды

Ұсыныс















Рефлексия парағы. Бүгінгі сабақ бойынша

Не ұнады + Не ұнамады – Не қызық болды ? Ұсыныс

Не ұнады

Ұнамады

Қызық

болды

Ұсыныс















Рефлексия парағы. Бүгінгі сабақ бойынша

Не ұнады + Не ұнамады – Не қызық болды ? Ұсыныс

Не ұнады

Ұнамады

Қызық

болды

Ұсыныс
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
1401
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі