Материалдар / Тәрбие сағаты. "Теңге - Қазақстанның ұлттық белгісі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты. "Теңге - Қазақстанның ұлттық белгісі"

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚР Ұлттық валюта күніне орай мектеп кітапханасында өткізілген шара.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
3996
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Теңге – Қазақстанның ұлттық белгісі»

Мақсаты: Оқушыларды тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі  — төл теңгеміздің шығу тарихы, айналымға ену кезі туралы  мағлұматтар беру. Оқушылардың бойына елімізге деген ыстық сүйіспеншілікті, мақтанышты сіңірту. Оқушыларды экономикалық жағдайымызға бейжай қарамайтындай тұлға етіп тәрбиелеу.


Кіріспе:

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Теңге – тәуелсіздік нышаны» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Тәуелсіздік – біздің ұрпаққа берген үлкен бақыт, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік – біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар.
Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Бүгін осы теңгеміздің тарих санасына шыққанына 24 жыл толып отыр. 1993 жылдың дәл осы күні біздің валютамыз теңге енгізілген болатын. Төл теңгеміздің туған күні баршамызға құтты болсын!

 

«Теңгенің  шығу  тарихы»  жайында мағлұмат.

Нұрзат: Біздің  ұлттық бейнемізді, болмысымызды, тарихымызды  көрсететін  рәміздеріміз бар.Елтаңба,Әнұран мен Туымызбен бірге  тағы  бір белгі  — ұлттық теңгеміз бар. Теңге 1993жылы  15 қараша күні  дүниеге келді. Ұлттық валютаны «теңге», ал оның жүзден бір бөлігін «тиын» деп атауды сол кездегі ҚР Жоғары кеңесі комитетінің төрағасы Сауық Тәкежанов ұсынған еді.


Альбина: Теңгенің де өз шығу тарихы бар. Ұлттық теңгені жасауға екі жыл уақыт қажет болды. Қазақстан өз төл ақшасын шығару үшін 1990жыл теңгенің алғашқы үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. Тәуелсіз елдің ұлттық валютасын жасап шығарған Тимур Сүлейменов, Меңдібай Әлин, Ағымсалы Дүзелханов, Хайролла Ғабжәлеловтер еді. Олар жұмыстарын Қазақстан мәдениетінің тарихи даму аспектілерін зерттеуден бастаған.


Мирлан: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Біз ұлттық ақшамызды бір-ақ рет және бір атаумен шығаруымыз керек. Екінші қайтара оның аты өзгермейді. Сондықтан оны әбден зерттеп барып, бір шешімге келуіміз қажет»,- деді.


Арина: Ең алғашқы теңге партиясы Англияның ең көне әрі әйгілі «Харрисон және ұлдары» фабрикасында басылып шықты. Теңгенің алғашқы партияларын сақтау үшін арнайы жер асты қоймалары дайындалған. Оларды төрт ИЛ-86 ұшақтары тасыды. Алғашқы теңгелер жер асты қоймаларынан елдің барлық банктеріне 8 күн ішінде жеткізілген. 1993 жылы қазан-қараша айларында Қазақстан рубль аймағынан толықтай шықты. Қарашаның 12-сіндегі Президент Жарлығынан 3 күннен кейін теңге айналымға енді. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада таңғы 8.00-де басталып, 20 қараша күні 20.00-де аяқталды.


Дамир: Ұлттық банк алғашқыда 1 теңгені сол кездегі 1000 рубльге бағалаған. Кейін еліміздің саяси және әлеуметтік, мемлекетаралық қатынастары ескеріліп 1 теңге 500 рубль болды. Ал бірінші айналымға енген 1 теңгенің АҚШ долларына шаққандағы құны 4,35 теңге болды. 1992 жылы теңге дизайнындағы бейнелер бекітілді. Ең алғашқы теңгемізде белгілі тарихи тұлғалардың портреттері, Алатау мен Көкшетау көріністері, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің бейнесі, Маңғыстаудан табылған тастағы таңбалар пайдаланылды.


Мәдина: Бір теңгелік банкнотқа Әбу Насыр әл Фараби, үш теңгелікте Сүйінбай, бес теңгелікте Құрманғазы, он теңгелікте Шоқан, жиырма теңгелікте –Абай, елу теңгелікте - Әбілқайыр хан, жүз теңгелікте Абылайхан бейнесі салынған. Теңге дизайнерлерінің бірі – Прага сәулет институтының түлегі, бірнеше халықаралық конкурстардың жеңімпазы Х.Ғабжалеловтың пікірінше, ақшада айтулы алаш азаматтарының бейнесін берудің бірнеше себебі бар.


Лаура: Біріншіден, қосымша күрделі бедер – бейнелер банкноттарды қолдан жасаудан қорғайды, екіншіден тарихи тұлғаларымыздың суреттері біздің жас мемлекетіміздің өз тарихы мен болмысын танытады және қазақ ақшаларын әлемдегі басқа валюталардан даралап, айшықтап тұрады.


І. «Әр елде өз валютасы». Әрбір дұрыс берілген жауапқа 100 тг беріледі. Тәрбие сағаты соңында ақшасы көп оқушыға сыйлықтар табыс етіледі.

Қырғызстанда - /сом/        Ресейде - /рубль/          Германияда — /марка/

Америкада — /доллар/   Ұлыбританияда- /фунт/ Украинада — /гривна/

Қытайда — /юань/            Тәжікстанда — /манат/    Өзбекстанда — /сум/

Түркияда - /лира /            Латвияда -  /лат/            Кореяда — /йена/


Әрбір ақша купюрлары туралы оқушылар мәліметтер береді.

Ақылбек: 200 тг. Негізгі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры,алдыңғы жағында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің үйі және Астанада Есіл өзені арқылы көпірде орнатылған қанатты барыстың біреуі,артқы жағында ҚР Қорғаныс министрлігі және жайлау. Сол жақ төменде оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал орта жақ төменде-орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ»жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескеретін ``Подделка банкнот преследуются по закону`` деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан. 

Нұргүл: 500 теңге. Негізгі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры,алдыңғы жағында ҚР Қаржы министрлігінің үйі,Астана қаласы әкімшілігінің үйі, артқы жағында теңіз үстіндегі шағала. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал орта жақ төменде-орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан. 

Даниал: 1000 теңге. Негізі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында Президент мәдени орталығының үйі,артқы жағында таулар. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал орта жақ төменде – орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жоғарыда ортасында ``Подделка банкнот преследуется по закону`` деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан. 

Раушан: 2000 теңге. Негізі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында Алматы қаласындағы Абай атындағы опера театры,артқы жағында тау өзені. Төменгі сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі орналасқан. Жоғарыда ортасында ``ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ`` жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін ``Подделка банкнот преследуется по закону`` деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан. 

Нұрсұлтан: 5000 теңге. Негізі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында Қазақстан Республикасының Президентінің Ақорда резиденциясы,артқы жағында каньондар. Төменгі сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі орналасқан. Жоғарыда ортасында ``ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ`` жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасағаны үшін жауапкершілікті ескертетін ``Подделка банкнот преследуется по закону`` деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан. 


Әлижан:

Мен «Теңгемін, теңгемін!» 
Қазақ деген елденмін. 
Тәуелсіздік – тұғырым, 
Жарқын менің ғұмырым! 


ІІ. «Сұрақ - бізден, жауап – сізден». Әрбір дұрыс жауапқа 100 тг беріледі.
1. Казақстан Республикасының валютасы - Теңге
2. Ақшаның тұрақсыздануы, құнсыздануы - Инфляция
3. ҚҰБ банкінен басқа теңге сарайы қай қалада орналасқан — Өскемен.
4.Бір мемлекетте қабылданған ақша өлшем і- Валюта
5. Көрсетілген, белгіленген баға — Номинал
6. Әзербайжан валютасы - Манат
7.  Қоғамда үстемдік етуші өндіріс тәсілі - Экономика
8. Армения валютасы - Бран.
9. Айырбас деген ұғым нені білдіреді - Бартер

10. Англияның ақшасы - евро


IІІ. «Мақал-мәтелді толықтыр». Мақалды дұрыс тапқан оқушыларға 100 тг беріледі.

(дүние, көз, дария, теңге, санап, шашу, есеп, ақшасы, судың, құлып)
1. _____ тиыннан өсер.
Жылқы құлыннан өсер.
2. Есепсіз ______ жоқ.
3. Алтын тапсаң _______ ал.
4. Ақша кетуге тырысады,
_________ ұстауға тырысады.
5. Тамшыдан тама берсе _______ болар.
6. ______ оңай, жинау қиын.
7. Ақша ашпайтын _________ жоқ.
8. _______ да сұрауы бар.
9. Ақшада ____ жоқ.
10. Ар - намысы таза адамның _______ аз болады.


Көрініс

Әкесінің екі ұлы болыпты. Бірі Асан және Сапар. Әкесі алыс жолға шығып бара жатып балаларын шақырып алып былай дейді:
Міне сендерге менің байлығымның бір бөлігі. Бір жылдан соң ораламын. Сонда сендер менің байлығымды қалай сақтағандарыңды көреміз дейді.
Қысқа ма ұзақ па уақыт өтке соң әкесі келіп балаларын көріп қауышқан соң балаларынан сұрайды:
- Ал, балаларым, мен жоқта қалай тұрдыңдар? Менің байлығымды қалай сақтадыңдар?
Сапар жер астындағы орынға түсіп, әкесі берген алтын ақшаны алып шығып – Міне, әке сенің берген ақша. Қарашы қалай сақтағанымды.
Әкесі ақшаны алды да Асанға бұрылды. Ал, сен ше?
Асан күлімсіреді де қалтасынан 5 алтын ақшаны алып берді.
- Мен сен берген ақшаға бір сиыр сатып алдым. Оны жақсылап күтіп едім сүтті көп берді. Оны біз іштік. Артылғанын сатып отырдық. Міне, сен берген ақша 5 - еу болды және бір сиыр қорада тұр.


Қорытынды. Міне, балалар, біздің еліміздің төл теңгесі осылайша өз күшіне енген. Қазіргі таңда теңге – тәуелсіздігіміздің басты белгісі болып отыр. Әрқашан ұлттық белгіміз көкке көтеріліп, бағасы құнды болғай! (100 теңгені көп мөлшерде жинаған оқушылар алғыс хатпен және сыйлықпен марапатталады)






























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!