Тәрбие сағаты: "Теңге - Тәуелсіздік келбеті"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты: "Теңге - Тәуелсіздік келбеті"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Теңге - Тәуелсіздік келбеті" тәрбие сағатының сценарийі. Оқушыларға 15 қараша күнінде "теңге" туралы мәліметтер берілді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ «БАЛДӘУРЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ОҚУ –САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

МИНИСТРЛІГІ ФИЛИАЛЫ




Білім кешені

2022 жылдың «Top Leaders» республикалық белсенділерінің жиыны

15-ауысымның «Теңге – Тәуелсіздік келбеті» атты тәрбие сағатының

СЦЕНАРИЙІ


Сынып: 8 «Г»

Сынып жетекшісі: Айтбай Б. Х.

Күні мен өтілетін орны: 15. 11. 202 ж., 6/3 кабинет

Тақырыбы: Теңге - Тәуелсіздік келбеті

Сабақтың мақсаты: Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі – теңгемен тереңірек танысты-ру. Ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық ва-люта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру, оқушылардың ақша тура-лы түсініктерін кеңейту, белсенділіктерін дамыту, оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.

Күтілетін нәтиже: оқушылардың ұлттық валюта – теңге туралы білімдері кеңейеді, Қазақстан-ның азаматы деген патриоттық сезімдері одан әрі жанданады.

Көрнекілігі: теңгелер бейнеленген плакаттар, көрмеге басқа елдер ақшалары мен монеталары қо-йылады, кестелер, ұпай беру үшін ақшалар қолданылады.

Эпиграф: «Қазақстан теңгесі әрдайым халық игілігіне қызмет етіп, еліміздің баюына және гүлде-нуіне ықпал етсін» (Н. Ә. Назарбаев).


Сабақтың барысы: Шара сайыс түрінде өтеді.

1 - жүргізуші: Қайырлы күн, оқушылар! «Теңге Тәуелсіздік келбеті» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

2 - жүргізуші: Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар.

Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы. Ұлттық ва-лютамыз Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 12 қарашадағы жарлығымен 1993 жылы 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8:00 - ден бастап енгізілді. Қазақ теңгесі Англияда басылды.

Теңгенің 16 - ға жуық құпия қорғанысы, белгісі бар. Теңге – біздің дербес ел болғанымыздың бел-гісі. Басқаның валютасына тәуелді болу – барлық байлығыңды біреудің билігіне беру. Ұлттық ва-люта – еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі. Ол барлық уақытта тәуелсіздігімізді қамтамасыз етеді. «Тиыннан теңге құралады», - демекші, ақшаны үнемді пайдалану керек.

1 - жүргізуші: Құрметті оқушылар бүгінгі біздің сайысымызды бастайық.

Сынып 4 топқа бөлінеді.

І бөлім: Тарихи толғау

1 - жүргізуші: Қазақстан 1991 жылдың желтоқсанында тәуелсіздігін жариялағаннан кейін өзінің нағыз дербес мемлекет екендігін паш еткен оқиғалардың бірі — төл валюта — теңгені айналымға енгізуі болды. Осы кезден бастап мемлекеттің экономикалық құрылымы түбегейлі өзгеріп, жаңа-дан жасақтала бастады. 1992 жылы елде төрт адамнан құралған дизайнерлер тобы жасақталды. Теңгенің авторы болу бақыты дизайнерші Тимур Сүлейменов, қылқалам шеберлері Қайролла Ғаб-жалилов, Мендібай Әлин мен Ағымсалы Дүзелхановтың үлесіне тиді.

2 - жүргізуші: Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Теңге атауы орта ғасырлардан бастау ал-ады. VIII - IX ғасырларда әр билеушінің өз руының рәміздері бейнеленген теңгелері айналымда жүрді. XIV ғасырдың аяғында Қазақстан аумағында Әмір Темірдің монеталары айналыста болды.

1 - жүргізуші: XVI - XVIІІ ғасырларда мыс тиындар қолданыста жүріп, Қазақстанның Орта Азия мемлекеттерімен және Ресеймен сауда - саттық байланыста болғанын айғақтайды. Қазақтың «тән-ге» деген ақша атауынан орыстың «деньги» деген сөзі шыққан. Ерте замандарда теңгелерді Түр-кістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған.

1 - тапсырма: Әр топқа таратпа қағаз таратылады. Тапсырма: төмендегі сұрақтарға дұрыс жауап беріңдер. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай

Сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығынын анықтаңдар: дұрыс, бұрыс.

1. Қазақстан валютасы басқа елден әкелінеді.

2. Ақша – халық байлығы.

3. Теңгеде 6 - ға жуық құпия белгі бар.

4. Ұлттық теңге дербес ел болғанымыздың белгісі?

5. Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы авторлық топтың жетекшісі Шәкен Ниязбеков.

6. Тиыннан теңге құралады.

7. Ұлттық валютамыз 1991 жылы 16 желтоқсанда айналымға енді.

2 - жүргізуші: 1992 жылы тамыздың 27 - сі күні Ұлттық банк басқармасы теңге купюрасының үл-гілерін бекітті. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының әл - Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абайдың бейнелері басылды. Екінші бетінде ою - өрнектер, табиғат көрініс-тері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Ти-мур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Ғабжәлеловтер Англияға ат-танды.

1 - жүргізуші: 1993 жылдың күзінде Қазақстан ТМД елдерінің ең соңында рубль аймағынан шық-ты. Теңге Ұлыбританияның әлемге әйгілі әрі ең көне «Харрисон және оның ұлдары» деп аталатын банкноттық фабрикасында басылып шықты. Теңгенің 16 - ға жуық құпия қорғанысы белгісі бар. Қазақстан теңгесі қазіргі ақша жасау технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған. Құпия белгіні үкінің көзімен қарасаңыз да, байқай алмайсыз.

2 - тапсырма: Сұрақ - жауап сайысы

Сайысымыздың «Кім жүйрік?» атты әр топтан 1 минуттың ішінде 6 сұраққа жауап беруі тиіс. 1 дұрыс жауап 1 ұпай.

1. Қазақстан Республикасының валютасы - Теңге

2. Ақшаның тұрақсыздануы, құнсыздануы - Инфляция

3. ҚҰБ банкінен басқа теңге сарайы қай қалада орналасқан — Өскемен.

4. Бір мемлекетте қабылданған ақша өлшемі - Валюта

5. Көрсетілген, белгіленген баға — Номинал

6. Әзербайжан валютасы - Манат

7. Қоғамда үстемдік етуші өндіріс тәсілі - Экономика

8. Армения валютасы - Бран.

9. Айырбас деген ұғым нені білдіреді - Бартер

10. Мемлекеттік банк шығаратын, айналыстағы ақша қызметін атқаратын билеттер - Банкнот

11. Бір елден екінші елге үшінші бір елдің жерін басып өту арқылы жүк тасу - Транзит

12. Монғолия валютасы - Тугрик

13. ҚР ең алғаш астанасы - Қызылорда (Қамыс қала, Ақмешіт)

14. Үндістан валютасы - Рупии

15. Алғаш монеталар қай ғасырда пайда болды - V ғасырда ежелгі Грецияда

16. Кез - келген тауар құнын білдіретін ерекше тауар - Ақша

17. Грузия валютасын ата - Лари

18. Пайда, табыс табу мақсаты мен күрделі қаржының ұзақ мерзімге жұмсалуы - Инвестиция

19. Англияның ақшасы - евро

20. Теңгенің бүгінгі долларға қарағанда бағамы - 1доллар - 370 теңге

21. Экономиканың күре тамыры - жол

22. Ұлттық банк төрағасы кім? - Акишев А

23. Теңгенің авторлары - Т. Сулейменов, Қ. Ғабжалилов, М. Әлін, А. Дүзелханов

24. Теңгенің алғашқы банкнотында бейнеленген Ұлы тұлғаларды ата - Әл - Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Абай, Әбілхайыр, Абылайхан

2 - жүргізуші: Ел Президентінің Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл валютамыздың ту-ған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді.

Түні нұрлы, ақ таңы,

Жері гүлдей бақтағы.

Ел ырысы – тайқазан,

Төл теңгеміз қақпағы.

Қазынамыз толығып,

Болсын дәйім жолы құт!

«Төл теңге – ел тірегі!»

Деп құрметтер оны жұрт.

3 - тапсырма: Жағдаяттар шешу. Топ болып талқылап, жауабын сахналаңыз. 5 ұпай

1 - топ: 1 - жағдай: Биылғы оқу жылында қазақ тілі оқулығы жетіспейді, базардағы оқулық баға-сы 800 теңге. Анаң туыстардан оқулығыңды тауып әкелді. Бірақ оқулық ескі, жыртық. Сен оқу-лықты ұстағың келіңкіремей тұр. Сенің іс – әрекетің …

2 - топ: 2 - жағдай: Сен екі ініңді бала бақшадан алып қайттың. Інілерің қарындары ашқандарын айтты. Сенде 60 теңге бар. Балмұздақ 60 теңге, 3 алма 60 теңге, 1 қорап сағыз 60 теңге. Қай затты алар едің? Неге?

3 – топ: 3 - жағдай: сенің былтырғы етігің өзіңе шақ. Бірақ оны кигің келмей тұр. Жыртық бол-мағанмен, ескі. Ойыңды әкеңе айтып едің, әкең айлық әлі алмағанын айтты. Сенің әрекетің…?

4 – топ: 4 - жағдай: мұғалім бүгін сағат екіде цирк болады деді. Билет бағасы – 300 теңге. Сон-дай-ақ информатика оқулығы 300 теңге, алмасақ болмайды, сабақ өте алмай қаламын. Не істейсің?

1 - жүргізуші: Алдыңғы шыққан ақша мен қазіргі шыққан ақшаның арасында айырмашылықтар бар. Теңгенің орталық бөлігінде «Астана - Бәйтерек» монументі бейнеленген. Қазақстан Республи-касы Мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменті ақ түспен безендірілген. Қазақстан Республи-касының Мемлекеттік елтаңбасы жасыл түспен бейнеленген. Жоғары оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген. Банкноттаның төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. Бұл бейбітшіліктің белгісін білдіреді. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының конту-ры, алдыңғы жағында ҚР көлік және коммуникация министрілігінің үйі және Астанада Есіл өзені арқылы көпірде орнатылған қанатты барыстың суреті салынған.

«Мен теңгемін, теңгемін» атты қойылым:

Мен «Теңгемін, теңгемін!»

Қазақ деген елденмін.

Тәуелсіздік – тұғырым,

Жарқын менің ғұмырым!

1 - оқушы: 200 теңге. Негізгі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің үйі және Астанада Есіл өзені арқылы көпірде орнатылған қа-натты барыстың біреуі, артқы жағында ҚР Қорғаныс министрлігі және жайлау. Сол жақ төменде оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал орта жақ төменде - орыс тіліндегі әріп-пен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы жә-не эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескеретін. Подделка банкнот преследуются по закону; деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұры-шында орналасқан.

2 - оқушы: 500 теңге. Негізгі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында ҚР Қар-жы министрлігінің үйі, Астана қаласы әкімшілігінің үйі, артқы жағында теңіз үстіндегі шағала. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал орта жақ төменде - орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышын-да орналасқан.

3 - оқушы:.1000 теңге. Негізі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында Прези-дент мәдени орталығының үйі, артқы жағында таулар. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банк-нота номиналының сандық белгісі, ал орта жақ төменде – орыс тіліндегі әріппен белгісі орналас-қан. Ортасында жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жоғарыда ортасында; Подделка банкнот преследуется по закону; деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.

4 – оқушы: 2000 теңге. Негізі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында Алматы қаласындағы Абай атындағы опера театры, артқы жағында тау өзені. Төменгі сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал төменде ортада орыс ті-ліндегі әріптік белгі орналасқан. Жоғарыда ортасында; ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ; жазуы жә-не эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін; Подделка банкнот преследуется по закону; деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұры-шында орналасқан.

5 – оқушы:

Теңге, теңге, теңгелер,

Теңге адамға дем берер.

Тіршіліктің арбасы,

Теңгеменен дөңгелер.

5000 теңге. Негізі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында Қазақстан Респуб-ликасының Президентінің Ақорда резиденциясы, артқы жағында каньондар. Төменгі сол жақ бөлі-гінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі орналасқан. Жоғарыда ортасында; ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ; жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасағаны үшін жауапкершілікті ес-кертетін; Подделка банкнот преследуется по закону; деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоға-ры сол жақ бұрышында орналасқан.


4 - тапсырма: Мақал - мәтелдегі қалып кеткен орынға төмендегі сөзді жаз. Таратпа қағаз тарату (дүние, көз, дария, теңге, санап, шашу, есеп, ақшасы, судың, құлып). Әр дұрыс жауап 2 ұпай

1. _____ тиыннан өсер.

Жылқы құлыннан өсер.

2. Есепсіз ______ жоқ.

3. Алтын тапсаң _______ ал.

4. Ақша кетуге тырысады,

_________ ұстауға тырысады.

5. Тамшыдан тама берсе _______ болар.

6.______ оңай, жинау қиын.

7. Ақша ашпайтын _________ жоқ.

8. _______ да сұрауы бар.

9. Ақшада ____ жоқ.

10. Ар - намысы таза адамның _______ аз болады.

5 - тапсырма: Менің қиялымдағы теңгем. 5 ұпай

Мұғалім: Біздің Отанымыз - егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 130 - дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңдігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқы-ған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанын-дай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ен қымбат бұйымымыздай сақтап, құрметтеп келер ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз. Мың жаса, тәуелсіз Қазақ елі! - дей келе «Теңге – тәуелсіздік келбеті» атты та-нымдық - сабағымызды аяқтаймыз.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.12.2022
2235
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі