жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты "Тәуелсіз ел ұланымыз"
Мақсаты:
Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата - бабамыздың
тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне,
халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту
қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің
жетістіктерімен таныстырып, білгендерін
тереңдету.
Барысы: Әнұран
орындалады.
Ортаға Қаз дауысты Қазыбек би шығады
Қаз дауысты Қазыбек би: - біз Қазақ мал
баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Басымыздан
құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға
үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз
асырмаған елміз. Достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай
білген елміз.
1 -
жүргізуші:
- Құрметті
қонақтар, ұлағатты ұстаздар мен шәкірттер! «Желтоқсан –
тәуелсіздіктің бастауы» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Биыл
еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған тәуелсіздік алғанымызға 22
жыл толып отыр.
2 -
жүргізуші:
- Егемен
еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні.
Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген ардақты ағайындар, мереке
құтты болсын!
2 -
жүргізуші:
- Достар, мен
тәуелсіз ел болу дегенімізді өзіңнің өзгелермен тең екендігіңді
сезіну және ана тіліңде емін - еркін сөйлеуің деп
түсінемін.
1 -
жүргізуші:
- Олай болса,
біздің достарымыз тәуелсіздік туралы не айтады
екен?
Қайырбай Нұрасыл,Темірхан Ернұр,Сақтағанұлы Жамбыл,Төремұрат Нұржан,Өтеғұл Ақжелең
2 - жүргізуші:
Кезекті сыныбымыздың өнерлі қызы Қойшыбай Айкөркемге береміз, «Кеңес күйі»
1 -
жүргізуші:
- Тәуелсіздіктің түп – тамыры Желтоқсан
оқиғасына тікелей байланысты екеніне ешкім дау айта қоймас. Десек
те, 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы
наразылықтың көрінісі болмаса
керек.
2- жүргізуші: - 1986 жылы Алматының бас алаңында Желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова және тағы басқа апаларымыз бен ағаларымыз қатысты. 1986 жылы желтоқсандағы көтеріліске жастар ешбір жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан еді. ( слайд,видеоролик)
Ән: «Желтоқсан Желі»
Меке Асылзада, Асылбекұлы Ерасыл, Есенұлы Жансерік Желтоқсан құрбандарына арнап өлең оқиды
1-жүргізуші:
Күй: «Алма ағаштың аясында» ,Орындайтын:Төлеген Диас
2-жүргізуші:
Енді еліміздің тәуелсіздік
шежіресін тыңдайық.
- 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан
Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сайланды.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін
жариялады.
- 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасы
Жоғарғы кеңесі мемлекеттік рәміздері қабылданды. Қазан айында
тұңғыш ғарышкер Т. Әубәкіров ғарышқа
самғады.
- 1993 жылы 15 қазанда ұлттық валюта – төл
теңгеміз дүниеге келді, ол өмірдегі елеулі жаңалық, айтулы оқиға
болды.
- 1995 жылы 30 - тамызда Ата заң қабылданды.
Заң 2001 жылдың 5 қыркүйегінде күшіне енді. Сөйтіп, жаңа
Конституциямен еліміздің жаңа тарихы бастау
алды.
1-жүргізуші:
Кезекті сыныбымыздың өнерлі қыздарының биіне берейік:Кемелбек
Айсұлу,Жаңбырбай Марал
Ұлықпан Мирамгүл,Ұланқызы Айдана,Ерланқызы Аршын,Қойшыбай Айкөркем,Ізбосынұлы Өркен өлеңдерін оқиды
Ән:Тәуелсіз ел-Ұланы
1 –
жүргізуші:
- Міне, осы тәуелсіздіктің туын желбіреткен
ұлтжанды аға - әпкелеріміздің арқасында егеменді ел болуға қол
жеткіздік. Ендеше, осындай бейбіт елде ата - ана, бауырларымызбен
тамаша өмір сүрейік!
2 –
жүргізуші:
Осымен Тәуелсіздік мерекесіне арналған
«Тәуелсіз ел ұланымыз» атты әдеби музыкалық ертеңгілігіміз
аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Сау
болыңыздар!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген