Материалдар / Тәрбие сағаты "Қош келдің-Жаңа Жыл" 1-сынып

Тәрбие сағаты "Қош келдің-Жаңа Жыл" 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас маманға көмек
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Қарабұлақ орта мектебі

















Тәрбие сағат тақырыбы:

«Қош келдің-Жаңа Жыл»

Сынып жетекшісі: З.А Ешмуханбетова


















2018-2019 оқу жылы


Тақырыбы: «Қош келдің- Жаңа Жыл!!!»

Мақсаты: Оқушыларды жыл он екі айдың иелерін білуге, жақсылық пен жамандықты айыра білуге үйрету. Шығармашылыққа баулу, эстетикалық тәрбие беру.

Көрнекіліктер: шырша , шарлар , суреттер, ойыншықтар.

Нариман жүргізуші : - Армысыздар ардақты ағайын , қадірменді оқушылар !!!

Апай: Сәлеметсіздерме құрметті ата-аналар, Ұлағатты ұстаздар мен кішкентай бүлдіршіндер! Бүгінгі біздің «Қош келдің- Жаңа Жыл!!!» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.


Нариман жүргізуші:

Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,

Шат күлкіге толы болсын маңайың.

Көргендер де көрмегенде арманда.

Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
Апай: Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысайық. Ондай болса Жаңа Жылдың қонақтарын ортаға шақырайық, солай емеспе Нариман???

Нариман жүргізуші: Иа, апай Келіңдер достар , келіңдер , төрлетіңдер !!!(хормен)

Апай: Балалар айтыңдаршы, мерекемізге кімдер жетіспей тұр? Аязата, Ақшақар!!!(хормен)

Аяз Ата: Мұстафа
Амансыңдар ма, ұлдарым?
Амансыңдар ма, Қыздарым?
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
Керемет бір ән тыңдап
Келіп тұр аз дем алғым.

Айшуақ : Ақшақар

Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын

Құтты болсын Жаңа Жыл!!!(хормен)

Апай: Балалар, бізге қай жыл келе жатыр???? Оқушылар: Доңыз жылы (((((

Жаңа Жылға тілек, армандарымыз болса айта кетейікші??? (микрафонмен)
Апай: Жарайсыңдар!!!! Балалар енді ескі жылымыз -ит жылымен де қоштасатын уақыт келіп жетті, Жаңа жыл-доңыз жылын қарсалайық қане !!!

Нұркен Ит жыл:
Мен тағы бір қонақпын
Он екі жылда оралар
Үлкендерге ақ ниет
Сіздерге де ақниет
Сіздерге де мың рахмет.
Хош сау болыңдар балалар! (Ескі жыл кетеді)


Жаңа жыл: Йасин:

Амансыңдарма балалар,

Жаңа жылда өнер сынар қайсың бар
Алға шығып өлең тақпақ айтыңдар
Жаңа жылда сыйлық алып қайтыңдар.


Нариман жүргізуші:
Әуеледі әніміз
Жаңа кірді сәніміз
Ақшақарды ортаға алып
Би билейік бәріміз.

Апай: Келіңдер достар вальс билейік

Жаңа Жыл Йасин
Кел билейік сенімен
Деймін тартып жеңінен
Еріп кетпе Ақшақар
Адамдардың демімен. Йасин-Айшуақ , Ділназ-Батырбек, Елхан-Дана, Дарын-Айлин, Мұстафа- Эльнара, Нұркен-Алина, Жандос- Самира, Ислам-Мәриям. (8жұп)вальс билейді


Нариман жүргізуші:

Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,

Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.

Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.

Жаңа жылың құтты болсын ағайын.






Апай: Жарайсың, Нариман!

Жаңа Жыл-жаңа қадам , жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт,

Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт

Келіп, міне, жатырмыз қауқылдасып.

Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,

Он екіні күтер, қалмай, тағаттары

Ғасырдың он екінші жылы келді

Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары. Ал ондай болса балалардың тақпақтарына да кезек берейік:

1.Эльнара

Балаларым, балғыным

Өмір гүлім шалғыным

Тілейтінім-жыл бойы

Сендердің денсаулығың!

2.Ділназ:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге жаңа жылда арайлы!
3. Ислам:
Шыршамыз да керемет
Ойыншықтар тағылған
Алыс жақтан келіп тұр
Аяз ата сағынған.
4.Самира:
Ақ қырауға малынған
Сақалы да, мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына.
5.Батырбек:

Жаңа жыл келді
Азаймасын ән мен жыр
Ел көңілін көтерсін
Құтты болсын жаңа жыл!
Құттықтаймыз сіздерді!

6. Алина
Жаңа жылға сәніміз
Біздің айтар әніміз
Келдің бе аман алыстан
Сәлем, Аяз атамыз.
7. Нұркен:

Шыршамызда қаншама
Түрлі - түсті шырақтар
Күлгін түсті тоқаштар
Жарқыраған алтын бар.

8. Қайсар:
Жаңа жыл, жаңа жыл

Сені күттім елеңдеп
Өзіңменен ілесіп
Аяз ата келер деп.
Той, мереке, салтанат
Думандатты шартарап
Келді, міне жаңа жыл
Тартуларын арқалап.

9. Мәриям:

Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын

10. Елхан:
Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны.
Той - маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.

11. Дана
Аяз ата аппақ
Кәмпиттері тәтті - ақ
Маған кәмпит көп берсең
Тағы айтамын тақпақ.

12. Жандос

Армысыздар халайық,
Бармысыздар халайық.
Жаңа жылды жұп жазбай.
Келіңдер қарсы алайық.
Жақсылыққа бағытталған.

13.Айлин:

Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса

14. Дарын:

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық,
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық! Ал енді кезекті бір әдемі әнге берсек Айшуақ «Ана туралы жыр» әнімен қарсалыңыздар.

Апай : Нариман , ақшақар бізге бір нәрсе айтқысы келетін сияқты. Сұрап көреміз бе?

Нариман: Айтағой Ақшақар! Қысылма

Айшуақ Ақшақар: «Жалғасын тап» ойыны
Мен білемін бір ойын

Үйретейін сендерге
Мен бастаймын, ал сендер- аяқтаңдар ойынды.
Хормен жауап айтыңдар!
Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр............Жаңа жыл!
Ақшақар:

Қызыл мұрын, ақ мұртты
Білсең атын тез ата,
Келеді бізге..................Аязата!
Ақшақар:

Шырша бүгін кәделі!
Сендер әрі......................Әдемі!
Ақшақар:

Көңілсіз бір бала жоқ,
Ойын - күлкі таралсын
Құтты болсын.........Жаңа жыл! (3 рет)
Апай: Жарайсың Ақшақар!!! Нариман сен қалай ойлайсың? Жаңа Жылда қазақтың ұлттық биін билемей кетсек , ұят болады ғой :

Нариман жүргізуші: Иа , апай дұрыс айтасыз.

Апай: Ондай болса «Қара жорға» биін тамашалайық

Апай: Перизатымыздың бізге дайындаған ойындары бар екен : Эльнара «Жұмбақ жасыру» ойыны:

Бір ақсақал жылына

Бір-ақ рет келеді.

Көп қызы мен ұлына

Сыйлық әкеп береді. (Аяз ата) 

Қыста жерді жауып кетті,

Ал көктемде ағып кетті. (Қар) 

Жасыл ине киімім,

Жайлаймын тау биігін.

Жаңа жылды тойласаң,

Төріңдемін үйіңнің. (Шырша) 

Терезені өрнектеп,

Әдемі сурет салыпты.

Кім екенін табайық,

Көрінбей кетіп қалыпты. (Аяз)

Терезеге қонады,

Әсем ою ояды. (Қырау)

Тікен,тікен тік пістe.

Қысы жазы бip түсте (Шырша)

Айналып жүріп шыршаны,

Барлық адам ән салды.

Барлығы да шаттанып,

Қай мезгілді қарсы алды? (Қыс)

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)

Апай: Жарайсың Перизат!!!! Көп көп рахмет.... Ал енді кешімізді «Ыстық орындық» ойынымен жалғастырайық ...

Апай: Аяз ата мен Ақшақардың қайтатын уақыты болды. Соңғы бимен шығарып салайық.

Оқушылар : Сау болыңыздар, Аяз ата, Ақшақар. Осымен кешіміз аяқталды, келесі кездескенше аман сау болыңыздар.

01 Ақпан 2019
7665
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі