400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Тәрбие сағаты: Туған жерім - тұнған ертегі!

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты ұстаздарға қажет болады. Бұл тәрбие сағатында туған жер жайлы баяндалады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сынып сағатының тақырыбы: «Туған жерім-тұнған ертегі»

Мақсаты: Оқушылардың туған жеріміздің ертегі мен аңызға толы

табиғи құндылықтары туралы ұғымдарын кеңейтіп,

білгізу. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіре отырып,

шығармашылыққа баулу. Бірлесіп жұмыс істей білу

іскерліктерін дамыту.

Туған жерімізге деген сүйіспеншіліктерін арттырып,

оны аялап, қадірлей білуге, қорғап, сақтай білуге

еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: АКТ, «Бурабай» видеофильмі, оқушы хабарламасы.


Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

а) Психологиялық ахуал

2. Жаңа сабақ барысы


І. Кіріспе.

Менің туған жерім-сұлу да сырлы өлке Бурабайға жолыңыз түсіп, бара қалсаңыз табиғатындағы кез келген тау, тас, көл, орман сырын айтып, мұңын шерте жөнеледі.Әрбіреуі тұнған ертегі, шындыққа жанасқан аңыз.Ендеше көзіңді салып, құлақ тос, ағайын!

Әр адамзат баласының қай жақтан келсе де аңсап, сағынып келетін, кіндік қаны тамып, туып өскен жері болады.Ол мейлі құмды сусыз шөл болсын, орман-таусыз жазық дала болсын-ол оның туған жері.Ал менің туған жерім Арқа жеріндегі ең сұлу, Көгілдір Көкше баурайындағы табиғаттың шексіз сыры тұнған өлке! Құрметті достарым, мен бүгін сендерге арнап туған жерімнің табиғатына қатысты аз-маз ғана аңыз шертпекшімін.Ал айтылмағаны, жазылмағаны әлі қаншама?!


ІІ. Оқушылардың назарын Интерактивті тақтаға аудартып, «Бурабай» видеофильмін тамашалату.


ІІІ. Оқушы хабарламасы (суретті слаид арқылы өтеді)








Алдардың айласы


Бар әлемді билеп, жаратушы, мейірім-шапағаты мол, құдіреті күшті Алла тағала Жер-дүниені жаратып, қапшығына салып алған сыйлығынан әр халыққа айдын шалқар көлдер, арналы өзендер, ну ормандар, басын қарлы шың басқан биік таулар, бау-бақшасы молынан өсетін шұрайлы жерлер сыйлап, ұшып келе жатса, қазақтардың үлесіне шөлді кең дала ғана тиіпті. Халқының ренішін байқаған әзілқой-қу Алдар-Көсе Алланың сеніміне кіріп, тығылмақ ойнайық дейді. Бірақ маған тығылуға аздаған таулар бер.Жаратушы Алдардың өтініші бойынша қапшығынан бір уыс тауды шаша салады.Ойнап жүріп, Алдар Алланың арқасындағы қапшығының бұрышын тесіп қояды.Сөйтіп, қазақ даласының әрбір жеріне өзен-көлдер, таулар мен ормандар пайда болған екен.Сол байлық молырақ шашылған жер-біздің Бурабай өңірі болса керек. Жаратушыға мың алғыс!


Ақ бура-Бурабай


Өте ерте заманда осы өңірдегі бір тұп-тұнық, күмістей сұлу көлден шөлін басып, сол жердің шүйгін шөбіне жайылып өз бетімен өмір сүрген, ешкімге зияны жоқ жүні аппақ қардай, қос өркешті жабайы бура болыпты. Бірақ туған жеріне басқа жақтан қауіп төнгенін сезсе, немесе жұт жылы болатынын білсе, бура өзгеріп, құстай ұшып тау басына шығып бар дауысымен боздайды екен. Сол кезде тау сілкініп, кең дала тына қалады.Оның дауысын естіген жұрт жедел жиналып, жаудың бетін қайтаруға, туған жерін қасіреттен аман алып қалуға аттанады.Халқы Ақ бураны киелі санап, оны бәле-жаладан аман сақтауға тырысыпты.Бір жолы күміс сулы көлден шөлін басуға бара жатқанда жау жақтың бір мерген жігіті аңдып отырып, Ақбураны дәл жүрек тұсынан садақпен көздеп атады.Жарасы жанына батып, жаны ышқынған бура суы шипалы күміскөлге жетуге талпынады. Бірақ аяусыз жаудың жебелері бірінен-соң бірі денесіне, басына қадалып, көлге жеткізбей шөктіреді.Ақ бура басын жерге салып шөккен қалпында үлкен тауға айналған екен.Бүгінде төбесі көгілдір көкпен ұштасқан, алып тау-Бурабай деп аталады.

Жекебатыр


Болыпты баяғыда Жеке батыр,

Тау бағып, жатады екен тігіп шатыр.

Бір күні қарауылда қалғып кетіп,

Сол батыр бүгінгіше ұйықтап жатыр- деп Сәкен ағамыз осы ертегідегі Жеке батыр жайлы айтқан ғой.

Баяғы өткен заманда осы төңіректегі ауылдың бірінде

бір бала туып өсіпті.Кішкентай кезінен оның алып күш иесі екені көріне бастайды.Есейе келе ол ауылының кедей екенін, қашан да жау жағынан шабуылға ұшырап құлға айналатынын, көшіп-қонып қудалауға ұшырайты- нын байқайды.Елінің ішіндегі адамдар бір-бірін көре алмайтынын, өштесетінін көрген жас батыр қатты қамығып, былай шешеді: елден кетіп, бақыт пен байлық іздеп тауып халқына әкеліп бермекші болады.

Ол өзіне шақ алмас қылыш құйдырып, дулыға мен батырдың сауытын жасатып елден жырақ кетеді.Елінің қамын ойлаған, халқына қорған болған батыр ел шетіне келген талай жауға жалғыз өзі тойтарыс беріп,жеңіп отырған екен.Сондықтан да оны ел-жұрты Жекебатыр деп атап кеткен.Күндердің күнінде Шығыс жақтан қысық көз жау қара құрттай қаптайды.Батыр бірнеше күн ұйықтамастан қалыңқол жаумен жалғыз арпалысады.Жаудың көптігі сонша, Жекебатырды олар қоршауға алады.Батыр ауыр жарақат алып, әлсірейді. Құлаған жерінен соңғы күшін жиып түрегеліп,

гүрілдеген жуан дауысымен былай дейді: «Еліме, жеріме ешкімді кіргізбеймін, таудай бөгет болып алдарыңда жатамын!»-деп, соңғы күшінен айрылып, щаршап-шалдығып, қисая құлап, қалың ұйқыға кетеді. Сол жатқаннан қаншама ғасырлар бойы ұйқыда.



Кит немесе Кірпітау

Баяғы өткен заманда осы аймақты су қаптап тұрған кезде, бұл жерде үлкен-үлкен алып киттер жүзіп жүрген екен. Уақыт өте келе күн қатты қыздырып, су тартыла бастайды.Бірте-бірте су мүлде жоғалып кетеді.

Жүзіп жүрген алып киттердің барлығы судың ағынын пайдаланып басқа жақтарға жүзіп өтіп кетеді де, бір кит соңғы толқынға ілесе алмай сусыз аймақта жартасқа тіреліп, қалып қояды.Осы күндері сол кит сағынышпен алысқа қарап, сол алаңқайда жатыр.

Суреттегі алдыңғы жартас киттің денесі, соңындағы жартас-құйрығы.

Баяғы өткен заманда осы аймақты су қаптап тұрған кезде, бір кірпі үйеңкі жапырағына шалқалай жатып жүзіп келе жатып, жартастардың арасына тіреліп қалады.Содан бері сол кірпі ашық аспан аясына және күн батқанда түнгі жұлдыздарға қарап әлі жатыр.



Оқжетпес


Баяғы Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі кезекті бір жорықтан қазақ батырлары мол олжамен оралады.Сол олжаның ішінде қалмақтың өте сұлу, ақылды қызы да болады.Әлгі қыздан бәрінің дәмесі болады.Өзінің таласқа түскенін көрген сұлу сол маңдағы биік шыңды жартастың ұшар басына шығып, былай дейді: «Кімде-кімнің жебесінің атқан оғы мына менің қолымдағы орамалға тисе, мен соныкі боламын»-дейді.Талай құралайды көзден атқан, небір мерген батырлардың жебелері шың басына жетпеген күйі жерге құлап түсіп жатады.Ешкім оғын шың басына жеткізе алмайтынына көзі жеткен бойжеткен: «Енді ешкімнің қолына түсіп мазақ болмаймын»- деп, биік шың етегіндегі күміс көлге құлайды да, көл ортасында әдемі қыздың тас бейнесіне айналады.Содан бері ешкімнің оғы жетпеген биік шың «Оқжетпес», көл ортасындағы қыз бейнелі жартас «Жұмбақтас»деп аталады.


Жұмбақтас


Ерте заманда кең далада бір бай өмір сүріпті.Байдың бірнеше батыр ұлдары және жалғыз ғана сұлу қызы болған екен.Қызы-өте мейірімді, сүйкімді де сымбатты, әрі ат құлағында ойнайтын шабандоз болыпты.Қыз бой жетіп, оған жан-жақтан құда түсуге байлар мен билер келе бастайды.Қыздың асқан сұлулығы мен ақылы тіпті хан құлағына да жетеді.Ол да қыздың ауылына бармақшы болып жиналады.Бірақ та оның жолын кедей, ақын жігіт кескен болатын.Алтын дауысты, әнші әрі келбетті жігітті қыз бір көргеннен-ақ ұнатып қалған еді.Әнші жігіт үшін де қыз өз өмірінен қымбат еді.Тексіз, құр ғана ақын жігітке байдың өз қызын бермейтінін түсінген қос ғашық ең жүйрік деген арғымақты таңдап мініп, бір түнде ауылдан қашып кетеді.Демалмастан ұзақ жол жүрген олар Көкшетау жеріндегі Бурабай көліне келіп, қайыққа отырып, енді жүзіп бара жатқанда, білдіртпей қуып келе жатқан қыздың ағалары да жетеді.Байдың қатыгез ұлдары жігітті садақпен аяусыз атқылай бастайды.Жебелердің бірі ғашық жігіттің дәл жүрегіне тиеді.Сүйіктісінсіз өмірдің мәні енді жоқ екенін түсінген сұлу қыз Жаратушыдан қайықпен бірге өзін тасқа айналдыруды жалбарынады.

Алла тағала қыздың қайғы-мұңын көріп, тілегін қабыл етіпті.Осылайша күміскөлдің ортасында «Жұмбақтас» жартасы пайда болған екен.


Биші қайыңдар



Ерте заманда Көкше өңіріндегі бір ауылдың жастары Әулиекөлдің шығыс жағында жиналып, ойнап-күліп, билейтін.Бұл туралы хабар ханның да құлағына жетеді.Хан бұны өз көзімен көргісі келіп, қасына бір қорғаушы уәзірін алып, қарапайым жігіт болып киініп, ойынға жиналған жастардың арасына у-шусыз келіп кіреді.Ханды бұл кейіпте ешкім танымайды.Хан жастармен армансыз ойнап, күліп ары қарай да жүре берер еді.Кезек билеу өнеріне келген кезде ортаға желбіреген аппақ көйлектері мен тақияларындағы үкілері үлпілдей мың бұралып бірнеше биші қыз ортаға шығады. Хан қыздардың өнеріне таңырқап қарап тұр-ған кезінде ханды танып қалған бір жігіт «О, тақсыр, хан ием!»-деп қалады.Билеп жатқан қыздар не істерлерін білмей тұрып қалады.Осы күндері сол бойы қатып қалған қыздар аппақ жас биші қайыңдарға айналып кетіпті.


Піл туралы аңыз


Баяғыда, Көкше өңіріндегі бір ауылда ерекше бала дүниеге келеді және ол күн сайын емес сағат сайын өседі.Ол он жасында атса оқ жетпейтіндей биіктікке өсіп кетеді.Сондықтан оны адамдар Оқжетпес деп атап кетеді.Оқжетпес басқа балалар сияқты жан-жануарлар-

ды қатты жақсы көреді.Бірақ ол жылқыға мініп, ізіне ит ертіп жүре алмайды, өйткені олар Оқжетпес үшін өте кішкентай еді.Бір күні оған ата-анасы сыйлыққа пілдің баласын әкеп береді.Өмірінің соңына дейін піл оның жан досы, көмекшісі болып үнемі жанында болады.Ол кезде қазақтарға үнемі жау шабуылдап отырған.Олар қазақ жерінің сұлу табиғатына, таза ауасы мен мөлдір өзен, көліне, жабайы жануарлардың көп түрлілігіне қатты қызыққан.Бірақ Оқжетпес оларды досымен бірге әрбір шабуыл сайын кері қайтарып отырған.Бір күні жаулар барлығы бірігіп айбарлы Оқжетпеске шабуылдап, жерін алып қоймақшы болып шешеді. Батыр ұзақ шайқасады, дос пілі де көмектеседі.

Ақырында жеңіске жетіп, Оқжетпес демалмақшы болып, көлге шомылады да ұйықтап қалады.Ал жеңілген, қашып үлгерген жаулар ешқайда кетпей жартастардың арасына тығылып, батырдың ұйықтауын күткен екен.Осы сәтті тағатсыз күткен олар еш алаңсыз, қару-жарақсыз жатқан батырға шабуыл жасайды.Жас жігіттің ұйқысының қатты болғаны сонша, пілдің белгі беріп айқайлағанын да естімейді. Бір кездерде оянған Оқжетпес жаумен шайқаса жөнеліп, соңына дейін күреседі, ағаштарды тамырымен жұлып ұрады, тастармен де атқылайды.Көкше тауының етегі содан кедір-бұдыр болып қалған дейді.Ол өз күшінің әлсірегенін сезіп Алладан өзін тұтқынға алмауын, жаудың жолына өзін тасқа айналдыруын тілейді.Ол кезде жау қолына түсу үлкен абыройсыздық болып есептелген.Жаратушыдан тілеген тілегі қабыл болып, Оқжетпес піл досын иығына көтерген бойы тасқа айналады.


ІҮ. Сабақты қорытындылау.


Пайдаланылған әдебиеттер



«Бурабай өңірінің аңыздары»Л.А.Гусева.

Қостанай: ЖШС «Толмач-Евразия»


. «История курорта Боровое и его лечебные факторы» Щучинск 2005 жыл

Баймуканов Гаяр, Приходько Сергей


. Ашықхаттар жинағы «Центрально-Азиятское книжное издательство»


«Көркіңнен айналайын Көкшетауым!»

«Нұрлы әлем» баспасы Алматы,1998 жыл










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
763
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі