Материалдар / Тәрбие сағаты "Туған ел табиғаты"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты "Туған ел табиғаты"

Материал туралы қысқаша түсінік
Туған елдің табиғатының көркемдігін, сақтап, аялау керек екендігін ұғындыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2018
1449
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

149«Қызылту»орта мектебі













Shape1



















2017-2018 оқу жылы

Туған ел табиғаты

1-жүргізуші:Құрметті ұстаздар ,оқушылар және қатысушылар! Табиғат – тіршіліктің бесігі.Адам – табиғаттың бір бөлшегі. Табиғатқа зер салып қарайтын болсақ ,бізге беймәлім сырлары толып жатыр. Табиғаттың сол беймәлім сырларына көз жеткізу үшін 9 «А» сыныбы оқушылары дайындаған «Туған ел табиғаты» тақырыбындағы ертеңгілік кешке қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Табиғат адам үшін жаралыпты,

Бар қызық табиғаттан таралыпты.

Адам мен табиғат егіз. Табиғат - асыраушың, қамқоршың. Ата-бабамыз «Жер – қазына,су – алтын,мал - байлық» деп тегін айтпаған. Азаматтарға ең бірінші экологиялық білім керек.

Экология – бүкіл адамзат баласының тыныс - тіршілігіне атсалысатын ғылымның жаңа саласы.

Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,

Дархандықты қазаққа дала берген секілді.

Еркелікті, ерікті желден алған секілді,

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.

Қазақ халқының бар өмір тіршілігі табиғатпен етене байланысты. Туған жердің тағдыры біздің ата - бабамызды да ерекше толғандырған. Олар өз ұрпақтарына осыншама кең алқапты анталаған жаулардан аман алып қалған. Оның әрбір ағашын, тасын, бұлағын аялай білген. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық керек екендігіне ерекше мән берген.


1 – жүргізуші: Ей, табиғат шеберсің – ау,шеберсің,

Көрмегенді көрсетерсің берерсің.

Ұлан – ғайыр байлығымды місе етпей,

Аш көзденген адамдарға не дерсің?

Айың анау, күнің анау,жер міне,

Ау, адамдар жетпей жатыр енді не?

Табиғатқа таласпаңдар, ағайын!

Асырайды ол – сені, мені, елді де!

Сахна төрінде көрініс «Табиғат және оның мүшелері»

1 – оқушы: Жасыл бақ көркі болған кең даламның,

Ұмытылмас ұлылығы ер бабамның.

Жайқалған жасыл бақты көрген кезде,

Құрметпен мен бабамды еске аламын.

Мұңлы неге табиғат анамыз,

Қазір біздің уланған ба санамыз?

«Балаңа арнап бақ өсір»,-деген сөзді,

Тереңінен ойлап айтқан бабамыз.

Көзін ашып бақ өсір бұлағыңа,

Айналсын құтты қоныс тұрағыңа.

Жайқалсын өлкемізде саялы бақ,

Бөленіп күннің нұрлы шуағына.

Ұлағаттың түп тамыры өзің ұшқан ұяда,

Өскен ұяң жетелейді асқар биік қияға.

Өз ұясын қорғамаса әрбір құс,

Басқа ұяға бауыр басып сия ма?


2 – оқушы: Ұя деген құтты қоныс,мекенің,

Ұмытпайық ұя деген ұлы Отан екенін.

Сол ұядан самғап ұшып биікке,

Армандаған мұратыма жетемін.

Аялайық ұяны ұшқан өзіміз,

Жүректе жүрсін ұяда өскен кезіміз.

Ұяның қымбат екенін естен шығармай,

Сағына жүріп жүрекпен ғана сезіңіз.

Төсінде аң – құстары еткен мекен,

Табиғаттың ғажабы осында екен.

Тауында аю,арқар,бұғы,барыс,

Жайлаған кең даламды елік,бөкен.


Жарқынбекова Шаризаның орындауында «Туған жерім,өскен қалам – Қызылордам!» әні.


3 – оқушы: Болса да табиғаттың бір есебі,

Әлсіздер күштіменен теңеседі.

Мәңгілік мызғымайтын тас қой десең,

Тасты да жарып шығып гүл өседі.

Туған жер бар үмітім күтер алдан,

Қасиетіңді қастерлеп көтере алған.

Мен қалай туған жерлі ұмытамын,

Қаны тамып,кіндігім сенде қалған.

Туған жер бастауысың өнегенің,

Мен уығыңмын басында керегенің,

Қалайша ұмытамын мен анамның,

Бесігінде әлдилеп бөлегенін.


4-оқушы: Туған жер мен өзіңмен өзектеспін,

Қиналғанда дем беріп көмектестің.

Табаным да туған жер табы қалып,

Топырағынан нәр алып өзіңде өстім.

Тәңіріме бас иіп бағынамын,

Туған жерді аңсаймын сағынамын.

Туған жер деп соғады жүрегімде,

Басымды иіп алдыңа табынамын.

Қарасам Қазақстан картасына,

Оралған кең байлықтың алқасына.

Арайлы Атамекен туған жер,

Мен үшін сенен артық әр тасың да.

Ажарлы туған өлке,атырабың,

Жайқалған жасыл әлем жапырағын.

Тіршілік атаулыға нәрін берген,

Ол сенің қасиетті топырағың.

Қандай ғажап арайлы аса көркем,

Қазақстан ажарлы туған өлкем.

Тереземіз тең бүгін басқа елдермен,

Өсе берсін ұл-қызың жайып өркен.

Егемендік нышаны жарқын жастық,

Болашаққа сеніммен қадам бастық.

Көркейттік туған жер табиғатын,

Кең даламда жайқалсын алтын астық.


5-оқушы: Атамекен жанға жайлы сая бау,

Ар алдында күнә болар табиғатты аямау.

Қанымызға сіңген екен ақ сүтімен ананың,

Туған жердің табиғатын аялау.

Әрбір сөзі өнеге ата менен бабаның,

Батыр ұлы көп болады даланың.

Ұрпақтарын ұлылыққа жетелеп,

Тағылымына зор мән берген бабаның.

Бағбан бабам бау өсіріп жеріне,

Үлгі өнеге корсетіп ол еліне.

Бабалардан тағылым алған ұрпақтар,

Тартып туар арғы ата-тегіне.


6-оқушы: Татулықты паш етіп жүр аққу құсым аруым,

Халқым оған оқ атпаған ,кеземеген қаруын.

Аққу келсе сағынып туған жеріне,

Жас балаша қуанған күллі аймақ ауылым.

Аққу атқан қатігезді халқым мүлде сүйменген,

Аққуды ойлап мұңлы зарлы күйге енем.

Тыныштығы бұзылмасын жазылмасын жұптары,

Тазалықты сыйластықты аққулардан үйренем.


2-жүргізуші: Сахна төрінде Перизат пен Нұрсұлтанның табиғатқа арналған жүректерінен шыққан жыр шумақтарын қабыл алыңыздар.


Биле десе билейді,

Аяғы жерге тимейді.

Біздің қазақ қыздары,

Қазақ биін билейді.


1-жүргізуші: Көрініс


Наурызбай Перизат «Бозторғайым» әні


2-жүргізуші: Жазира егер сен суретші болсаң қайтер едің?


1-жүргізуші: Егер мен суретші болсам , қазір жиі өртеніп жатқан орманды, ластанған жерімізді танытар едім. Сөйтіп адамдарға ой салып, табиғатты қорғауға шақырар едім....


1-жүргізуші:Ерсін, сен аң-құстар жайлы ырым-тыйым сөздер білесің бе?


2-жүргізуші:Әрине, білем. Аққуды атпа, құмырсқаның илеуін бұзба, жарқанат пен жапалақты өлтірме, т.б.


1-жүргізуші: Жарайсың, Ерсін біледі екенсің.

Туған жерді аялайық бәріміз,

Қамқорлықты аямайық бәріміз!


2-жүргізуші: Қазақ жұрты киелі,

Өнерліні сүйеді.

Сені сонша аңсапты ел,

Би биле де,ән сап бер,-дей отырып,сахна төрінде Жахаева Назымның орындауында «Сәлем саған туған ел» әні.


1-жүргізуші: Қазақстан Республикасы Президентінің «жасыл ел» бағдарламасы біздің мектебімізде де іске асырылуда. Мектеп ауласына әдемі гүлдер, жеміс – жидек ағаштары отырғызылды .Осы гүлдер мен ағаштарды оқушылар мен ұстаздар күтіп, суарып, баптап ұстайды.

Жерлеріңді суарып, әрқайсысың өз жерлеріңе гүл отырғызыңдар, «жасыл ел» бағдарламасы бойынша мектеп ауласын гүлдендіріп, көгалдандыруымыз керек.


Сахна төрінде 1 топ қыздардың орындауында «Тау-тау сезім» биі.


2-жүргізуші: Табиғатты аялау – әрбір адамның абыройлы да, азаматтық парызы. Табиғатты сүйе білген, оны аялай білген адамның ары да, жаны да таза болады.

Табиғат қызығам сенің суретіңе,

Бас ием алып құдіретіңе!


1-жүргізуші: Бір – біріміздің қолдарымыздан ұстап, көңілді күйде, табиғатқа байланысты сөздерді,сөйлемдерді пайдалана отырып тілек айтайық!

1.Бұлақтай мөлдір таза бол!


2.Жұлдызың жарық болсын!


3.Аспаның ашық болсын!


4.Айың оңыңнан тусын!


5.Көңілің көлдей шалқысын!


6.Гүлдей жайнай бер!


7.Таудай талап берсін!


8.Қызғалдақтай құлпыра бер!


Міне,қандай жақсы тілектер айтылды.Өмірлерің ұзақ, талаптарың таудай болсын!


1-жүргізуші: Алтын дәнді даламыз бар,

Ақ күмістей қаламыз бар.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің, Қызылордам туған өлкем!

Сұлу табиғатымызды аялай біейік,табиғатты сүю – парыз,сүю үшін қорғау – парыз!


2-жүргізуші: Қош аман аман сау болыңыздар!







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!