400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Қыз өссе-елдің көркі" 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыз балаларды ұлттық тұрғыда халқымыздың әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін қадірлеу, ұлтжанды, отансүйгіштік сезімдерге баулу, тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып сағаты

Күні: 13.10.2020 ж

9«Ә» сынып

Мұғалімнің аты-жөні

Тулегенова Г.Е.

Тәрбие сабағының тақырыбы

« Қыз өссе, елдің көркі »


Сабақ мақсаты

Қыз балаларды ұлттық тұрғыда халқымыздың әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін қадірлеу, ұлтжанды, отансүйгіштік сезімдерге баулу, тәрбиелеу.

Іс-әрекет реті

Тәрбие сабағының барысы

Ресурс

Кіріспе

Мұғалімнің сөзі: Қазақ отбасының маңызды қызметтерінің бірі –тәрбие. Ата-ананың міндеті –жас ұрпаққа аға ұрпақтың әдет-ғұрпын, адамшылық, адамгершілік, инабаттылық, сыйлау қасиеттерін сіңіру. Әсіресе қазақ отбасында басқа ұлттарға қарағанда қыз бала тәрбиесі ерекше орын алады. Қазақ халқы қыз баланы ардақтап ұстаған, оның көңілін қалдырмаған, оған қарсы сөйлемеген, оны мәпелеп өсірген және де қатал ұстап, оның тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп қараған.

Қыз - ата - ананың, ауылдың сүйікті баласы, мақтанышы, сәні, базары, көркі. Қыз - ел, ауыл еркесі, үлпілдеткен үкісі, алақандағы аяулысы, басқа елдің болашақ келіні, анасы. «Қыз - өріс, қыз - қонақ» деп туған - туыстары оларды аялап, мәпелеп өсірген. «Қыз - өріс, қыз - қонақ» деп туған - туыстары оларды аялап, мәпелеп өсірген.

Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді талап етеді.Себебі: Қыз баланы тәрбиелеу деген сөз – ұлтты тәрбиелеу деген сөз.Отбасы – қоғамның бір бөлшегі. Ал отбасының алтын қазығы - әйел адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі - өнеге көре келе қыз бала келін болғанда да сол әдетін сақтайды ғой. Сондықтан да бүгінгі сабағымызда ұлттық салт-дәстүріміздің қыз бала тәрбиесіне байланысты тұстарын бөліп алып, абыройлы қыз, ибалы келін тәрбиелеуді мақсат етіп қойдық. \



Негізгі бөлім































Қортынды

« Бейне көрсетілім» қыздар күні туралы / Бейне көрсетілімді тамашалау/


Енді қыздарды тағы бір сынап алайық, тұрмыстық заттарды біле ме екен?

Сұрақтар:

  1. Кесеге арналған дорба. (Кесеқап)

  2. Қымызға арналған ағаштан жасалған, ауыз жағы тарлау келетін піспегі бар ыдыс. (Күбі)

  3. Қысқы аяздарда киюге арналып малдың немесе аңның терісінен тігілетін бас киім. (Тымақ)

  4. Малдың және басқа жан-жануарлардың сирағы мен сан жіліктерін жалғастыратын, бір жағы ойық, бір жағы дөңес тқрткіл (ойнайтын) сүйек. (Асық)

  5. Киім-кешек, т.б. зат салуға арналған үй жиһазы. (Сандық)

  6. Жас нәрестеге арналып жасалған ағаш төсек. (Бесік)


«Қазақта қызға қырық үйден тыйым» деген сөз бар.

Түске дейін ұйықтауға тыйым.

Бұраңдап қылымсуға тыйым

Тамақты обырлана асауға тыйым

Ұрлық – қарлыққа тыйым

Салт – дәстүрден аттауға тыйым.

Ұрыс – керіске тыйым.

Қыздар осы тыйым сөздерді әр уақытта естен шығармаңдар.

Мұғалімнің сөзі:

Тәрбие отбасынан басталады. Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесі оң жолға қойылуы керек. Келешекте ұлттық салт – дәстүрлермен тәрбиеленген қыздар ел қорғайтын ұлтжанды жас ұрпақты тәрбиелей алатынына біз сенімдіміз

Youtbe.com

https//youtu.be/VgHcY6wKARk




































Кері байланыс

Жауап парақтарын жазып,ватсап желісіне салынды.

Мұғалімнен кері байланыс

(кері байланыс немесе жазбаша ұсыныс)












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
23.11.2020
2789
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі