Тақырыбы: Тәуелсіздік тұғырым
Оқу іс-әрекетінің мақсаты:Балаларға тәуелсіз мемлекет туралы түсінік беру балалардың Отанға деген сүйспеншіліктерін арттыру. Қазақстан Республикасының мемлекетік рәміздері: Елтаңба, ту, әнұран туралы білімдерін қалыптастыру. Отан, тәуелсіздік туралы өлеңдерін айтқыза отырып, сөйлеу мәнерін қалыптастыру.Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу.,
Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының туы, елтаңбасы, әнұраны, Президентінің портреті, шарлар
Әдіс-тәсілдері: слайд, сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру
Бекболат Тілеухановтың «Елім менің» әнімен балалар залға кіреді.
Тәрбиеші
Желбіресе көк туым,
Көтерілер шоқтығым.
Қазақты әлем танысын,
Егеменді ел бүгін
Барша халық таныған,
Біздің үміт тілекті.
Шырқалғанда әнұран,
Шаттық кернер жүректі.
Барысы: Қазахстан Республикасының Гимні орындалады.
Тәрбиеші:
- Құрметті қонақтар, ұлағатты
ұстаздар мен кішкене бүлдіршіндер бүгінгі«Тәуелсіздік - тұғырым»
атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Биыл еліміздің сан мың
жылдар бойы армандаған тәуелсіздік алғанымызға 34 жыл толып
отыр.
- Тәуелсіздіктің түп – тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей
байланысты екеніне ешкім дау айта қоймас. Осыдан көп жылдар бұрын
қазақтың қайсар жастары алаңға шығып көк байрағымызды желбірету
үшін жастар тер төкті Сол кездегі оқиға жайында шағын метражды
фильмге көз жүгіртейік.
Осы оқиғада қаза тапқан құрбандарымызды бір минуттық үнсіздікпен еске алайық.
Болған оқиға туралы түсінік
бару. (Слайд)
- Олай болса, біздің балалар тәуелсіздік туралы не айтады
екен?
Нұрислам
Он алтыншы желтоқсан,
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше боп мәңгілік
Ел жанында сақталсын.
Айбота
Тәуелсіздік таңы атты,
Азаттықтың күні атты.
Тәуелсіздік алған ел,
Егемен қазақ халқы
Нұрдана
Он алтыншы желтоқсан.
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт,
Бәрін кешті басынан
Асылай:
Қазақтың жері кең байтақ,
Бабамның берген еншісі.
Желбірей бер көк байрақ
Отанымның белгісі
Нұрғалам
Отан менің ата-анам,
Отан досым,бауырым.
Отан
өлкем,астанам,
Отан туған ауылым.
Алижан
Өзіңдікі туың да,
От пен ауа, суың да.
Жаса Қазақстаным!
Белді бекем буын да.
Бибатыр
Қайраттай қайсар ұлдардың
Жанымен келген еркіндік
Жазира менен Лазаттың
Арымен келген еркіндік
Қасірет пенен қайғының
Бәрімен келген еркіндік.
Елхан
Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат әдемі.
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.
Айзере
Құт береке шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген.
Диас
Тәуелсіздік жолында,
Талай-талай тер тамған.
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім - Елтаңбам
Асылым
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Елдияр
Отан деген – атамекен
Отан деген – туған жер.
Отан – ана, Отан – үлкен.
Қазақстан – туған ел
Азиза
Мерекеге шығады,
Бүкіл халық біліп қой,
Отандастар ұғады,
Тәуелсіздік ұлы той.
Нартай
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Аружан
Көк аспандай тулайтын,
Желтоқсанның күні бұл.
Елім деген ұлдардың,
Елжірейтін күні бұл.
Тәрбиеші:
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы.
Айтатын әнұран
Қай елдің баласы? (Қазақ елінің баласы)
Еліміздің тірегі,
Жеріміздің жүрегі.
Бас қаланың есімін
Қане кім біледі? (Астана)
Қос пырағым қос қанат,
Шаңырағым күн менің,
Шолпан жұлдыз маңдайда.
Елтаңбам ғой бұл менің (ҚР Елтаңбасы)
Көк аспанның түсі бар,
Ортасында күні бар.
Қыран ұшқан қалықтап,
Кімнің туы біліп ал (ҚР туы)
Туымыздан күн қарап,
Кұлімдейді әлемге.
Күнмен бірге қандай құс
Қанат қаққан бар елге (Қыран)
Тәрбиеші
- 1986 жылы Алматының бас
алаңында Желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға дүниені дүр
сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген,
тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат
Асанова және тағы басқа апаларымыз бен ағаларымыз қатысты. 1986
жылы желтоқсандағы көтеріліске жастар ешбір жаман оймен барған жоқ.
Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан
еді.
Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол
жеткен шындық жырын
жырлады.
Ән «Біз Отанның бөбегі»
-Енді еліміздің тәуелсіздік шежіресін
тыңдайық.
желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев сайланды. Желтоқсан айында Қазақстан Республикасы өз
тәуелсіздігінжариялады. Яғни көп ұлтты мемлекет болды.
Одан кейін Қазақстан Республикасының рәміздері қабылданды. Қазан
айында тұңғыш ғарышкер Т.Әубәкіров ғарышқа самғады.
Одан кейін ұлттық валюта – төл теңгеміз дүниеге келді, ол өмірдегі
елеулі жаңалық, айтулы оқиға болды.
Ата заң қабылданды. Сөйтіп, жаңа Конституциямен еліміздің жаңа
тарихы бастау алды.
Би «Қамажай»
Тәрбиеші: Мұз жастанып
азаттықтың
жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Жеңіп шықты, бас имеді, қасарып
Сойыл таяқ ойнаса да жолында
Желтоқсан-ау, ұмтылмайсың жүректе
Ұрпақ өсер айналатын тірекке
Егемендік тиді міне еншіме
Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.
Нұрғалам
Отан деген Атамекен,
Отан деген туған жер.
Отан ана, Отан үлкен,
Қазақстан туған ел.
Елхан
Күнді құшқан қос қыран,
Аясында қалқыған
Аспан түсті туым бар,
Көк теңіздей шалқыған.
Алижан
Өзіңдікі туыңда,
От пен ауа , суыңда.
Жаса Қазақстаным
Белді бекем буында
Асылай
Жаса жаңа Астанам
Өркен жая бастаған
Болашақтың есігін
Өз қолыңмен аш маған
Бибатыр
Бұлт баспасын күнімді,
Тартылмасын өрісің.
Биік ұстау туымды,
Қасиетті борышым.
Елдияр
Заман жаңа, заң жаңа
Күлімдейді кең дала
Өз Астанам өз ордам,
Сүйенерім сен ғана.
АЗИЗА
Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды
Нұрдана
Құт-береке, шаңырақ,
Орын алған ол төрден,
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген.
Асылым
Республика күні бұл,
Мерекеміз мерейлі,
Тақпақ айтып жаттаймыз,
Тақылдатып көмейді
Диас
1.Туған елім, гүл
елім
Қасиетіңді
білемін.
Өзің деп
жүремін
Соғады
жүрегім
Нұрислам
2.Туыспыз біз
бәріміз
Бір Отанды
сүйеміз.
Бақытты елде тұрған
соң
Бақытты өмір
сүреміз.
Айбота
3.Тәуелсіз азат
елім
Туып-өскен байтақ
жерім
Мәңгі жайнап тұра
бер
Қазақстаным
менің.
Айзере
4.Көк айна көлім
бар,
Кең байтақ жерім
бар.
Әлемге
танылған
Тәуелсіз елім
бар.
ЗАМАНАУИ БИ
Тәрбиеші
- Міне, осы тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлтжанды аға -
әпкелеріміздің арқасында егеменді ел болуға қол жеткіздік.Ендеше,
осындай бейбіт елде ата-ана,бауырларымызбен тамаша өмір
сүрейік!
ӘН
«Отаным»
Тәрбиеші:
Желдей еркін, түздей кең, таңдай азат.
Мен қазақпын дегенде қандай ғажап.
Мақтан етсін халықтар халықтығын,
Жетер сан жыл шеккен малдай
азап.
Осымен Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Тәуелсіздік - тұғырым» атты
әдеби музыкалық ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға
рахмет. Сау болыңыздар!
«Қарашілік негізгі орта мектебі» КММ
«Болашақ» шағын орталығы
Бекітемін Келісемін
Мектеп директоры м.а Тәрбие ісінің орынбасары:
_______ Қадыров Р.Қ. ________ Тоқтар Қ.
«__»_____ 2025ж «__»_____ 2025ж
16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған іс-шара жоспары
«ТӘУЕЛСІЗДІК - ТҰҒЫРЫМ»

Тәрбиеші: Кекубаева Е.А.
2025жыл
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты Тәуелсіздік тұғырым балабақша

шағым қалдыра аласыз