Тәрбие сағатының жоспары
Күні: 28.04.2020
Сыныбы:5Ә
Сабақтың тақырыбы: «Татулықтың түпқазығы»
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың барлығы: Татулық туралы , «бірлік» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашып және «достық» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейтеді
Оқушылардың көпшілігі: Оқушылардың жемісті ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамытып, түрлі проблемаларды көріп, шеше білетін белсенді оқушы тұлғасын қалыптастырады
Оқушылардың кейбірі: Адамгершілігі мол ,парасатты, ұлттық рухы биік тұлға қасиетін сезінеді
І.Ой шақыру
Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады? (130)
Қазақстанда ең көп диаспора?(Орыс, өзбек, ұйғыр, кәріс, татар)
Қазақ халқы мәдениетінің басқа ұлт мәдениетінен айырмашылығы барма?
(Әрине бар, әр халықтың өз менталитетіне сай мәдениеті болады. Қазақ халқының мәдениеті өте ерекше, салт- дәстүрге бай халық)
Қазақстан халқы ассамблеясы қашан құрылды?
(1995 жылы 1- наурызда)
ІІ.«Ойланайық, пікірлесейік» айдары
-
Адамдармен тіл табысудың қандай жолдарын білесіз?
-
Адамдармен ренжіскен кезде қандай күйде боласыз?
-
Өзге адамның пікірімен келіспеген жағдайда не істер едіңіз?
-
Адамдар арасындағы жарастықты, сыйластықты, тыныштықты сақтауға не ықпал етеді?
-
Кез келген нәрсені сабырмен шеше аласыз ба?
«Қазақстан халқы ассамблеясы» (слайд көрсету)
Достық – мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу.
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.
Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиын-шылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі.
IІІ.Шығармашылық жұмыс
1.Оқушылардың татулық сақтауда адамдарды бір-бірімен қарым-қатынасының маңызды екенін, өмірде бірлік, ұйымшылдық, төзімділік ұғымдарының қажеттілігін түсіндіру мақсатында https://youtu.be/nzF43Ir77Ko?t=42 осы сілтемеге кіріп, видеоны жақсылап көру
2. «Татулықтың түпқазығы... » деген пікірге өз ойыңды жаз.
1-сөйлем: Менің ойымша....
2-сөйлем: Өйткені....
3-сөйлем: Тағы да бір айта кетерлігі..
Соңғы сөйлем : Қорытындылайтын болсам...
ІV.Бекіту
Мақал –мәтелдер:
-
Тістем нанның қадірін тарыққанда білерсің,
Анық достың қадірін зарыққанда білерсің.
-
Айырылмас досыңа қайырылмас сөз айтпа.
-
Жалған жолдас көзіне мақтар,
Сырт айналып, сойылын баптар.
-
Доспен дос болғанға шаттан
Дұшпанмен дос болғаннан сақтан.
V.Рефлексия

VI.Үйге тапсырма беру
«Ұлттар достығы-елдіктің кепілі» тақырыбында эссе жазу
Сабақ жоспары
Пән аты: Қазақ әдебиеті Тексерілді:
Сыныбы: 6Ә
Күні:
10.05.16
Сабақтың тақырыбы: Манастың балалық
шағы
Сабақтың
мақсаты:
1. Білімділік мақсат – жырдың мазмұнына
тоқталып, жырдың ауыз әдебиетіндегі батырлар жырымен ұқсастығын
түсіндіре кету.
2. Дамытушылық мақсат - ой – өрісін, ойлау
белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту,
шығармашылық ізденіске
баулу.
3. Тәрбиелік мақсат – елін, жерін сүюге,
адамгершілікке баулу. Адалдыққа, еңбексүйгіштікке
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас
сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, салыстыру, сұрақ –
жауап, шығармашылық ізденіс, ой
толғау
Сабақтың көрнекілігі: Көркем
әдебиеттер
Сабақтың
барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен амандасу
ә) оқушыларды түгендеу
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Жаңа
сабақ
Манас дастаны – қырғыз халқының дәстүрлі
эпосы. Ауыз әдебиетінің тамаша үлгісі, бұл дастан ғасырлар бойы
ұрпақтан ұрпаққа жырланып, халық есінде сақталуда. Эпос үлкен үш
бөлімнен тұрады: Манас жыры, Манастың ұлы Сәметейдің жыры және
Манастың немересі Сейтектің
жыры.
Дастанның өзекті тақырыбын қытай мен қалмақ
дұшпандарына қарсы шайқастар сипаттайды. Ол – тек қырғыз халқының
ғана емес, күллі түркі халықтарының тарихы мен салт – дәстүрінен
мол мағлұмат беретін энциклопедия тектес мұра. Онда қазақ халқының
тарихына қатысты оқиғалар да кеңінен қамтылып отырады. Манасшылар
күнді күнге, айды айға қосып жырлайтын алып жырдың көркемдік
табиғатына кезінде қазақтың ұлы ғұламалары Шоқан Уәлиханов, Мұхтар
Әуезовтер ерекше көңіл аударып, оның алғашқы зерттеушілері
болған.
Сендердің назарларыңа, балалар, Манастың
алғашқы ерліктерін бейнелейтін ықшамдалған тарауы ұсынылып отыр.
Манастың балалық шағы.
Эпоста Манас атса оқ, шапса қылыш өтпейтін
батыр, қара қылды қақ жарған әділ хан бейнесінде көрінеді. Жырда
Манас жалғыз емес, оның жанында Ақбалта, Ажыбай, Сырғақ, Шуақ,
Бақай, Алмамбет, Ер Көкше сынды батырлардың ерлігі ерекше
әспеттеледі.
Манастың анасы Чиырды, құдай қосқан жары,
ақылы мен ажары келіскен
Қаныкей.
Оқиға сюжеті:
Басталуы: перзентсіз ата – ана, оның хал –
жайы, кейіпкердің төтенше жағдайда туу тарихы, жылдам
өсуі.
Негізгі оқиға: батырдың елін қорғауы мен
ерлік жорықтары, шапқыншы жаумен соғыс, жауды жеңіп, ата – мекеніне
оралуы.
Аяқталуы: жеңіс, қуаныш – той, тыныш өмір,
батырдың баласының дүниеге келуі, баласының
ерліктері.
Манас Манас болғалы, Манас әулие атқа қонғалы
оған шақ келер теңдес табылмады. Манас бармақтайынан бақырса,
таудағы бұғы біткен үрікті, тоғайдан жолбарыс қашты, қызыл шоқты
жалаңаяқ басты, үйдей тасты таудан құлатты, он бестегі баланың
қолын ұстағанда сындыра жаздап жылатты. Бала үшке келгенде үлкен
Жынды деген атқа ие болды.
ІІІ. Мағынаны
таны
Жоспар бойынша тақырыпты
ашу.
1. Манастың қырық қырғыз баласымен Алтай
тауының бауырына жиналып
ойнауы.
2. 8 жасар Манас бастаған ойын балаларына 80
қалмақ, оларды бастаған зор қалмақ баласы қырғыз балаларын кемітіп,
мазақ қылып, ұрып – соғуы.
3. Манастың алғашқы батырлық ерлігінің
суреттелуі (Оқушыларға мәтіннен тауып,
оқыту)
4. Әкесі Жақыптың Манасқа
ұрсуы.
5. Қария Ақбалтаның Жақыпқа қайырған жауабы
және Манастан күткен үміті.
6. Манастың аты
Айманбоз.
7. Манастың жауға
шабуы.
8. Қанжарқолды
өлтіруі.
IV.Ойды
жалғастыр
Батырлар туралы мақал – мәтелдерді
жалғастыр:
1. Елін сүйген ер
болар
2. Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін
өледі.
3. Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын ел
сақтар
4. Ерлік білекте емес,
жүректе.
V.Бекіту
Сабағымызды қорытындылай келе бес жолды өлең
жазайық.
1. не?
2.
қандай?
3. не
істеді?
4. не
үшін?
5. жалпы ойды
түйіндеу.
VI.Оқушыларды
бағалау
VII.Үйге тапсырма: «Манас» жырының балалық
шағынан үзінді жаттау.
Сабақ жоспары
Пән аты: Қазақ тілі Тексерілді:
Сыныбы:7
Күні: 10.05.16
Сабақтың тақырыбы:Мақала
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға мақала туралы түсінік беру, мақаланың жазылу мақсатын, мазмұнына, тілдік сипатына қарай бөлінетінін түсіндіру
2.Дамытушылық: Оқушылардың жемісті ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту, түрлі проблемаларды көріп, шеше білетін белсенді оқушы тұлғасын қалыптастыру
3.Тәрбиелік.Адамгершілігі мол ,парасатты, ұлттық рухы биік тұлға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, сто, топтық жұмыс, шығармашылық ізденіс
Көрнекілігі: газет, журналдар, көңіл-күй индикаторы
Пәнаралық байланыс: әдебиет, журналистика
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен амандасу
ә) оқушыларды түгендеу
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
285-жаттығу,
Хат жазу
ІІІ.Жаңа сабақ
Мақала журналистиканың аналитикалық жанрына жатады. Бұл маңызды мәселені көтеретін, шағын көлемдегі публицистикалық туынды.
Мақалада автордың алдында әлеуметтік жағдайларды, өмірлік процесстерді жан-жақты қарастыру және анализ жасау мақсаты тұр.
Мақала - коғамдық-әлеуметтік мәселелер туралы жазылған публицистикалық жанрдағы шығарма.
Мақала 4 түрге бөлінеді:
1.Бас мақала заманымыздың негізгі бағытын, үкіметтің алға қойған саяси, шаруашылық, мәдени міндеттерді түсіндіріп, іске бағыт береді
Бас мақала. Газет пен журналдың кезекті санының алғашқы беті қоғамның ең маңызды мәселесіне арналады. Бұрын Кеңестер Одагының Коммунистік партиясы «қоғамның басқарушы, бағыттаушы күші» болғандықтан, орталық органның газеті «Социалистік Қазақстанның» әр санында шеткі, сол жағына басмақала жарияланып тұрды. Журналдардағы басмақала кең көлемде жазылады. Жылдың алгашқы нөмірінде өткен жылдағы оқиғаларға баға беру, келешектің жоспары, басьшымның алға қойған мақсат- міндеттерін хабарлау негізінде жазылып жүр.
2.Проблемалық мақала шешуді, тексеруді, зерттеуді қажет ететін теориялық және практикалық мәселелерді көтереді
Проблемалық мақала қазіргі таңда кең қолданысқа ие. Проблемалық мақала экономика, саясат, мәдениет, ғылым, білім, адамгершілік, заң, экология т.б. қоғамның барлық саласын қамтиды және әртүрлі тақырыпта жазылады.
Мақаланың бұл түрінің негізі - барша халыққа мәлім, қоғамда шешуді талап ететін мәселелерде жатыр. Егер елде инфляция, жүмыссыздық, заң бұзушылық кең етек алса, жалпыхалықтық мәдениет өзінің шындық бейнесін жоғалтса, онда халықтың өмір сүру деңгейінің төмендейтіндігі белгілі. Нақты, анық, еліміздегі маңызды деректерге сүйенсек: зауыттардың жұмысы (жалақы төленбей кешіктірілсе, мықты мамандар жүмыстан кетсе) тоқтайды. Бүдан қандай қорытындыға келеміз? Қоғамға себеп-салдар, шешім мен үсыныстардың қайнар көзі керек.
Мақалаға «кім?», «не?», «қайда?», «қашан?», «қандай?» т.б. қойылатын сұрақтар жеткіліксіз. Негізгі «кім кінәлі?», «не істеу керек?» деген маңызды сұрақтар қажет. Журналистердің міндеті зерттеу жүргізу, қиындықтардың көп тармақты себебі мен салдарын, туындаған күрделі мәселелерді анықтап, шешудің жолдарын табу проблемалық мақаланың міндеті.
3.Насихаттық Мақала ғылым, техника, өнер жаңалықтары заман талабына сай бүгінгі өмірдің практикалық міндеттерімен байланыстырып отырады
4.Публицистикалық Мақала қоғамдық-әлеуметтік және саяси маңызы зор оқиғалар мен құбылыстарды, дәуір тынысын көтеріңкі үнмен, көркем тілмен баяндайды.
Жадыңда ұста:
-
Мақаланың не туралы жазылатынын, не мақсатта жазылатынын анықтап алыңыз.
-
Аудиторияны анықтап алу керек.
-
Жазудан бұрын кім үшін, қанша жастағы оқырман үшін жазатыныңызды анықтап алыңыз. Мәселен, ғылыми мақала мен балаларға арналған мақаланы шатастырмау керек. Аудиторияға сәйкес, дайындығыңыз да өзгеріп отыруы керек.
-
Оқырманға не керектігін іздеңіз. Оқырмандар не туралы білгісі келеді? Олар іздеген мәліметті беруге сіздің білім қорыңыз жеткілікті ме? Бұл арқылы мақала жазуға сюжет табу оңай болады. Бірақ өз білім қорыңызбен ғана шектелмей, жаңа деректер іздеп, оларды меңгеру арқылы пайдалы мақала жаза аласыз.
-
Жазатын мақалаңыз еш жерде талқыланбаған, жаңа, өзекті болсын. Ал егер сіз жазғыңыз келген тақырып жауыр болса, оның берілу форматын өзгертіңіз, яғни өзге бір қырынан беруге тырысыңыз. Бар дүниені қайталап жазып шығу емес, ең болмағанда сол ақпаратты толықтыру сіздің мақалаңыздың өзектілігін арттырады. Бұл арқылы оқырманның назарын аударасыз әрі олар әр жазған мақалаңызға қайта оралып оқитындай болады.
-
Жазатын тақырыбыңызды өзге ешкім, ешқашан жазбаған болсын. Мақалаға өзгеше реңк, жаңа тұрпат беріңіз.
-
Тақырыпқа жаңа ойлар қосыңыз. Өз ұсыныстарыңызды немесе өзге авторлардың мақаласында жоқ деректерді қосыңыз. Бұл – оқырманның бүгінгі ақпарат тасқынында дәл сіздің мақалаңызды таңдап оқуға себеп болады.
-
Қызықтыра жазыңыз. Оқырман ғана емес, жазып жатқан тақырыпқа өзіңіз де аса үлкен мән беретініңізді көрсетіңіз. Сіздің қызығушылығыңызды көрген оқырман да мән бере бастайды. Тіпті оқырманның ой қорытуына, сараптауына мүмкіндік беретіндей етіп жазыңыз.
-
Таңдалған тақырыпты зерттеңіз. Негіздерін біліңіз. Жазғалы жатқан мақалаңыздың жалпы сипатын ойластырыңыз. Бұл арқылы көп тақырыптың ішінде адаспай, айтқыңыз келген ойды жинақтауға мүмкіндік болады. Әрине, жазғыңыз келген тақырып төңірегінде ақпарат болмауы мүмкін, сондықтан тақырыпты білетін адамдардан, газет-журналдан, интернет басылымдарынан, кітаптардан іздеп, тапқан жағдайда оларға сілтеме беру арқылы қолдана аласыз.
-
Жүктеу
ЖИ арқылы жасауЖИ арқылы жасауБөлісу
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты «Татулықтың түпқазығы»

шағым қалдыра аласыз