Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты Тіл тағдыры-ел тағдыры

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Тіл тағдыры – ел тағдыры»

Мақсаты: Оқушыларға ана тілдің маңызды екендігін айту, ана тілін құрметтеуге үйрету. Ана тілі туралы тақпақтар, өлеңдер, мақал - мәтелдер, нақыл сөздерді оқыту арқылы, оқушының сөздік қорларын молайту, тіл байлығын дамыту. Ана тілін сүюге, ардақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, суреттер.

Мұғалім: Еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін, ана тіліміз – қазақ тілі мемлекеттік тіл деп бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы күшіне енді. Ана тілімізсіз іс өрге баспақ емес. Болашағымызды баянды етер қаруымыз – тіліміз. Ана тілімізді құрметтейік.

І. Ұйымдастыру.

Интеллектуалддық ойын 7 кезеңнен тұрады.

  1. «Мақал-сөздің мәйегі» мақал-мәтелдердің жалғасын табу.

  2. «Білгенге маржан» ұяшықтағы сөздерден синоним, омоним қатарларын табу.

  3. «Тіл байлығы» ұяшықта жасырылған тіркестердің мағынасын ашу.

  4. «Сөз мерген» тіл туралы шағын ой толғау жазу.

  5. «Болмасаң да ұқсап бақ» әр ұяшықтан өлеңді жазу.

  6. «Сұрақ –жауап»

  7. «Ұшқыр ой» 3 минутта сөздер құрап шығу.





Ана тілі

Адам қанша болғанымен дарынды әрі табанды,

Туған жерін сүймей тұрып сүймек емес ғалымды.

Өзге ананың мазмұнына, мерейіне тор құрар,

Алдыменен өз анасын сүйе алмаған сорлылар.

Нарық ғасыр бәрін сатып жібере ме алтынға,

Кім қалады сол алтынға сатылмайтын қалпында?

Жалғандық бар ұлтсыздардың беделі мен даңқында,

Ана тілін сыйламаған, сыйламайды халқында.

Туған тілім бабан тілі өз тілім,

Туған тілім анам тілі өз тілім.

Туған тілім далам тілі өз тілім,

Туған тілім адам тілі өз тілім.

Туған тілде сұра терең жаным бар,

Туған тілде намысымен қаным бар,

Туған тілім тіл болудан қалса егер

Жүрегімді суырып – ақ алыңдар.

  1. оқушы: Елбасы Нұрсұтан Назарбаевтың 1998 жылы 20 қаңтардағы Жарлығына сәйкес «22 қыркүйек Қазақстан халықтарының Тілдер күні» ретінде аталып келеді. Тіл халықпен бірге өмір сүріп, дамиды. Себебі, әр ұлттың тілі – оның бақыты, тірегі.

Мұғалім: Ұлттық тіл – әр халықтың өзіндік ой-санасы мен парасатын, бүкіл болмыс тіршілігі мен сезім-түйсігін, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін күре тамыр. Онсыз халық аты бар да жоқ тобыр.

2 - оқушы:

Ана тілім – ұраным,

Ана тілім – құраным.

Ана тілім болмаса,

Мықты болмас тұрағым.

3 - оқушы:

Ана тілім – елдігім,

Ана тілім – ерлігім.

Ана тілім болмаса,

Бүтінделмес кемдігім.

4 - оқушы:

Ақыл – ойдың данасын,

Ана тілден алатын.

Ана тілін ардақтап

Ақ сүтіндей анамның.

Өсірген ой білімді,

Сүйем туғам тілімді.

Мақсат етем әр сөздің,

Мәнің терең білуді.

5 - оқушы:

Ана тілін біздің туған анамыз,

Анамызды сыйлап бағып қағамыз.

Ана тілін бағаласақ қалай біз,

Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.

Ана тілін кім аялай білмесе,

Анасынан безген ұл деп қараңыз.


Мұғалім:

Дос адамға бары бүгін ырыс болып ұйыған,

Қас адамға әділі үкім қылыш болып құйылған.

«Бірін – бірі өжет» өсер елдің асылы,

Елім менің – кенім менің сөзі жақын қағатын,

Қанатымен ұшып құстар, құйрығымен қонатын

Дана мақал – өлеңіме дайын тұрған тармақтар,

Әр сөзінің астарында саф алтындай салмақ бар.


Көрініс: «Менің тілім өлмейді»

Түрме іші. Қайрат дауыстап өлең оқып отыр. Тергеуші екі күзетшісімен кіреді.

Тергеуші: Не туралы оқып отырсың? Бүгін сенің жазаланатын күнің білесің бе?

6 - оқушы: Білемін. Ана тілім туралы өлең оқып отырмын.

Тергеуші: Айтар ақтық сөзіңді айтып қал.

7 - оқушы: Мен қазақпын, мың өліп тірілген. Құшақ жая қарсы алдым сан тілімнен.

Тергеуші: Ей, оңбаған, шыныңды айт. (қағазды көрсетіп) Орыс тілінде жаз.



8 - оқушы:

Мойына алдым жаланы,

Болсын халық алғысы.

Бөтен қолда кетпесін,

Туған жердің намысы.

Тергеуші: Әкетіңдер оны, атыңдар!

Мұғалім: Ия, теңдік, бостандық, тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ. Қаншама асылдарымыз құрбан болды. Солардың бірі – Қайрат Рысқұлбеков ағамыз еді.


9 - оқушы:

Дархандығы елімнің,

Аз емес ел ұққандар.

Құның білмей төрімнің,

Аз ба, көңілін жыққандар?

10 - оқушы:

Ана тілі – асыл күні бабамның,

Қуаттымсың ақ сүтіндей анамның.

Сәби шақтан бесігімде жыр тыңдап,

Туған тілді жаттап өскен баламын.

11 - оқушы:

Елімнің атын айтсам – Қазақстан.

Жерімнің атын айтсам – Қазақстан.

Қойнауы қазынаға толған мекен,

Қазақстан, бабамнан қалған мұра.

Сенбейсін бе, даламнан бар да сұра.

Қазақстан ұлт атын ұлық еткен,

Ұлылардың арманын биік еткен,

Өзге де ұлт, ұлысқа қоныс болып,

Оларға жақсылықты үйіп – төккен.

Қазақстан Республикам, мақтанышым,

Мен сені жырлаймын мақтан үшін.

Құдайым маған құйттай жүрек берген,

Лүпілдеп сені сүйіп, сақтау үшін.

Хор: «Қазағым менің»

Ақсақал кіреді. Мұғалім: Сәлеметсізбе ата! Біздің тіл туралы сабағымыздың қонағы болыңыз. Балалар, мақал – мәтел айтсақ қайтеді.

12 - оқушы: Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді.

13 - оқушы: Шебердің қолы ортақ, шешеннің сөзі ортақ.

14 - оқушы: Ақыл көркі тіл, тілдің көркі сөз.

15 - оқушы: Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.

Ата: Бәрекелді! Жарайсыңдар, балалар! Менің байқауымша, ана тілін қадірлеп, құрметтеп қарайтұғын нағыз белсенділер осында екен ғой. Ал, ендеше өнерлеріңді ары қарай көрелік. Кәнеки, менің сұрақтарыма дұрыс жауап бергендерге, жүлдем бар.

  • Мемлекеттік тіл қай тіл?

  • Халықаралық қатынас тілі қай тіл?

  • Тіл мерекесін қай күні тойлаймыз?

  • Қазақстан рәміздері дегеніміз не?

  • Білім күні қай күн?

Мұғалім: балалардың жауабына ризамыз?

Ата: Иә, ризамын.

Мұғалім: «Жаңбырменен жер көгерер, Батаменен ел көгерер», демекші батаңызды беріңіз.

Ата:

Елбасымыз алысты көрсін,

Ел жұртымыз табысты болсын.

Қыздарымыз сұлу,

Ұлдарымыз намысты болсын.

Балаларымыздың бағы жансын,

Өздері қалаған білім алсын.

Тілін, дінін, дәстүрін сақтап,

Он саусақтарынан өнері тамсын.

Тұрмысымыз сәнді болсын,

Бәрін айтта бірін айт,

Тәуелсіздігніміз мәңгі болсын!

Мұғалім:

Асыл сөзі аман жеткен сан ғасырға тозбастың

Аруақты бабаларға бағышталар бос қасқам.

Аталардан қалған мұра сарқылмайтын қазынам.

Киесі мен қасиетін қастерлейтін әзұлан.

16 - оқушы:

Ана тілім – ұраным,

Ана тілім – құраным.

Ана тілім – болмаса,

Болмас еді жыр әнім.

Ана тілім – елдігім,

Ана тілім ерлігім.

Бүтінделмес кеңдігім.

Ана тілім – ырысым.

Менің тілім біреу-ақ,

Сөйлейтін де жазатын.

17 - оқушы:

Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тіл десем,

Ел бетіне қалай түзу қараймын.

Ана тілім егер сені білмесем.

Ана тілім, дана тілін бақ тілім,

Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?

Сенсің менін тазалығым, пәктігім,

Ана тілім алтын ұям құндағым.

18 - оқушы:

Мейірімі мол балаға,

Бар әлемде анаға,

Басымызды иеміз.

Бабамыздың тілі деп,

Даламыздың үні деп,

Ана тілін сүйеміз!

Мұғалім: «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту– бүкіл ата-бабамыздың тарихын ұмыту» деген Б. Момышұлы. Ана тілін құрметтеп, сүйе білейік. Бүгінгі ұрпақ ана тіліне жеттік, білімді, мәдениетті болу шарт.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
02.02.2019
4409
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12