Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Сыйынар ем Ана деген тәңірге"

Материал туралы қысқаша түсінік
халықаралық әйелдер мерекесінде ұстаздарға немесе оқушыларға қажет болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағат тақырыбы: «Сыйнар ем Ана деген тәңірге»

Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер,мақал-мәтелдер

Барысы: Кіріспе:

1-жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты ұстаз-аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек

Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар,қасиетті аналар!

2-жүргізуші: «Ана» дейміз бәріміз де аңқылдап,

«Ана» дейді жас сәби де жарқылдап.

«Ана» деген – бәйтерегі өмірдің,

«Ана» деген алтын қазық, алтын бақ!

Хор: «Анажаным»

1-жүргізуші: көрініс «Көктем патшалығы»

Автор: Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, көденің көгерген жасыл кезінде, жерден қар кетіп, жердің түрі түрленіп тұрған уақытта, күннің сәулесі көктен қыздырып, жер – ананың денесі бусанған шақта, көңілді «Көктем» атты патшалық болыпты.

Сол патшалықты басқарған хан өз ұлдарының ішінен мұрагерін іздейді. Сөйтіп оларды сынамаққа бел буды.

Хан: Ұлдарым мен қыздарым! Мен қартайдым, сендерге қояр талабым бар. Соны орындағандарың менің мұрагерім боласыңдар. Кімнің өнері мен ақылы көркіне сай болса, сол менің мұрагерім болып, осы патшалықты басқарады.



Автор: Хан ұлдарын қасына жинады.

Хан: Балам, үйдегі алтын қазық кім?

Баласы: Үйдегі алтын қазық – бала. Ол – мен.

Хан: Жоқ балам, үйдегі алтын қазық сен емес, ол – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі. Ана сыйламағанның ақылы кем. Ананың мейірімі – көзінде, ақылы – сөзінде.

Патшаға абыз қария келеді.

Қария: Дат, тақсыр!

Хан: Датың болса, айт!

Қария: Менің айтпағым балаларыңда. Балам, жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?

Бала: Ата ашты тоқ, жоқты бар ететін мейірімді әке.

Қария: Жоқ, балам! Әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек. Жоқты бар, ашты тоқ ететін – ол ана. Анасыз бала ұйықтамайды. Қатықсыз айран ұйымайды.

Хан: Жоқ, сендердің жауаптарыңа менің көңілім толмады. Ханзаданы шақырыңдар!

Бала: Алдияр әке, не бұйырасыз?

Хан: Өнеріңді көрсет.

Бала: Ана! Ана! Не деген қастерлі, қасиетті сөз едің. Осынау үш әріптен тұратын ұлы сөздің түбірінде қаншама ұлы сезім, ұлы құдірет жатыр десеңізші. Ананың ыстық алақаны жүрекке жылы тиіп, әр сөзі адамзат баласына өшпес нәр береді. Дүниеде ана қадірлі.

Автор: Осы патшалықтағы аяулы ана алыста тұратын бауырының үйінде болатын. Үйге бір аптадан кейін оралды. Үйге кірісімен қыздары бірінен соң бірі аналарын қалай сағынғандарын айта бастады.

1 - қыз: Анашым, мен сені күн сәулесін күткен көкнәр гүліндей сағындым.

2 - қыз: Анашым, мен сені бір тамшы суды аңсаған шөл даладай күттім.

3 - қыз: Мен енесін сағынып шырылдаған кішкентай балапандай болып жыладым.

4 - қыз: Мен сенсіз гүл таппаған ара сияқтымын.

5 - қыз: Сен менің түсімде раушан гүлінің түсіне енген шық тамшыларындай болып көріндің.

6 - қыз: Шие бағын іздеген бұлбұлдай мен сенің жолыңды қараумен болдым.

Автор: Жетінші қызы үндеген жоқ. Ол анасының қолын жуу үшін су әкеліп берді. Анасының асын даярлап, алдына ас қойып, шәй құйып берді.

2-жүргізуші: Қазірет пайғамбарға бір адам келіп: -Мен бір зор күнә істедім. Енді мен үшін тәубе ету мүмкін бе?-деп сұрайды. Сонда пайғамбар: -Анаң бар ма? -деп сұрайды. -Бар,-дейді әлгі адам. -Онда анаңа қызмет көрсет,-деген екен пайғамбар. Олай болса шәкірттеріңіздің аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық.

1-оқушы: Мендигулова

Шеше,

Сен бақыттысың!

Жыламағын.

Жай түсіп жатқанда да құламадың.

Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның,

Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой,

Тірімін ғой,

Қасыңдамын.

Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын!

Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,

Байырғы берекеңді қашырмағын!

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа,

Өзім кепіл тот басып тозбасыма.

Екі жыр жазсам саған бірін арнап,

«Шеше» деп жаздым ылғи сөз басына.

Тәңірім кеше көрсін кесірімді,

Аспанға жазам сенің есіміңді!!!

Шеше!

Сен бақыттысың, тербете бер,

Құба талдаи иілген бесігімді

2-оқушы:

Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,

Қуанышына қуанып, қайғыңа - күйетұғын?

Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.

Кім сендерді, балалар тербететін,

Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?

Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,

Қамқор анаң көз жасын көлдететін.

Кім сендерді сағынар шетке кетсең

Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең?

Бетін жуған жасымен сорлы анаңа

Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.

Кім сағынар сендерді келгеніңше,

Құлындарын көзімен көргенінше?

Сендер қайтып келсеңдер адам болып.

Еш арманым болмас еді өлгенімше...

1-жүргізуші: Десек те уақытпен жарыспайды,

Қиялға қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

Өнерін аналарға бағыштайды,-дей отырып

Ән:Еділ мен Ришат «Анашым»

2-жүргізуші:Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда мың бұралған бишілеріңіз.

Би: «қамажай»

1-жүргізуші: : Әлемнің жарығын,

Сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін,

Жинадың сен маған.

Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше балғын бүлдіршіндеріңіздің ана туралы әсем ән шумқтарын тыңдаңыздар.

1-оқушы:

Жан ана, құтықтаймын мерекеңмен,

Көктемнің құлпыра бер нар гүлімен.

Төрлесін елдің берген бақыт бағы,

Жазбасын шат көңілің, ақ күніңмен!

2-оқушы:

Ана десем алғыс алам халқымнан,

Ана десем теңіз болам шалқыған.

Ана десем ашылады қабағым,

Ана десем әділдікті ұғамын.



3-оқушы:

Анам менің панам ғой,

Содан қорған табам ғой

Асықпа, ана, ертең – ақ

Отың болып жанам ғой.

4-оқушы:

Әлпештеген баласын,

Ана бақыт – ана күн.

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын!

5-оқушы:

Құрметтейік, о адамдар аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі, ана деген асыл жан ғой,

Ойлауменен істейтін әр қадамды.

6-оқушы:

Аналар – ау менің шалқар көлдерім,

Көлдерім мен асқар – асқар белдерім.

Мына өмірде қуанышты жүргенім,

Сенің арқаң бұл өмірге келгенім.

7-оқушы:

Бастадым сөзімді «Ана» деп мен,

Себебі анам ғой мені адам еткен.

Өмірдің бар асылын бойына жиған,

Дүниенің ардақтысы анам екен.

8-оқушы:

Сенен өскен балалар,

Сенен өскен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті асыл аналар.

9-оқушы:

Адам бар ма ана сүтін татпаған,

Алуан – алуан ауыр сынды аттаған.

Адалдықты ар намысты сақтаған,

Мен анамның сонысымен мақтанам.

11-оқушы:

Әже деген көп шығар,

Әжелердей жоқ шығар.

Мейірімді бұл кісі,

Қандай ғажап күлкісі.

12-оқушы:

Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

13-оқушы:

Ерлік, еңбек атқарған,

Еңбегімен мақтанған.

Ел сенімін ақтаған,

Айналайын ақ мамам.

14-оқушы:

Қанаттанса балапан,

Қалайынша ұшпайды.

Әрбір қыз, әр бала,

Анасын ұқсайды.

15-оқушы:

Ана – бақыт, ана күн,

Ана – өмір тірегі.

Ана – өмір себуші,

Ана – сарқылмайтын бұлақ.

2-жүргізуші: Аяулысың, ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,

Сендер үшін мереке шашулары,-деп алдарыңызға

Ән: «Көңілді күн» Мендигулова

1-жүргізуші: көрініс «Көктем патшалығы»

Көрініс: «Ананың жұмбағы».

Автор Бірде көп балалы ана ұлдарына былай депті:

Ана: Балапандарым, мен сендерге бір жұмбақ айтамын, сендер соны шешіңдер. Сендердің бәріңді 9 ай абақтыға жапса, одан шыққан соң ауызыңа өкпе тықса, арқанды ағашқа таңса, сол адамға не істер едіңіздер?

Тұңғыш ұл: Мен оның басын балтамен шабар едім.

Екінші ұл: Мен оны мылтықпен атып тастар едім.

Кенже ұл: Жоқ, ана, мына үшеуінің жасайтындары ақымақтың ісі. Ал мен болсам, ол адамды аялап, өлгенше алақаныма салып бағар едім. Ол мені жарық дүние әкелуші адам. ол – асыл ана. Сіз бізді 9 ай көтердіңіз, бізге жарық дүние сыйладыңыз. Қырқынан шығардыңыз, ағаш бесікке бөледіңіз. Міне жұмбағыңыздың шешуі осы.

Ана: Жарайсың, кенжетайым!

Хан: Әй, кенже ұлым! Көркіңе ақылың сай болып өсіпсің. Анаң екеуіміздің көңіліміз толды. «Көктем» атты патшалықты өзіңе сеніп тапсырамын.

Хан батасы: Ізетті, инабатты, иманды ұл - қыздарым! Бауырларыңды тыңдаңдар, бірлік пен татулықты серік етіңдер! Ана сыйлағанды Алла жарылқайды, аналарыңды сыйлаңдар!

Автор: Сонымен, хан жарлығы екі болмайды. Кенже ұл ата тағына отырып, көңілді «Көктем» патшалығын басқарыпты. Көңілді патшалық адамдарға нұрын шашып «Ана – өмір шуағы» деп жадыраған, жайдары бір күнін асыл аналарымызға арнаған екен. Міне, көңілді патшалықтың мен көрген бір күні осылай шаттықпен өз ұясына қонды.

Би: флешмоб

2-жүргізуші: Жасыра алмай өзіңнен ғашықтығын,

Көкжиектен таң сайын асықты Күн.

Келді тағы көктемнің мерекесі

Дидарыңа шуағын шашып бүгін

Ән: «ана-әке» Мендигулова

1-жүргізуші: : Осы айтылғандардың бәрі шындық. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік! Не деген құдірет едіңіздер, аналарым! Сыйынатын болса өмірде құдірет, Сыйынар ем ана деген тәңірге! Ананы да, мені де әлпештеген, Қайтпас қайрат, дариядай ақыл берген. Ниетің қабыл болсын, аналарым, Барша ана құтты болсын мерекеңіз, Әрқашанда ана сізбен берекеміз. Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам, Сонда біз кісілікке теңесеміз,- дей отырып мерекелік кешімізді қорытындылау сөзді сынып жетекшіміз Меңдібаева Дина апайымызға берсек.















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
941
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12