Материалдар / Тәрбие сағаты "Тәуелсіздік тірегім-елімнің мақтанышы! " 1 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты "Тәуелсіздік тірегім-елімнің мақтанышы! " 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тырыбы: Тәуелсіздік тірегім-елімнің мақтанышы. Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру,әлем таныған ел екенін дәлелдеу,білімдерін кеңейту. Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту. Отанын сүюге,ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге,отанымыздың байлығын қорғауға,елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері,Қзақстан Республикасының рәміздері:Туы,Елтаңбасы,Әнұраны.Н.Ә Назарбаевтың суреті. Нақыл сөздер,Қазақстан туралы әндер. Тәрбие сағатының барысы:
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
841
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақ


Тырыбы: Тәуелсіздік тірегім-елімнің мақтанышы.

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру,әлем таныған ел екенін дәлелдеу,білімдерін кеңейту.

Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.

Отанын сүюге,ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге,отанымыздың  байлығын қорғауға,елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері,Қзақстан Республикасының рәміздері:Туы,Елтаңбасы,Әнұраны.Н.Ә Назарбаевтың суреті.

Нақыл сөздер,Қазақстан туралы әндер.

Тәрбие сағатының барысы:

Мемлекеттік әнұран орындау

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Жұртым менің не қиындық көрмеді?
Жылап тұрып аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
- Тәуелсіздік тірегім-елімнің мақтанышы атты, тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Асау аттай өз тізгінін бермеді.
Қазағымның алтын басын иілтіп,
Талай дұшпан төрімізге төрледі.

Мұғалім: Балалар біз осы тәуелсіздікке қалай жеттік? 
Оқушы: Елбасымыздың арқасында 
Мұғалім: Тағы да кімдердің арқасында қол жеткіздік? 
Оқушы: Желтоқсанда құрбан болған аға әпкелеріміздің арқасында! 

1986жылы 16 - желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,- деген ұрандар айтылды. Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,- деген кінә тағылды. Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.
Қазақ халқының ең соңғы өліп, тірілуі – біздің халқымыздың қайғы – қасіретіне, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылы Желтоқсан оқиғасы. Осы оқиғаға қатысты деген жалған жаламен 99 адам сотталды.264 адам жоғарғы оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан, 52 адам коммунистік партия қатарынан шығарылды, әр түрлі жазалар берілді.Қазіргі күнде 16 – 17 желтоқсандағы оқиғаға қатысқаны үшін жазаланған азаматтар Президенттің жарлығымен ақталды. 

4- сынып оқушылары




Видео: Тәуелсіз Қазақстан

Мұғалім: Енді осы тәуелсіздікке дайындаған оқушыларымыздың тақпақтары бар.

Інкар:

Тәуелсіздік ұраны,

Егемендік жыр –әні

Тәуелсіздік-қазақтың

Сарқылмайтын бұлағы.

Қазағымның қалауы,

Тәуелсіздік жалауы

Еркін елмін, азатпын,

Егемендік-ғажаппын

Мирас: Желтоқнның қанды суық ызғары

Қалың әскер қазағымды қорлады.

Тәуелсіздікті қолдаған жастардың

Отан үшін табандары тозбады.
Нұрай: Он алтыншы желтоқсан,

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн.

Інжу: Бабамның да арманы,

Осы еді ғой аңсаған.

Тәуелсіздік таңдары

Бақ береді баршаға

Көк туымды қолыма

Бүгін берік ұстадым

Түсті бақыт жолыма

Менің қазақстаным!

Ринат:Желтоқсан күні ызғарлы

Қазақтың батыр қыздары

Шықты шеру құруға

Намысты ер ұлдары.

Адия:Тәуелсіздік міңгілік сақталсын,

Алдымызда барлық үміт ақталсын.

Тату-тәтті бірлік болып қашанда.

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.

Алдияр: Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі

Мықты болсын елімнің еркіндігі

Тату-тәтті болып халқымыз әрқашан.

Кетпесін туған жердің берекесі.

Айару: Қайраттай қайсар ұлдарын

Жанымен келген еркіндік

Жазира мен Лязаттың

Арымен келген еркіндік

Қасірет пен қайғының

Бәрімен келген еркіндік.





Мұғалім сөзі: Туым – теңдігім 
Елтаңбам-елдігім 
Әнұраны – айбыным 
Демекші еліміздің елтаңбасы , әнұраны көк байрағы бар. Ал балалар, осы тәуелсіздік жемістерін еске түсірейікші. Еске түсіру үшін «Ойнайық та ойлайық» деген атпен ойын ойнайық. Мен сендерге сұрақ қоямын. Сендерге соған жауап бере қойыңдаршы. 
1. Қазақстан Республикасы қай жылы тәуелсіздігін алды? 
Оқушы: 1991 жылы еліміз тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. 
2. Қазақстан Республикасы астанасы қай қала? 
Оқушы: ҚР астанасы Астана қаласы . 1996 жылы еліміздің астанасы Ақмола қаласына көшірілді, 1997 жылы Астананың тұсау кесер тойы болды. 
3. Еліміздің рәміздері қашан қабылданды және авторлары кім? 
Оқушы: 1992 жылы 4 маусымда еліміздің рәміздері қабылданды. 

Әнұран авторлары: Сөзін жазгандар: Ж. Нажмиденов, Н.Назарбаев

Әнің жазғандар: Ш.Қалдаяқов

Тудың авторы: Шәкен Ниязбеков.

Елтаңба авторлары: Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
4. Теңгеміз қай жылы шықты? 
Оқушы: 1993 жылы 15қараша ҚР Ұлттық ақшасы теңге айналымға енді. 
5. Тұңғыш ғарышкеріміз кім?. 

6 Биыл Астанамызға неше жыл болды? (20 жыл)

3-сынып оқушылары

Көрініс: «Егемендік деген не?» (Атасы мен немересі Ақырын басып қарт шығады. Орындыққа келіп дем алып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі келеді.)

Немересі: - Ата, не ойлап отырсыз?

Атасы: - Ә, балам, атаң не ойлайды дейсің! Сенің болашағыңды ойлаймын, еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын.

Немересі: - Ата, өткен өмір деген не?

Атасы: - Ә, балам, «Өткен өмір» сонау ежелгі ата-бабаларымыздың ерте кезден белгілі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?

Немересі: - Ал, ол қандай болған?

Атасы: - Ендеше, тыңда балам, атаң бір сөйлесін. Болмаса да оқыған тарихшы атам, Жинады ескілерден тарих хатын. Мақсатым, кейінгі ұрпақ ұмытпаса, Айтылған аталардың аманатын. Сондықтан балам, сен де өз тарихыңды білуге тиістісің, сонау ерте кезде біздің ата-бабаларымыз Қазақ руларының басын қасып, халық болып қалыптасуынан басталады бұл тарих. Ал, балам, тарихты тыңдайық.

Атасы: - Бұған да тәубә. Егемендік алып, әлем таныды ғой елімізді.

Немересі: - Ата. «Егемендік» деген не?

Атасы: - Егемендік – «иесә мен» деген сөз, Көптен бері естілмеген ерен сөз, Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған, Көркем жігіт болып өссе көген көз. Егемендік ел болудың белгісі. Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күні, Егеменді деген сөзден естілер, Ата жұрттың арғысы мен бергісі – Міне «Егемендік» деген осы. Енді міне, желбіреген көк байрағымыз, айбынды ән ұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. Егемендік Еліміздің келешегін өзің сияқты ұрпақтарыма тарих

етіп баяндап аталарың тұр. Ұмытпаңдар айналайын ұрпақтарым!



Қорытынды сөз: Тәуелсіздік үшін мың өліп, мың тірілген қазақ елі, құдай қаласа, гүлденіп мәңгі жасай бермек. Тәуелсіздігімізді алтынымыздай ардақтап, асылымыздай бағалайық, қымбаттымыздай құрметтей білейік. 
Елтаңбамыз ажарлы , әнұранымыз әуенді, асқақ бола берсін! 
Еліміздің , елдігіміздің белгісі – көгңлдір туымыз, қасиетті көк байрағымыз көкте қалықтап, желбірей берсін! 
Сабағымыздың мәнді, мағыналы болып өтуіне бар білімі мен күш – жігерін салған оқушылар, сіздерге рахмет! 
Көңіл қойып тыңдаған қонақтарымыз – аяулы ұстаздар, алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін, ілтипат – ниеттеріңіз үшін сіздерге зор алғысымды білдіргім келеді! Осымен сабағымызды әдеттегідей музыкалық қоштасумен аяқтаймыз.






































«Малайсары жалпы орта білім беретін мектеп» ММ









Тәрбие сағаты

«Тәуелсіздік тірегім-

елімнің мақтанышы »


Сынып: 1

Мұғалім:Жакупова Р.М








2017-2018 оқу жылы





















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!