Тәрбие сағаты "Табиғатқа қамқорлық жасаймыз"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Табиғатқа қамқорлық жасаймыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Табиғатқа қамқорлық жасаймыз"
Материалдың қысқаша нұсқасы



Құндылық:

Бірлік және ынтымақ

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)


А.Ж.Айткалиева

Күні:

02.12.24

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Эпиграфтар

(Тақырып мазмұнын ашатын)

«Табиғатқа қамқорлық жасаймыз!» акциясы

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

13-САБАҚ

«Желідегі жас шектеулері және олар не үшін қажет»

Сабақтың мақсаты

Табиғат құндылығының маңыздылығы, табиғат пен адамның қатынасының үйлесімділігі туралы түсіндіру.

Қауіпсіздік мақсаты

Интернетте пайдалы мазмұнды пайдалану дағдыларын дамыту. Білім алушылардың онлайн-контентті қауіпсіз пайдалану дағдыларын дамыту.

Құндылықтарды дарыту

Табиғат байлықтарын бағалауға, сақтауға, табиғатты аялай білуге, қамқорлықпен қарай білуге тәрбиелеу.

Апта дәйексөзі

Бірлігі күшті ел озады

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту /7мин/

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Талқылау сұрақтары: · Табиғат дегеніміз не? Табиғат бізге не береді? · Табиғатқа қалай қамқорлық жасаймыз? Бейнеролик көрсету. Оқушылардың бейнеролик туралы ойларын сұрау: · Бейнероликтен қандай әсер алдыңыздар? · Бейнероликте қандай маңызды мәселелер қозғалды?

Мұғалімді мұқият тыңдайды. Сұрақтарға жауап беріп , өз ойларын ортаға салады. -Бейнероликтен көрген әсерлерін, қозғалған маңызды мәселелерді айтып жеткізеді.

Ауызша

мадақтау

Жарайсың!

Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!

Презентация Жазба дәптері

ttps://www.y

outube.com/

watch?v=2m

p73hh2iTk

Жаңа сабақ

/25мин/


- Балалар денелеріңді тік ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырайық. Көздерімізді жұмуға да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алайық. Денелерімізді бос ұстайық. Айналадағы барлық тіршілік иелерін аялап, қоршап, қамқорлап жатқанымызды сезінейік. (Осылайша 2 мин. отырады, үнтаспадан табиғат әуені ойналады.) - Балалар, енді көзімізді ашайық. Табиғатқа қамқорлық жасағанымызды көз алдымызға қалай елестеттік? Табиғат - адам үшін адам үшін ерекше қасиетті ұғым. Табиғат жерге қандай көрік берсе, адам да өмірге сондай көрік береді. Сондай көрік пен сұлулықтан, жылылықтан тұратын табиғаттағы өсімдіктер мен суларды, жан-жануарлар мен құстарды сақтау, қасиетті жерімізді таза ұстау, аялау - біздің адами борышымыз. - Табиғатты қорғау - Жер ананы қорғау, табиғатты қорғау - өзіңді қорғау. Табиғат– бізді қоршаған дүние: аспан мен жер, тау мен су, жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі. Адам қашанда Табиғат әсемдігіне, сұлулығына тамсанған, таңданған, қуанып шабыт алған және қамқорлық жасаған.

- Мен сынып қалған ағашты байлап, оған қамқорлық жасап жатқанымды елестеттім. - Мен гүлдерге су құйып жатқанымды елестеттім.




Мұғалімді мұқият тыңдайды · Әр топ өз жұмыстарын таныстырады, сынып болып талқылау жүргізіледі.



Тапсырма: Оқушыларды бірнеше топқа бөліп, әр топқа жеке тапсырмалар беру: · 1-топ: Табиғатқа қалай қамқорлық жасаймыз? · 2-топ: Айналамызды күл-қоқыстан қалай таза ұстаймыз? · 3-топ: Табиғатты көркейтуге қандай ұсыныстар айтар едіңдер?

Қима қағаздар, маркерлер










Қима қағаздар, маркерлер

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)



Бүгінгі таңда Интернет желісіндегі қолданушылар саны ондаған миллион адамды құрайды және олардың едәуір бөлігі әлемдік желінің қауіптілігі туралы білмейтін балалар. Интернет- мүмкіндіктердің қоймасы ғана емес, сонымен қатар қауіп көзі.

Осылайша, жақсыдан басқа, виртуалды әлемде жамандық бар. Интернеттегі дұрыс емес мінез-құлық саған ғана емес, достарыңа, отбасыңа және жақындарыңа, сондай-ақ елге зиян тигізуі мүмкін.

Мұғалім балаларға сауалнама жүргізеді: сіздердің біреулеріңіз интернетте осындай жағдайларға тап болды ма және сіз қалай әрекет еттіңіз?

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Бағалау. «Дауыс беру» әдісі.



Стикерлер, маркерлер



Сабақтың соңы

/3мин/

Рефлексия

Тиімді кері байланыс береді

Стикер, жапсырма қағаз



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.01.2025
156
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі