Тәрбие сағаты. Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы». 7-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты. Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы». 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемінің түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының жоспары


Күні:

7 «ә»-сыныбы

Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»

Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемінің түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру.

Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңдай білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточка, слайд көрсету.

        

Жоспары:

1.     Кіріспе. Сұрақ – жауап.

2.     Оқушылардың әдеби монтажы.

3.     «Менің ата-анамның мамандығы» (оқушылар шығармашылығы)

4.     Ойын:  «Кім жылдам?»

5.     Ойын: «Қай мамандық иесі?»

Барысы. «Әдептілік белгісі, иіліп сәлем бергенің» қонақтармен амандасу.

Мұғалім: Балалар, бүгін біз мамандық туралы әңгімелесеміз. Айтыңдаршы, маман дегеніміз не? Белгілі бір мамандық иесі болу үшін не істеу керек?

Мұғалім:- Ендеше әрқайсымыз өз қалаған мамандығымызды айтайық.

1 – оқушы: Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі.

Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз.

Әсмепаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тапта бар қалан,

деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз.

Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуің ертең ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.

 

Мұғалім: Ал, балалар, кім мамандық пен еңбек туралы мақал – мәтелдер біледі?


*Еңбек түбі - береке.

Еңбек түбі - зейнет.


*Ерінбей еңбек етсең – ерінің асқа тиеді,

Ерініп ілбіп кетсең – иегің тасқа тиеді.

Біліп істеген мақсатына тез жетеді.

(Сайф Сарайи)


*Еңбегі аздың өнбегі аз.


*Ұстаның бізі сүйкімді,

Жақсының сөзі сүйкімді.

 

* Ұстаның өрісі көрігінен төсіне дейін.

 

*Алтын менен күмісті

Зергер үшін жаратқан.

Арқар менен құлжаны

Мерген үшін жаратқан.

 

*Шебердің инесі де алтын,

Соққан күймесі де алтын.

 

*Шеберді саусағы асырайды.

 

*Еріншектің ертеңі бітпес.

 

*Жатқанға жан жуымас,

Жалқауға мал құралмас.

 

*Еңбексіз өмір жоқ,

Ауырсыз жеңіл жоқ.

 

*Қойшыны таяғы асырайды,

Қасқырды аяғы асырайды.

 

* Сен істі сүйсең, іс саған бас иеді.

   *Жылай-жылай арық қазсаң,

Күле-күле су ішерсің.

 

Ал енді еңбек пен мамандықтың айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?

2 – оқушы: Еңбек – адамның қызметі материалдық және рухани жағдайын құруға бағытталған. Еңбек әрқашан мақсатты, яғни әрдайым нәтижелі болу керек.

3 – оқушы: Ал мамандық – еңбек қызметнң түрі, ол арнайы біліктілік пен білімділкті талап етеді.

4 – оқушы: Мамандық латын тілінен аударғанда ресми көрестілген іс. Мамандық иесі болу үшін әдейі оқу керек.

Мұғалім: Сонымен балалар, белгілі бір мамандық иесі болу үшін арнайы оқу керек екен.

-         Балалар, енді тақтаға назар аударамыз!

 

Мамандық

Еңбек қызметі

  Ой еңбегі                                               Дене еңбегі

 

Ақын, ұстаз, дәрігер,құрылысшы, шахтер,ұста

-         Балалар, сендер қандай көлік түрлерін білесіңдер?

-         Машина, ұшақ, кеме, мотоцикл, велосипед, т.б.

-         Ал қандай сусын түрлерін білесіңдер?

-         Шай, какао, сүт, айран, қымыз, кофе, шырын, т.б.

-         Қандай мамандық түрлерін білесіңдер?

    -    Мұғалім, кітапханашы, аспаз, есепші, сәулетші, зергер, дәрігер, шахтер, загер, тігінші, т.б.

-         Балалар, сендер қандай мамандықтықтарды көбірек естисіңдер?

-         Мұғалім, кітапхнашы, аспаз, есепші, сәулетші, зергер, дәрігер, шахтер, загер, тігінші, т.б.


Ал енді, балалар, қазір «Мамандықтың бәрі жақсы» деген ойын ойнаймыз. Қазір мен сіздерге мамандықтар жазылған карточкаларды үлестіріп беремін. Ал сендер сол мамандық туралы  білетін өлең, тақпақты айтып беріңдер.

Дәрігер:

  Ақ халатты киемін,

Аппақ болып жүремін.

Аппақ болып жүргенді,

Өзім жақсы сүйемін.

«Дәрігермін» мен деймін,

Кәрі әжемді емдеймін.

«Көп – көп ішіп дәріні,

Кәрілікті жең» деймін.

  

Ұшқыш: Ар- намысын сақтаған

                 Жүректе сыр жаттаған

                 Жан тәнімен сақтаған

                 Ұшқыш болғым келеді

 

Инженер: Мен инженер боламын

                  Жерден алтын табамын

                  Жолын қуған әйгілі

                  Академик ағаның

 

 Ақын:      Ал мен ақын боламын

                 Сусылдаған қаламым

                 Адамдардың жүрегін

                 Жырмен жаулап аламын

 

 Аграном: Нан беремін баршаға

                 Жер маманы болам мен

                 Барып жүрмін бақшаға

                Аграном ағаммен

 

Мұғалім: Мен үлкейіп өсіп толамын

                Сонда өзіміздің осы ауылдың

                Бөбектерін оқытып үйретіп

                Мұғалима боламын

 

4. Ойын:  «Кім жылдам?»

Үстел үстіне түрлі мамандық иелеріне қажет құралдарды қойып, екі баланы шығарамын, ойын шартын түсіндіремін. Екі бала екі түрлі мамандық иесіне қажет құралдарды екі үстелге бөліп жинайды (шаштараз-аспаз, мұғалім-дәрігер).

5. Ойын: «Қай мамандық иесі?»

- Тарағы бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (шаштараз)

- Қалағы бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (Құрылысшы)

- Ожауы бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (Аспаз)

- Күрегі бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (Диқан)

 

«Адамдарға ең қажет мамандық» ойынын топқа бөлініп орындайды. Бұл ойынды ойнаған оқушы өз мамандығын таңдауға жол табуына көмектеседі.

  Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.



VI. Қорытындымен бекіту.Келешекте қандай маман иесі болсам екен деген сұрақтарыңа жауап алдыңдар деп ойлаймын. Сол үшін көп еңбектеніп, ізденіңдер.



VII. Үйге тапсырма беру :
«Менің сүйікті мамандығым» тақырыбында шығарма жазып келіңдер.

VIII Бағалау
Оқушыларды еңбектеріне қарай бағалау.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.01.2019
1605
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі