400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты «Сүйікті қалам, Ақтөбе» мәнерлеп оқу сайысының сценариі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қосымша білім беру педагогтарына арналған. Талантты да шығармашыл, өнерлі де креативі тұлға болғысы келетін, егер суырып салмалық қабілетін байқағысы келетін, ақын-жазушылардың шығармаларын мәнерлеп оқып, әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттырғысы келетін, үлкен сахналарда еркін өнер көрсеткісі келетін дарынды балаларға үлкен көмек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Сүйікті қалам, Ақтөбе» мәнерлеп оқу сайысының сценарийі

Өтетін орны: БЖШО-ның ақ залы Өтетін күні: 26 .09.2019 жыл Өтетін уақыты: сағат 09.00

Көңілді музыка ойнайды

Зейін сигналы


1-жүргізуші: Үй тұрар шумақтарын қойсаң қалап,
Өлеңдері өзіндей жайсаң ғажап.
Азамат, ірі ақын боп, ұлы ақын боп,
Қайта туған ұлыңды қарсы ал қазақ!

Қайырлы күн, құрметті өлең сүйер, өнер сүйер оқушылар мен ұстаздар, ата-аналар! Орталық ішілік білім алушылар арасында өткелі отырған «Сүйікті қалам, Ақтөбе» атты мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер!


2 –жүргізуші: Туған жерім, 
Ақтөбем- құтты мекенім 
Алыс кетсем, аңсап саған жетемін. 
Шежірелі, сырға толы тарихыңды 
Бәрін оқып, жырға қосып өтемін. 


Жер тарихы- ел тарихы демекші, өңіріміздің тарихы болашақ жас ұрпақ қолында. Планетамыздың қай жерінде жүрсек те тарих қойнауына тереңдеу арқылы жер ұйығымыздың, ата- бабаларымыздың қалдырып кеткен байтақ ата жұртымыздың мұрагері болуымыз керек. Өйткені туған Жер-Ана –тұнған қазына, ең байтақ, ең бай, ғажайып тарих. Ақтөбе қаласы- өнер мен білім отауы. Спорт пен Мәдениет ошағы. Мәдениеті гүлденген Ақтөбе теңізі мен Елек өзенінің жағасындағы жасыл желекті қала өнері де шарықтап биікке өрлеумен келеді. Баршамыздың тағдырымыз Ақтөбемен жалғасқан. Ақтөбе десе жүрегіміз дірілдеп, кеудеміз күмбірлеп, қуанышымыз да тасып тұратыны да содан. Құрметті қонақтар! Осынау сүйікті қаламыз 150 жылдық мерейтойын тойлағалы отырмыз.
 


1-жүргізуші: Адам баласы дүниеге шыр етіп келгелі бері өз туған жерінің қасиетін, қадірін біліп өседі. Туған жер – әрқашанда біздер үшін қымбат. Туған жерімізді қанша сөзбен сипаттап, жыр арнасақ та жеткіліксіз. Әр ақын өз туған жерін жырға қосып, мақтан етсе, біздің бүгінгі шарамыз сол ақындардың жыр-шумақтарын жатқа оқып, мәнерлеп жеткізу.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады

2-жүргізуші: Бүгінгі байқауымыздың негізгі арқауы боп отырған Ақтөбе қаламыздың кешесі мен бүгінгі тарихына тоқталып кетуді жөн көріп отырмыз. Ендеше, сөз кезегін Орталығымыздың кітапханашысы Наташа Нұрекешоваға берейік.

Көрмемен таныстыру


1-жүргізуші: Бүгінгі біздің байқауға «Поэзия әлемі», «Жалын», «Арайлы мекен» үйірмелерінен 13 білім алушы қатысады.


2-жүргізуші: Ендеше, бүгінгі жыр додасына әділдік жүргізетін сарапшы әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!


Әділқазылар алқасымен таныстыру


1-жүргізуші :

1.Ниязгалиева Құндызай Амантайқызы

2. Наташа Нұрекешова Нұрланқызы

3.

2-жүргізуші: сайысымызды бастамас бұрын ережесімен тағы бір рет таныстырып өтейін. Сайыс 1 кезеңнен өтеді. Сайысқа Орталықтың «Поэзия әлемі», «Жалын», «Арайлы мекен» үйірмелерінің білім алушылары қатыса алады.

Сайыс барысында қатысушының мәнерлеп оқу интонациясына, сөйлеу мәнеріне, шығармашылық қабілеттері мен тіл тазалығына, өзін-өзі ұстауына, киім кию үлгісіне назар аударылады.


1-жүргізуші: Ақтөбе қаласы – алып шаһар ордасына айналып келеді. Тарихы сонау 1869 жыл іргетасы қаланып, ақ төбенің басындағы бекіністің негізде қаланған болатын. Биылғы жылы сүйікті қаламызға 150 жыл толып отыр. Сүйікті қаламыздың мерейлі мерекесі құтты болсын!

«Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл,жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы,-демекші,
сайысымыздың алғашқы қатысушысын ортаға шақырамыз.



«Ақтөбеге -150 жыл»видео роликпен жүргізіліп тұрады, музыка әуенiмен байқауға қатысушылар реттік санмен сахнаға шығады

1-жүргізуші:

1: Ахметкерей Аружан «Ақтөбеге келгенде» Есенбай Дүйсенбайұлы

2: Ыбыраева Аружан «Көктем келді Ақтөбеге »Жақсылық Айжанов

3:Уалиев Сүлеймен «Ақтөбем»Қойшығұлова Анар


2-жүргізуші:

4:Кеният Ақниет «Ақтөбеге арнау» Нұрбол Жауынбаев

5:Асылхан Нарқыз «---------------------- »

6:Тәңірберген Сағымай «Ақтөбем»


1-жүргізуші: Арайлы Ақтөбе қаласы

Сыр шерткен тарихи даласы

Мақтанып өседі өзіңмен

Қаланың әрбір баласы.

Көз тоймас әдемі қалама

Көркейіп, Жайнай бер Ақтөбем!

Бүгінгі жас өрен арнауын

Жыр жазып, жеткізер өлеңмен!- дей келе, байқаудың келесі қатысушысын ортаға шақырамыз.


7: Ахметкерей Ақниет «Ақтөбе аруым» Ораз Нұрғали

8: Төребай Нұрдана 1. «Ақтөбе» Ораз Нұрғали

9:Сәрсенбай Гүлсезім «Білімнің қасиетті шаңырағы» Ораз Нұрғали


2-жүргізуші: Поэзия – адам жанына рух беретін, адамның ішкі жанынан шығатын керемет сөздермен көмкерілген бөлек әлем іспеттес. Осы әлемнің қожайындары болу үшін де көп еңбек керек. Сайысқа қатысушыларға сәттілік тілейміз.Кезекті байқау қатысуышаларына береміз.


10: Асылхан Ділнәз «Туған қалама» Ізтай Мәмбетов

11: Тәкішев Мирас «Ақ тілекпен, Ақтөбе!» Жұлдыз Қожабекова

12: Әділханова Әсем «Туған қалама» Ізтай Мәмбетов

13. Құралбаев Бекарыс «Ақтөбе»Айтқали Нариков


1-жүргізуші: Әннің де естісі бар, есері бар,

Тыңдаушының құлағын кесері бар.

Ақылдының сөзіндей ойлы күйді,

Тыңдағанда көңілдің өсері бар.


«Отаным қазақ елі» әні орындайтын Бисенғали Мақсат

«Кең далам» әні орындайтын Бисенғали Жақсат


2-жүргізуші: Бойларыңда от бар екен байқадық, 
Жүректер де шоқ бар екен байқадық. 
Әрқашан да осы шоқты өшірмей, 
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым, — деген ізгі тілекпен сайыс жеңімпаздарын марапаттау үшін қорытынды сөз әділқазылар алқасына беріледі.


1-жүргізуші: Сайысқа риза болсын көрермендер,

Көрсетті өнерлерін жас өреңдер.

Осымен конкурсымыз аяқталсын,

Қазылар берсін енді өз бағасын.

Орталық ішілік «Сүйікті қалам, Ақтөбе» мәнерлеп оқу сайысына қатысушыларды марапаттау үшін сөз кезегі қазылар алқасына беріледі.


ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ БАҒАСЫ

Жеңімпаздарды марапаттау


2-жүргізуші: Күніне бір өлең оқыған адам-ақын, айына бір өлең оқыған адам-адам»  депті бір данышпан. Бәрімізге бірдей ақын болу міндет болмағанымен, адам болу- парыз. Жүректен шыққан сөз ғана жүректерге жетеді. Осы сайыста сүйікті қаламыздың өлендері сіздердің жандарынызды жылытып, жүректеріңізді тербетеді деген ойдамыз.


1-жүргізуші: Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Сау болып тұрыңыздар кездескенше,

Осымен бүгінгі сайыс аяқталды! –дей келе сайысымызды осымен аяқтаймыз, қаламыз әрқашан дамып, еліміздің ең ірі қалаларының қатарына қосылсын. Қаламыздың дамуына атсалысатын сіздер сияқты өз елінің патриоттары көп болсын! Жақсы оқып, жақсы білім алып, өз қаламыздың атын әлемге танытайық, келесі кездескенше, сау-саламатта болыңыздар!





































МҚКК «БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ОРТАЛЫҒЫ»



Ә.Б.меңгерушісі____________

Кобыльникова Н.Д.

«25 » қыркүйек 2019 ж.

.

.









Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына

арналған «Сүйікті қалам, Ақтөбе» атты

орталықішілік мәнерлеп оқу сайысының

сценарийі

















Өткізгендер: «Поэзия әлемі» үйірмесінің ҚББПгі: Дүйсенбаева А.А.

МҚКК «БЖШО»кітапханашысы: Нұрекешова Н.Н.









Ақтөбе қаласы

2019 жыл




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 қазан
1286
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі