Тақырыбы:
Таза су – денсаулық кепілі.
Мақсаты:
Білімділік:
Балаларға су туралы түсінік беру және
судың қажеттілігін, оның адамның, құстың,
жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі
маңызы туралы түсіндіру.
Дамытушылық:
Судың табиғатта баға жетпес сый екенін
айту, түсініктерін қалыптастырып дамыту.
Судың
қасиетін тәжірибе арқылы ұғындыру.
Тәрбиелік:
Қоршаған
ортаны қорғауға, суды ластамауға, суды
үнемдей білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Түзетушілік:
Дыбыстарды түзетіп отыру.
Көрнекілігі:
Суреттер, қима қағаздар.
Меңгерілетін
сөздер:
Қандай суды пайдаланамыз? Суды ысырап
етуге бола ма?
Ұйымдастыру
Сәлемдесу.
Тәрбиеші:
Балалар,
бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы:
«Таза су – денсаулық кепілі».
Қазір
қай
жыл мезгілі?
Қыс
мезгілі.
Қыс
мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер
болады?
Балалар,
қалай ойлайсыңдар,
күн,
су, ауа керек па?
Ия,
күн, су, ауа бізге керек.
Осының
барлығын бір сөзбен айтқанда не дейміз?
Табиғат
Табиғат
екіге бөлінеді: Өлі табиғат және тірі
табиғат болып.
Қане
бәріміз қайталайық.
Өлі
табиғат және тірі табиғат.
Өлі
табиғатқа: су, ауа, жер күн, бұлт, құм,
жаңбыр жатады.
Ал
тірі табиғатқа: адамдар, құстар,
өсімдіктер, гүлдер, жан - жануарлар,
балықтар жатады.
Балалар,
мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сендер
мұқият тыңдап, шешуін табыңдар!
Жұмбақ
Аспан
түстес сұйық,
Әркім
ішер құйып. (су)
Көп
тамшыдан су пайда болады. Су өмір бойы
айналымда болады. Ол жаңбыр болып жерге
түседі. Арық болып өзенді құрайды. Содан
кейін қайтадан күн шуағымен бу болып
аспанға көтеріліп, жер бетіне жаңбыр
болып оралады.
Жер
бетінде су көп болса да, барлығы бірдей
ішуге жарамды бола бермейді. Су тұщы
және тұзды (ащы) болады. Біз ішу үшін
тұщы суды пайдаланамыз.
Су
- тіршілік көзі. Оны тамаққа пайдаланамыз,
шөлімізді басамыз. Сонымен қатар егін
суарамыз, өрт сөндіреміз. Жан - жануарлар,
балықтар, құстар да сусыз өмір сүре
алмайды. Балалар, мына ғаламшарға
қараңдаршы, жер бетінің көп бөлігін су
алып жатыр. Суды ғаламшарда көк түспен
белгілейді. Ал ауыз су сол сулардың 2,
5 пайызын құрайды. Сондықтан ауыз су
тапшы. Суға қоқысты тастауға болмайды,
жазда теңізге түсуге барғанда, өзімізден
кейін қалған нәрселердің барлығын
жинап бірге алып кетуіміз керек. Суды
бекерге төкпей үнемдей білуіміз керек.
Дана халқымыз"Суды бекерге төкпе","Судың
да сұрауы бар"деп айтатыны сондықтан.
Тәжірибе
жасау
1."Су
- мөлдір"
Ортаға
екі бала шығып су мен сүтке тәжірибе
жасайды.
Стаканға
таза су және сүт құйып салыстырады. Екі
ыдысқа қасық салып, қайсысы көрінетінін,
қайсысы көрінбейтінін бақылайды.
2."Суда
дәм жоқ"
Балалар
түтікше арқылы су ішіп дәмін көреді.
Оны салыстыру үшін алма шырынын ішіп
көреді.
Суға
қант және тұз қосып дәмін татады.
Судың
да сұрауы бар.
Су
анасы - бұлақ
Сөз
анасы - құлақ
Сумен
ойнама - батарсың
Отпен
ойнама - жанарсың
Сулы
жер - нулы жер
Су
- табиғаттың ажары
Су
- тазалықтың досы
Суды
шашып ойнама
Қорытындылау:
Су
қандай табиғатқа жатады?
(Өлі)
Адамдарға
су не үшін керек?
(Ішеміз, жуынамыз, ас әзірлейміз, кір
жуамыз)
Өсімдіктер,
жануарлар, балықтар сусыз өмір сүре
ала ма? (Жоқ)
Судың
иісі, дәмі, түсі бар ма? (Жоқ)
Адамдар
қандай су ішеді? Тұщы су ма, ащы су ма?
(Тұщы
су)
Суды
үнемдеу керек пе?
(Ия)
Жарайсыңдар,
балалар, бүгінгі тәрбие сағатында
сендер өте жақсы жауап бердіңдер.