Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "Рухани жаңғыру - еліміздің жарқын болашағы!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.Туған жерді қорғау, туған еліңе қызмет ету білім¬нің көптігінен емес, елдік санаға, туған еліңе деген махаб¬батқа байланысты екен. «Туған жер» бағдарламасы еліміздегі жомарт жандардың өзінің туған еліне шара¬патын тигізіп, қайырымдылық іс-шараларға үлкен үлесін тигізуге ықпал етеді деген сенімдемін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Рухани жаңғыру-еліміздің жарқын болашағы!

Мақсаты: Рухани жаңғыру-ұлттық құндылықтарын жаңғырту. Жас ұрпақ санасына,туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ояту. Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту. Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.

Оқыту нәтижесі:  Оқушылар рухани жаңғырудың – табысты ел болуымыздың кепілі екенін біледі.
Түйінді идея: Рухани жаңғыру болашаққа бағдар.
Көрнекіліктер: ноутбук, проектор, экран, нақыл сөздер, суреттер, плакат, гулдер т/б.


ӘН: Ассалаумағалейкүм (5 сынып оқушысы)

1-Жүргізуші: -Күлімдеп күн бүгін, Қарады маған да.

2-Жүргізуші: -Күлімдеп күн бүгін, Қарады маған да.

1-жүргізуші: -Сәлем деймін достарға!

2-Жүргізуші: Сәлем барша ұстаздарға!

1-Жүргізуші:-Тату болсын халықтар,

2-Жүргізуші: Аман болсын балалар!

1-жүргізуші: Мемлекет басшысы: «Жаңғыру жолында бабалардан мирас болып қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек»-деген. Ал біздің мақсатымыз жас ұрпақ өзінінің білімімен, еңбегімен, өнерімен дәлелдеп, көрсете білу керек.

2-Жүргізуші: Тәуелсіз Қазақстанның білімді де білікті ұрпағын тәрбиелеп жатқан-Тамырын тереңге жайған,Тағылым мен тәрбиенің алтын бесігі - білімнің ақ ордасы Шымкент қаласы Орманшы ауылындағы №74 негізгі орта мектебіне қош келдіңіздер!

1-Жүргізуші:-Қалай ойлайсың ............, рухани жаңғыру дегеніміз не?

2-Жүргізуші: Ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғарту деген осы.

1-Жүргізуші: Рухани жаңғырту - тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы үшін жасалып жатқан жұмыс емес пе?

Ендеше «Рухани жаңғыру» атты 5 сынып оқушыларының өнерін тамашалайық.

1-оқушы:

Шыңға биік Ел көз тіксе асқарлы,

Шайыр жазбай, кім жазады дастанды?!

Сүйінші, Алаш! Тарихыңда толғаулы

Рух жаңғырар жаңа дәуір басталды!

Көк түріктің ұрпағына, уа, құтты

Ту көтерер тағы бір таң атыпты.

Жолын таппай, қаңғырған Ел қаншама,

Кодын сақтай, жаңғырған Ел бақытты.

2-оқушы:

Бұл жаңғыру – өрге бастау Ұлтымды,

Бұл жаңғыру – төрге бастау Ғұрпымды.

Ұлттық кодым – менің ұлттық құлпым,

Кім көрінген қолды етпесін кілтімді.

3-оқушы:

Бұл жаңғыру – ұлыларды ұлықтау,

Ұлы Абайдың даналығын ұмытпау.

«Кісен ашып» Құрманғазы күйімен,

Болмысымды бұлжымастай құлыптау.

4-оқушы:

Бұл жаңғыру – кемелденіп жаңғыру,

Кеуде соққан күллі әлемді таң қылу.

Жыр алыбы Жамбылдарды жыр қылу,

Ән алыбы Шәмшілерді ән қылу.

5-оқушы:

Бұл жаңғыру – бастамасы ғажаптың,

Бұл жаңғыру – астанасы ләззаттың.

Жалғаны көп сахнасында жаһанның

Мәдениетін мойындату қазақтың.

6-оқушы:

Бұл жаңғыру – тарихи сәт сауапты,

Сауапты іске бәріміз де жауапты:

Тұлпарымыз озсын десек бәйгеде,

Ұрпағымыз болсын десек сауатты.

7-оқушы:

Бұл жаңғыру – Туған Жерді түлету,

Ен даланың кең құшағын гүл ету.

Шығыс, Батыс, Оңтүстік пен Солтүстік

Бар қазақтың арман-жырын бір ету.

Асуды асып Қазақстан – ардағым,

Аспанменен астасып тұр арманым.

Ер бастады! Ел қостады! Жарылқа!

Тәңір Ием, Туған Елдің БАҒДАРЫН!

8-оқушы: Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.

9-оқушы: Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау. Жалпыадамзаттық, мәдениетаралық білімдері мен сыни ойлау, зерттеушілік дағдылары дамыған, отансүйгіш тұлға. 10-оқушы:

Өзінің даму барысында, өмір бойы оқуға қабілетті, жоғары адамгершілік құндылықтары бар, жоғары білімді, зияткерлік жеке тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған мектеп қауымдастығын құру. Қазақстандық патриотизмді әр оқушының бойына өмірлік принциптері ретінде қалыптасады.

Бәрі:

«Рухани жаңғыру - дәуір талабына сай жаңғыру»

«Рухани жаңғыру - әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу"

«Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі»

«Рухани жаңғыру – ұлттық сана - сезімнің көкжиегін кеңейту»

«Рухани жаңғыру - еліміздің жарқын болашағы!»

Видеоролик көрсету. «Өз еліме қосар үлесім»


1-Жүргізуші:
Абай атамыз айтқандай, бүгінгі жастардың дүниенің кетігін тауып, қалануды көздеу, қоғамдық өмірден қол үзбей, өз елін сүюге, өз елінің тұрмыс – тіршілігін, салт – санасын, әдет – ғұрпын білуге тәрбиелеу – нарықтық кезеңде маңызы жоғары тұрған зор міндеттердің бірі деп ойлаймыз.

2-Жүргізуші: 

Болашаққа бастар жол, Рухани жаңғырумен жалғасады.

1-Жүргізуші:

21 ғасыр - Қазақстанның «алтын ғасыры».

2-Жүргізуші:

- Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.

1-Жүргізуші:

- Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.

2-Жүргізуші:

- Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз!


1-жүргізуші: Кешіміздің келесі кезегін «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырудың» 6 басымдылығына тоқталып өтейік.

(Таныстырылым: 9 сынып оқушылары – «6 басымдық» )


2-Жүргізуші: Ия, Рухани жаңғыру бағдарламасының «Туған жер!» жобасы бойынша мектебіміздің 9 –сынып оқушылары Сайрам, Отырар, Түркістан қалаларына саяхатқа шығып тарихи орындарға барып, өткенімізден сабақ алып, болашағымызды баянды ету жолында өз ойларын түйіндеп отыр. (Слайд)

1-Жүргізуші: Ендеше тарихи жерлерге барған ой пікірлері жазылған эссені тыңдайық.

(Эссе: Туған жерге саяхат. Мелдібек Д)

2-Жүргізуші: 9 сынып оқушысы Пернебай Нұрзаттың «Рухани жаңғыру» және 7 сынып оқушысы Құттыбек Самалдың «Қазақстан» атты арнауларына кезек берелік.


1-Жүргізуші:  «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы үш бағыттан тұрады. Сол үш бағыттың бірі – «Саналы азамат». Осы «Саналы азамат» бағытының шеңберінде «Ұлы дала жастары» жобасы әзірленді.  Жобаның мақсаты - еліміз алға қойған міндеттерді жастардың бойына сіңіру.

2-жүргізуші: Туған жерді қорғау, туған еліңе қызмет ету білім­нің көптігінен емес, елдік санаға, туған еліңе деген махаб­батқа байланысты екен. «Туған жер» бағдарламасы еліміздегі жомарт жандардың өзінің туған еліне шара­патын тигізіп, қайырымдылық іс-шараларға үлкен үлесін тигізуге ықпал етеді деген сенімдеміз.

Келесі Бекболат Тилеуханның орындауындағы «Елім менің» әнімен алдарыңызда 3 сынып оқушысы Оракбаева Риза.

1-жүргізуші: Саналы азамат - жаһандық және аймақтық нарықта бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру, жастардың интеллектуалдық әлеуетін көтеру, шығармашылық және әлеуметтік белсенділігін арттыру, бүкіләлемдік жағдай жасау. Адамның дамуы, саналы азамат қалыптастырудың барлығы да осы мәдениет арқылы келеді.

Келесі «Жайдарман 2017» өнер қырандарының үзіндісі

2-Жүргізуші: Былтыр 2017 жыл Астана қаласында ЭКСПО - 2017 «Болашақ энергиясы» тақырыбында Дүниежүзілік Халықаралық көрме 10 маусым-10 қыркүйек аралығында өтілді. Жаз айдында осы мектептің ұстаздары мен оқушылары, ата-аналары Астана қаласындағы Экспо қалашығына да барып қайтты.

Алдарыңызда «Экспо 2017» әнін орындаушы 3 сынып оқушысы Оракбаева Риза.

1-жүргізуші: Биыл 2018 жылда үлкен айтулы мереке Астана қаласының 20 жылдығы аталып өтілуде. Соған орай Астанаға тарту ретінде 6 а сынып оқушысы Пернехан Айжанның «Астана» әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: Еліміздің Тәуелсіздігі сауатты, білімді, өнерлі жастардың қолында.

Ендеше, «Рухани жаңғыру» атты флешмобқа кезек берелік.( 9 сынып оқушылары)


(Ортаға бүгінгі кешке қатысқан оқушылардың барлығы шығады)

Бәрі:
- Біз өз Отанымыздың патриотымыз.
- Мы патриоты нашей страны.
- We are patriots of our countries.

Хор: Атамекен


1-Жүргізуші: Рухани жаңғыру,

2-Жүргізуші: Еліміздің жарқын болашағы-атты кешімізді осымен аяқтаймыз.



Қорытынды сөз: Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай - талай жаңалық ашар білімділер керек. Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік.

Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан!”- деп Ұлы ақын Абай атамыздың сөзімен кешімізді аяқтаймыз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.02.2018
1382
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12