жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты "Тәуелсіз таңым атқан"
Тәуелсіз таным атқанда
Мақсаты:
Балаларды өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қаһармандарын құрметтеуге, адамгершілік сезімдерді қалыптастыру арқылы отаншылдыққа, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу. Жас ұрпақ бойына еліне,жеріне,ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.
Барысы:
Мұғалім:
27 жыл он ғасырдың жүгін арттық,
Ел болып еркіндіктің түгін тарттық.
Әнұраным,көк байрағым қалықтады,
Қазақтың бар әлемге үнін қаттық.
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады
Мұғалім:
Бақтың құсы әр адамға қонып бір, -
О, тәңірім, бізді баққа жолықтыр.
Бүгін міне Тәуелсіздік, ағайын!
Әр қазақтың жүрегінде соғып тұр!
Енді міне қазағымның таңы
атты,
Нұрға бөлеп, жырға бөлеп алыпты.
Әр отбасы, әр бір қазақ, әр адам,
Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты.
- Армысыздар, құрметті қонақтар, балалар! Еліміздің тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 27 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі –біздің,сіздердің жетістігіміз, сондықтан бүгінгі салтанатты кешімізді бастауға рұхсат етіңіздер!
- Ендігі кезекті балаларға берейік. Ортаға шығып тәуелсіздік туралы
тақпақтарын оқып береді.
Інжу:
Армандарды жақындатып тым
алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы
ағыс.
Егемендік - ел бақыты,
ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын
қуаныш!
Дарын:
Азат өлкем күндей күлген
шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі
ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен
бақытым,
Айналайын, Қазақстан -
Гүлстан!
Айғаным:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім
менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім
менің
Бүгінде бар әлемге даңқың
жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім
менің!
Мұғалім:
-Балалар 16 желтоқсан қандай мереке?
- Тәуелсіздік күні (балалар)
Ұлдана:
Он алтыншы
желтоқсан
Ел мерейі
тасыған
Қазақ деген қалың
жұрт
Бәрін кешті
басынан
Жанғали:
Он алтыншы
желтоқсан
Тәуелсіздік алған
күн
Ерекше боп
мәңгілік
Ел жадында қалған
күн
Сабина:
Көк аспанда тулардың
Желбіреген күні - бұл,
Елім деген ұлдардың
Елжіреген күні - бұл.
Ислам:
Тәуелсіздік ұлы күнім,
Тұрсын жайнап төбемде.
Сен, жасай бер мәңгі бақи,
Қуанышқа бөлен де.
Мұғалім:
- Балалар, мен енді сендерге бірнеше сұрақ қоямын. 1сұрақ. - Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Інжу:
Елімнің атын айтсам - Қазақстан
Жерімнің атын айтсам - Қазақстан
Қайнауы қазынаға толған мекен,
Байлығым атын айтсам - Қазақстан.
Арсен: Қазақстан - ұлан байтақ кең далам,
Қазақстан - өзіңе арнап ән салам.
Қазақстан - ортақ біздің үйіміз,
Отаным деп бар әлемге жар
салам.
Медина:
Мақтанам – Қазақстан Отанымнан,
Сан ұлтпен тату-тәтті тұрып жатқан.
Мақтанам – Қазақстан Отанымнан,
Тәуелсіздік ғасырын құрып жатқан
Үміт:
Байтақ біздің даламыз,
Билеп әнге саламыз.
Егеменді елімде,
Біз бақытты баламыз.
Нұрдәулет:
Қазақтың жері кең байтақ,
Бабамның берген еншісі.
Желбірейбер көк байрақ
Отанымның белгісі.
Жасұлан:
Атағы артық, жаны аппақ,
Әй Отаным, Отаным
Үмітіңді мен ақтап,
Үлесімді қосамын.
Ән: «Тәуелсіз ел ұланы»
Мұғалім:
Қазақстан көк байрақтың нұрысың,
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.
Өзің менің қуанышым,бақытым,
Өзің менің мақтанышым тірігім.
Қыран құсым көк аспанда самғасын,
Желбіреп көк байрағың сан ғасыр.
Жас ұландар берік ұстап туыңды,
Жарқырытып туған елдің таңбасын!
2сұрақ.
- Балалар,сендер Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдер ме?
Тудың түсі қандай?
Үміт: (ту туралы)
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен тек,
Елдің ашық қабағы.
Көк байрақтың бетінде
Қыран бүркіт қанатты
Сол қырандай еркін деп,
Біз өсеміз талапты.
Нұрдәулет: (елтаңба туралы )
Елтаңбасы елімнің,
Неткен айбат әдемі
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.
Құт, береке, шаңырақ,
Орыналған ол төрден
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген.
Жанғали: ( әнұран туралы)
Әнұраным – жан ұраным,
Айтар әнім – сөйлер сөзім.
Туған жерім сағын арым
Мәңгі бақи шырқалады
Республика Әнұраны!
Мұғалім: 3сұрақ.
- Еліміздің елордасы қай қала? Астана қандай қала?
-Астана(балалар)
Ислам:
Шырқап көкке аспан – ән,
Болашаққа бас
қадам.
Қазақ рухын биіктет,
Ей, бас қалам- АСТАНА!
Медина:
Қадамың бар баспаған,
Асуың бар аспаған.
Халқым жетсін мұратқа,
Ей, бас қала- АСТАНА!
Мұғалім: 4сұрақ.
- Балалар,ал Қазақстан Республикасының президенті кім?
- Нұрсүлтан Әбішұлы Назарбаев (балалар)
Бір шаңырақта табысқан,
Дос, бауыр көп туысқан
Отан - ортақ үйіміз
Көңілді ән мен күйіміз.
Біздің бір ғана отанымыз бар, ол - Қазақстан! (
қосылып)
Ән: «Қазақстан»
Орындайтындар: Дарын,Көркем,Арсен,Сабина
Мұғалім:
- Енді Отан, туғун жер туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
(балалар Отан туралы мақал-мәтелдер айтып береді)
- Еліміз егемендік алып, міне сендер таза ана тілінде сөйлей бастадыңдар. Тіліміз бен дініміз қайта оралды. Еліміздің нағыз ұлт-жанды, елін, Отанын сүйетін нағыз азаматтары сендерсіңдер. Болашақтарың жарқын болатынына сенімім мол. Енді Отанымыз жайында тақпақтар тыңдайық.
(Отан туралы тақпақтар)
Көркем:
Көгінде нұрын
төккен,
Жерінде гүл жұпар
сепкен
Неткен сұлу,неткен
көркем
Осы менің туған
өлкем!
Ұлдана:
Алтын дәнді даласы
бар
Ақ күмістей қаласы
бар
Неткен сұлу,неткен
көркем
Осы менің туған
өлкем!
Жасұлан:
Ер еңбегі
шалқып,тасқан
Ел еркіндеп бақыт
тапқан.
Неткен сұлу,неткен
көркем
Осы менің туған
өлкем!
Мұғалім:
Барлық елдің бөбегі
Бір-бірімен туысқан.
Бәрімізге төгеді,
Өз шуағын күміс таң.
Бейбітшілік әніміз
Бауырласпыз бәріміз,
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз.
Ұлы Отанның аясында
Жадырайды жанымыз.
Қазақ: (Көркем)
Қазақпыз біз туын биік
көтерген,
Туын әсем қыран бүркіт көмкерген.
Құтты болсын мерекеміз бүгінгі,
Жарқын далам, құлпыра бер
күнбе-күн!
Орыс: (Інжу)
Армысыздар, туған жерім, Отаным,
Орыс деген ұлтыңыз мен боламын.
Өмір сүріп Қазақстан елінде
Достық пенен бейбітшілік
ұраным.
Өзбек: (Үміт)
Қош келдіңіз, өнер сүйер халайық,
Жарқын жүзбен сіздерді қарсы алайық.
Құттықтаймын өзбек халқы атынан
Мерекеміз құтты болсын
ағайын!
Дүнген: (Ислам) Дүнген ұлтым, Қазақстан – отаным
Қазақстан елінде мен тұрамын
Құтты болсын тәуелсіздік күні деп Өзіңізге арналады жыр -
әнім.
Мұғалім:
Тәуелсіздік – 11 әріп құралған
Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман
Талай дара, даналардың көз жасы
Қаныменен атты таң боп бізге алдан
Он бір әріп не мағына береді
Ал талдайын, жеткінше қызыл тіл
Ортаға ақ қағазға әріптер жазылған 8 бала шығады
1 бала: Т – білдіреді теңдікті
2 бала: Ә – әдептілік елдікті
3 бала: У – уайымсыз уақытты
4 бала: Е – егемен елдікті
5 бала: Л – лаулап жүрегіміз
6 бала: С – сенімдіміз болашаққа
7 бала: І – ілтипат пен ізет қой
8 бала: З – зиялылық тілек қой
9 бала: Д – достыққа адал
10 бала: І – ілімді сусындап
11 бала: К – келешекке нық қарау
Айғаным:
Тәуелсіздік мәңгілік
сақталсын,
Алдымызда барлық үміт
ақталсын
Тату – тәтті бірлік болып
қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен
жақталсын.
Ән: «Атамекен»
Мұғалім
:
Ту тігілді халқымның бүгін
бағына,
Жас өрендер желбіретіп нық
ұста.
Ғасырларға жалғастырып
елдікті,
Дақ түсірме ата баба
рухына.
Үлгі бізге аталардың
ерлігі,
Ұлағаты өнегесі
еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап
жоғары,
Бүгінгі ұрпақ болар елдің
ертеңі.
дей келе
бүгінгі Тәуелсіздік күніне арналған
«Тәуелсіз таңым атқанда» атты МАД «Ә»сыныбының шағын
мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп
жетті.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың
еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп
тілеймін. Назарларыңызға
рахмет!
Құттықтау сөз.
Қорытындылау.
Жүрг: Біз көп ұлтты егемен елміз. Тілімізге, дінімізге бөлінбей тату-тәтті бір аспанның астында, бір мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Түсімізге, нәсілімізге қарай да бөлінбейміз. Қазір достық туралы тақпақтарды тыңдайық.
Біз бақытты баламыз
Байтақ біздің даламыз,
Билеп әнге саламыз.
Егеменді елімде,
Біз бақытты баламыз.
Қайырмасы:
Э...эй, э...эй!
Түгел бізге қараңыз
Біз бақытты баламыз.
Бейбіт өмір сүреміз,
Емін – еркін күлеміз.
Өсиет пен ақылды!
Үлкендерден білеміз.
|
Қазақстаным бақытым
Кең көсілген жерім
бар. (Дарын)
Қайырмасы
: (барлығы) |
Қазақстаным бақытым
Кең көсілген жерім
бар. (Дарын)
Қайырмасы
: (барлығы) |
«Болса екен қазақ
баласы»
Ертеңі өсіп
елімнің
Сабырлысы болса
екен
Ар-ұятты
айбатты
Азулысы болса
екен
Батыл, берік,
орнықты
Байсалдысы болса
екен
Алғыр, зерек,
мейрімді
Ақылдысы болса
екен
Тапқыр,
шешен,талапты
Өнерлісі болса
екен
Ойшыл, өткір,
дарынды
Білімдісі болса
екен
Сергек, іскер,
сезімтал
Саналысы болса
екен
Парасатты,намысты
Отаншылы болса
екен
Болса екен қазақ
баласы
Ел ішінде
өсетін
«Қайсарлығы қалтқысыз Махамбет қой» –
десетін
Ізгілікке келеп
едім
Жақсылыққа сеп
едім
Тәуелсізелдің
ертеңін
Осылай көрсем деп едім – деп осындай отаншыл
бүлдіршіндеріміз аман – есен өсе
берсін.
Заңғар: Бейбітшілік әніміз
Бауырласпыз бәріміз,
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз.
Ұлы Отанның аясында
Жадырайды жанымыз.
Диана :
Шұғылалы таңымыз,
Қазақ жері – бағымыз
Қайнарынан мөп-мөлдір
Сусындайды жанымыз.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген