400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты «Тіл – татулық пен бірліктің тірегі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мемлекеттік тіл-қазақ тілін құрметтеу, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Тіл – татулық пен бірліктің тірегі»

Мақсаты:


Қазақ тілінің қадір-қасиетін дәріптеу;


Оқушыларды тіл мәдениетін сақтауға, көптілділікке үйрету;


Ұлтжандылыққа, достық пен ынтымаққа тәрбиелеу.

Барысы


1. Кіріспе


1-жүргізуші:

– Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен оқушылар! Бүгін біз қастерлі Тіл мерекесіне жиналып отырмыз.


2-жүргізуші:

– Қазақ халқы «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» деп тектен-тек айтпаған. Ана тіліміз – біздің рухани байлығымыз, асыл қазынамыз.


(Залға оқушылар ұлттық киім киіп шығып, ортаға тұрады).


2. Әдеби монтаж


1-оқушы:

– Ана тілім – туған тілім, бабам тілі,

Айтам сені жасымнан бала күні.

Сен арқылы жетемін ғалам сырын,

Сен арқылы дүниені алам білім.


2-оқушы:

– Қазақ тілі – қазақтың ана тілі,

Болашағы бабамның дана тілі.

Бүгінгі ұрпақ – біздердің, парызымыз,

Борышымыз қастерлеу, сақтау оны .


3-оқушы:

– Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!


(Музыка қойылып, балалар қолдарына гүл ұстап, көрерменге тағзым жасайды).



3. Ән орындау


– «Ана тілім – ардағым» әні (хормен).


4. Көрініс «Тіл таңдау»


(Сахнаға үш бала шығады: біреуі – қазақ тілін, екіншісі – орыс тілін, үшіншісі – ағылшын тілін бейнелейді).


Қазақ тілі:

– Мен – осы елдің мемлекеттік тілімін. Қазақ жерінде туған әрбір азамат алдымен мені білуге тиіс!


Орыс тілі:

– Мен – ұлтаралық қатынас тілімін. Мені білсең, ғылым мен білімнің қазынасына жол ашылады.


Ағылшын тілі:

– Ал мен – жаһандану тілімін. Мені білсең, әлем есігі айқара ашылады.

  1. бала:

Ия,біз ағылшын тілін де меңгереміз.

  1. бала:

-Орыс тілінде меңгереміз.Бірақ ең әуелі-мемлекттік тіл-Қазақ тілі!

Қазақ тілі:

-Мен бабамның- тілі,

Мен-анамның үні.

Мен-ұрпағымның болашағы.

Мені қастерлеу- парыз,

Мені қорғау-парыз.

– Үшеуіміз де – білімнің кілтіміз. Бірақ ең әуелі – Мемлекеттік тіл – Қазақ тілі!

(үшеуі бірге)

-Тіліміз-татулықтың тірегі,бірліктің жүрегі

5. Ойын «Мақалды жалғастыр»


Жүргізушілер оқушыларға кезекпен сұрақ қояды.


Тіл – … (қазына)


Жеті жұрттың тілін біл, … (жеті түрлі ілім біл)


Өзге тілдің бәрін біл, … (өз тіліңді құрметте)


Ел болам десең, … (бесігіңді түзе)


Жеңімпаздарға шағын сыйлық беріледі.



6. Викторина «Тілім менің – тірегім»


Сұрақтар:


Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл?


Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?


Қазақ тіл білімі ғылымының атасы кім? (Ахмет Байтұрсынұлы)


Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс бар?


7. Би қойылымы


(Ұлттық музыка әуенімен шағын би биленеді).


8. Қорытынды сөз


1-жүргізуші:

– Ана тілін ардақтап, қастерлеу – әрбір қазақ азаматының борышы.


2-жүргізуші:

– Тіліміз – достықтың, бірліктің, елдіктің белгісі. Олай болса, туған тілімізді сүйейік, дәріптейік!


9. Ән-шашу


– «Менің Қазақстаным» әнімен тәрбие сағаты аяқталады.








---


Сахна


Балалар үзілісте сөйлесіп тұр.


Айша (қуанып):

– Мен ағылшын тілін үйреніп жүрмін. Әлемді араласам, бәрі маған түсінікті болады.


Андрей:

– Ал мен үшін орыс тілі керек. Ол арқылы ғылымды, техниканы, әдебиетті көп білуге болады.


Әлия (ойланып):

гі!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
9 қыркүйек
107
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі