Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты: Ш.Айманов -кино өнерінің жарық жұлдызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы




Бөлім:

Ұлттық тәрбие.


Педагогтің Т.А.Ә.



Күні:

17.11.2023

Сынып:7 «Ә»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

«Зергерлік өнер»

Сабақтың мақсаты

Зергерлік өнерді насихаттау, зергерлік бұйым түрлерімен таныстыру, зергерлік бұйымдар туралы ой қорыту,зергер Тайғара ағаймен кездесу.

Тәрбиелік мәні: Зергермен кездесе отырып, зергерліктің өнер екенін ұғындыру, мамандық ретінде қабылдауға тәрбиелеу, зергердің өнерін бағалау. Күмістің емдік, күміске байланысты халықтық ырымдарды білу.


Сабақтың барысы


Сабақтың кезең

/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әркеті

Ресурстар


1-10 мин

1) Ұйымдастыру


2) Қонақты қарсы алу.


Педагогтің сөзі: Қазақтың халықтық зергерлік өнері ұлттық мәдениет тарихынан ерекше орын алады.Өнердің бұл түрінің түп төркіні мыңдаған жыл әріде жатыр. Қазба жұмыстары кезінде табылған бұйымдардағы қолтаңбалар ежелгі өнердің көркемдік деңгейінің биік болғанын байқатады. Зергерлер көбінесе бағалы металдардың ішіндегі ең қолайлысы күмісті пайдаланған.Қазақ зергерлері күмістің жалтыраған түсін, әр түрлі формалар жасауға қолайлылығын шебер пайдаланған. Сауда дамуына байланысты қазақ жайылған Ресейдің күміс және алтын ақшасы, Қытайдың қой тұяқ, тай тұяқ жамбыларынан сәндік бұйымдар жасады.Күмісті,алтынды,асыл тастарды сәндік бұйым жасатушылар өздері тауып берді. Кейбір зергерлер өз күмісінен де сәндік бұйымдар жасап сататын болған.

.






































































































Мұғалім:


Зергерлік-киелі де қасиетті өнер саналған. Оған ең алдымен табиғаттан дарыған тума талант керек.Ол атадан балаға немесе ұстаздан шәкіртке ауысып отыратын тылсым сырлы өнер.

Зергерлік өнердің қыр-сырына қанық Тайғара ағайға сөз береміз


(.Зергерлік бұйым жасауда пайдаланып жүрген құралдарымен, зергерлік өнердің қыр,сырымен және қол туындыларымен таныстырады).


Зергер ағамызға сұрақтарыңыз болса,сұрақтарымызды қоя отырайық




Олай болса қонағымызға арналған кәдесыйымызды қабыл алыңыздар



















Қорытынды.






А.Қоразбаевтың орындауындағы «Сырғалым» әнін тыңдау арқылы қандай ән екенін табу.


Алтынбек Қоразбаевтың «Шашбаулым» әнін  тыңдау.








1-Аружан: Зергерлердің көп жасаған бұйымдарының қатарына әйелдерге арналған әшекейлер жатады. Күміс әшекейлерді алтынмен аптап,түрлі асыл тастардан көз салып әрлеу кең етек алған.Әйел әшекейінің ең қымбаты ұзатылатын қыздың үйінен киіп шығатын бас киімі-сәукеле.Алтын,күміс әшекейлері,гауһар,інжу тастары мол сәукелелердің құны тіпті қымбат болды.Сәукелеге үкі, аяқ қолтықша, шекеліктер тағылды.

2-Айшуақ: Әйелдерге арналатын әшекейдің ең көбі, ертеден келе жатқан және бүгінге дейін кең қолданылатын бұйым-білезік. Оны қыз-келіншектер де,орта жастағы әйелдер мен үлкендер де салған. Білезік көбіне күмістен кейде таза алтыннан да жасалады.Бұған қоса бірнеше асыл тастардан тұратын үзбелі білезіктер де кездеседі. Олардың негізі күмістен жасалады да, сырты алтындалып, әр үзбенің үстіне әр түрлі тастардан көздер орнатылады.Кейбір білезіктерде шынжырмен жалғасқан екі-үш сақина, жүзіктері болады. Мұндай білезіктерді «бесбілезік» деп атайды. Білезіктің топса арқылы ашылып-жабылатын да түрі болады. Сом білезік, жұмыр білезік, қарта білезік, қақпа білезік,сағат білезік деп әр түрлі атайды.


3-Ділда:Қазақ зергерлерінің өте көп жасайтын әшекейлерінің бірі — сақина, жүзіктер.Қазақта ең қасиетті бұйым-жүзік. Қазақстанның батысы мен оңтүстік батысында құдағи жүзік деп аталатын өте көлемді және сәнді жүзік жасалады. Оның бауырында екі саусаққа бірдей кигізетіндей қосарланған екі сақинасы болады.Мұны ұзатылған қыздың енесіне,яғни құдағиларына бір жылдан соң тарту ету үшін арнайы жасатады. Құс мұрын жүзік,құдағи жүзік,отау жүзік,тасбақа жүзік деген түрлері бар

4-Назым: Бой жеткен қыздар шолпы,шаш теңге тағатын болған.Шолпыны күміс теңгелердің бірнешеуін кішкене шығыршықтар арқылы жалғастырып жасайды,ең үсіңгісіне күміс шынжырдан немесе матадан ызылған бау тағады.Бұл бауды бұрыммен қоса өріп қояды. Шаштың ұшында салбырап тұрған әшекейлер қыз жүрісінен үн қосып,әсем әуен шығарады. «Сыңғырлаған күлкісіне сылдырлаған шолпысы үн қосар» деген қанатты сөз бар.

5-Ислам: Күміс киелі нәрсе.Ол жүрген жерге жамандық жоламайды. Тамақ адал болу үшін қолда жүзік болуы  керек немесе жаңа туған баланың дені сау,жаны таза болуы үшін күміс жүзік немесе күміс тенге салып шомылдыру, тамақты күміс қасықпен ішу сияқты ұғымдар әріден келе жатқан сенім-нанымнан туса керек. Бұл тұжырым негізсіз емес.Таза күмісте әр түрлі ауру қоздырғыш микробтарды өлтіретін қасиет бар. Күміс Қарағанды,Жезқазған кен орындарынан қоспа түрінде алынады.


6 -Адема: Қыз-келіншектердің аса сүйіп тағатын ең сүйкімді әшекейі – сырға. Сырғалар әркелкі болып жасалады. Сырғаны бой жеткен қыздар,жас келіншектер таққан. Жасамыс әйелдер жаулық тартып,кимешек кигендіктен көбіне сырға тақпаған. Қазақ зергері жасаған сырғаларының түрі өте көп. Ай сырғалар, тас көзді сырғалар, күмбез сырғалар, қозалы сырға, салпыншақ сырға, шұжық сырға, сабақты сырға, шашақты сырға, т.б.



3-оқушы: Мойынға тағатын әшекейлер алқа және бойтұмарлар.Көз қондырылған теңгелерден,асыл тастардан жасалынған үзбелі моншақтарды-алқа деп, ал, бұрыштап немесе жұмыр түтікше тәрізді жасалып, іші қуыс болатын әшекей бұйымдарды-бойтұмар деп атаған.Алқа мен бойтұмарға мойынға ілу үшін әсем шынжыр бау тағылады.



4-оқушы: Қазақ әйелдерінің сәндік бұйымдарының бір тамаша үлгісі – өңіржиек. Өңіржиек бір-біріне шығыршық немесе шынжыр арқылы жалғасқан бірнеше төрт бұрышты әшекейлерден тұрады. Әр әшекейдің ортасына, жиегіне асыл тастар орнатылады. Төменгі жағына әр түрлі салпыншақтар ілінеді. Өңіржиек әйел адмның құрсағы мен кеудесін бәле-жаладан, тіл-көзден сақтайды.


5-оқушы: Киімге тағылатын күміс әшекейлер қатарына түйреуіштер,түйме,тана, үзбе,ақық, қапсырмаларды жатқызамыз. Қапсырма екі бөлек жасалады да,бір-бірімен ілмек арқылы жалғасады. Киімнің екі өңірін бір-біріне қосып тұру үшін тағылатын әшекейдің бірі. Түймелер – іші қуыс, сырты зерлі болып келеді,кейде оны торсылдақ түйме деп те атайды. Түймелер сырт киім өңірін ілмек арқылы ұстап тұрады.



7-Елхан:     Зергерлік.


Күмісті илеп

қамырдай,                                        Жамбы,жақұт,мәрмәрді,

Жіптей созып иейін.                                              Сәндеп,қырлап,баптайын.

Өз ісімнен жаңылмай,                                         Сүйсіндірсін алғанды,

Тастан түйін түйейін.                                            Алтынменен аптайын.

Салтанат құрсын сән енді,

Жаңғыртайық көнені.

Таңдандырсын әлемді,

Қазақтың бұл өнері.




Бексұлтан: Зергер болу үшін қандай оқу оқыдыңыз?

Санжар: Зергерлік өнермен неше жасыңыздан айналыса бастадыңыз?

Әли: Алтын уақытыңызды бізге арнап келгеніңізге алғысымыз шексіз. РАХМЕТ


8-Сырым:  «Зергер»  Ф.Оңғарсынова


Білесің бе бұл істі

  Көрсең қайран боларсың —

Зергерлікке кім дайын?                                          Мақтанышы ол бір елдің.

Балқытып ап күмісті,                                              Күмістейді тағасын,

Сапырады судайын.

Таралғы мен жүгенін.

Осы жұмыс ырғағы,                                                Демеңіздер бұл қалай,

Білезік пен алқаны,                                                  Күмісті де илеген.

Сақинаны,сырғаны,

 Осы өнерді мұрадай,

Күміс сымнан тартады.                                           Зергерлерден үйренем!



Ән: «Қазақ қызы»

Әмира,Диана











Зергерлік бұйым түрлері, слайдтар.






Слайд: Сәукеле түрлері.


Слайд: Білезік түрлері
















Слайд: Сақина,жүзік түрлері.












Слайд: Шашбау, шолпы түрлері.





























Слайд: Сырға түрлері.














Слайд: Алқа, бойтұмар түрлері.










Слайд: Өңіржиек түрлері.












Слайд: Түйреуіштер,түйме түрлері.





















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.10.2024
153
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12