400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты: "Туған жер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер мен тәрбиешілерге көмегін тигізеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Туған жер.

Мақсаты:         

Білімділік: Балалардың туған өлкесінің тарихы, мәдени мұралары жайлы әңгімелеу.

Дамытушылық: Шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды өз бетінше ойлауға, дүниеге рухани және эстетикалық көзқарасын қалыптастыруға, өз бетімен ізденіп, білімін көтеруге тәрбиелеу.

Түзетушілік: Дыбыстарды қадағалап, түзетіп отыру.


Көрнекілігі: қима қағаздар, суреттер.

Меңгерілетін сөздер:Туған өлке, туған жер, туған мекенім.


Барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Кіріспе:

Тәрбиеші:

  • Балалар, «Туған жер» тақырыбында, туған өлке асыл қазыналары, тарихи-әлеуметтік маңызы бар ескерткіш мұралары жайлы әңгімелейміз.

Тәрбиеші:

  • Оқушылар енді туған жер туралы мақал-мәтел білеміз бе?

(Мақал-мәтелдерді талқылау)

  1. Әркімнің өз жері Мысыр шаҺары.

  2. Ел іші алтын бесік.

  3. Жері байдың, елі бай.

  4. Елің – панаң, жерің – анаң.

  5. Ел жаусыз болмас, жер таусыз болмас.

  6. Өз елің - алтын бесігің.

  7. Бақа көлінде патша.

Балық сынада патша.

Жігіт елінде патша.

  1. Туған жердің түтіні де тәтті.

  2. Ит тойған жеріне, ер туған жеріне.

  3. Туған елдей ел болмас,
    Туған жердей жер болмас.

Бірге:

Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

Ер еңбегі шалқып, тасқан,

Ел еркіндей бақыт тапқан.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.


Қорытынды

Тәрбиеші: - Осымен «Туған жер» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
571
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі