400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты: "Қыз - болашақ ана"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты мұғалімдер мен тәрбиешілерге көмегін тигізеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Қыз – болашақ ана.

Мақсаты:

Білімділік: Қыз балаларға жан сұлулығы мен тән сұлулығын қатар алып жүре алатын, мәдениетті және адамгершілігі мол, өзінен кейінгі ұрпақ алдындағы жауапкершілік ұғымын түсінетін қыз бала тұлғасын қалыптастыру жайлы жан-жақты мағлұмат беру.

Дамытушылық: Қыздардың ой-өрісін, танымдық қасиеттерін, рухани білімін байыту, логикалық ойын дамыту.

Тәрбиелік: Қыз бойына өз шаңырағын ардақтайтын сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Жаман әдеттен бойларын аулақ ұстауға, ата-ана, ұстаздарды құрмет тұтып, адал да, парасатты болуға тәрбиелеу. Түзетушілік: Дыбыстарды дұрыс және анық айтылуын, сөздерді дұрыс байланыстырып сөйлеуін қадағалау.


Жұмыс түрі: әңгімелеу.


Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты суреттер, қима қағаздар.


Меңгерілетін сөздер: Жан сұлулығы, парасатты, жүзі жылы, ұялату, жауапкершілік, тұлға, ибалы, мәдениетті, қылық, әдет.


Тәрбие сағатының барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.


Кіріспе сөз:

  • «Қыз – жат-жұрттық» демекші, ата-бабаларымыз қыздарымызды қонақ деп есептеген, оған зор құрмет көрсеткен. Қыз баланың келешекте ана, ибалы келін, шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындырып, әдептілікке, ибалыққа, мейірімділікке баулып, теңін тауып, отбасын құруын қамтамасыз еткен.


  • Халқымыз «әйел – барша тірліктің бастауы, көркемдік пен жылылық көзі, шуақ пен мейірім әлемі, өмірдің сәні» деп қасиет тұтып, оған көңілінің төрінен орын беріп, ардақтап аялаған, өйткені ана – әрбір отбасының алтын діңгегі.


  • Қыз баланың нәзік те қайратты, ширақ та байсалды, сабырлы да төзімді болуына оның күрделі тәрбиесі ғана бағыт береді.

  • Ана – бар мұратын отбасының игілігіне байлаған әлемдегі ізгі адам.



АShape1 лтын ұяң Тәрбиеші

Shape3 Shape2


АНА



Мейірімді Ұрпақ жалғастырушы

Shape7 Shape6


Ынтымақтастырушы Асыраушы



  • Қыз бала бойындағы сыпайылық, ибалық жөнінде не айтар едіңдер?

  • Айналадағы адамдарды сыйлаңдар.

  • Ата-ананы құрметтеңдер.

  • Адам өмірде әдепті, ұқыпты болуы керек.

  • Үлкенге де, кішіге де сыпайылық таныта біліңдер.

  • Айналадағы құрбыларыңа сыйлы болыңдар.

  • Үлкеннің алдын орап сөйлемеңдер.

  • Ата-аналарыңа, ұстаздарыңа қарсы келмеңдер.


  • Қазіргі кезде тәрбиеге не әсер етуі мүмкін?

  • Қазіргі заманда бала тәрбиесіне тек қана ана, әке емес, теледидар мен ойындар, дискотека, ғаламтор жан-жақты әсер етуде.

  1. Қыздардың киім кию үлгісі өзгеруде (ашық денені көрсетіп киінуі);

  2. Ғаламтордан жағымсыз кинолар көруі;

  3. Боянып, тырнақ өсіру;

  4. Темекінің зиян екенін біле тұра темекіге әуестену;

  5. Сөз әдебінің өзгеруі;

  6. Жігіт құмарлық. ...


  • Халқымыз қыз деген сөздің өзі әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың рәмізі ретінде қолданады.


  • Мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, мағынасын түсіндіріңдер.


  • Қыздың жиған ... (жүгіндей)

  • Қыз - ... көркі, гүл - ... көркі (елдің, жердің)

  • Қызға ... үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю (қырық)

  • Ақылды қыз ... жүгірер,

Ақылсыз қыз ... ілігер (білімге, сөзге)

  • Қыздың қабағы күлімдесе – ... келеді (құт)


  • Халық арасында бойжеткен қызды ажарына қарай жетіге бөлген:

  • Әдемі қыз баппен сөйлеп, жақсы – жаманның жөнін біліп тұратын;

  • Көрікті қыз істі үйіріп, сөйлесе бұйырып, баурап алатын, бірден көзге түсе қоймайтын;

  • Шырайлы қыз бет-әлпеті бал–бұл жанған, тәні шымыр;

  • Сұлу қыз сөзі өткір, өзі пысық, келбетті;

  • Ару қыз дене мүсіні келіскен, сөзі сыпайы, өзі әдепті, сұңғақ бойлы, терең ойлы;

  • Ажарлы қыз дене бітімі жинақы, сөзі салмақты, ісі тиянақты;

  • Әсем қыз жүзі жылы, өзі ұяң, тәні нәзік.


  • Қызды қандай жақсы қасиеттерге теңеген?

  • Мейірімді, сабырлы, сымбатты, ибалы, жаны сұлу, әдепті, нәзік, ұяң, қамқор, ... .


Қорытынды.

  • Қыз – өмірдің қызғалдағы, қыздар – болашақ ана, бақыт-байлық ошағы.

  • Отбасы – адамзаттың өсіп-өркендеп, тәлім-тәрбие алатын қасиетті ұясы.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
12 ақпан
2230
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі